Разделы презентаций


т ақырыбы: Құжаттауды басқару

Содержание

Құжат – белгілі бір жайды, я фактіні сипаттап куәландыратын іс қағазы. Құжаттың тарихи, заңдылық, саяси, экономикалық мәні болуы мүмкін. Құжат мемлекеттің, қаланың, кәсіпорынның, ұйымның тарихын жазуға негіз бола алады. Сонымен бірге

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1тақырыбы: Құжаттауды басқару

тақырыбы: Құжаттауды басқару

Слайд 2Құжат – белгілі бір жайды, я фактіні сипаттап куәландыратын іс

қағазы. Құжаттың тарихи, заңдылық, саяси, экономикалық мәні болуы мүмкін. Құжат

мемлекеттің, қаланың, кәсіпорынның, ұйымның тарихын жазуға негіз бола алады. Сонымен бірге құжат куәландыру, дәлелдеу құралы да бола алады. Мекемелер және жеке азаматтар құжатты негізінен осы мақсатта пайдаланады. Мекемелерде құжат ақпаратпен алмасудың құралы ретінде қолданылады, еңбек құралы және еңбектің нәтижесі де мекемелерде құжат болып табылады. Құжаттың көмегімен мемлекеттік өкіметтің басқару қызметі жүзеге асырылады. Мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда құжат түрлі жолдармен жасалады: қолмен жазылады, машинада басылады, телефон, телефакс арқылы алынады, фото күйінде т.б. болады.
Құжат – белгілі бір жайды, я фактіні сипаттап куәландыратын іс қағазы. Құжаттың тарихи, заңдылық, саяси, экономикалық мәні

Слайд 3Құжаттау–қайсыбір мәселеге, құбылысқа, тұлғаға не мекемеге арналған құжаттардың жиынтығы немесе

шаруашылық операцияларды бухгалтерлік жазбалар түсіру үшін негіз болып табылатын арнаулы

есеп құжаттарында бастапқы көрсету тәсілі. Әрбір операцияға (бір текті операциялар тобына) бастапқы ақпарат нысаны болып табылатын белгілі бір құжат толтырылады.
Құжаттау–қайсыбір мәселеге, құбылысқа, тұлғаға не мекемеге арналған құжаттардың жиынтығы немесе шаруашылық операцияларды бухгалтерлік жазбалар түсіру үшін негіз

Слайд 4Құжаттау — құжаттарды әзірлеу және жасау процесі. Заңдастырылған актілерде бірқатар

қағидалар қарастырылған. Мәселен, мәліметтерді құжаттау міндетті болып саналады, сондықтан да

оның өзі зандылықты, орындауды, бақылауды, еңбек тәртібін нығайтудың бірден бір құралы болып саналады.
Нақты бір мәселелерге, окиғаларға, құбылыстарға т.б. арналған құжаттар жиынтығын құжаттау (документтеу) деп атайды.
Құжаттаумен жұмыс істеу логикалық және техникалық операциялардан тұрады. Логикалық (творчестволық) операцияны — құжаттарды әзірлеуді — аппараттағы барлық мамандар атқарады. Техникалык операцияға құжаттарды әзірлеу (машинкамен басу, көшіру, көбейту) және оларды өңдеу (қабылдау, бөлу, жүйелеу, сақтау т.б.) жатады.
Құжаттау — құжаттарды әзірлеу және жасау процесі. Заңдастырылған актілерде бірқатар қағидалар қарастырылған. Мәселен, мәліметтерді құжаттау міндетті болып

Слайд 5Құжат толтырудың біртұтас ережесін ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитеті белгілейді. Мұндай соңғы ереже

1992 жылы 30 маусымда ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері» деп аталатын №562 қаулысы болып табылады. Ережелерде құжаттарды топтастырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалған.
Құжат толтырудың біртұтас ережесін ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитеті белгілейді.

Слайд 6Құжаттар мазмұны мен қызметіне қарай
Жеке адамға қатысты: өмірбаян, арыз,

сенімхат, қолхат, жеке куәлік, білімі туралы куәлік т.б. Жеке куәлік,

білімі туралы куәлік сияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына береді.

Қызметтік: мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан, ал жеке ісқағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.

Құжаттар мазмұны мен қызметіне қарай Жеке адамға қатысты: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, жеке куәлік, білімі туралы куәлік

Слайд 7Басқаруды жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешуде құжаттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың зор

маңызы бар.
Барлық басшылар мен мамандардың міндеті — мәліметтер қызметінің маңызды

құралы болып саналатын құжаттармен тиімді жұмыс істеуді үйрену. Кәсіпорынды басқару процесінде мәліметтерді тіркеу, жүйелеу, өңдеу, тарату, жинақтау және пайдалану құжаттау (документтеу) арқылы жүзеге асырылады.
Басқаруды жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешуде құжаттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың зор маңызы бар.Барлық басшылар мен мамандардың міндеті —

Слайд 8Кез келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруге

құқы бар.  Құжат бланкісі деп тұрақты деректемелер басылған және ауыспалы деректемелерге

орын қалдырылған стандартты парақты айтады.
Құжаттар бланкісіне негізінен екі формат белгіленеді:  А4 (210*297 мм) – негізгі формат  А5 (210*148 мм) форматы – қысқа құжаттарды, мысалы, анықтамаларды, іссапар куәліктерін ресімдеуге пайдаланылады.
Мынадай форматтағы құжатты ресімдеуге де жол беріледі:  А3 (420*297 мм) және А 6.
Стандарт  бланкілердің мынадай түрлерін белгілейді:  - хатқа арналған бланк;  - жалпы бланкілер, қалған барлық құжатқа арналған бланкілер;  - нақты құжат түріне арналған бланк.
Кез келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруге құқы бар.  Құжат бланкісі деп тұрақты деректемелер

Слайд 9Құжаттар- басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен  мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында 
шығарған түрлі шешімдер,

басқару істері, атқарған қызметі  іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан  халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін

көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей  байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару  процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің  басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен  реттелген, дәйектелген жүйесі.
Құжаттар- басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен  мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында  шығарған түрлі шешімдер, басқару істері, атқарған қызметі  іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан 

Слайд 10Іс жүргізу баскарудың негізгі қызметініц бірі бола отырып, әкімшілік қызметке

елеулі ықпал етеді. Басқарудың жеделдігі, сенімділігі, үнемділігі, басқару еңбегінің ұйымдастырылуы,

аппарат мәдениеті, басқаруды механикаландыру деңгейі, болашақта құжаттық мөліметтерді пайлалану мүмкіндігі аппараттағы құжаттық жұмыстардың әзірлігіне байланысты.
Жеделдік (оперативтік) өңдеу мен жеткізуді тездету арқылы жүзеге асырылады.
Сенімділік — мәліметтердің сапалығы мен дұрыстығы, анықтамалық-мәліметтік қызметтің мүлтіксіз жолға қойылуы, құжаттарды іздестіруді, сақтауды және пайдалануды тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Іс жүргізу баскарудың негізгі қызметініц бірі бола отырып, әкімшілік қызметке елеулі ықпал етеді. Басқарудың жеделдігі, сенімділігі, үнемділігі,

Слайд 11Құжаттар заңды күшіне ие болуы үшін, онда реквизиттер деп аталатын

бірқатар элементтер болуы тиіс. Қағаз бетінде белгілі бір тәртіппеп орналаскан

құжат реквизитгерінің жиынтығын формуляр деп атайды. Құжат формулярында онымен жедел жүмыс істеуге қажетті деректер болуы тиіс.
Жалпы реквизиттерге жататыны: Республика елтаңбасының белгісі, эмблема, ұйымның аты мен мекен-жайы, телефон нөмірі, банкідегі счет нөмірі, құжат түрінің аты (бұйрық, хаттама т.б.) жасалған орны немесе басылымы, мәтін тақырыбы текске қойған қолы. құжаттың орындалғаны туралы белгі. Аталған тізбелер толық емес, реквизитте ең көп дегенде 26 атау болуы мүмкін. Нақты құжаттарда олар көп болуы да немесе соның кейбіреулері болмауы да мүмкін.
Құжаттар заңды күшіне ие болуы үшін, онда реквизиттер деп аталатын бірқатар элементтер болуы тиіс. Қағаз бетінде белгілі

Слайд 12Басшылар мен мамандар кұжаттарға қойылатын негізгі талаптарды білуі тиіс.
Құжаттарды өкілетті

органдар немесе тиісті билігі бар лауазымды адамдар шығаруы тиіс;
Құжаттар қолданылып

жүрген зандарға кайшы келмеуі тиіс;
Құжаттар дұрыс болуы және нақты басшылық ету міндеттеріне жауап беруі, яғни нақты мерзімге негізделуі, әрі айқын ұсыныстары немесе нұсқаулары болуы тиіс;
Құжаттар белгіленген нышан бойынша жасалуы тиіс;
Қүжат нышаны кәсіпорын алдына қойылған мақсатқа және қабылдаған жүмыс тәсіліне сай келуі, орындауға ыңғайлы болуы тиіс;
Құжаттар мәліметтерді логикалық және күні бұрын әзірленген тәртіпке тіркеуді қамтамасыз етуі, мәліметтердің тиісті тақырыпшаларын, графа атауларын тауып алу оңайлатылуы тиіс;
Құжат нышаны қажетті жазуларды енгізуге ыңғайлы болуы тиіс;
Құжаттар дәл, айқын, кысқа, сенімді толтырылуы тиіс. Құжат мазмұнын баяндау;
а) дәл, яғни нақты жағдайды көрсету;
б) толық — мәселені шешуге байланысты барлық жағдай қарастырылуы;
в) айқын, яғни қарапайым тілмен баяндалуы;
г) сенімді — толық негізделуі және дәлме-дәл дәлелденуі тиіс.
Басшылар мен мамандар кұжаттарға қойылатын негізгі талаптарды білуі тиіс.Құжаттарды өкілетті органдар немесе тиісті билігі бар лауазымды адамдар

Слайд 13Құжатты жасау процесінің өзі құжатталу деп аталады. Құжатталу жүйесінде құжатты

жасауға, безендіруге қойылатын талаптар мен нормаларды белгілеумен қатар, олармен жұмыс

жүргізу тәртібі де енеді. Мұндай нормалар, өз кезегінде заңдық актілермен және нормативті әдістемелік құжаттармен бекітіледі. Құжаттарды дайындау рәсімдері , олармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру да арнайы нормативтік - құқықтық және нормативтік - әдістемелік актілермен нақты реттелген.
Құжатты жасау процесінің өзі құжатталу деп аталады. Құжатталу жүйесінде құжатты жасауға, безендіруге қойылатын талаптар мен нормаларды белгілеумен

Слайд 14Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру шартты түрде екіге бөлінеді
Құжаттарды уақтылы және

сауатты дайындап, ресімдеуді ұйымдастыру
Құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру

Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру шартты түрде екіге бөлінедіҚұжаттарды уақтылы және сауатты дайындап, ресімдеуді ұйымдастыруҚұжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру

Слайд 15Қазақстан Республикасында құжаттарды жасау және олармен жұмысты ұйымдастырудың жалпы талаптары

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды және

құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау және құжаттаманы басқарудың үлгі ережелері туралы» № 33 бұйрығымен белгіленген. Ережелер құжаттармен жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілейді Олар: • құжаттардың бір ізге келтірілуі; • Құжаттар айналымын ұйымдастырудың негізі; • Құжаттардың номенклатурасын құрастыру негізі; • Құжаттарды істерге қалыптастыру, мұрағат жұмысының негіздері
Қазақстан Республикасында құжаттарды жасау және олармен жұмысты ұйымдастырудың жалпы талаптары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

Слайд 16Назарларыңызға рақмет

Назарларыңызға рақмет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика