Слайд 1Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
1.Жер экономиканың аграрлы
секторындағы негізгі өндіріс құралы ретінде.
2.Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану
проблемасы. Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері.
3.Аграрлық саясат: түсінігі, механизмі.Ауыл шаруашылығын қолдау әдістері.
4.Жер кадастыры. Жер кодексі.
Слайд 21.Жер экономиканың аграрлы секторындағы негізгі өндіріс құралы ретінде
Жер ауыл шаруашылығында
басты өндіріс факторы болып саналады. Қазақстан жермен ең көп камтамасыз
етілген елдерге жатады. Бір тұрғынға 18,3 гектар жер келеді . Республика территориясы дүние жүзінде тоғызыншы орын алады. Жер қоры 272 млн. 490,2 мын га, оның ішінде 30,6 % ауыл шаруашылығының жері.
Слайд 3Жерге өндіріс факторы ретінде келесі ерекшеліктер сәйкес:
- Біріншіден, жерді пайдаланудың
шегі бар, өткені жердің көлемі шектелген. Сондықтан қосымша жерді өндіріске
шексіз қосуға болмайды. Ауыл шаруашылындағы өнім көлемің жерді тиімді пайдалану арқылы көбейтуге болады.
- Екіншіден, жер басқа өндіріс факторларына қарағанда тозбайды. Оны дурыс пайдаланса құнарлығы өсіп тұрады.
Слайд 4- Үшіншіден, жер орналасуымен ерекшеленеді. Егер жер сату рыноктарынан алыс
болса, тасымалдау шығындары өседі.
- Төртіншіден, жер
көп функционалдығымен ерекшеленеді. Жерді тұтыну процессінде көптеген әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар өндіріледі, жер еңбек құралы және еңбек заты ретінде де шығады.
Слайд 5Жер қатынастанын талдағанда бірнеші әдіснамалық алғышарттан шығу керек.
- Біріншіден, жер
қатынастары жерге жеке меншік монополиясын және жерде шаруашылық жүргізу монополиясың
болжайды.
- Екіншіден, жер меншігі тек экономикалық немесе құқықтық категория емес. Осы түсінік ішіне саяси, этникалық, ұлт аралық проблемалар жиынтығы кіреді. Өйткені, барлық дүниежүзілік соғыстар жер үшін болады.
- Үшіншіден, жерге жеке меншік институты тек жерді пайдалану және иемдену бойынша жалпы ұлттық жүйесінің ішінде қалыптасады. Жерге жеке меншік монополиясы еш бір елде абсолютті емес.
Слайд 6Жермен байланысты қатынастар жиынтығы келесі элементтерден тұрады:
- жер ресурстарын өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтынумен байланысты адамдар арасындағы жер қатынастары;
-
жер қатынастарын реттеу мен басқару институттары;
- жерді қорғау мен рационалды пайдалану мен байланысты экологиялық қатынастар;
- жер меншігінің құқығы бойынша институттар.
Слайд 72.Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы. Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері
Жерді тиімді
пайдалану үшін мемлекет экономикалық және құқықтық жағдай жасау керек.
Қазақстанда
жерді тиімді пайдалану қажеттіліктері заңдарда бекітілген. Мысалы, шаруа қожалығы туралы заңда егер жер тиімді пайдаланбаса, мемлекет оны өз меншігіне алуға құқығы бар деген. Жер кодексында да осындай ереже бар.
Көп елдерде мемлекет қоныстандыру (землеустроительный) және мелиорация шығындарың өзі өтейді (покрывает). Осы үшін әртүрлі бағдарламалар қабылдайды.
Слайд 8Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi
ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз
алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Слайд 9Жердi қорғау мақсаттары:
1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және
орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң
тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.
Слайд 10Жер кодексында жер қорғау туралы келесі жазылған:
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi
мен жер пайдаланушылар:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және
жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;
Слайд 113) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да
пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
Слайд 12Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері.
1. Ауыл шаруашылық өндірісі
табиғат жағдайымен тікелей байланысты. Сондықтан климаттық құбылыстар өнімнің көлемің өзгертіп
отырады.
2. Шаруалардың шығындары өте жоғары, соңдықтан ауыл шаруашылығымен айналасу тиімсіз болады. Мемлекеттік қолдау қажетті.
3. Ауыл шаруашылығының дамуы басқа салалардың мультипликациялық дамуына әкеледі. Осы саладағы бір жұмыс орны басқа салаларда бірнеше жұмыс орның қалыптастырады.
Слайд 134.Ауыл шарушылық өнімі дәстүрлі және көп өзгермейді (нан, ет).
5.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындар оңай шағын бөліктерге бөлінеді.
6. Өнеркәсіпте құралдар
жыл бойы жұмыс істесе, ауыл шаруашылығында бірнеше ай ғана. Сондықтан капитал қайтарымы өте төмен.
7. Ауыл шаруашылық өнімге деген сұраныс икемсіз болады.
8. Ауыл шаруашылық көпфункционалды.
Слайд 14
3.Аграрлық саясат: түсінігі, механизмі. Ауыл шаруашылығын қолдау әдістері.
Аграрлық
саясат – экономиканың аграрлық секторының тиімді дамуын қамтамасыз ететің мемлекеттік
шаралар жүйесі.
Аграрлық саясаттың объекті – экономиканың аграрлық секторы, яғни агро өнеркәсіптік кешені болады. АӨК – ауыл шаруашылық өнімді өндіру, сақтау, өңдеу және тұтынушыға жеткізумен байланысты халық шаруашылығының салалар жиынтығы.
Слайд 15АӨК құрылымына келесі салалар кіреді:
1. Ауыл шаруашылығы,
2. Ауыл шаруашылығы үшін
құрал жабдықтарды өндіретін салалар;
3. Ауыл шаруашылық өнімді өндеу салалары;
4. Инфрақұрылым.
Слайд 16Аграрлық саясаттың субъектілері:
- мемлекет;
- мемлекеттік емес субъектілер (шаруа
қожалықтары, серіктестіктер, АҚ, кооперативтер),
- халықаралық ұйымдар.
Аграрлық саясаттың мақсаттары:
-
елдегі азық-түлік қаупсыздығын қамтамасыз ету
- агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсуің қамтамасыз ету.
Слайд 17Аграрлық саясаттың басты бағыттары:
1) ауылшарушылық өнімнің бағасын және аылшарушылықпен байланасатын
өндірушілердің табысын қалыптастыру.
Оның әдістері: баға саясаты; субсидиялар, салықтық женілдіктер;
тауарлық биржаларды дамыту; сұранысты қолдау.
Субсидиялар келесі жағдайда беріледі:
- Суды жеткізуге кеткен шығындарды;
- Оригиналды тұқым өндіруге;
- Минералды удобрение, гербицидтарды сатып алуға;
- Бидайды тасымалдауға және т.б.
Слайд 18Салық женілдіктері жер салығынан, көлік салығынан, мүлік салығынан қарастырылады. Мысалы,
Қазақстанда шаруа қожалықтары тек бір жер салығын төлейді. Жер салығы
жердің бағаланған құнынан 0.1 пайыз болады.
Слайд 192) Жер және су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану;
3)
Ауылшаруашылық ғылыми зерттеулер мен асыл тұқымды (племенной) малды өндірісін дамыту;
4) Ауылдық тауарөндірушілерді несиелеу (ипотека, лизинг, бидай распискалары, несие бойынша пайыз ставкасын мемлекетпен субсидиялау, банктерге кепілдік беру);
5) Аылшаруашылық дақылды (культура) сақтандыру;
6) АӨК-нің ақпараттық маркетингтік жүйесін дамыту.
Слайд 20
10.4.Жер кадастыры. Жер кодексі.
Жер кадастры - жер
туралы мәлiметтер жүйесi.
Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң:
- табиғи және
шаруашылық жағдайы,
- жер учаскелерiнiң орналасқан жерi,
- нысаналы пайдаланылуы,
- мөлшерi мен шекарасы,
- олардың сапалық сипаттамасы туралы,
- жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң,
- өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады.
- Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi.
Слайд 21Жер кадастрының құрамдас бөлiгi:
- суармалы жер учаскелерiнiң мелиорациялық жай-күйi,
-
олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы,
- оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып табылады.
Слайд 22Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру:
- топографиялық-геодезиялық,
- аэроғарыштық,
- картографиялық,
- жерге орналастыру жұмыстарын,
- топырақ зерттеу,
- геоботаникалық зерттеулер
мен іздестірулер,
- жер мониторингі бойынша жұмыстарды,
- жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен,
- нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен,
- жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Слайд 23Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi:
- жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау
кезiнде,
- жерге орналастыруды жүргiзу,
- шаруашылық қызметтi бағалау және
жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде,
- сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу,
- жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау,
- жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және
- табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады.
Слайд 24Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін
қалыптастыруды;
2) жердің саны мен сапасын есепке алуды;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары
үшін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
Слайд 256) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді;
7) жер-кадастр карталарын,
оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
8) жер-кадастр кітабы мен
бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
9) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды;
10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.
Слайд 26Жер кодексі елдегі жер қатынастарың реттейтін заң. Қазақстанда соңғы жер
кодексі 2003 жылы қабылданған. Осы кодекспен ауыл шаруашылығындағы жер учаскілеріне
жеке меншік енгізілді