Слайд 1Тақырыбы: Қазақстадағы демографиялық жағдай
Орындаған: Эшанкулов Ж.Р
Тексерген: Байгенжеева Р.Қ
Қарағанды 2011ж
СӨЖ
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Әлеуметтік медицина және денсаулықты қорғау мен медицина тарихы кафедрасы
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Демографияға анықтама
Қазақстанның халықнамалық тарихы
Қазақстанның қазіргі халықнамалық ахуалы
Қорытынды
Қоданылған
әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Егеменді ел болып, іргемізді бүіндеп отырған кезде ұзақ жылдар
бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде
болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келесі өзгерістерден айқын байқалады. Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Евразиялық мемлекет деп есептеуге болады.
Слайд 4Демография грек тілінен аударғанда: «демос» - халық , «графо» -
жазамын, яғни халық тұралы ілім. Медициналық демография бұл халықтың механикалық
және табиғи қозғалыс үрдістеріне әлеуметтік медициналық факторлардың әсерін зерттейтін және халық денсаулық көрсеткіштерін жақсарту барысында ұсыныстарды өңдеп бағыттайтын құрылым.
Слайд 5 1725 жылдан бастап 191 жылға созылған (1916ж.) екінші сәтті
демографиялық қайта өсу кезеңі басталды. Осы кезеңде, яғни 1916 жылға
дейін қазақтың саны 2,5 еседен астам қайтадан өсті. 1916 жылдың ортасынан бастап қазақ үшін баяу болса да, бірқалыпты демографиялық даму үрдісі аяқталып, жаңаша «отыз жыл (1916-1945ж.) ойран» басталды. Дәл осы жылы қазақ халқы сан жағынан өзінің ең биік тарихи шыңына көтеріліп үлгерді. (1931-1933ж.) Ашаршылық және Ұлы Отан соғысы, жалпы алғанда барлығы 13 жылға созылған қасіретті демографиялық апаттар халқымыздың санын 3,5 млн. олқыландырып кетті. 1916 жылдың деңгейіне қазақтар 50 жылдан соң, тек 1966жылы ғана көтеріле алды.
Слайд 6Көп күттірген соңғы санақ нәтижесі Қазақстанда адам санының өсімі бар
екенін көрсетті. Қазақстан халқының нақты саны 2010 жылдың 1қаңтарындағы есеп
бойынша – 15 млн 196 мың адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш бұған дейін өткен 1999 жылғы санаққа қарағанда 1 миллион 22 мың адамға артқан. Қазақстандағы қазақтардың саны 10 миллион 98 мың адамға жетіп отыр.
Слайд 7Халықтың бала туу деңгейін көтеріп, өлімді азайту мен салауатты өмір
салтын қалыптастыру демографиялық саясат пен отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдар-ға арналған
тұжырымдамасының негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, онда 2010-2020 жылдар аралығында елімізде бала туу көрсеткішінің артуына қолдау көрсету, өлім көрсеткішін төмендету, миграциялық көрсеткіштерді оңтайландыру, отбасыларға жағдай жасау шарттары көзделген.
Слайд 8Республикасының заң актілеріне азаматтардың кейбір санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы жасалды, онда
2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап: төртінші және одан да көп бала туғандарға берілетін біржолғы жәрдем мөлшерін 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген.Жәрдемақы мөлшері 70650 теңгені құрайды. Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі ай сайынғы жәрдемақылар мөлшері: бірінші балаға 7773 теңге, екінші балаға – 9158, үшінші балаға -10598 теңге, төртінші және одан көп балаға – 12011 теңге берілмек. Бірақ мемлекет тарапынан көмек жасалып отырса да, бүгінгі күнгі проблема азаяр емес… 2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кеткен. Мәселен, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл, әрине, үлкен мәселе. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, мұның басты себептері – отбасының ажырасуы, еркектер арасындағы өлім көрсеткішінің жоғары болып отырғандығы. Оған қоса, халқымыздың арасында көптеген аурулардан қайтыс болуы.
Слайд 9Қазақстан халқы жыл сайын артып келеді (жылына 200 мың адамға
көбейеді, яғни бес жыл сайын 1 млн адам қосылып отырады),
мысалы 2030 жылы Қазақстан
халқы 20 млн-ға, ал 2050 жылы 25 млн-ға (қазір 15,5 млн) жуықтайды. Бұл - оң көрсеткіш. Мысалы, көрші Ресей халқы жыл сайын азайып келеді (жыл сайын 800 мыңға). Яғни Қазақстанның болашақтағы демографиялық ахуалы жақсы, Ресейдің келешек демографиялық ахуалы нашар.
Слайд 11Елдегі жергілікті халықтың пайыздық өлшемі азайып бара жатқан жағдайда: бұл
өлшемге келсек, Қазақстанда қазақтардың пайыздық өлшемі жыл сайын артып келеді.
2020 жылы Қазақтар Республика халқының 70 пайызынан асса, 2040 жылы қазақтар Республика халқының 80 пайызына жететін болады (қазір 60 пайыз). Бұл да - оң көрсеткіш. Ал Ресейде орыстардың пайыздық көрсеткіші азайып барады. Ондағы мұсылман халықтары (шешендер, дағыстандықтар, татарлар, башқұрттар) өсіп келеді.
Слайд 12Елдегі халықтың өсімі тым жоғары болған жағдайда мұның себебі ел
мәселен Қытай сияқты халық санын шектеуге мәжбүр болады, немесе халықтың
жылдық өсімі елдегі экономиканың жылдық өсімнен жоғары болса, ел кедейшілікке бағытталады, яғни экономиканың өсімді халықтың өсімі жұтып қояды да, жан басына шаққандағы ұлттық табыс кеми береді): Қазақстан халқын тез көбейіп келе жатыр деп айтуға келмейді. Бұл да оң көрсеткіш дейік, дегенмен өсім бұдан жоғары болуы керек еді. Сондықтан Қазақстан: біріншіден, елдегі табиғи өсімді қолдауы керек; екіншіден, оралмандарға бөлінетін квотаны арттыра беруі қажет. Үшіншіден көшіп жатқан өзге ұлт өкілдерін жібермеу күш салып, қайта көшіп келіп жатқандарда қолдауы тиіс. Қазір Қазақстан экономикасының жыл сайынғы орташа өсімі 9 пайыз болса, халықтың өсімі 2 пайыз болып отыр.
Слайд 13Елдегі халықтың орналасу тығыздығы әр аймақта, әр шекараның маңында әркелкі
болған жағдайда: Оңтүстікте халық тығыздау, басқа аймақтарда сиректеу екені болмаса,
Қазақстанда бұл көрсеткіш барынша біркелкі. Бұл - оң нәтиже. Алайда халық солтүстік облыстарға қарай жылжуы керек еді, осыны ескергенде, Астананы көшіру демографиялық тұрғыдан оң шешім болды. Мысалы, Ресейде Сібір мен Қиыр Шығыста халық өте аз сирек қоныстанған, былайша айтқанда сібірлік қалың орманды алқаптар бос жатыр және ол аймаққа Қытай елінен қоныс аударушылар таяу болашақта қауіп төндіріп отыр.
Слайд 15Қазақстандағы адамның орташа өмір ұзақтығы өте төмен (әлемде 122 орын).
Бұл - оң нәтиже емес. Алайда таяу болашақта әл-ауқаты жақсаруға
байланысты арта береді деген үміт бар. Халықтың орта жасы шамамен 23 жаста. Бұл - оң нәтиже. Ал Ресей қартайып бара жатқан ел. Халықтың орта жасы 23-те деген нені білдіреді. Бұл біріншіден жас халық дегенді білдіреді, екіншіден ол әлі өсетін халық дегенді білдіреді және ғаламдық өзгерістерді тез қабылдайды дегенді көрсетеді.
Слайд 16Елде ауыл халқы неғұрлым басым болған сайын ол аграрлы ел
болады, ал қала халқы басым болған сайын индустриалды ел бола
бастайды. Қазақтсанда қашанда ауыл халқы басым болып келген еді, алайда соңғы жылдары ауылдан қалаға қарай ағылып көшу басталып кетті. Алайда қалаларға орналасушылар алдымен баспана мәселесіне тап болып қиын күрмеуден шыға алмай отыр. Сонымен қатар қала халқының үлес салмағының артуы және қазіргі жаңару үрдістері өзінше бірнеше мәселелерді алып келеді. Нашақорлық, араққұмарлық, жезөкшелік, қылмыстық топтардың пайда болуы, діни бұрма секталардың, миссионерлердің ықпалының артуы, СПИД дертінің таралуы, елде ұлдардың қыз балалар санынан аз болуы, тұрмыс құрмағандардың және үйленбеген сүрбойдақтардың көбеюі, тірі жетім сәбилердің және түсік жасатудың, сонымен қатар қараусыз қалған қарттардың саны көбеюі – бұның бәрі халықнамалық тұрғыдан тым ұнамсыз мәселелерге жатады.
Слайд 17Тағы да басқа көптеген өлшемдер бар,соның ішінде бастысы халықтың қартаюы,
яғни жастарға қарағанда қарттардың саны көп болуы. Мысалы, Италия мен
Жапония әюден қартайған халық. Қарттар тым көп, ерескетер одан аздау, ал балалар тіпті аз. Кері кету деген осы. Халық әрқашан жасарып отыруы үшін жас сәбилердің дүниеге келу саны ешқашан кемімеуі керек және жастар мезгілінен кешікпей үйленуі тиіс. Ал қазақтар жас халық. Бұл да жағымды көрсеткіш. Осы негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстанның демографиялық жағдайы (Ресеймен, Украинамен, Италиямен, Жапониямен т.б. салыстырғанда) жақсы деп айтуға болады. Көпшілікті Қазақстандағы халық санының өсуі алаңдататын тәрізді. Шыныда да ол төмендеу, егер оралмандар үлес қоспағанда, шынында да жергілікті халықтың өзіндік табиғи өсімі төмен еді. Оны қаржылай қолдау керектігі айтылады.
Слайд 18Қазақстандағы халық саны 15 млн 546,5 мың адам. Оның 60,1
пайызы, яғни 9 млн 254, 6 мыңы қазақтар. Ал 25,5
пайызы орыстар, яғни 3 млн 940 мың. Қалған 14,4 пайызын өзге ұлттар құрайды. Олардың ішінде ірілері украиндар (435 мың), өзбектер (460 мың), татарлар (229 мың), ұйғырлар (235 мың), немістер (222 мың), белорустар (101 мың), әзірбайжандар (98 мың), кәрістер (97 мың) және курдтар мен шешендер.
- Табиғи өсім бойынша (көшіп келу мен көшіп кетуді шығарып тастағанда) ең тез көбейіп келе жатқан халықтар: өзбектер, күрділер, ұйғырлар (өсім коэффициенті: +10 пайыздан жоғары). Ең тез азайып бара жатқан халықтар: украиндар және белорустар (өсім кф-і: -10 пайыздан төмен).
- Қазақстанда пайыздық көрсеткіш бойынша қазақтар ең басым облыстар: Қызылорда обл - 97 пайызы қазақтар; Атырау обл - 92 пайызы қазақтар. Сондай-ақ Оңт. Қазақстан обл - 90 пайыз; Маңқыстау обл - 85 пайыз және Алматы обл - 75, Ақтөбе обл - 78, Жамбыл обл - 75 пайызы қазақтар. Бұл көрсетілген жеті облысты «қазақ облыстары» деп атаймыз.
Слайд 19Қазақтардың пайыздық көрсеткіші
- Шығыс. Қазақстан обл-нда - 50; Ақмола, Қарағанды,
Павлодар обл-рында 40-42 пайыз аралығында, болса, бұл 4 облысты «аралас
облыстар» дейміз. Ал қазақтар ең аз тұратын Солт. Қазақстан және Қостанай облыстарында 30-32 пайыз аралығында қазақтар тұрады. Бұл екі облысты «орыстілді облыстар» дейміз. Ал екі астанамызда, Алматы және Астана қалаларында - қазақтар шамамен (оны дәл айту қиындау, себебі бұл қалалар тез өсіп келеді және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушы, студент жастар тез ауысып отырады) тиісінше 49 және 47 пайыз қазақтардан құралады. Немесе Астаналарымызда халықтың тең жартысын қазақтар құрайды деген қорытынды шығаруға болады. Және шындығында бұл екі қалада да, қазақтар жас екенін, ал орыстыілділер қарт екенін айтуға болады. Әсіресе, Астана – халқының құрамы бойынша жастар қаласы. Көшеге шыққан адам негізінен жастарды, жас жанұяларды және жас бөбектерді көреді.
Слайд 20- Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің пайыздық көрсеткіші тиісінше 45 де
55, ал жиырма бес жастан асқаннан кейін, үйлену/тұрмыс құру жасында
бұл көрсеткіш 43 де 57 құрайды. Әрбір ересек 43 еркекке 57 әйелден келеді. Бұндай жағдай негізі Ресей мен Белоруссияда да бар еді. Алайда Ресейде 145 млн халық болғасын, тым көпшіліктің арасы болғасын және Ресейдегі жанұяға деген көзқарастың Қазақстанға қарағанда басқашалау болуына байланысты - адамдардың күнделікті тұрмыстық деңгейде анық байқалатындай болған жоқ. Ал Белоруссия аймағы шағын ел болғасын, білінбей кетті. Қазақстанда күнделікті тіршіліктен де байқалды: кәрі қыздар және жалғызбасты Аналар тым көбейіп кетті...
Слайд 21Қорытынды
Қорытындылай келе демографиялық ахуалға алаңдаушылық жоқ десек, ақиқаттан аттаған болар
едік. Қоғамның тұрақты дамуы мен оның қауіпсіздігі үшін елдегі халықтың
саны салыстырмалы деңгейде жеткілікті болуы керек, демографиялық даму ұлттық құндылықтарымызды да ілгерілетуге серпін берері анық. Демографиялық ілгерілеу тілдік ортаны өздігінен қалыптастыра алады, яғни тілдік орта қоғам тарапынан мығым қалыптасып үлгерсе, мемлекеттің тікелей араласуынсыз да ана тілімізді армандаған деңгейге жеткізе аламыз.
Слайд 22Қолданылған әдебиеттер
Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтану. Алматы. 2003
Қазақстан және оның аймақтары. №3
– 2000 жыл. Алматы. 2000.
3 Р.К. Биғалиева “Бүкіләлемдік медицина
тарихы” Алматы 2004ж
4 google kz.
Слайд 23Назар аударғандарыңыз
үшін рахмет!