Слайд 1Орындаған: мейірманова азира
Курс:4
Факультет: фармация
Табысты қалыптастыру және оны талдау әдістері.Жалпы табысты
жоспарлау әдістері.
Слайд 2Жоспары:
Кіріспе.
Табыс.
Негізгі бөлім.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау.
Жалпы табыс.
Қорытынды.
Слайд 3"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып
табылады. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Слайд 4Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады,
олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі
қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Слайд 5Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған
еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына
жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады.
Слайд 6Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Табыс табу кез келген
кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс оның,
яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек
Слайд 7Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты,
ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі
болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді.
Слайд 8Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да
кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және
қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Слайд 9Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар
қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық
қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
Слайд 10Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рольатқаруы керек және өндірістің дамуы
мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді
пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер,
жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері,
валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Слайд 11Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
табысқа әсер ететін факторлардың әсерін
анықтау және сандық өлшеу;
табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
Слайд 12табыстың өсу резервтерін анықтау;
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты
тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін
және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Слайд 13Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып
табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы,
акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Слайд 14Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден
түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен
және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді.
Слайд 15Жалпы табыс
Табыстыльқтың абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық
нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс
пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Слайд 16Басқаша айтқанда жалпы табыс тауарларды сатудан түскен ақшалай түсім мен
өндіріске жұмсалған материалдық шығынның арасындағы айырма ретінде айқындалады. Ол жалақы мен таза
табыс (пайда) сомасына тең. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің ағымдағы бағамен есептелген құны мен материалдық өндірістік шығынның айырмасы ретінде есептеледі.
Слайд 17Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан
оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық жүргізудің түрақты
экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Слайд 18Жалпы табыстың ауытқуына алып келетін факторлар:
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
өнім
бірлігінің бағасы;
өткізілген өнім көлемі (саны);
өткізілген өнім құрамындағы
құрылымдық өзгерістер.
Слайд 19Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жос-пармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі
кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды.
Слайд 20Жалпы табыстьң ауытқуына негізгі факторлардың әсері
Слайд 21Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің
өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне
жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстыр ғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы табыстың өндірістік езіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Слайд 22Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші -негізгі қызметтен алынған (түскеи) табыс. Ол
сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары
арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
Д" =ДЖ-РК.
Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс; Дж - жалпы табыс;
Рк - кезең шығындары.
Слайд 23Қорытынды.
Табыс – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері
үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік
ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады:
сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу»;
байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, әр түрлі нұсқаларды қолдану;
білікті есептеу және қолайлы нұсқаны таңдау;
өз қорларын пайдалану: білім, ептілік, қабілеттер жеке қасиеттер;
жоғары уәждеме, өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау.
Сөзсіз, басты фактор болып өзі-өзі уәждемелеу болып табылады. Адамның дамуды қалауы, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Уәждеменің күші мақсатқа жетудің жылдамдығын анықтайды.