Разделы презентаций


Тақырыбы: Рак ауруының өршуіне әкелетін антропогендік факторға сипатта беріңіз

Содержание

Жоспары:КіріспеНегізгі бөлім:Рак ауруына сипаттамаАнтропогендік факторлар әсерінен туындайтын рак аурулары ГлоссарийҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Рак ауруының өршуіне әкелетін антропогендік факторға сипатта беріңіз
Орындаған: Сайлау

М.
Тобы: ПФИЯ-109
Тексерген: Кенжебаева Ш.К.
Кафедра: Экология және тұрақты даму

Абылай

хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті

Тақырыбы: Рак ауруының өршуіне әкелетін антропогендік факторға сипатта беріңізОрындаған: Сайлау М. Тобы: ПФИЯ-109 Тексерген: Кенжебаева Ш.К.Кафедра: Экология

Слайд 2Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Рак ауруына сипаттама
Антропогендік факторлар әсерінен туындайтын рак аурулары
Глоссарий
Қорытынды
Пайдаланылған

әдебиеттер

Жоспары:КіріспеНегізгі бөлім:Рак ауруына сипаттамаАнтропогендік факторлар әсерінен туындайтын рак аурулары ГлоссарийҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3XXI-ғасырдың басында алдыңғы 100-1000 жылдармен салыстырғанда көп нәрсені түсіндік және

рак туғызғыш заттар, олар: - вирустар, онкогендер, гормондар, сәуле шоқтары,

химиялық рак туғызғыш заттар - канцерогендер. Бұлар жеке дара, немесе қосарланып әсер етуі ықтимал және олардың әрқайсысы рактың барлық түрінде шешуші рөл атқарады.
Канцерогендер тек  сырттан ағзаға түсіп қана қоймайды, сонымен қатар ішкі мүшелерде де пайда болуы мүмкін, әрине мұның бәрі зат алмасу үрдістерінің бұзылуынан негізделінеді. Дегенмен, аналық - сау клетканың кенеттен рак клеткасына  ауысуы жедел, тез арада пайда болатын құбылыс емес, бұған көп уақыт - айлар, жылдар қажет. Көптеген зерттеулер сау клетканың  ракқа айналуын анықтай түсуде.

Кіріспе

XXI-ғасырдың басында алдыңғы 100-1000 жылдармен салыстырғанда көп нәрсені түсіндік және рак туғызғыш заттар, олар: - вирустар, онкогендер,

Слайд 4Рак ауруына сипаттама
Көп аурулардың арасында адамның өміріне тікелей қауіп туғызатын-бұл

қатерлі ісік ауруы. Қатерлі ісік тез өсіп, шірітіп, дененің бір

жеріне ғана тоқтамай белгілі мерзім аралығында қан және лимфа тамырлары арқылы басқа мүшелерге тез тарайды. Қатерлі ісіктің қауіптілігі алғашқы кезде ауырып білінбейтіндігінде, ал білінген кезінде басқа мүшелерге қанмен тарап кеткендігінде. Ал өңеш қатерлі ісігін халқымыз қылтамақ деп атаған.
Кейде ісіктің үлкен көлеміне байланыссыз қан-лимфа тамырлары арқылы ісік алыста орналасқан сау мүшелерді зақымдап, екінші бір рак ұяларын - бөгелме ісік ошақтарын тудырады. Мұны метастаз деп атайды, оның болмайтын, орналаспайтын жерлері мен мүшелері, кемде-кем. Дегенмен әр рактың жиі бөгелме ісік беретін  жерлері бар, мысалы: ішкі мүшелердегі рак көбінде бауырға, лимфа бездеріне, миға, өкпеге оның екінші ошағын негіздейді.
Рак ауруына сипаттамаКөп аурулардың арасында адамның өміріне тікелей қауіп туғызатын-бұл қатерлі ісік ауруы. Қатерлі ісік тез өсіп,

Слайд 5Сүт бездерінің рагы жалпақ сүйектерге жиі бөгелме ісік береді. Жалпы

бөгелме ісік беру қасиеті рак орналасқан мүшенің қан-лимфа тамырларына бай,

не  нашар бітуіне тікелей байланысты және атқаратын қызметіне де тығыз сыбайлас келеді. Қызметін белсенді атқаратын мүшедегі рак жиі, әрі тез арада бөгелме ісік береді. Бұған мысал: рактың жас және ескірген ағзада орналасуына  да байланысты болады, ал оның біріншісінде зат алмасу үрдісі тез  және белсенді жүреді, сол себепті ісік тез арада өзгеріп, құбылып отырады, әрі жылдам ағзаға тарап кетеді. Осының салдарынан жас адамдарда емдік нәтиже өте тиімсіз орындалады, ал егде жастағы адамдарда алмасу үрдісінің баяу жүруінің негізінде кезкелген ем пәрменді орындалады. Жалпы емдік нәтиже  ісіктің  өсу дәрежесіне, қарқынына, орналасқан жеріне, морфологиялық түріне және ағзаның иммунологиялық хал-ахуалына байланысты болып келеді.
Сүт бездерінің рагы жалпақ сүйектерге жиі бөгелме ісік береді. Жалпы бөгелме ісік беру қасиеті рак орналасқан мүшенің

Слайд 6Қазіргі деректерге  сәйкес ракты тұқымқуалаушы ауру -  деп те санайды,

себебі бұл өспе, клеткадағы тектік қасиеттің бұзылуынан болады, дәлірек айтсақ

протоонкогендердегі, немесе супрессор - гендердегі терең күйдегі өзгерістердің  қалыптасуынан, олар  клетка ішіндегі ядроның  бөлінуін реттейтін жүйке талшықтарының қызметін  бұзады, сөйтіп оның  өніп-өсуі өз бетінше, жеке - автономды болады, бұлардың бәрі молекулярлық деңгейде жүреді.
Гендегі мутация және оның қызметтерінің өзгеруі көптеген себептерден пайда болады, олардың бірегейлеріне тағамдану және темекі тарту жатады, себебі  тағаммен бірге ағзаға неше түрлі химиялық заттар түседі, солардың ішінде рактың дамуына әсер ететіні канцерогенді заттар,  олар ауруды одан әрі қоздырады, үдетеді.

Қазіргі деректерге  сәйкес ракты тұқымқуалаушы ауру -  деп те санайды, себебі бұл өспе, клеткадағы тектік қасиеттің бұзылуынан

Слайд 7Антропогендік факторлар әсерінен туындайтын рак аурулары
Радиоактивті сәуленің адам ағзасына

қаншалықты зиян екені кімге болса да белгілі. Ең қауіпті рак

ауруы. Радиоактивтік - иондық сәуле шоқтарына ұшыраған адамдардың генетикалық аппараттарында гендік мутация байқалады да кейіннен олардың көбісінде рак ауруы анықталынады.  Бұл көрініс Жапонияның Хиросима және Нагасаки тұрғындарында дәлелденген, ал ТМД елдерінде Чернобыль АЭС-інде болған. Радий сәулесі қан және қалқанша безіндегі рактарда шешуші рөл атқарады. Радиоактивтi элементтiң құрамында адам организмiнде рак ауруларын тудыратын цезий – 143, йод – 131 химиялық түзiлiмдерi болған. 
Кәсіптік рак - деп адам баласының жұмыс істейтін жерлеріндегі зиянды өндірістік қалдықтарының ағзаға канцерогендік әсер етуінін пайда болатын ісікті айтады.

Антропогендік факторлар әсерінен туындайтын рак аурулары Радиоактивті сәуленің адам ағзасына қаншалықты зиян екені кімге болса да белгілі.

Слайд 8Қоршаған орта - ауа, топырақ және су - адам баласының

тіршілігімен тығыз байланысты. Көлік жанармайларының жартылай жануы және сол сияқты

завод, фабрикалардың түтіндерінде канцерогендік заттар тым көп, міне, осылар қоршаған ортаны ластайды, солар арқылы жоғарғы тыныс жолдарына - тікелей өкпеде алдымен қабыну ауруларын туғызып, кеңірдектің, немесе өкпенің шырышты қабаттарындағы клеткаларды өзгертеді, мұны метаплазия дейді, кейіннен бұл өзгерген шырыш ұлпасы ракқа айналады.
Сүт безі рагына себеп болатын негізгі факторлар: жаһандағы экологияның бұзылуы - ауаның, судың, топырақтық улы заттармен ластануы. ЛОБ-НОР сияқты ядролық сынақтар, облыс аймағындағы полигондар, ядролық физика институтының ядролық қалдықтары мен зауыттардан шығатын уран, көлік түтіндерінен бөлінетін ауыр металл тұздары да бұл кеселдің өршуіне әсерін тигізуде.


Қоршаған орта - ауа, топырақ және су - адам баласының тіршілігімен тығыз байланысты. Көлік жанармайларының жартылай жануы

Слайд 9Қатерлі ісік жер шарында бірдей барлық адамдарда кездеседі, жасы 40

қа жетпегендерде дәнекер тіндерден пайда болатын ісік- саркома, ал 40

жастан асқандарда -рак кездеседі. Олар негізгі үш факторға байланысты: физикалық, химиялық және биологиялық. Бұл факторлар қоршаған ортада  кең таралғандықтан, солардың әсерінен әртүрлі қатерлі ісіктер пайда болады. Мысалы қанцерогендік химиялық заттар (3-4 бензпирен, нитрозамин, афлотоксиндер т.б.), адамдағы рактың бір түрін қоздырса, физикалық факторлар көбінесе терідегі ракты қоздырады, ал биологиялық факторлар, оның ішінде вирустар жыныс мүшелердегі ракты қоздырады.
Адамзат өмір сүру үшін, өзіне керекті заттарды өндіруге мәжбүр, ал оны өндіре отырып, онымен бірге қанцерогендік заттардың пайда болуына жол береді. Ядролық жарылыстар адам өміріне тікелей әсер етуде.   Экологиялық жағдайлар әрбір құрлықтарда әртүрлі, сондықтан рактың пайда болуы да әртүрлі. Өлкелік өзгешіліктері бар. Мысалы Австралияда тері рагы өте жиі кездессе, ол түрік тектес елдерде өте сирек кездеседі. Еуропалық әйелдерде - сүт безі рагы мұсылман елдермен салыстырғанда басым.

Қатерлі ісік жер шарында бірдей барлық адамдарда кездеседі, жасы 40 қа жетпегендерде дәнекер тіндерден пайда болатын ісік-

Слайд 10Көптеген химиялық қосылыстардың мутагендік және бластомогендік әрекеттері болады. Қатерлі ісік

(рак) кездесу жағдайлары 80-нен 90 пайызға дейін қоршаған орта факторлармен

байланысты. 
Еліміздегі әскери полигондар экологияға айрықша әсер етеді. Ядролық жарылыстар адам өміріне тікелей әсер етуде. Семей полигонының зардабын тартқан адамдардың көбісінде рак ауруы өте биік деңгейде, адамдар мен жануарлардың гинетикалық құрылымдарындағы өзгерістер, адам өлімінің жиілігі, мыңдаған шақырым уланған жер.
Ауыр металдардың улы  қасиетіне көптеген факторлар, бір  бірімен әрекеттесуі де әсер етеді. Мырыш пен мыс концентрацияларының өзгеруі ісік аурулары кездеседі
Көптеген химиялық қосылыстардың мутагендік және бластомогендік әрекеттері болады. Қатерлі ісік (рак) кездесу жағдайлары 80-нен 90 пайызға дейін

Слайд 11Диоксинмен улану. Өнеркәсіптің  қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі

бұзылуда. Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар шығарылып, су,

ауа, топырақ сапасын төмендетті. Зиянды заттардың адам тіршілігіне қажетті азық-түлік, су, т.б. құрамында мөлшерден тыс көп болуының салдарынан адам мен табиғат зардап шегуде.Улы затттардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі- диоксиндер болып табылады. Диоксиндер — полихлорланған дибензодиоксиндер (ПХДД) және соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) класына жататын улы химиялық заттектер.  Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Диоксиндер химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттектері болып табылады.
Диоксинмен улану. Өнеркәсіптің  қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда. Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде

Слайд 12Рак ауруының түрлері:

Рак ауруының түрлері:

Слайд 13Рак ауларының алдын алу:
Бұл ауру өмір бойы зиянды әдеттерге үйір

болғандардың арасында көбірек кездеседі.Өйткені зиянды әдет-ғұрыптар (темекі тарту, насбай ату,

маскүнемдікке салыну) организмнің қорғаныс күшін азайтып, ауруға шалдығуға септігін тигізеді. Спиртті ішімдіктер (алкоголь)- ауыз қуысындағы, жұтқыншақтағы, өңештегі шырышты қабатқа тікелей зиянды әсерін тигізеді. Арақ екі жақты зиянды әрекет жасайды:  біріншіден - ол жыныс клеткаларын уыттайды, сөйтіп тұқымқуалайтын рактардың пайда болуына себеп болады, ал екіншіден - аналық сау клеткаларды  бұзады және өзгертеді. Оларда ракқа бейімділік қасиет орнығады, атап айтқанда мутация туғызады, бірнеше рет мутацияланған клеткада  бөліну үрдісі бұрынғы қалпына келмейтіндей терең әрі күрделі үрдісте байқалады.

Рак ауларының алдын алу:Бұл ауру өмір бойы зиянды әдеттерге үйір болғандардың арасында көбірек кездеседі.Өйткені зиянды әдет-ғұрыптар (темекі

Слайд 15Рак - (латын-шаян) – эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік. 
Радиоактивті ластану

– қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі.
Радиация

- латын тілінде радиус-сәуле деген сөз.
Концерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir  — рак, генезис  -    шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады.
Мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір  вирустар және т.б. жатады.

Глоссарий

Рак - (латын-шаян) – эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін

Слайд 16Қорыта келе, қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр

металдар) әсерінен пайда  болады. Адам денсулығына аса көңіл бөлу үшін

ауаны тазартуымыз керек, ағаштар отырғызып, табиғатты аялауымыз керек. Біз табиғатты аялай, қорғай білсек, келешек ұрпақтардың денсаулықтарына, яғни адамдардың денсаулықтарына зиян келмейді. Сондықтан да қоршаған ортаны қорғау үшін және адам денсаулығына зиян келтірмес үшін бұдан да көп жағдайла жасау керек, және оны толығымен іс жүзіне асырып отыру керек.

Қорытынды

Қорыта келе, қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда  болады. Адам денсулығына аса

Слайд 17Бастерова І. «Экология және табиғат қорғау» Алматы, «Мектеп» 2007 жыл
Көшкімбаев

Қ.С. «Жалпы экологияның қысқаша курсы» Алматы «Ғылым» 1998 жыл
Асқарова Ұ.Б.

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы 2008 жыл.
Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы 2004 ж
 


Пайдаланылған әдебиеттер

Бастерова І. «Экология және табиғат қорғау» Алматы, «Мектеп» 2007 жылКөшкімбаев Қ.С. «Жалпы экологияның қысқаша курсы» Алматы «Ғылым»

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика