Разделы презентаций


Тақырып: Балалардың нервтік-психикалық дамуын бағалау критерилері

Содержание

Мазмұны :1. КІРІСПЕ2. Психикалық темпераменті бойынша балалардың типтері3. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау4.ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырып: Балалардың нервтік-психикалық дамуын бағалау критерилері.
Орындаған: Абжарова А.Р 301ст
Астана 2015

Тақырып: Балалардың нервтік-психикалық дамуын бағалау критерилері.Орындаған: Абжарова А.Р 301стАстана 2015

Слайд 2Мазмұны :
1. КІРІСПЕ
2. Психикалық темпераменті бойынша балалардың типтері
3. Психикалық дамуы

кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау
4.ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мазмұны :1. КІРІСПЕ2. Психикалық темпераменті бойынша балалардың типтері3. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау4.ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН

Слайд 3КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде арнайы беру саласындағы әлемдік білім  кеңістігіне ұмтылуға байланысты

жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан оқушылардың

дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып,өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту – түзету (коррекциялық) жұмыстарының , сондай – ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке жуығын нервтік – психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б.  бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.

КІРІСПЕҚазіргі кезеңде арнайы беру саласындағы әлемдік білім  кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды

Слайд 4Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20–шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға

арнайы білім беру мәселелері қарастырылған, яғни,
-арнаулы білім беру бағдарламаларын арнаулы

білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
-дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психологиялық   педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, бала бақшалар, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады.
-ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай – ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі бар мүмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы түзету мекемелері  ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспірімдердер бұл ұйымдарға ата – аналарының, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялар негізінде жіберіледі.

Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20–шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған, яғни,-арнаулы білім

Слайд 5Психикалық темпераменті бойынша балалардың типтері
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін

бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері

темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған.
Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Сөйтіп темперамент — адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.

Психикалық темпераменті бойынша балалардың типтеріИ.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер

Слайд 6Холерик темпераменті. 
Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен

көзге түседі. Холерик қарым-қатыста — күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны

құмар, іс-әрекетте — пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.
Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…»

Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста — күйгелек, бір

Слайд 7Сангвиник темпераменті.
Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп

санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде

болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.

Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл — оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара (шыдамды, зейінді, орнықты). «Мінез-құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе».

Сангвиник темпераменті.Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда

Слайд 8Флегматик 
салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына

жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп

жатады.
Баяулық пен селқостық — флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.

Флегматик салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да

Слайд 9Меланхолик темпераменті 
бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез

жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан

оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен.  Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.

Меланхолик темпераменті бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып

Слайд 10Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің

негізгі ерекшелігі – баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Инфантильді

балалар өзінің құрдастарынан жас, олардың ойлары да тұрақсыз болады. Оларды ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейде сабақтың аяғына таман немесе шаршаған уақыттарда болады. Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең төменгі деңгейде болуға тиіс. Кейбір балаларда іс — әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай – ақ интеллектуальдық белсенділігінің төмендеуі – осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер. [3.46]
Ойлау әрекетіне келсек, көрнекі амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы – бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады.
Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды. Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді.

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалауПсихикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі – баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының

Слайд 11Психикалық дамудың кешеуілдеуіндегі әртүрлі дәрежеде сипатталады. Жеңіл түрде көрініс берген

жағдайда бұл балалар көмекті жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастыруға болады.

Ауыр жағдайлардабалаларда арнайы білім беретін мектептерге немесе мекемелерге оқытады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл – күйден, жұмыссыздыққа жиі өту процестері жүйкелік – психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді. Ересектердің көмегін қажетсіну, іс — әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы кешеуілдеуі бар балаларды ақыл – есі кем балалардан ажыратуға болады.
Балаларда іс — әрекеттің тұрақсыздығы қимыл – координациясының жеткіліксіздігі мен режимге бағына алмаушылығы болса да, мұндай балалардың басым көпшілігі дене шынықтыру пәні мен спорт ойындарын жақсы көреді. Олардың психикалық дамуындағы жоғарғы мүмкіншіліктердің бар екендігін түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында ескерген жөн.
Психикалық дамуыдың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М.С.Певзнер, Т.А.Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.

Психикалық дамудың кешеуілдеуіндегі әртүрлі дәрежеде сипатталады. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балалар көмекті жалпы білім беретін

Слайд 12Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі

балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары

бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады.
Жалпы тексерудің барысында алынған мәліметтерге сүйенсек, жалпы мектептің өзінде де жартысынан жуығын «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар» тобы құрайтынын көреміз. Психикалық дамудың кешеуілдеуі – бұл анамалияның дамуы, ячни көбінесе ол оқу жылының алғашқы айларында байқалуы мүмкін. Ол негізінен балалардың оқу процесінің қажеттіліктеріне адаптацияланбауынан байқалады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың негізгі айырмашылығы мынада: бұл балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі, сондай – ақ дағдылары мен танымдық процестеріндегі өзара ауытқушылықтарымен сипатталады. Арнайы педагогикада, сондай – ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды. Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез – құлықтарымен және іс — әрекеттерімен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып

Слайд 13Психикалық дамуы кешеуілдеген  балалар әркелкі топты  құрайды, өйткені олардың даму

қалықтығының себептері мен дәрежесі әртүрлі болады.  Осыған  байланысты психалық дамуы

кешеуілдеген  балалармен психологиялық-педагогикалық сынаптама құру қиындық туғызады. Осы санаттағы  балаларға ортақ кемшілік зейіннің төмендігі, гипербелсенділік, жадтың төмендеуі, ойлау қызметінің  баяу  қарқыны,  мінез-құлықты реттеудің  қиындығы  болып  табылады. Алайда  осы  балалардың  қызметін ынталандыру, оларға  уақытында  көмек көрсету,  олардың  таяудағы  даму  аймағын айқындауға  мүмкіндік береді, оның  өзі  сол жастағы  ақыл-ойы  қалық балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін бірнеше  есе  арттырады. Сондықтан да бұл топтағы  балалар, оларға  белгілі білім  беру  жағдайларын  жасағн кезде, негізгі жалпы білім  беретін  мектептің  бағдарламасын меңгеруге және  көп жағдайда  білімін  жалғастыруға  қабілетті.
Психикалық дамуы кешеуілдеген  балалар әркелкі топты  құрайды, өйткені олардың даму қалықтығының себептері мен дәрежесі әртүрлі болады.  Осыған 

Слайд 14Психикалық дамудың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М.С.Певзнер, Т.А.Власова баланың

эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың

жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі– ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциальдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады.
Дифференциальды диагностика жасағанда оқыту әдістерін қолдану керек. Мұнда тәжірибе кезінде баланы мадақтап, көмектессе, ол көмекті қабылдайды. Бұл жағдайда баланың потенциальдық мүмкіндіктері білінеді.
Психикалық дамудың кешеулеуін тудыратын себепке байланысты әр түрлі клиникалық көріністері болады. Психикалық дамудың тоқталуы негізінде мидың зақымдануы, естің, назардың, еңбек қабілетінің, мақсат-тылықтың бұзылуы жатыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Психикалық дамудың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М.С.Певзнер, Т.А.Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен

Слайд 15Интеллектуальдық кемістік пен мақсаттылықтың бұзылуы аурудың көрінісінде маңызды орын алады.

Мұндай жағдайда астениялық көріністер басым болады. Интеллектуальдық өнім тәуліктің уақытына

және басқа себептерге байланысты біркелкі болмайды. Мысалы, таңертең есепті шығару кешке қарағанда оңай болады. Кей уақытта интеллектуальдық кемістік ауру адамның жүріс-тұрысы жеңілденіп, шыдамдылығы азаюына байланысты. Басқа жағдайлардағы аурудың көрінісінде, керісінше ауру адам сылбыр, баяу болып, қозғалу қабілеті төмендейді.
Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез – құлықтарымен және іс — әрекеттерімен ерекшеленеді.
«Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деген ұғым–балалардың минимальдық – органикалық жетіспеушілігі, сондай–ақ орталық нерв жүйелерінің зақымдалуы деген мағынаны береді. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың эмоционалдық – ерік сфераларының тұрақсыздығы, соның ішінде ойлау деңгейлерінің әлсіздігі, есте сақтаудың төмендігі, қабылдаудың тұтастығының болмауы, зейіннің шашыранқылығы сияқты белгілері анықталды. Кейбір аспектілері бойынша алғанда балалардың эмоционалдық ерік сфералары жас деңгейлеріне байланысты өзгеріп те отырады.
Оқу процесі мен әдістемені өткізу барысында, балалардың зейіндерінің шашыраңқы болатыны анықталды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге ең алдымен олардың эмоциясына назар аударылды. Себебі,  бұл топқа жататын балалардың эмоциясы көп жағдайда өзгеріске ұшырап отырады.

Интеллектуальдық кемістік пен мақсаттылықтың бұзылуы аурудың көрінісінде маңызды орын алады. Мұндай жағдайда астениялық көріністер басым болады. Интеллектуальдық

Слайд 16ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

Семаго Н.Я. Основы диогностикой и корреционной работы психолога

// Дефектология. 2007. — № 3.
Воропаева И.П. Коррекция эмоциональной сферы

младших дошкольников// Дефектология. 2005.-№ 6.
Дети с задержкой психического развития / Под ред. Т.А. Власовой, В.И. Лубовского, Н.А. Цыпиной. М., 1984.-412С
Google.kz
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІСемаго Н.Я. Основы диогностикой и корреционной работы психолога // Дефектология. 2007. — № 3.Воропаева И.П.

Слайд 17
Назарларыңызға

Назарларыңызға

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика