кеңестерді орындаған жөн.
1. Алғашқы жүрістерді алдыңғы шептің отауларынан жүріп, ортаңғы
әсіресе артқы шеп отауларының күшін сақтауға (тастарының көбеймеуіне) тырысу.
2. Жалғыз тас жатқан отауларға және қатарынан орналасқан бірнеше «бай» (тасы көп) отауларға сақ болу (байланып қалмау)
3. «Орға» (жалғыз тасы бар отаудың алдындағы отау бос болса, осылай аталады) және бірнеше жалғыз тасты отауларға (құтылмас тұздық болмас үшін) сақ болу
4. Тұздық алу немесе «бай» ұту қауіптерін төндіріп, қорға тасты аз-аздан болса да жинай беру.
5. Тұздық алмасқанда неғұрлым күштісін (№ 5 отауға жақын) алып, қарсыласқа нашарлауын беру.
6. Нашарлау тұздық ауысқанда бір-екі «байды» артық алу.
7. Тұздық орнына 30-40 тасты артық алу.
8. Тұздық алмасқаннан кейін «байларды» орнымен таратып жіберу.
9. Жалпы жағдайдың тиімділігін пайдалану үшін позицияны ұтымды пайдаланып ойнау.
10.Келешек атсырауды немесе тасты көп алып, тез 82-ге жеткізуді ойлау.
Көп құмалақ жиналған отау бай деп аталады.
Тұздық жоқ кезде көбінесе №8 отауға «бай» (көп тас) жинап, қарсыластан амалсыз (күшпен) тұздық алуға болады. Мысалы 92, 820, 75 позициясында 1,72х №1 немесе №2 отауларынан тұздық алынады. Егер 93, 821, 75 болса, 1,92х жүрісімен амалсыз тұздық береді.
Жалғыз тастың алды бос болғаны қауіпті. Себебі құтылмас тұздыққа түсіп қалуға болады. Тасы жоқ бос отаудың артындағы көрші отауда жалғыз тас жатса, онда мұндай отауды «ор» деп атайды.
Екі жерден тұздыққа түсіп қалмау керек. Мысалы: б.86, 96; қ.11 , 42 жағдайында 1,95 жүрісінен кейін, қоштаушы №1 немесе №4 отауларынан тұздық беруге мәжбүр болады.
Тас (құмалақ) ұтып алу үшін бір отауды байлап, екінші отауға қауіп төндіреді. Мысалы: б. 84,92 қ. 16,26 позициясында 1,91 жүрісінен соң, бастаушы тас ұтып алады.