Слайд 1Урология кафедрасы
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМ.С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL MEDICAL UNIVERSITY
Тақырыбы:Урологиялық аурулардың семиотикасы.Несеп-жыныс жүйесінің
анатомо-физиологиясы.Урологиядағы зерттеу әдістері және диагностикасы.
Орындаған:Махамбетқұл С.Б.
Тексерген:Испосунова Г.А.
Курс: 4
Факультет: Жалпы медицина
Тобы: 004-01
Слайд 7Бүйрек ұлпаларының зақымдануы
Жіті гломерулонефрит (жіті нефрит)
Созылмалы гломерулонефрит
Жіті және созылмалы пиелонефрит
Нефросклероз
Бүйрек
амилоидозы
Бүйрек поликистозы
Бүйрек инфарктісі
Бүйрек абсцесі
Бүйрек туберкулезі
Бүйрек қатерлі ісігі
Гидронефроз
Слайд 8Зәр жолдары аурулары
Цистит (жіті және созылмалы)
Уретрит
Несептас ауруы
Қатерлі ісіктер (қуық қатерлі
ісігі)
Аталық без аденомасы
Зәр жолдары туберкулезі
Слайд 9Науқастың шағымдары
2
топқа бөлінеді:
Ренальдық (бүйректік)
Экстраренальдық (бүйректен тыс)
Слайд 10Ренальдық шағымдар
Зәрдің органикалық қасиеттерінің өзгеруі: түсі, мөлдірлігі, иісі өзгеруі, қоспалардың
болуы
Зәр бөлінудің бұзылыстары: дизуриялық көріністер
Ауыру сезімі: бел тұсында, несепағар бойымен,
қуық тұсында
Слайд 11Экстраренальдық шағымдар
Бүйректік ісінулер
Бастың ауруы, көз көруінің нашарлауы
Қызба, дене t-ның көтерілуі
Дене
қышуы, терінің құрғауы
Жүрек айну, құсу, іш өту, жүдеп арықтау
Мұрыннан қан
кету, ұйқышылдық
Әлсіздік, жұмысқа қабылетсіздік
Жүрек қағу, ентігу, жүректің ауруы
Слайд 12Зәрдің органикалық қасиеттерінің өзгерістері
Қошқыл-қызыл, “ет жуындысы” түстес – қан араласу
(гематурия)
Лайлану, жалқық, шырыш, ірің араласу – қабыну процесс көріністері
Тұздар, ұсақ
тастар, тұнба түсу – несеп тас ауруы көріністері
Жағымсыз аммиак иісі – зәр жолдарындағы қабыну процестің белгісі
Слайд 13Дизуриялық көріністер
Олигурия – тәуліктік зәр мөлшерінің 500 мл ден төмен
болуы
Жіті гломерулонефрит, бүйрек травмалары, нефротроптық улармен улану, шок, құсу, диарея,
ісінулер.
Слайд 14Дизуриялық көріністер
Анурия – тәулік бойы зәрдің мүлдем бөлінбеуі.
Бүйрек үсті ануриясы:
бүйрекке келетін қан мөлшерінің күрт төмендеуі (шок, коллапс, қан кету,
бүйрек артерияларының тромбозы, басылып қалуы), организмнің сусыздануы (қатты терлеу, тоқтаусыз құсу, қайталап іш өту).
Слайд 15Дизуриялық көріністер
Анурия
Бүйректік анурия (секрециялық анурия)
Бүйрек шумақшаларының тікелей
зақымдануы (жіті нефрит, органикалық улармен улану, ауыр металл тұздарымен улану, бүйрек туберкулезі ж.т.б.).
Слайд 16Дизуриялық көріністер
Анурия
Бүйрек асты ануриясы (экскрециялық анурия)
– зәрдің жоғарғы несеп жолдарымен жүруіне кедергі болуы.
Несепағардың таспен бітелуі, сыртынан басылуы
Слайд 17Дизуриялық көріністер
Ишурия
Зәрдің қуықта бөгелуі
Қуықтан төмен
зәрдің жүруіне механика-лық кедергі болуы (несептас ауруы, аталық бездің аденомасы, үрпінің ісіктері)
Жұлынның зақымдануы, миға қан құйылу
Слайд 19Дизуриялық көріністер
Полиурия – тәуліктік зәр мөлшерінің 2000 мл-ден артуы
Бүйрек өзекшелерінде
реабсорбцияның азаюы (салурез, диурез көбеюі)
Бүйректік полиурия – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне
байланысты
Бүйректен тыс - қантты диабет, қантсыз диабет, ісінулер қайтуы
Слайд 20Дизуриялық көріністер
Никтурия – күндізгі және түнгі диурез ара қатынастарының бұзылуы
(түнгі диурез мөлшерінің көбеюі).
Бүйректік никтурия – нефрит, нефро-склероз ауруларының бастапқы
сатысына тән.
Жүректік никтурия – жүрек жеткіліксізді-гінің алғашқы сатыларына тән.
Слайд 21Дизуриялық көріністер
Поллакиурия – жиі-жиі зәр сындыру (кіші дәретке жиі отыру)
– тәулігіне 7 реттен көп.
Қуық, үрпінің қабынуына тән белгі
Қуықтың сырт
жағынан басылуынан (асцит, жүктілік), қуықтың сиымдылығы азайғандықтан да болады.
Слайд 22Дизуриялық көріністер
Странгурия – зәрдің тамшылап, ауыру сезімімен қосарлана бөлінуі.
Қуық қабынуы,
үрпі қабынуына тән симптом.
Слайд 23Дизуриялық көріністер
Изурия – зәрдің тәулік бойы біркелкі, аралықтары бірдей болып,
мөлшері шамалас болып бөлініп отыруы.
Бүйректің зәрді жинақтау қызметінің бұзылысы –
бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі белгісі.
Слайд 24Ауыру синдромы
Ауыру сезімі – бүйрек қабының, бүйрек түбегінің, несепағардың, қуықтың
тітіркенуінен,созылып керілуінен немесе қабынуынан туындайтын әйгіленім.
Бүйрек ұлпаларында ауыру сезімі рецепторлары
жоқ.
Слайд 26Ауыру синдромы
Ең жиі себептері: Несептас ауруы, пиелонефрит, жіті нефрит,
қатерлі ісіктер, паранефрит, цистит, уретрит.
Бүйрек шаншуы (коликасы) - несептас ауруы
көрінісі, немесе зәр жүруіне басқаша кедергілер болғанда.
Қуық қабынғанда – ауыру сезімі қасаға сүйек үсті аймағына келеді.
Слайд 28Бүйректік ісінулер
Механизмдері:
1.Капилляр өткізгіштігінің артуы - гиалуронидаза белсеңділігінің жоғарылауынан
2.Гипопротеинемиялық ісінулер
3. Гипернатриемиялық ісінулер
4. Ануриялық ісінулер
Слайд 29Бүйректік ісінулер
Пайда болу
себептері
Бүйрек паренхимасы зақымдануы: нефрит, пиелонефрит, нефротикалық
синдром, нефроангиосклероз, бүйрек амилоидозы.
Слайд 32Бүйректік ісінулер
Ерекшеліктері:
Науқастың беті, көз айналасы, қабағы ісінеді
Тәңертеңгі
уақытта айқын көрінеді
Тері түсі боз болып келеді
Ісінген аймақтары қолға жылы болып сезіледі
Пальпация әдісімен тексергенде жұмсақ, болбыр болып сезіледі
Тез, жылдам жайылып, тез қайтады
Бауырдың үлкеюі басқа ағзалармен шамалас келеді
Слайд 33Бүйректік артериялық гипертензия
Механизмдері:
ЮГА жүйесінде ренин синтезі жоғарылауы
Ангиотензиннің белсенді түрге айналуы
Шеткейлік
артериолалардың түйілуі
Альдостерон синтезінің жоғарылауы
Слайд 34Бүйректік артериялық гипертензия
Пайда болу себептеріне қарай жіктелуі:
Паренхималық бүйректік артериялық
гипертензия (нефрит, пиелонефрит, диабеттік гломерулосклероз, нефроангиосклероз).
Вазореналдық артериялық гипертензия (бүйрек артерияларының
туа біткен немесе атеросклероздық тарылуы).
Слайд 35Бүйректік артериялық гипертензия
Ерекшеліктері:
Диастолалық артериялық қысым жоғарылауы басым келеді
(110-120ммс.б.б. және одан жоғары)
Қатерлі, қарқынды түрде жиі өршуі, ауыр тамырлық асқынулар
Кризбен асқынуы тән емес
Слайд 40Пальпация
Сау бүйрекке пальпация жасалмайды.
Науқасты тұрғызыпта жатқызыпта сипап сеземіз.
Медицина
қызметкері науқастың оң жағында тұрады. •
Науқасты арқасына жатқызу.
Сол қолымызды
арқаның астына жүргізіп қабырға омыртқа бұрышының тұсына қоямыз.
Оң қолды оң қабырға асты тұсына іштің тік бұлшық етіне сыртқа қарай қоямыз.
Науқастың босаңсуын сұраймыз.
Науқас дем шығару кезінде сол қолды құрсақ қуысына қарай енгізіп оң қолмен пальпация жасаймыз.
Слайд 41Перкуссия
Сау адамның бүйрегі перкуссияланбайды.
Ұрғылау немесе қағу әдісін Пастернацкий әдісі
деп атайды.
Зерттеуші сол қолын бұйірге қойып екінші қолының
қырымен сол қолымен жеңіл ұрғылайды.
Егер ұрғылау кезінде науқас ауырсынуды сезсе онда Пастернацкий симптомы оң деп есептеледі. Ол әсіресе бүйректе тас болғанда, паранефритте оң болады.
Слайд 42Бүйрек және зәр шығару жолының қосымша тексеру әдістері.
Зәрді лабораториялық тексерудің диагностикалық маңызы зор.
Өйткені тек бүйрек, зәр
шығару жолдарының ауруларында ғана емес басқа мүшелермен жүйелердің ауруларында зәрдің сапалық және сандық өзгерістері кездесуі мүмкін.
Жалпы зәрдің құрамы: ішкен сұйықтықтың мөлшеріне, ішкен тағамдардың түріне байланысты.
Сондықтан зәрді лабораторияға ертеңгісін ең алғашқы порциясн апарады
Слайд 43Зәрдің жалпы анализі:
Зәрді жалпы анализге жинау үшін науқасты таңертенгісін жыныс
мүшесін жуады, зәрдің алғашқы тамшысын дәретханаға, қалғанын таза шыны ыдысқа
жинайды.
Лабороториялық тесеруге 200 мл зәр апару керек.
Ыдыс сыртына жолдама жапсыру керек, оған уақытты, науқастың фамилиясын, палатасын, бөлімшесін, мед. қызметкердің қолын көрсету керек.
Слайд 44Зәрдің физикалық қасиеттері:
Зәрдің физикалық қасиеттері: • түсі; • мөлшері; •
мөлдірлігі; • исі; • тығыздығы; • реакциясы;
Мөлшері: шамамен 500
-1500 мл кейде ер адамдарда 2 л дай зәр бөлінеді. Түсі: сабан түстес;
Мөлдірлігі: мөлдір. Исі: жаңа зәрде исі болмайды, тұрып қалса қышқыл тартады;
Тығыздығы 1, 008– 1, 026, урометрмен анықтайды – зәр тығыздығын анықтайтын мөлшері кішкентай ареометр 1000 -1050 дейін.
Реакциясы: әлсіз сілті, әлсз қышқыл. Химиялық асиеттері: зәрде қалыпты жағдайда белок, қан, өт пигменті, ацетон болмайды
Слайд 45Микроскопиясы:
эпителиальды клеткалар: жалақ эпителий аздаған, өтпелі эпителий азаған болуы керек,
ал бүйректік эпителий болмауы керек. Лейкоцит - ер адамдарда 0
-3, әйел адамдарда 0 -6 көру аймағында, эритроцит 0 -1 препаратта, цилиндрлер жоқ, шырыш өте аз не жоқ, бактерия жоқ, тұздар ішкен тағамға байланысты, бірақ өте аз.
Слайд 46Нечипоренко сынамасы
Науқас зәрдің ортангы порциясын жинайды.
негізгі артықшылығы- жыныс
мүшелерінен ірін тұспес үшін зерттеуге несептің ортанғы үлесін алады
кемшілігі – диурездің мөлшері есептелінмейді
Бұл әдіспен 1 мл • Несептегі лейкоциттер, эритроциттер, цилиндрлер санын санайды.
Қалыпты жағдайда 1 мл несепте 1000 -ға дейін эритроциттер, 2000 - дейін лейкоциттер, 20 - дейін гиалин цилиндрлері болады;
Слайд 47Зимницкий сынағы
Бұл әдістің негізгі артықшылыгы - бүйректердің функционалдық тексеруі
науқастың қалыпты жағдайында жасалынады. Сынақ тәулік бойында жүргізіледі. Науқас несебін
әрбір үш сағат сайын жинайды (8 порция).
Әрбір үлестегі несебтін мөлшерін, оның салыстырмалы тығыздыгын анықтайды. Несептің түнгі және күндізгі үлестерінің мөлшерін салыстыра отырып, қай кездегі диурездің көп екенін анықтайды. Әрбір үлестің салыстырмалы тығыздыгын зерттей отырып оның тәулік бойынша тербелісін және ең жоғарғы мөлшерін талдайды
Қалыпты жағдайда күндізгі диурез түнгі ден көп болады, несеп мөлшері үлестерде 50 мл-дан 250 млге дейін, ал • салыстырмалы тығыздыгы-1, 005 – тен-1, 028 -ге дейін.
Слайд 48Бүйректердің функциялық жеткіліксіздігінде түнгі диурез;
Көп болады (никтурия). Себебі
бүйректердің функцияналдық қабілетінің төмендеунен жумыс уақыты үзарады;
Бүйректердің қызметінің
жетіспеушілігі күшейгенде несептің салыстырмалы тығыздығы төмендейді(1, 009 -1, 010);
Полиурия, никтурия және несептің салыстырмалы тығыздығы төмендеуі бүйректердің функционалдық жеткіліксіздігінің бірден- бір белгісі болып есептелінеді;
изостенурия – несептің салыстырмалы тығыздыгынын тербелісі тәулік бойынша шамалы; • гипостенурия – несептің салыстырмалы тығыздыгы төмен;
Слайд 49Зәрдегі белок бар жоғын анықтау.
Ол үшін: пробиркаға 3 -4 мл
зәр құямыз, оған 6 -8 тамшы сульфацил қышқылын тамыз. Белок
бар болса зәр лайланады.
Зәрдегі белок мөлшерін анықтау. Зәр құйылған пробиркаға 2 -3 мл 5% азот қышқылын абайлап құямыз. Сол кезде екі сұйықтық арасында ақ сақина тәрізді лайланады. Егер ол лайлану 3 мин. сонында п. б. онда зәрде 0, 033 г/л белок болғаны.
Егер зәрде белок көп болса онда белокты ақ сақина пайда болғанға дейін есептейміз. Белок мөлшерін білу үшін 0, 033 г/л еселену бойынша көбейтеміз. Зәрде белок бар болса- протеинурия дейді.
Слайд 50Зәрдегі қантты анықтау
Оны глюкотест арқылы анықтаймыз. • Ол арнайы реактив
сіңірілген қағаз, оны зәрге маламыз.
Егер реактив түсі өзгерсе
онда зәрде қанттың бар болғаны, қағазды қорап сыртындағы шкаламен салыстырып бағасын береміз.
Ацетон және кетонды да осындай тәсілмен анықтаймыз.
Кетон және глюкоза қантты диабеттің декомпенсациясында кездесді.
Уақытша глюкоза болуы мүмкін ол тек кана тәтті тағамдарды көп жегенде пайда болады.
Өт пигментін анықтау.
Пробиркаға 2 -3 мл зәр оның үстіне 10% люголь ерітіндісін тамшылатамыз. • Егер өт пигменті бар болса екі сұйықтық арасында жасыл сакина пайда болады, бұл бауыр ауруларында, гепатитте болады.
Слайд 59Магниттік резонанстық томография
Слайд 60Магниттік резонанстық томография