Разделы презентаций


Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте

Содержание

Әйелдің жыныс мүшелері 2-ге бөлінеді:Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері (labia pudenda majora, minorа), шошақай (clitor) , қынап сағасы (vestibulum vaginae), аралық (perineum).II. Ішкі жыныс мүшелері:

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану

обьектісі

Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі

Слайд 2 Әйелдің жыныс мүшелері 2-ге бөлінеді:

Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен

және кіші жыныс ернеулері (labia pudenda majora, minorа), шошақай

(clitor) , қынап сағасы (vestibulum vaginae), аралық (perineum).

II. Ішкі жыныс мүшелері: қынап (vagina), жатыр(uterus), жатыр мойны(cervix uteri), жатыр түтіктері(tubae uterinae), аналық без(ovariumW).
Әйелдің жыныс мүшелері 2-ге бөлінеді:Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері (labia pudenda majora,

Слайд 3Қасаға-тері асты май қабатына бай шат сүйегінің қосылған жерінен жоғары

орналасқан. Қасағаның жоғары шекарасы болып көлденең тері қатпары қасаға үстіндегі

қатпар оң және сол жағынан шат қатпарлары орналасқан. Қасаға арт жағынан үлкен жыныс ернеулерімен қосылады. Қасаға түкпен қапталған. Әйелдерде түктің өсу шекарасы көлденең сызыққа дейін.

Кіші жыныс еріндері- үлкен жыныс ернеулерінің астында орналасқан. Түсі шырышты қабыққа ұқсаған жұқа қатпардан тұрады. Кіші жыныс ернеулері үлкен жыныс ернеулерін ашқанда ғана көрінеді. Егер биік болса үлкен жыныс ернеулерден шығып тұрады. Кіші жыныс ернеулері қан тамырлармен және жүйке тамырларына өте бай. Сондықтан оларды жыныстық сезім мүшесі деп санайды.

Үлкен жыныс еріндері- май ұлпасына бай жұп орналасқан тері қатпарларынан тұрады. Ернеулер жыныстық саңылауды қоршап тұрады. Алдынан улкен жыныс ернеулері қасаға терісіне өтеді. Артқа қарай тарыла бастайды. Төменгі келіп ортаңғы сызықпен қосылып артқы спайкыны құрайды. Үлкен жыныс ернеулерінің сыртқы шеті түкпен қапталған. Ал ішкі шеті қызғылт түсті ылғалданып шырышты қабатқа ұқсайды. Үлкен жыныс ернеулерде кіреберістің үлкен бездері орналасқан және олар сұйықтық бөліп тұрады. Сұйықтық ақшыл түсті, сілтілі реакциялы, өзіне тән иісі бар жыныстық қозу кезінде бөлінеді.Бартолин безінен бөлініп сұйықтық қынап безін ылғалдап және аталық жыныс клеткаларының қозғалмауын тездетеді.
Қасаға-тері асты май қабатына бай шат сүйегінің қосылған жерінен жоғары орналасқан. Қасағаның жоғары шекарасы болып көлденең тері

Слайд 4Шошақай( клитор)-кішірек конус тәрізді томпақ. Басы, денесі және екі аяқшасы

бар. Осы 2 аяқшасы арқылы шат сүйегіне бекиді.Шүрті жүйке талшықтарына

өте бай. Олардың тітіркенуінен жыныстық қозу пайда болады және жыныстық қозу кезінде үлкейіп қатаяды.

Қынап сағасы-алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік, қынап сағасының түбін қыздық құрайды.

Аралық-тері, шандыр және бұлшық еттен тұрады, ол үлкен жыныс ернеуінің артқы жабысқан жері мен құйымшақ арасында. Аралықтың шандыры мен бұлшық еттері жамбас түбін құрайды.
Акушерлік тәжірибеде алдыңғы аралықтың маңызы зор, босану кезеңінде бұлшықеттер созылып, жыртылуы мүмкін.
Шошақай( клитор)-кішірек конус тәрізді томпақ. Басы, денесі және екі аяқшасы бар. Осы 2 аяқшасы арқылы шат сүйегіне

Слайд 5Ішкі жыныс мүшелері:

Қынап-ұзындығы 7-10 см бұлшық етті түтік. Оның кіреберісіндегі

түтігін сыртқы шетінен қыздық перде жауып тұрады.Жоғары жағынан - жатыр

мойнымен, төменгі жағынан- кіші жыныс ернеулердің арасындағы қынап кіреберісімен шектелген. Қынап қабырғасы мен жатыр мойын арасында күмбездер бар. Күмбездер:алдынғы-артқы, оң және сол болып бөлінеді. Артқы күмбез алдыңғыға қарағанда тереңірек. Қынап қабырғасы 3 қабаттан тұрады:
Ішкі -шырышты
Ортаңғы -бұлшық етті
Сыртқы -дәнекер ұлпалы
Ішкі шырышты қабатында көлденең қатпарлары бар. Шырышты қабат пен бұлшық етті қабаты серпімді созылғыш келеді. Сол себепті әйел босанғанда қынап кеңейеді, бала өтеді .Кейін қайта орнына қалыптасады. Қынап дәнекерлі қабаты арқылы айналасындағы мүшелерге бекиді.
Ішкі жыныс мүшелері:Қынап-ұзындығы 7-10 см бұлшық етті түтік. Оның кіреберісіндегі түтігін сыртқы шетінен қыздық перде жауып тұрады.Жоғары

Слайд 6Жатыр-алмұрт тәрізді,қозғалмалы мүше, салмағы 50г, ұзындығы 8см, ені 5 см,

қабырғасының қалыңдығы 1-2см. Жамбастың кіші астауында қуық пен тік ішектің

арасында орналасқан. Денесі, түбі және мойны бар. Жатырдың алды қуыққа ,арты тік ішекке қараған. Жатыр қабырғасы 3 қабаттан тұрады.
Ішкі қабаты-эндометрий
Ортаңғы қабаты-миометрий
Сыртқы қабаты-периметрий.
Жатырдың шырышты қабаты түтік бездерге бай. Жыныстық жетілген жатырдың шырышты қабатында жұмыртқа жасушаның жетілуіне овулияция процесіне байланысты әр 28 күнде өзгерістер өтеді. Оны 3 сатыға бөледі.
Етеккір сатысы-бұл кезде шырышты қабатының қан тамырлары жарылып түлейді. Жарылған қан тамырлар аққан қанмен түлейтін шырышты қабат сыртқа шығып 3-5 күнге созылады. Қалыпты жағдайда 30-50 мл қан кетеді.
Етеккірден кейінгі саты-12-14 күнге созылады. Бұл аралықта жатырдың шырышты қабаты орнына келеді.
Етеккір алды сатысы- 10-12 күнге созылады. Бұл аралықта жатырдың шырышты қабаты қалыңдайды. Жасушада гликогендер, липидтер, витаминдер, микроэлементтер жиналып ұрықтанған аналық жасушасын қабылдауға дайындалады. Егер ұрықтану болмаса етеккір сатысы қайталанады. Сыртқы қабаты жатырды жан-жақтан жауып қаптап тұрады. Жатыр мойнының 2 бүйірінен периметр қабатымен қаптап тұрады.
Жатырды бекітіп тұратын 3 жалғамасы бар:жалпақ жалғама, дөңгелек жалғама, тік ішек жалғама.
Жатыр-алмұрт тәрізді,қозғалмалы мүше, салмағы 50г, ұзындығы 8см, ені 5 см, қабырғасының қалыңдығы 1-2см. Жамбастың кіші астауында қуық

Слайд 7Жатыр түтігі-ұзындығы 10-12 см, жатырдың 2 бүйірінде кіші жамбас астауында

жалпақ байламының үстінде орналасқан. Жатыр түтігінің негізгі атқаратын қызметі ұрықтанған

клетканы жатырға өткізеді.
Жатыр бөлігі жіңішкеріп жатыр қайта ашылып құйғыш тәрізді кеңейіп ұшында шашақтары пайда болады.
Жатыр түтігінің 2 түрі бар.
1.Жатыр қуысына
2.Аналық қуысына

ЖТ 4 бөлімнен тұрады: интерстициалды, қылта бөлігі, салпыншақ бөлігі, оймыш бөлігі.

ЖТ қабырғасы: ішкі -шырышты, ортанғы- бұлшық етті, сыртқы-дәнекер шырышты қабаттары бар. Ұрықтану кезінде аналық және аталық жыныс клеткалары осы жатыр түтігінде кездеседі.
Жатыр түтігі-ұзындығы 10-12 см, жатырдың 2 бүйірінде кіші жамбас астауында жалпақ байламының үстінде орналасқан. Жатыр түтігінің негізгі

Слайд 8Аналық без- әйел жыныс безі, жұп ағза, ішкі секрекция бездерідеп

аталады(эстроген, прогестерон гормондары түзіледі). Аналық бездің пішіні овоид тәрізді, ұзындығы

3 см, ені 2 см, қалыңдығы 1 см, салмағы 5-8 г. Аналық без жамбастың екі жақ бүйірінде жатырдың жалпақ байламының артында орналасқан. АБ түсі ақшыл-қызғылт, 2 беттен тұрады: медиалды беті- жамбас қуысына бағытталған, латералды- жамбас қабырғасына орналасқан. АБ ойығы бар, бұл жерден артерия мен нерв енеді,вена мен лимфа тамырлары шығады. АБ жоғарғы бөлігі-жатыр түтікшелеріне қарай бағытталған, төменгі-жатырлық бөлігі, жатыр мен аналық бездің байламы арқылы қосылған.Бұл бездің топографиясы жатырдың көлемі мен орналасу бағытына байланысты, аналық без жамбас қуысындағы ең жылжымалы мүше.
Аналық без- әйел жыныс безі, жұп ағза, ішкі секрекция бездерідеп аталады(эстроген, прогестерон гормондары түзіледі). Аналық бездің пішіні

Слайд 9 Әйел жыныс ағзаларының жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

Әйел жыныс ағзаларының жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

Слайд 10Әр әйелдің өмірінде мынадай жас кезеңдері болады:эмбриондық, балалық шақ, жыныстық

пісіп жетілу, жыныстық жетілу, климактериялық кезең, менопауза, кәрілік кезең.

Әрқайсысының

өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар.Құрсақ ішілік кезең 2-ге бөлінеді:эмбриондық және нәрестелік.

Эмбриондық (антенеталдық) кезең- ұрықтанудан нәрестенің туылып шығуына дейінгі кезең.

Балалық шақ(пубертат алды кезең) туыла салысымен 10 жасқа дейін созылады. Бұл кезеңдегі өзгерістер жыныс мүшелерінде айқын емес.
Әр әйелдің өмірінде мынадай жас кезеңдері болады:эмбриондық, балалық шақ, жыныстық пісіп жетілу, жыныстық жетілу, климактериялық кезең, менопауза,

Слайд 11Жыныстық жетілу кезеңі(пубертаттық кезең) 10 жастан 16 дейін созылады. Ол

балалық шақтан сексуалдық жетілудің өтпелі сатысы деп аталады.

Жыныстық жетілген кезеңі

(репродуктивті кезең) 16 жастан 49 жасқа дейін. Бұл кезеңде әйел ағзалары функционалдық жетіліп, өзінің жыныстық репродуктивтік қызметтерін толық іске асырады.

Климактериялық кезең(климакс). Қалыпты жағдайда 45-50 жастан басталып 2-3 жылға созылады. Бұл кезеңде етеккір қызметінің физиологиялық тоқтауы орын алады.

Менопауза кезеңі( климакстан кейінгі кезең)-етеккірдің толық тоқталуымен басталып, 70 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.

Қартаю кезеңі( кәрілік, синилдік) 70 жастан басталып өмірінің соңына дейін жүреді. Ол бүкіл ағзалар мен жүйелердің, соның ішінде жыныстық ағзалардың өзгерістерімен сипатталады.
Жыныстық жетілу кезеңі(пубертаттық кезең) 10 жастан 16 дейін созылады. Ол балалық шақтан сексуалдық жетілудің өтпелі сатысы деп

Слайд 12Сүт безі
Сүт безі жок без қабырға тұсында кеуденің үлкен бұлшық

етті үстінде кеуде шандырымен оралып тұрады.
Даму кезінде тер бездеріне

ұқсап дамиды.Бірақ атқаратын қызметі жыныс мүшелеріне байланысты.
Оның үлкендігі пішіні әр түрлі болады. Әйелдің жүкті кезінде және бала емізу уақытында оның пішіні өзгеріп тұрады. Бездің ортасы үшкірленіп емізік пайда болады.
Емізік айналасы дөңгеленіп терісі бұжырланған қоңыр болады. Бездің осы бөлігі біріңғай салалы бұлшық етпен сезгіш ұштарына бай.
Бұлшық еттің жиырылуынан емізік үшкірленеді.
Сүт безі Сүт безі жок без қабырға тұсында кеуденің үлкен бұлшық етті үстінде кеуде шандырымен оралып тұрады.

Слайд 13Ал бала емгенде емізік ұшындағы жыныс ұштары тітіркенгенде сүт шығады.

Сүт безі 15-20 бөлектерден әрбір бөлек безді бөлшектерден тұрады.
Бездің

бөлшектерінің сүт өзектері бар.Олар емізіктің ұшындағы тесіктерге ашылады.
Бөлшектердің аралығында және тері астында май ұлпалары бар. Олардың сыртын дәнекер ұлпалы қабық қаптап тұрады.
Ал бала емгенде емізік ұшындағы жыныс ұштары тітіркенгенде сүт шығады. Сүт безі 15-20 бөлектерден әрбір бөлек безді

Слайд 14Әйел жамбасының құрылымы. Жамбастың сыртқы
өлшемдерін,диагональді және акушериялық коньюгатаны анықтау.
Босану

жолдарының негізін жамбас куысы құрайды.
Жамбас қуысы-екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ

сүйектерінен құралған.
Жамбас 3 сүйектен тұрады:

1)мықын

2)шат

3)шонданай сүйектері
Әйел жамбасының құрылымы. Жамбастың сыртқы өлшемдерін,диагональді және акушериялық коньюгатаны анықтау.Босану жолдарының негізін жамбас куысы құрайды. Жамбас қуысы-екі

Слайд 15Үлкен жамбас қуысы.
Кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді.


Оның қуысы 2 жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы

5 бел омыртқамен шектеліп жатады.
Үлкен жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы 2 жағынан мықын сүйегінің ойыс

Слайд 16Кіші жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысы айналасы сүйектермен , үсті-кіреберіс,

асты-шыгаберіс жазықтықтармен қоршалған кеңістік.
Бұл 4 жазықтықтан тұрады:

Жамбасқа кіреберіс жазықтық.

Жамбас

қуысының кең бөлігінің жазықтығы.

Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.

Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы .

Кіші жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысы айналасы сүйектермен , үсті-кіреберіс, асты-шыгаберіс жазықтықтармен қоршалған кеңістік. Бұл 4 жазықтықтан

Слайд 17Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің

жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан-сегізкөз мүйісімен

шектеледі. Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар: тік, көлденең және екі қиғаш өлшемдері.

Тік өлшемі –сегізкөз мүйісінен ішкі бетінің ең шығынқы жеріне дейінгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік коньюгата, 11 см-ге тең (conjugate vera), тағы анатомиялық коньюгата бар , ол акушерлік коньюгатадан 0,3-0,5см артық.

Көлденең өлшемі-мықын сүйектерінің доғал сызықтарының ең алшақ жатқан нүктелерінің аралығы, шамамен-13-13,5 см.
Оң жақ және сол қиғаш өлшемдері 12-12,5 см.
Оң қиғаш өлшем –оң жақ сегізкөз мықын буындасуынан сол жақ мықын-шат төмпешігіне дейінгі аралық. Сол қиғаш өлшем-керісінше.
Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал

Слайд 18Жамбас қуысы кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан симфиздің ішкі

бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының

жалғасқан жерімен.
Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.
Тік өлшемі-сегізкөздің ІІ, ІІІ омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см.
Көлденең өлшемі-ұршық ойыстарының арасы, 12,5 см-ге тең.

Жамбас қуысы тар бөлігінің жазықтығы алдынан-симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен-шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан-сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектелген.

Тік өлшемі-сегізкөз –құйымшақ буындасынан симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан 11-11,5 см тең.
Көлденең өлшемі-шонданай сүйектері қырының ара-қашықтығымен өлшенеді, ол 10,5см.

Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан-симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы, бұл жерде тік және көлденең өлшемдер бар.
Тік өлшемі-құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол 9,5 см тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см жылжиды. Осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см ұлғаяды.
Көлденең өлшемі-шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді-11 см.
Жамбас қуысы кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан

Слайд 19

Жамбас өлшемдерін өлшеу

Жамбас өлшемдерін анықтау үшін, жүкті әйел қатты

тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады.
Үлкен жамбастың төрт өлшемі бар, үш көлденең және бір тік өлшем:

Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см.
Жамбас өлшемдерін өлшеуЖамбас өлшемдерін анықтау үшін,

Слайд 20Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы
(28-29см).

Ол үшін өлшеуіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып,

оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31-32 см-ге тең.

Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек.
Өлшеуіштердің бір түймесін шаттың сыртқы –жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын-сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата қалыпты жағдайда 20-21 см.
Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы (28-29см). Ол үшін өлшеуіштің түймелерін мықын сүйегі қырының

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика