Слайд 1Жүктілік және Темір тапшылықты анемия
Орындаған:Сегизбаева Н.К
Қабылдаған:Медельбекова М.Б
Топ 703-2
Жоспары:
Анемия
Темір тапшылықты анемия
Клиникасы
Диагностикасы
Емі
Слайд 3Анемия(грекше қан аздығы)-бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп
үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады.
Әйелдердегі анемия дертін
қоздыруға етеккір келген кезде немесе дұрыс тамақтанбай ағзасы әлсіреген әйелден босанған кезде тоқтамай аққан қанның да тигізер әсері бар.Әсіресе анемияның ауыр түрімен құрсағындағы баласына керекті қосымша қан мөлшерін қамтамасыз етуге тиісті жүкті әйелдер ауыруы мүмкін.
Слайд 4 Жүкті әйелдердегі анемияның 90 пайызы темірдің жетіспеуіне байланысты.
Темір тапшылықты анемия –қан сарысуында,сүйек миында,деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия.
Темірдің тапшылығынан гемнің және құрамына темір кіретін ақуыздардың синтезі бұзылады.Темірдің тапшылығы екі түрлі бұзылысқа алып келеді-сидеропенияға және анемияға.Гемоглобин синтезінің бұзылысысынан анемия дамыса,миоглобиннің және құрамына темір кіретін ферменттердің синтезінің бұзылысынан сидеропениялық синдром пайда болады.Сидеропениялық синдром анемияның көрінісінен бұрын дамып,бірақ науқас оның белгілерін елеместен жүре береді.
Слайд 5Жіктелуі:
1.Созылмалы постгеморрагиялық ТТА
2.Ювенильді анемия
3.Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл Нв 90-110г/л
орташа Нв 70-90г/л
ауыр Нв 70г/л ден төмен
4.Кезеңдері
бойынша:прелатентті,латентті,ТТА өзі
Слайд 65.Түсті көрсеткіштері бойынша:нормохромды,гипохромды,гиперхромды.
6.Эритроциттер өлшемдері бойынша:нормоцитарлық,микроцитарлық,макроцитарлық,мегацитарлық.
Слайд 7Себептері
1.Қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:
-асқорыту жолдарының аурулары(асқазан,12-елі ішектің эрозиялары,жаралары,асқазанның,ішектің рагы,өңештің рагы,диафрагманың
жарығы,жаралы колит,Крон ауруы,геморрой,асқорыту жолының ангиомалары,телеангиоэктаздары
-өңеш,асқазан,тік ішек веналарының варикозды кеңеюі
-макро,-микрогематурия,гломерулонефриттер
Слайд 8-қан қақыру,өкпеден қан кету,бронхоэктаз,туберкулезі,өкпенің рагы.
-мұрынның жиі қанауы,гипертониялық криздер
-геморрагиялық диатездер,тромбоцитопения,гемофилия,
гемобластоздар.
-мено,-метроррагиялар,фибромиома,жатырдың рагы,эндометриоз,аборттар.
Слайд 9
1.Темірдің сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар:
-ас қорыту жолының аурулары,жіңішке
ішектің резекциясы,созылмалы энтерит,Крон ауруы,ішек амилоидозы,өзге себептерден болатын мальабсорбция
-қою шайға әуесқойлық
-гипотиреоз
2.Темірдің
көп мөлшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар:
-улануға әкелетін аурулар
-қатерлі ісіктер
-жүктілік және лактация
-организмнің тез өсуі
Слайд 10
3.Темірдің туа біткен тапшылығы:
-көп балалы,темір тапшылығы бар анадан туылу
4.Темірдің тамақпен
аз түсуі
5.Темірдің дұрыс таратылмауы
Слайд 11Патогенезі
-Прелатентті кезеңде –ағзалар мен тіндерде жиналған темір мөлшері азаяды,кейін тасымалдаушы
темірі, гемқұрамды ферметтер мен гем азаяды.
-Латентті кезеңде-ТТА бар,бірақ клиникалық симптомсыз
өтеді.
-ТТА өзі-клиникалық симптомдар айқын көрінеді.
Слайд 12Клиникалық көрінісі
Әлсіздік,бас айналуы,көз алдында шыбын-шіркейлерді көру.Талмалар болуы мүмкін,ентікпе,шаштары сынғыш,түседі
және тырнақтың сынғыштығы,кейде қасық тәрізді ішке ойылуы.Тәбеттің бұрмалануы,кейде науқастар жерді,шикі
ет,қамыр,мұзды жейді. Иіс сезу бұрмалануы: керасин, зәр, ацетон. Түнгі диурез болуы мүмкін.
Слайд 13Объективті: тері сары – бозғылт. Температура субфебрилъді, журек шекарасы сол
жаққа ығысуы. Кейде тілдің шырышты қабатының атрофиясы байқалады және кариес
дамуы ықтимал. Сидеропениялық синдром: шаш түсуі,тырнақ сынғыштығы,тері құрғақтығы.
Слайд 14Диагностикасы
-қанның толық морфологиялық зерттеу әдісі(ретикулоциттердің,тромбоциттердің,лейкоциттердің саны және лейкограмма).
-сүйек миының пункциясы
немесе трепанобиопсиясы
-қан сарысуындағы бос гемоглобиннің мөлшерін,билирубиннің деңгейін,несеп құрамындағы уробилогеннің ,өт
пигменттерінің концентрациясын зерттеу
-сарысудағы темірдің мөлшерін,плазманың темірді байланыстыру қасиетін зерттеу
-антиэритроцитарлық антиденелердің болуын анықтау
Слайд 15Емі
Медикаментозды препараттар мен диетаны қолданумен негізделеді.Тамақтану белок пен темірмен бай
болуы тиіс.Ерекше ет,балық,сыр,ірімшік және басқа сүт тағамдары,жемістер мен көкөністер пайдалы.Тәулігіне
тамақты өнімдерден 2,5 мг темір сіңіріледі.
Слайд 16Ауыз арқылы қолданатын құрамында екі валентті темір тотығы препараттарды қабылдау
тиімдірек.Fe 2+(абсорбцияның жақсы болуы),темір сульфаты- FeSO4(абсорбки)препараттарын қабылдауды ұсынады.Анемияның алдын алу
үшін тәуліктік мөлшері 60мг,айқын анемияны емдеу үшін-120мг қажет,қолданылатын препараттар тардиферон,гинео-тардиферон,гемоферро пролангатум,сорбифер дурулес.
Слайд 17-Витаминдер мен микроэлементтер(прегнавит,сорбифер)
-Темір препараттары құрамында фолий қышқылы бар (тардиферон,ирофит,феррол,иррадиан.)
Ішке қабылдайтын
негізгі дәрілік препараттарына:конферон,феррокаль,тардиферон,ферроплекс.
Е витаминімен қосқанда қорытынды жоғары екенін байқағанын көрсетеді.