Слайд 1 Ғылыми жоба тақырыбы:
Ас содасының біз біле бермейтін қасиеттері
Орындаған:Қуанышбай А
3-сынып
2019-2020
оқу жылы
Слайд 2Кіріспе
Ас үйдегі сөренің бір бұрышында елеусіз тұратын, түрлі дәмді бәліштер
пісіргенде қосатын ас содасын бірде анам тоңазытқыш жуғанда қолданып жатқанын
байқадым. Енді бірде электрлі пешті, газ плитасын тазалап жатқанын көрдім. Қораптың сыртында «Ас содасы» деп жазылып тұр. Қалайша оны тазартқыш құрал ретінде пайдаланып жатыр деген ой келді. Осы сұрағыма анам: «Ас содасы кірлеген заттарды өте жақсы тазартады», - деп жауап берді. Алайда бұл жауап мені қанағаттандыра қоймады. Ас содасының тағы қандай пайдалы қасиеттері барын білгім келді. Ұстазыммен бірге осы сұраққа жауап іздей келе, «Ас содасының біз біле бермейтін қасиеттері» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жүргізе бастадық.
Слайд 3Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Ас содасының шығу тарихы, өндірісте, тұрмыста
қолданылуы, пайдалы және зиянды жақтары туралы мәліметтер жинақтау.
Слайд 4Міндеттері:
Берілген тақырыпқа байланысты нақты деректерді газет - кітап басылымдарынан, қосымша
жинақтардан, интернет желісінен іздеу, мәліметтерді толықтыру;
Зерттеу жұмысын жүргізу жолдарын үйрену;
Ас
содасының пайдасы мен зияны туралы насихаттау;
Жоба бойынша жұмысты рәсімдеу.
Слайд 5Зерттеу әдістері:
Теориялық: ақпаратты жинақтау, сұрыптау, салыстыру, өңдеу әдістері;
Практикалық: зерттеу,
бақылау, баяндау, демонстрациялау әдістері.
Слайд 6Ақ түсті,кристалды ұнтақ
Усыз,өртке қауіпсіз,жарылуға қауіпсіз
Слайд 7Химиялық қасиеттері
Натрий бикарбонаты - қөмір қышқылының қышқыл натрий тұзы. Молекулярлық
массасы — 84,00. Қышқылдармен әрекеттескенде - тұз бен көмір қышқылы
түзеледі. Көмір қышқылы бірден көміртек оксиді (IV) мен суға дейін ыдырайды.
Тұрмыста көбіне осы реакция сірке суымен қолданылады. Нәтижесінде натрий ацетаты түзеледі. 60 °C температурасында ас содасы натрийдің карбонаты, көміртек газы мен суға ыдырайды.
Слайд 8Ас содасын тапқан француз химиктері
1736 жылы
француз химигі, дәрігер, ботаник, агроном, физик, инженер, әдебиеттанушы, жазушы Анри
Луи Дюамель де Монсо көл суынан таза сода алды. Ол соданың «Натр» атты химиялық элемент екендігіне көз жеткізді.
1791 жылы француздың Николя Леблан (фр. Nicolas Leblanc) атты химик-технологі ас содасын жасанды түрде өндіру жолын ойлап тапты. Ас содасын жасанды түрде алу жолы көпке дейін құпия сақталды.
Слайд 9Дүние жүзінде тек екі мемлекетте ғана сода өндіріледі. Оның бірі,
бүгінгі күнде біз қолданып жүрген ас содасы Башқұртстан мемлекетінде өндіріледі.
Слайд 10 Практикалық бөлім:
Ас содасын қолдану
Слайд 11Ас содасының медицинада қолданылу түрлері
Безеу, бөртуден
тазарту
Жәндік шағып алғандағы қышуды тоқтату үшін
Тершеңдік-
тен құтылу,
Иісті жою
Тісті ағарту
Қызыл иектің
ісінуін басады
Пилинг
Теріні емдеуге арналған маска
Шашты тазарту
Ісінуді басады
Слайд 12Ем-шипа ретінде соданы:
Тамақ ауырғанда шаю үшін
Ішектерді тазарту үшін
Жөтелді жеңілдету
үшін
Жүрек қатты соғып кеткенде
Асқазанның қыжылы кезінде ішеді
Слайд 13Ас содасының тамақ өнеркәсібінде қолданылуы
Слайд 14Ас содасының тазартқыш ретінде қолданылуы
Слайд 15Арнайы тазарту құралдары мен ас содасын тазартқыш құрал ретінде пайдаланғанда
жұмсалатын шығынды салыстыру:
Слайд 16Арнайы тазарту құралдары мен ас содасын тазартқыш құрал ретінде пайдаланғанда
жұмсалатын шығынды салыстыру:
Слайд 17Ас содасының өнеркәсіпте қолданылуы
Слайд 18Ас содасын пайдаланғанда оның әкелер мол пайдасы мен зияны да
бар екенін ұмытпаған жөн.
Ұнтақ түріндегі содада сұйық түріне
қарағанда сілтілік қасиеті көп. Ұзақ уақыт терімен байланыста болса, тері тітіркенуі мүмкін, ал құрғақ сода көзге тисе немесе иіскеген болса – күйіп кетеді. Сондықтан ұнтақпен ұзақ уақыт жұмыс істейтін болсаңыз, респиратор пайдаланған жөн, ал егер көзге түскен болса бірден мұқият жуыңыз. Соңғы кездері дәрігерлер асқазан қыжылы кезінде сода араластырып, сұйықтық іше бермеуге кеңес береді, өйткені бұл да жанама әсер етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде «қышқыл рикошет» деген атау алып, біріншіден көмірқышқыл газын көп бөліп, асқазанның кебуіне әкеледі, ал екіншіден, асқазанда одан бетер қышқыл пайда болуына ықпал етеді. Бұдан шығатын қорытынды, ас содасының қасиетін жақсы біліп, пайдалана алатын адамға зиянынан гөрі, пайдасы көбірек тиеді.
Слайд 19Зерттеу жұмысының қорытындысы
1) Менің ғылыми жұмысымда ас содасының шығу тарихы,
өндірісте, тұрмыста қолданылуы, пайдалы және зиянды жақтары туралы мәліметтер жинақтадым.
Ас содасының медицинада, косметикада және тағамда қолданылуы анықталды.
Ас содасының химиялық зат болып табылуына байланысты, тағам дайындауда ғана емес, басқа мақсатта да қолдануға болатындығына көз жеткіздім.
Слайд 20Ұсынысым
Ас содасын пайдаланғанда оның адам үшін тигізер
мол пайдасымен қатар зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. Ұнтақ
түріндегі содада сұйық түріне қарағанда сілтілік қасиеті көп екендігін ғалымдар дәлелдеген. Ас содасы ұзақ уақыт терімен байланыста болса, тері тітіркенуі мүмкін, ал құрғақ сода көзге тисе күйдіріп ашытады. Сондықтан ас содасы ұнтағымен ұзақ уақыт жұмыс істейтін болсаңыз, арнайы қолғап киген дұрыс. Ал егер абайсызда көзге түскен болса бірден мол сумен мұқият жуу керек. Бұдан шығатын қорытынды, ас содасының қасиетін жақсы біліп, пайдалана алатын адамға зиянынан гөрі, пайдасы көбірек тиеді.