Слайд 1ЖАҚ БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ШИҚАНЫ МЕН КӨР ШИҚАНЫ. НАҚТАМАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ
ҚАҒИДАЛАРЫ.
СІБІР ЖАРАСЫ, НОМА, БЕТТІҢ ТЫРТЫҚТЫ ҚАБЫНУЫ. НАҚТАМАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ.
УГЛАНОВ Ж.Ш.
Слайд 2Жақ бет аймағының Одонтогенді емес жарақаттары, барлық сырқаттарының 4-6% -10-12%
Көбіне
бұл үрдістер тері жабындысында және тері қатпарларында (шаш фолликулдарында, май
және тер бездерінде) ошақталады
Слайд 3Шаш фолликуласының, май бездерінің және оны қоршаған жұмсақ тіндерінің, стрептококктармен
және стафилококктармен шақырылатын жедел іріңді некротикалық қабынуы
ШИҚАН
Слайд 4ФОЛЛИКУЛИТ деп - шаш фолликуласының қабынуы аталады
Терінің әр түрлі аймағында,
бір мезетте немесе кезектепен, бірінен соң бірі пайда болатын көптеген
ошақтардың дамуы ФУРУНКУЛЕЗ деп аталады
Слайд 5Бірнеше шаш түбінің қабынан және май бездерінің дамыған, терінің және
теріасты негізінің жайылмалы іріңді – некротикалық қабынуы
Немесе, жалпы инфильтратпен қоршалған,
бірнеше шаш фолликулдарының және теріаты негізінің қабынуы
КӨРШИҚАН
Слайд 6Шиқанның дамуына алтынды, кейде ақ стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшалары, энтерококктар
себепкер болады
Этиологиясы
және
патогенезі
Слайд 7ШИҚАННЫҢ пайда болуына экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді
Слайд 8Терінің жарақаттары
Тырналу (расчесы)
Сырылу (ссадины)
Дерматит және т.б.
Және осы жарақаттардың шаң, көмір
және т.б. затар бөлшектерімен шаңдануы
Пиодермия
ЭКЗОГЕНДІ
Слайд 9Адам ағзасының, жас кезіндегі гормональді қайта құрылуы
Эндокринді бұзылыстар
Қант диабеті
Салмағының шамадан
тыс жоғарылауы (ожирение)
Зат алмасуының бұзылыстары
Гиповитаминоз
Анемия
Алкоголизм
Салқындау
Иммунитеттің төмендеуі және т.б.
ЭНДОГЕНДІ
Слайд 10ШИҚАННЫҢ жиі қайталанып тұруын және көп мөлшерде шығуын ФУРУНКУЛЕЗ деп
атайды
Көбіне, ФУРУНКУЛЕЗ науқастың қосымша сырқаттары, яғни, қант диабеті, авитаминоз, климатты
– географиялық шарттардың өзгеруі салдарынан дамиды
Слайд 11Бет терісінің құрылысы дененің басқа бөліктеріндегі тері жабындысынан ерекшеленеді. Адам
терісінде эпидермис, дерма және теріасты шел май қабатын ажырататындығы, сіздерге
анатомия және гистология курсынан белгілі
Эпидермис бес қабаттан тұрады, олар – мүйізгектенген, жылтыр, дәнді, түкті және базальді. Дененің басқа бөліктеріндегі тері жабындысымен салыстырғанда, бет терісінде мүйізгектенген қабат едәуір жұқа. Эпидермистің жылтыр қабаты, кейде дәнді қабаты бет терісінде болмауы мүмкін
Слайд 12Дерма немесе тері қабаты, көп көлемді талшықты және аз мөлшерде
тығыз дәнекер тіндерінен құралған. Мұнда, екі қабат анықталады: емізікшелі және
торлы қабаттардан құралған. Торлы қабатта тері астары орналасады, олар – тер және май бездері, түктің тамырлары, тамырлар және жүйке талшықтары. Түктің түбіріне (шаш фолликуласы) терінің терең қабатынан, шашты қоректендіретін, тамырлардан құралған, емізікшелер енеді. Сондықтан, шашты түбірімен жұлуға қатаң түрде тыйым салынады, себебі, микробтарға қарсы әсері төмен дерма жалаңаштанады.
Слайд 13Терінің үшінші қабаты, май жасушаларынан құралған, теріасты шел май қабатынан
тұрады. Мұнда, бет терісіне байланысқан, ымдаушы бұлшықеттер орналасады. Аталған бұлшықеттерінің
үздіксіз қимылының салдарынан, микробтар борпылдақ шел май қабатына еніп, терінің терең қабаттарына қабыну үрдісінің таралуын қамтамасыз етеді. Терінің бұлшықеттермен байланысы, қабынған тіндерге тыныштық жағдайын туғызуға кедергі келтіреді, ал тыныштық жағдайы бет терісіне шыққан шиқандармен көршиқандарды емдеудің бірден бір негізгі қағидасы болып табылады.
Слайд 14Бет терісіндегі іріңді қабынулы үрдістердің ағымы үшін маңызды –
Үлкен мөлшердегі
теріасты шелмай қабатының болуы, беттің қантамырларымен қамтамасыздануы, соның ішінде венозды
тамырлар. Бет веналары, беткей веналарды терең веналармен байланыстырушы анастамоздарға бай, оң жақ бет веналары, сол жақтағы веналармен анастамоз құрайды.бет венасының (көз шарасы венасы арқылы) бас қаңқасы ішілік веналармен және мидың қатты қабығының қуыстарымен, соның ішінде, үңгірлі қуыспен анастамозы өте маңызды
Ми қабығының қуыстарын бет венасымен байланыстырушы тамырлар бойымен қан ағысының бағыты да маңызды. Қалыпты жағдайда бұрышты вена бойымен қан бет венасына өтеді, ал жоғарғы ерінде, мұрын ерін қатпарында, көзасты аймағында қабыну үрдісі болған жағдайда, қан ағысының бағыты көзшарасы венасына және үңгірлі қуысқа қарай өзгеруі мүмкін (М.А.Сресели, 1957).
Бұған, бет венасының және мидың қатты қабығының анастамоздарындағы клапанның болмауына байланысты
Бет венасының құрылымының аталған ерекшеліктері бет терісінің шиқандарының және көршиқандарының, менингитке, үңгірлі қуыстың тромбозымен асқынуына алып келуі мүмкін. Осылайша, шиқандармен көршиқанның өзіндік клиникалық ағымы, жиілігі және сипаты жақ бет аймағының өзіндік анатомо-физиологиялық ерекшелігіне, соның ішінде бет терісінің құрылысынабайланысты
Слайд 151 кезеңі - Инфильтративті – ортасында некротикалық нүктесі бар ошақты
ауыру сезімі, тері қабатының қызаруы, тығыз инфильтрат. Өз бетінше жазылуы
мүмкін. Қабыну үрдісінің өсуінен дене қызуы жоғарылуы, ошақты ауыру сезімі үдеп, инфильтрат ұлғаяды, лимфатүйіндердің реакциясы байқалып, интоксикация көріністері – бас ауыруы, жүрек айну, әлсіздік пайда болады. Қан жүйесінде өзгерістер пайда болады – лейкоцитарлы формула солға жылжып, ЭШЖ жылдамдайды.
2 кезеңі - Абсцедирлену – тіндердің некротикалық ыдырау түрі бойынша көріністер байқалады. Қабыну көріністері, инфильтративті кезеңдегідей болады, бірақ жергілікті инфильтрат ортасындағы тері жабындысы жұқарып, флюктуация симптомы анықталады
3 кезеңі – жазылу
ҚАБЫНУ ҮРДІСТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Слайд 17Сырқаттың басталғанынан, 1-2 күннен кейін, ауыру сезімді, ортасында қызару ошағы
бар, конус пішінді жоғарылау байқалады. Іріңді – некротикалық үрдістің салдарынан
шаш фолликуласы өліеттеніп, ошақ ортасында, ошақты қызарудың орнына қою көк түсті немесе ақшыл сұр түсті «нүкте» - некротикалық түтіктің шыңы байқалады.
ШИҚАННЫҢ КЛИНИКАСЫ
Слайд 18Үрдістің белсенділігіне байланысты, коллатеральді домбығу және жалпы уыттану байқалады. Бұл
кезеңде, грануляциялық валдың бұзылуының салдарынан, ошақтың жайылуынан сепсис, синустромбоз және
менингит дамуы әбден мүмкін
Слайд 21Жоғарғы ерін, ауыз бұрыштары, көзасты және көзмаңы аймақтарында орналасқан шиқанның
және көршиқанның болжамы едәуір жағымсыз деп саналады. Бұл, шиқан мен
көршиқанның айналасындағы пиогенді мембрааның торлы құрылымымен ерекшеленеді. Сондықтан, іріңдіктерді сығу салдары адам өміріне қауіп туғызуы мүмкін.
Слайд 24ОҢ ЖАҚТАҒЫ КӨЗАСТЫ АЙМАҒЫНЫҢ ШИҚАНЫ, АБСЦЕССТЕНУ САТЫСЫНДА. ОҢ ЖАҒЫНДАҒЫ БЕТ
ВЕНАЛАРЫНЫҢ ФЛЕБИТІ
Слайд 25Сырқаттың дамуына – азу, ауыр жалпы сырқаттар, зат алмасу үрдісінің
бұзылуы (қант диабеті, семіздік) және қоздырғыштардың жоғары вируленттігі (алтынды стафилококк
немесе стафило-стрептококкты инфекция, кейде шаш фолликуласы арқылы енген стрептококк)
Көршиқан – стафилококкты инфекцияның ауыр түрі
КӨРШИҚАННЫҢ ДАМУ СЕБЕПТЕРІ
Слайд 27Жергіліктіж қабыну ошағының айналасын – 70% этил спиртімен сүрту, 2%
салицил қышқылының спиртті ерітіндісімен немесе 1—3% метилен көгі, бриллиант жасылы
ерітіндісімен сүрту. Инфильтрат аймағындағы бас және мойын шаштарын қысқартып алып тастау. Кейде үрдістің бастапқы сатысында 5% иодтың спиртті ерітіндісін жағуға болады. Абсцесстенудің алдын алу үшін, инфильтратты новокаинды антибиотикті ерітінділермен егулер немесе антибиотикті электрофорез жүргізеді. Іріңді некротикалық түтік пайда болатын шиқанның ортасына, түтіктің өзектенуін жылдамдату үшін (кератолитикалық әсер), кристаллды салицилды натрий немесе салицил қышқылын жағып, құрғақ дәкемен таңу керек. Абсцесстенуші шиқан кезінде, жергілікті жансыздандыру жүргізу арқылы, абсцессті ашып, іріңді некротикалық массаны алып, антисептикалық ерітінділермен өңдеу (сутегінің асқын тотығы, фурацилин 1:5000) және протеолитикалық ферменттері бар таңғышпен немесе мазьдармен (тетрациклинді, эритромицинді, гентамицинді, синтомицинді) таңу керек. Жарақатты іріңді некротикалық массалардан тазартқаннан кейін, мзьді таңғыштар (винилин, 5% синтомициндіэмульсия) салу керек; таңуды күнара жүргізеді. Физиотерапиялық ем шара тағайындайды – УВЧ терапиясы, соллюкс және т.б. Шиқанның құрамын сығуға және айналасындағы тіндерге ысқылау жүргізуге қатаң тыйым салынады.
ЕМІ
Слайд 28Одонтогенді теріасты гранулема – теріасты шелмай қабатындағы, баяу дамитын іріңдік,
оның себебі болып, созылмалы гранульденуші периодонтит болып табылады. Сырқаттың түріне
байланыссыз үш белгі анықталады: «себепші тіс», беттегі теріасты гранулема, тістен немесе оның ұяшығынан тараған тығыз тартпа болады.
САЛЫСТЫРМАЛЫ НАҚТАМАСЫ
Слайд 29Атерома – ісік тәрізді, шегарасы анық, терімен біріккен, ауыру сезімінсіз,
май безінің өзегінің бітелуі салдарынан пайда болады. Кейбір науқастарда, атерома
іріңдейді, шиқанды немесе көршиқанды еске түсіреді. Науқастың анамнезінде, қабынуға дейін, ауыру сезімінсіз түзілістің болғаны, тері қабатында инфекция енуі үшін, өзектің болмауы, ошақты ашып қарағанда, май тәрізді, түйіршіктері бар ірің бөлінуі.
Слайд 30Сібір жаралы шиқанның немесе көршиқанға тән – сібір жарасы кезінде
шектелген қою қоңыр түсті, көлемі 1 - 3 см, тері
қабыршағы (струп, корочка) анықталады. Қабыршақ айналасында, айқын анықталып, жарақат айналасын дөрекілейтін, аз мөлшерде, кейде, сипап тексергенде, айқындалмайтын, серозды мөлдір көпіршіктер (сібір жарасының «маржан алқасы») қоршап тұрады. Күдіктенген кезде, көпіршік сұйықтығына бактериологиялық зрттеу жүргізген жөн.
Слайд 31Науқасты госпитализациялау, инфекцияның анастамоздар арқылы, бас миының тамырлар жүйесіне таралуын
тежеу үшін көрсетіледі. Дене қызуы жоғарылаған науқастарға қатаң төсек тәртібін,
сұйық тағам тағайындау қажет, шайнауға, сөйлеуге тыйым салынады. Антибактериальді және дезинтоксикациялық емді неғұрлым ерте тағайындау қажет. Қайталамалы фурункулез кезінде, жалпы әлдендіетін терапия, спецификалық иммунотерапия (антистафилококковый гамма-глобулин және стафилококкты инатоксин) тағайындау керек
Слайд 32Жиі және қатерлі асқынулар болып, беттің жоғарғы және орта бөліктеріндегі
ошақты жарақаттарының жайылуы салдарынан пайда болатын, бет веналарының флебиті және
тромбофлебиті болып табылады. Соның ішінде, көзшарасы венасы арқылы үңгірлі қуыспен анастамовеналарының здалатын, бұрышты венаның тромбофлебиті болып табылады. Бет жедел тромбофлебиті өте ауыр ағымда өтеді, дене қыуының жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауруларымен, тершеңдікпен, әлсіреумен сипатталады. Қарап тексергенде – сәйкес вена бағыты бойынша, жіп тәрізді қатты ауыратын инфильтрат, тіндердің үлкен көлемді коллатеральді ісінуі, веналардың тығыздалып, солқылдауы, вена үстіндегі терінің қызаруы анықталады. Қабынудың алғашқы сатысында ақ, еріндердің, қабақтың, маңдай, мұрын және құлақ терісінің көкшілденуі айқындалады (ағзаның уыттануынан, жүрек қан тамыр жұмысының бұзылуы салдарынан). Бұрышты вена тромбофлебиті салдарынан көзшарасы веналарына үлесіп, ретробульбарлы шелмай қабатының флегмонасының дамуына, кейіннен, кавернозды синустың тромбозына (7,1%), іріңді менингитке (2,6%) алып келуі мүмкін. Бұл асқынулар өлімге дейін алып келеді.
БЕТ ШИҚАНЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨРШИҚАНЫНЫҢ АСҚЫНУЫ
Слайд 33Жергілікті асқынулар (67,8%) – аймақтық лимфаденит, жедел іріңді отит, терінің
тыртықты қабынуы, экзема, абсцесстер және флегмоналар
Слайд 34Ретробульбарлы шелмай қабатының флегмонасы, кавернозды синус
тромбозы (7.1%) және
іріңдіменингит ( 2.6%)
Метастатикалық пневмония және іріңді плеврит (14%)
Бүйрек абсцесстері (7.1%)
Жұмсақ
тіндердегі, сүйектегі метастатикалық абсцесстер және іріңді артриттер (12%).
Сепсис 21.4%.
ЖАЛПЫ АСҚЫНУЛАР
Слайд 35Саниталы ағарту жұмыстары, тері гигиенасын қатаң сақтап, бет терісіндегі іріңдіктерді
сықпау
Жасырын диабет түрлерін анықтау
Адам ағзасының қарсы тұруын төмендететін сырқаттарды (экзема,
сикоз, гиповитаминоз және т.б.) дер кезінде анықтап, емдеу
ШИҚАНДАР МЕН КӨР ШИҚАНДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Слайд 36anthrax – қатерлі шиқан, көршиқан, антракс – бұлауыр интоксикациямен, тері
және лимфа жүйесін зақымдайтын, инфекциялық сырқат
Сібір жарасы үш түрде сипатталады
(терілік, өкпелік және ішектік), бұның әрқайсысы сепсиспен аяқталуы әбден мүмкін
СІБІР ЖАРАСЫ
Слайд 37Қоздырғышы – сібір жаралық бацилла. Инфекция ошағы – ауру жануарлар.
Қоздырғыштың споралық түрі сыртқы факторлар әсеріне тұрақты. Адамның жарақаттануы –
жанаспалы, аэрогенді, алиментарлы және трансмиссивті
Жанаспалы түрі – ауру жануарлардфы емдегенде, өлтіргенде, терісін сыпырғанда, денесін мүшелегенде және т.б. жұғады
Аэрогенді – тонды – тері түбітін өңдеу өндіріс орындарында жұғуы мүмкін
Алиментарлы – термиялық өңдеуден толық өтпеген еттен немесе ауру жануарлардан алынған ет өнімдерін пайдаланғаннан жұғады
Трансмиссті - инфекция тасымалдаушы жәндіктердің шағуы салдарынан (шыбындар және т.б.)
СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯЛЫ
Слайд 38Қоздырғаыш жарақаттанған тері арқылы, кейде тыныс жолдарының және асқазан ішек
жолдарының кілегей қабығы арқылы енеді Қоздырғыш ену орнынан макрофагтар арқылы
аймақтық лимфатүйіндеріне тасымалданады
ПАТОГЕНЕЗІ
Слайд 39Жасырын кезеңі – орта есеппен 2-3 күн (бірнеше сағаттан, 12
күнге дейін)
Жақ бет аймағында сібір жарасының тек қана терілік түрі
кездеседі. Соның ішінде 4 түрін ажыратады - карбункулезді, эдематозды, буллезді және тыртық жара тәрізді
КЛИНИКАСЫ
Слайд 40Сырқат терінің тығыздалып қышуынан басталады, қоздырғаштың енген орнында көпіршік пайда
болады. Қасудың салдарынан көпіршік жарылып, табаны қою түсті жара пайда
болады.жара шеттері көтеріңкі, қабынумен шектеледі. Серозды геморрагиялық бөліністер анықталады. Айналысындағы тіндер ісінеді. Ісінудің жоғарылауынан жара көлемі ұлғаяды, кейіннен 3-5 тәулік өзгеріссіз болып, аз мөлшерде қайтымды үрдіс анықталады. Соның салдарынан сібір жаралы көршиқан пайда болады. Аймақтық лимфаденит дамиды
Көршиқан ауыру сезімінің болмауымен ерекшеленеді. Жиі жеке дара, кейде екі, үш және одан көп көршиқандар пайда болады. Уыттану сатысы анықталады (дене қызуының жоғарылауы, әлсіздің, бас ауруы және т.б.). Екінші аптаның соңына қарай, көршиканның ортасында, некроз орнында, қою түсті қабыршақ пайда болады.
Слайд 41Эпидемиологиялық анамнез, клиникалық көріністер,теріішілік антракснимен сынама (оң реакция – терінің
қызаруы және диаметрі 8мм ден кем емес тері инфильтраты), патологиялық
түзілістің лабораториялық зерттеулері қорытындыларына сай нақтамаланады
Слайд 42Сібір жарасының терілік түрін емдеу қиындықтар туғызбайды, консервативті ем қолданылады:
жақпалы таңбалар және тыныштық, дезинтоксикациялық, гипосенсибилизациялық терапиялар және жалпы ағзанытұрақтандыратын
ем. Сондай ақ сынаманы анықтағаннан кейін сібір жарасына қарсы глобулин енгізеді
Болжамы уақытылы ем көрсетісе,жағымды.
Слайд 43Алдын алу – санитарлық ережелерді және қағидаларды қатаң сақтау.
Слайд 44Тыртықты жара– Гиппократ және Гален дәуірінен белгілі терінің жедел инфекциялық
серозды экссудатты қабынуы, кейде ауыз қуысының кілегей қабатында да кездеседі
ТЫРТЫҚТЫ
ЖАРАЛЫ ҚАБЫНУ (Erysipelas faciei)
Слайд 45Тимофеева А.А.( 2007) зерттеулері бойынша, жедел жәрдем көмегімен жақ бет
аймағының стационарына госпитализацияланған науқастардың 5% үлесін құрайды
Слайд 47Жиі 40-60 жас шамасы аралығындағы әйелдер ауырады, алайда, әр түрлі
жастағы ерлерде де кездеседі
Слайд 48Жергілікті көріністеріне сай (1977 жылы В.Л. Черкасов ұсынған жіктеме) эритематозды,
эритематозды – буллезді, эритематозды – геморрагиялықбуллезді – геморрагиялық түрлерін ажыратады
Слайд 49(пота; греч. nome означает разделяющая, разъединяющая, распространяющая язва) - это
инфекционное заболевание, которое протекает в виде быстро прогрессирующей формы влажной
гангрены лица, челюстей и тканей полости рта, возникающей, как правило, при резком ослаблении защитных сил организма. Нома имеет ряд синонимов: водяной рак, рак рта, идиопатический гангренозный стоматит и др. Ни одно из этих названий не отражает сущности заболевания, характеризуя какую-либо одну черту этого патологического процесса.
НОМА
Слайд 502 – 15 жас аралығындағы, ауыр инфекциялық сырқаттарды бесынан кешірген
(қызамық, дифтерия, дизентерия, тиф, скарлатина, туберкулез және т.б.) балалар ауырады.
Емізулі балаларда және ересектерде сирек кездеседі, алайда әлеуметтік жағдайы төмендегенде (соғыс, ашығу және т.б.) аурулар саны күрт жоғарылайды.
Этиологиясы және патогенезі анықталмаған.
Слайд 51Қабыну ошағында келесі бактериялар анықталады: Clostridium perfringens, спирохеталар, анаэробнты бактериялар,
кокктар, саңырауқұлақтар
Слайд 52Сырқаттың клиникалық ағымына қарай келесі кезеңдерін ажыратады А.Т. Пулатов (1956)
Бірінші – гангренозды стоматит, ұрттың, еріннің некрозы және беттің шектелген
ісінуі
Екінші – жайылмалы ісіну және беттің, еріннің барлық қабатының некрозы
Үшінші – өліеттенген тіндердің демаркациясы
Төртінші – патологиялық ошақтың жазылып, тазаруы
Слайд 54Болжамы – жағымсыз. Өткен жылдары өлім үлесі 75-80% ды құраған,
соңғы жылдары ем тәжірибесіне антибиотикалық терапияны енгізгеннен кейін өлім саны
8-10% дейін төмендеген (Л.Е. Фролова,1955; А.И. Евдокимов, 1964 және т.б.)