Слайд 2Мазмұны
Мемлекеттік орган мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының жүйе құрушы элементі ретінде.
Мемлекеттік орган сипаттамалары:функционалдық,құқықтық,ұйымдастырушылық. Мемлекеттік органдардың мәртебелік белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық
құрылымына әсер етуші факторлар.
Мемлекеттік органдарды әр түрлі негіздер бойынша жіктеу:мемлекеттің функциялары,құзыреттер,іс-әрекеттердің аумақтық масштабы.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын жасау. Ұйымдық құрылымның қалыптасуы:сызықтық,функционалдық,сызықтық-функционалдық,бағдарламалық-мақсаттық,матрицалық. Мемлекеттік орган құрылымы. Мемлекеттік орган құрылымына қойылатын талаптар:икемділік,жылдамдық,үнемділік.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы.
Слайд 3 Мемлекет қоғамның маңызды
және күрделі саяси институты ретінде өзінің нақты құрылымы және ішкі
салаларды ұйымдастырушылық қызметі бар. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, жалпы бұқара халықты басқару үлкен өнер. Осы жерде қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Демек, мемлекеттің функционалдық қызметін атқаратын мемлекеттік аппарат – қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің өзара байланысты органдар жүйесінен тұрады.
Мемлекеттік аппарат дегеніміз – билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырлады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.
Слайд 4«Мемлекеттік басқару жүйесі» және «мемлекеттік басқару механизмі» түсініктері өзара байланысты
және ажырамас әрекетте болады. Мемлекеттік басқару механизмі дегеніміз – қоғамдық
жүйеге бағытталған мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының процесі ретінде мемлекеттік апппарат жүйесінің қызмет етуі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Механизм мемлекеттік басқарудың үш саласының өзара байланысын сипаттайды: ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйесін), функционалдық (мазмұнын) және қоғамдық жүйеге қатысты басқарудың өзі болып табылады. Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырыушылық құрылымы сол орган қызметінің мазмұнын оның қызметімен анықтайтындығы белгілі.
Слайд 5 Мемлекеттік аппаратқа қатысты да соны айтуға
болады, яғни мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде
мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. Мемлекеттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда). Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады. Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айырықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді.
Слайд 6Мемлекет механизмі мынандай органдардан тұрады
Заң шығарушы органдар. ҚР-да өкілетті органдар
екіге бөлінеді
Жоғарғы өкілетті орган – парламент; Парламент - бірден-бір заң
шығаратын орган
Жергілікті өкілетті органдар - облыстық, аудандық, қалалық маслихаттар
Атқарушы орган
Қазақстанда жоғары атқарушы орган - Үкімет
Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер
Сот органдары
Жоғарғы Сот
Жергілікті соттар
Әскери соттар
Слайд 7 Әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру
контекстіндегі мемлекеттік билік дамуының қазіргі концепциясының талаптарына жауап беруші, саяси-әкімшілік
және конституциялық реформаларды жүзеге асыру қажеттілігін, Қазақстан дамуындағы негізгі басылымдарының бірі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өтті. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаудың, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшілік реформаны қарқынды жүргізу, тоғызыншы мәселесінде «2007 жылы біз жүйелік демократиялық реформаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Біз корпаративтік басқару, нәтижелік, айқындық пен қоғамға бақылауда болу қағидаларына негізделген мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа нұсқасын құрудамыз. Біздің мақсатымыз - Үкіметтің модернизациясы, жоғары кәсібилік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру болып табылады».
Слайд 8 Қазақстандағы демократиялық процестер мемлекет ерекшеліктері мен азаматтардың
менталитетін ескеру арқылы өз даму жолына бағдарлануы керек, дегенмен, таңдалған
бағыттағы әр қадам мұқият тексерілуі қажет. Өйткені, азаматтар мен Отан тағдыры туралы сөз қозғалып отыр, мұндағы кез келген қате қымбат шығуы мүмкін».
Мемлекетік билік органдарын саяси-әкімшілік реформалауы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында іске асырылады. Аталған жағдай мемлекеттік қызметтің ашықтығы, азаматтардың билік органдарына сенімділігі, белгілі билік органдарының халыққа бұқаралық қызмет көрсету сапасын арттырмай мүмкін емес.
Слайд 9Ұйымдық құрылымдардың сызықтық- функционалдық үлгілері фабрика- зауыттың өндіріс кезінде пайда
болады және өндірістің күрделенуі мен сыртқы ортаның “ұйымдық реакциясы” болды.
Өндірістің күрделенуі басқару қызметінің мамандануына әкелді. Жалпы басқару қызметіне сәйкес (жоспарлау, бақылау) маманданған және еңбектің деңгейлес мамандануына сәйкес (бас технолог, бас конструктор т.б) басшылар жауапты сызықтық басшыларға қарағанда, функционалды басшылар тек өндіріс саласында немесе стратегиялық бизнес- бөлімшелерінде бақылайды және тек бір ғана берілген функцияға жауапты болады.
Слайд 10Сызықтық бөлімшелер, әдеттегідей, негізгі өндіріс қызметін атқарады және функционалдық бөлімдері
ресурстық негізде (кадрлар, қаржы, шикізат, т.б) құрылады және осының нәтижесінде
негізгі бөлімшелердің қызметтерін қамтамасыз етеді
ХХ- ғасырдың – жартысында сызықтық- функционалдық құрылымдар біріккен ұйымдардың сатылы өсуін қамтамасыз етіп, нәтижесінде олар алып корпорацияларға айналған болатын. Ұйымның өсуімен бірге ұйымдық құрылымның сызықтық үлгілері өз кемшіліктерін таныта бастады.
Жалпы сызықтық- функционалдық құрылымдар қоғамның аграрлық бағытына индустриалды және кейіннен күрделі техникалық өндірістерге көшу кезінде маңызды роль атқарады.
Слайд 11 Соған сәйкес қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай
қағидалармен реттеледі: демократиялық – мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны
іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді»,-деп атап көрсетілген Халық мемлекеттік органдардың қызметтері мен атқаратын функцияларын өкілетті және тікелей демократияның тетіктері арқылы бақылай алады
Слайд 12 Конституциялық - Қазақстан Республикасының Конституциясының
14 бабында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,
ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты, немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды», - деп тең құқықтық идеясы өз шешімін тапқан. Яғни мемлекеттік органдарды қалыптастыруды және олардың құрамында барлық халықтардың қызмет істеуіне тең құқықтың болуы.
Заңдылық – мемлекеттік басқарудың ең негізгі талаптарының бірі. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың ҚР Конституциясын, оған сәйкес қабылданған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді бұлжытпай орындаулары қажет.
Адам және азамат құқықтарының тиімді қорғалуын мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі – мемлекеттік лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мойындай отырып, адам құқығын қорғауды ең басты құндылықтар қатарына көтерді
Слайд 13 Билікті бөлу – билік өзінің бөліну
қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінеді.
Олар бір-бірінің қызметтерін тежемелік және тепе-теңдік жүйе арқылы бақылап отырады.
Кәсібилік – мемлекеттік органдар қызметіне тек ғана білікті және басқару өнерін жетік меңгерген білімді мамандарды тарту. Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет..
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы – қатаң тәртіпті, қабылданған шешімдерінің орындалуы немесе орындалмауы үшін қатаң жауап беруі. Халықтың мемлекеттік органдарға және лауазымда адамдарға үлкен сеніммен қарайтындықтан, қабылданған шешімдері үшін жауап берулері ең басты талап болып табылады
Слайд 14 Мәслихат – ол белгілі
бір аумақ халқымен сайланатын орган. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) –
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2010 жылдың 8 сәуірінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес олардың құзыреттеріне жататыны:
Тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
Слайд 15 Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстық (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі
басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Бұл Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесімен және даму қажеттілігімен ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Слайд 16 Әкім – Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметінің тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органды (оны құрған жағдайда)
басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, бүкіл орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың қызметіне басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі. Ол, әрине облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада ірі лауазымды тұлға болып табылады, оны Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және босатады.
Слайд 17 Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық
- реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық
және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.
Мемлекеттік басқару теориясының мазмұны- қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады