Слайд 1Жарақат кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек. Бас сүйек ми жарақаттары.тасымалдау иммобилизациясы
Орындаған:
Орынбасарова Ғ.О
Слайд 2 Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы,
сыртқы себептердің — аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның
жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы,буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Слайд 3
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану — бұл
тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған
терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Слайд 4Ми соққы (мидың шайқалуы деп те аталады) - бас соққыға ұшырап жараланғаннан
кейін, ми қызметінің уақыттық әлсіреуі. Бұл сырқат өз алдына дербес,
я болмаса бастың басқалай жарақаттануы, сондай ақ ми қанды ісігімен қосарланып пайда болады.
Слайд 5Ми шайқалуы (commotіo cerebrі) – әр түрлі механикалық әсерден ми және ми қабығының жарақаттануы. Ми
шайқалуында ми құрылысында көзге көрінетіндей немесе бүтіндігі бұзылған өзгерістер бай-қалмағанымен,
ми шайқалуы сатысына қарай әр түрлі дәрежеде ми қызметінің бұзылуы анықталады. Ми шайқалуы әр түрлі апаттардан (автомобиль, темір жол, т.б.), жоғарыдан төмен құлағаннан, қатты соққы тиюден, тағы басқа жарақаттардан болады
Слайд 6Ми шайқалуы кезінде алған жарақат мидың қан тамырларын зақымдап, соның
салдарынан ми қан тамырлары кеңейіп, мида сулы ісіктер және ұсақ қан құйылу
ошақтары пайда болады. Сонымен қатар жұлын сұйықтығы көбейіп, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылайды.. Ми шайқалуының емдеу шаралары: міндетті түрде төсекте жатып емделу тәртібін, сондай-ақ толық тыныштықты сақтау қажет. Дәрі-дәрмекпен емдеу негізінде, мидың сулы ісінуіне және бас сүйегінің қуысындағы қысым деңгейінің жоғарылауына қарсы жүргізіледі. Сонымен қатар бас ауруын басатын және ауру адамға тыныштық туғызатын, ұйқысын реттейтін дәрілер қолданылады. Науқас ауруынан жазылғасын, өмірдің қалыпты жағдайына, ауыр немесе терең оймен байланысты жұмыстарға біртіндеп кірісуі керек.
Слайд 7Ми шайқалудың негізгі белгілері: жарақат алған бетте естен тану. Бұл
құбылыс Ми шайқалуы сатысына байланысты, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылуы
ықтимал. Одан соң жүрек айну, құсу құбылыстары байқалады, бас ауруы, бастың айналуы, жүрек соғуының ырғағы сирейді. Аталған белгілердің жиілігіне қарай ми шайқалуы жеңіл, орташа және ауыр сатыларға ажыратылады
Слайд 8Ми шайқалуының емдеу шаралары: міндетті түрде төсекте жатып емделу тәртібін,
сондай-ақ толық тыныштықты сақтау қажет. Дәрі-дәрмекпен емдеу негізінде, мидың сулы ісінуіне және
бас сүйегінің қуысындағы қысым деңгейінің жоғарылауына қарсы жүргізіледі. Сонымен қатар бас ауруын басатын және ауру адамға тыныштық туғызатын, ұйқысын реттейтін дәрілер қолданылады. Науқас ауруынан жазылғасын, өмірдің қалыпты жағдайына, ауыр немесе терең оймен байланысты жұмыстарға біртіндеп кірісуі керек.
Слайд 9БСМЖ –ның қалыптасып дамуы жарақат алғаннан кейін тез арада басталады,
өйткені ми мен ағзада жарақаттан кейін бірден өзгерістер басталады. Бұл
алғашқы өзгерістер мен бастың жұмсақ ұлпаларының, сүйегінің, мидың қатты қабығының жарақаттарының арасында ешқандай байланыс жоқ. Бұл алғашқы өзгерістер тамырдағы қимыл - қозғалыстарға (вазомоторные) байланысты қалыптасады. Бұл кезде жүйке торшалары шайқалып, қан айналысын басқаратын орталықтың қызметі бұзылады. Жүйке жүйесінің үлкен бөлігінің қан тамырлары қысылып, мидың қан айналымы мен қызметі бұзылады да, оттегіне тапшылық артады.
Слайд 10Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер
анық білінеді. 1-2 ден 20-30-ға дейінгі минутта естен айрылу байқалып,
артынша есі кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығына, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей сүлейсоқ, ал кейде керісінше қозушылық байқалады.
Слайд 11Мидың қысылуы көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қа жиналған тер
астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан
кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, содан соң сананың бұзылуы басталады.
Слайд 12Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе
жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың
бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.
Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін.
Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады.
Слайд 13Мидың шайқалуы: жалпы милық, функционалды, толық қайтымды зақымданулар.
Белгілері: бірнеше секундтан
бірнеше минутқа дейін есін жоғалту; бастың ауруы, бас айналуы, кейде
кұсу, әлсіздік, құлақта шу пайда болады.
Слайд 14Бас сүйек ми жарақатында жедел жәрдемді оқиға болған жерден бастап
көрсетеді. Ашық және енген жарақат болса губкамен жауып, асептикалық таңғыш
саламыз. Егер науқастың есі анық болса зембілмен жастықсыз арқасынан жатқызып тасымалдау керек, егер есі болмаса құсыкпен аспирация болмас үшін науқастың басын бір бүйіріне қаратып тасымалдау қажет.
Слайд 15БМЖ кезіндегі реанимациялық шараларды ауруханаға дейін бастау керек. Ол жарақат
әсерінен болған өмірге қажетті мүшелердің қызметінің бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталады.
Онда тыныс жолдарының бітелуі, қан жоғалту және гемодинамикалық ауыр бұзылыстардың әсерінен болған ми ишемиясы мен гипоксиясының алдын алу қажет.
Слайд 16Кеуде торшасының зақымдалуы
Кеуде торшасын тексерген кезде тері түсін тексерумен(түсінің өзгеруі,
қан құйылулар, сызаттар, жаралар) бірге оның пішінінің өзгерісіне көңіл бөледі(кеуде
қуысының барлық бетінде немесе жеке бөлімдерінде қаңқа рельефінің немесе бұлшықеттің тегістенуі, қисаюы, ішке кіріп тұруы, томпайыи сыртқа шыгып тұруы), бұл қабырға сынуында байқалады.
Слайд 17Көлік иммобилизациясы – бұл оқиға болған орыннан жарақат алған адамды емдік
профилактикалық мекемесіне дейін тасымалдау кезінде зақымданған дене мүшесі немесе бүкіл
денесі үшін тыныш және қозғалыссыз жағдай жасау.
Слайд 18Көлік иммобилизациясының мақсаты:
-аурсыну сезімдерін азайту;
-буындардың және сүйек сынықтарының ары қарай
жылжуын тоқтату.
-жарақат алған адамды тасымалдауға жағдай жасау.
Слайд 19Оқиға болған орыннан уақытша иммобилизацияға жарақат алған дене мүшесін таңуға
сәйкес келетін қолда бар кез-келген қатты затты қолданады. Крамер, Дитерихс,
Еланскийдің металдан жасалған тор, пневматикалық, пластмассалық, фанер тақтайшалары, осы стандартты шиналарды медицина қызметкерлері көбінде қолданады.
Зақымданған аяқ бөлігін сау аяққа, зақымданған қолын денесіне орап-таңу көлік иммобилизациясының ішіндегі ең қарапайым түрі- аутоиммобилизация болып табылады.
Слайд 20Ең қол жетімді заттар: таяқ, шаңғы, күрек, қолшатыр, қатты картон,
фанера, т.б. болады.
Стандартты шиналардың ішінде ең қол жетімді және кең
тарағаны Крамер шинасы. Бұл сым темір шинасы жеңіл иіледі, оны кез-келген пішінге келтіруге болады, сондықтан оны аяқ-қол, бас, мойын зақымданғанда қолданылады.
Бас пен мойын зақымданғанда Еланскийдің шиналары кең қолданыс тапты. Білек пен балтыр зақымданған кезде пневматикалық және пластикалық шиналар қолданылады.