Слайд 1Жедел және созылмалы бронхит
Жүрек
Басты бронхтар
Көмей
Кеңірдек
Плевра қуысы
Париетальді плевра
Висцеральді плевра
                            							
							
							
						 
											
                            Слайд 2Бронхтар
Оң және сол басты бронхтар (Bronchus, грекше – тынысалу түтігі),
                                                            
                                    
bronchi principales dexter et sinister, bifurcаtio tracheae тұрған жерден тік
                                    бұрыш жасай шығып, сәйкес өкпенің қақпаларына келеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхтан кең, өйткені оң өкпенің көлемінен үлкен. Сонымен қатар сол жақ бронх оң жақ бронхқа қарағанда тік орналасқан, сөйтіп, кеңірдектің жалғасы сияқты болады. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 3Бронх ағашы - ағаш бұтақтары, түтікше секілді бөліктер жүйесіне ие
                                                            
                                    
өкпенің бір бөлігі. Ағаш діңі – кеңірдек, ал одан өтетін
                                    бұтақтары кеңірдекшелер. Бір бұтақ келесі екеуінің басталуын көрсететін жүйе – дихотомиялық деп аталады.  Ең баста сол бронх 2 бұтаққа бөлінеді, яғни олар өкпенің 2 бөлігіне қатысты ал оң жақтағы үшке соңғы жағдайларда бронхиолалардың бөлінуі трихотомиялық деп аталады. Бронх ағашы негізгі бронхтан тұрады, ол үлкен өкпе сыртылық бөлімдік бронхтарға бөлінеді. Ал олар өз кезегінде 3-5 реттік бронхтарға субсегменттік немесе орта бронхтарға бөлінеді. Орта бронхтар тарамдалып, ұсақ бөлімше ішілік бронхтарға, ал одан соң сонғы бронхшаларға өтеді. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 4Өкпенің басты бронхтарынан бастап сонғы бронхшаларға дейінгі бронхтардың жиынтығы бронхиалды
                                                            
                                    
ағаш немесе тармак деп аталынады. Қызметі: тыныс алу кезінде ауаны
                                    өткізу. Өкпе бөлшектерінің терең қабатындағы терминальды бронхшалар одан әрі екі екіге тармақталып өту жолы өте жіңішкелеу келген. Қабырғалары тыныс алу бронхшаларына респираторлы бронхшаларға бөлінеді. Одан әрі тыныс алу бронхшалары сәуле бағытта орналасқан өкпенің көпіршіктер жолдарына жалғасады. Көпіршіктер жолдары одан әрі кеңейе көпіршіктер қапшаларын құрап тұйықталады. Тыныс алу бронхшаларымен көпіршіктер жолдары және көпіршіктер қапшалары бір бірімен күрделі өзара жалғасып өкпенің көпіршіктер тармақтарын немесе өкпенің паренхимасын құрайды. Сыртқы пішіні жүзімнің шоғырына ұқсас ацинусты құрайды.
                                
                            							
														
						 
											
											
                            Слайд 6Бронхтардың құрылысы
Бөліктік бронхтар
Сегменттік бронхтар
Сегменттік 
бронхтардың
 тармақталуы
Терминалды бронхиолалар
Ацинустар
Бөлшектік бронхтар
Бөлшектері
Басты бронхтар
                            							
														
						 
											
											
                            Слайд 8Электрондық микроскоппен түсірілген бронхтың кілегей қабаты
                            							
														
						 
											
                            Слайд 9 Бронхиальды тармақтардың құрылысы
1. Өкпенің бронхиальды тармақтары, тармақталып төмен бағытталған
                                                            
                                    
сайын, оның қабырғаларының құрамы өзгеріп отырады. Мысалы: а) негізгі бронхтардың
                                    қабырғалары жартылай шеңбер бағытта орналасқан шеміршектерден тұрса, ұсақ майда бронхтардың қабырғаларының құрамындағы шеміршектер майда шеміршектің нұсқасы түрінде орналасқан. Бронхиальды тармақтар жіңішкере келе шеміршектердің нұсқасы жоғалып, дәнекер тіндермен және бірыңғай салалы еттер арқылы толықтырылады.; ә) ішкі беті кірпікшелі эпителиймен көмкерілген шырышты қабаттан тұрады; б) шырышасты қабаты едәуір жақсы дамыған. Аралығында шырышты бездер мен қантамырлар өрімдері орналасқан.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 10Бронхтар диаметрлеріне байланысты да бөлінеді: Ірі бронхылар 15 – 20
                                                            
                                    
мм, орташа 5 – 2мм және майда 2 – 1мм
                                    бронхтар болып жіктеледі. Aл бұлардан соң соңғы бөлігі -терминальді бронхиолаларға айналады .
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 11Бронхиолалар газ алмасу қызметін атқаратын респираторлық бөлім болып табылады. Бронхылар
                                                            
                                    
құрылысы жағынан әр түрлі болғанымен ортақ белгілерге де ие. Ең
                                    ірі бронхтардың кілегейлі қабығының пластинкасында лимфа түйіндері мен шырышты бездер болады. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 12Орташа бронхтардың кілегейлі қабығының эпителиінің құрамында:  кірпікшелі, бокал тәрізді
                                                            
                                    
,базальді ,қыстырма жасушалармен қоса , бронхтардың дистальді бөліктерінде секреторлы ,жиекті
                                    және кірпікшесіз жасушалары болады . Кірпікшесіз жасушалар бронхиолаларда да кездеседі . 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 13Терминальді бронхиолалар d – 0,5 мм куб тәрізді эпителиймен тысталған.
                                                            
                                    
Мұнда жиекті секреторлы және жиексіз де эпителиоциттер кездеседі . Mеншікті
                                    пластинкасында көптеген эластик талшықтары да баршылық , сондықтан серпімділік қасиеті өте жоғары . Оттегі келгенде кеңейіп, ауа шыққанда тарылып, тез бұрынғы қалпына қайта келіп отырады. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 14Алъвеолалар
Алъвеолалар — диаметрі 0,2—0,3 мм, тереңдігі 0,06—0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктері.
                                                            
                                    
Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен
                                    шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар, олардың жалпы беті 120 м²-ге дейін болады. Альвеоланың ішкі бетіне эпителий жасушаларынан түзілген жұқа қабыршық (пленка) қапталған. Осы қабыршыққа байланысты көпіршіктер қабысып қалмайды, тұрақты көлемі сақталады. Қабыршық микроорганизмдерден де қорғайды, содан кейін өзі сіңіріледі немесе сыртқа қақырық түрінде шығарылады.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 15бұл тыныс алу органдарының шырышты қабығын сыртқы әсерлерден
, оның ішінде
                                                            
                                    инфекциядан жергілікті қорғауды жүзеге асыратын арнайы
 емес механизм. Аппарат mucociliary
                                    ресімдеу секреторлық бокал тәрізді
 жасушалар бездерінің, және Клара ұялы подслизистых үдемелі бездері
 өндіріледі шырышты кірпікшелер жабыны бар тікелей аппарат кірпікшелі бронх
, трахея, мұрын қуысының қалыптастыру кірпікшелі жасушалар тұрады. Барлық
 компоненттердің өзара іс-қимылының жағдайы мен тиімділігі тыныс алу 
органдарын қорғаудың маңызды механизмі болып табылатын мукоциальдік
 тазартуды анықтайдыСүтқоректілер жүйесі жоғары және төменгі тыныс
 алу жолдарын экзогендік табиғаттың патогендік агенттерінен тазартаты
н жергілікті тыныс алу органдарының қорғау жүйесінің маңызды 
құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл агенттер әртүрлі болуы 
мүмкін: физикалық, химиялық және биологиялық.. 
Мукоцилиарный клиренс (мукоцилиарная система, МЦК)
                                
 
                            							
														
						 
											
                            Слайд 16Сурфактант (лат. surphaktant — протеинді зат) — өкпе көпіршіктерінің (альвеолалар) ішкі бетін
                                                            
                                    
сынап, олардың қабырғаларының жабыспауын қамтамасыз ететін зат. Сурфактантты өкпе көпіршіктерінің
                                    қабырғасындағы ірі альвеолоциттер бөледі.
Сурфактант — фосфолипидтен, протеиннен және гликопротеидтен тұрады. Сурфактант жарғағын (биологиялық жарғаққа ұқсас) фосфолипид пен протеин, ал оның сұйық кабатын (гипофазасын) гликопротеид құрайды. Сурфактант аэрогемалық тосқауылдың маңызды құрамын құрайды. Дем шығару кезінде сурфактант өкпе көпіршіктері қабырғаларының қабысып қалмауын және көпіршіктер қабырғасы арқылы ауадағы микроорганизмдердің өкпе паренхимасына өтпеуін қамтамасыз етіп, қорғаныс қызметін атқарады, көпіршіктер қуысының әрқашанда ашық болуына мүмкіндік тудырады
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 17Обструктивті синдром немесе бронхобструкция негізіне аллергиялық қабыну және бронхтар гиперреактивтілігі
                                                            
                                    
жататын, тыныс қиындығы ұстамаларымен білінетін, диффузды обструкция, беткейлі бронх еттерінің
                                    спазмы, шырыш гиперсекрециясы, бронх қабаты ісінуімен белгілі ауру. 
Бронхобструктивті синдром – көбінесе балалар ауруы болып табылады, әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар. Төменгі тыныс жолдарының ауруымен ауыратын балалар 40 % , респираторлы вирусты инфекциямен ауыратын балалар 50 %, аллергиясы бар балалар 30 %  кездеседі.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 18Жедел бронхит және бронхиолит
Жедел бронхит — бронхтар кілегей қабығының диффузды
                                                            
                                    
бейспецификалық жедел (жедел эндобронхит), сирегірек -қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде
                                    қабынуы (панбронхит).
Жедел бронхиолит — ұсақ, диаметрі 2 мм-ге дейінгі, бронхтардың және бронхиолалардың, яғни диаметрі 1 мм жіңішке тыныс жолдарының шеміршексіз бөліктерінің жедел қабынуы.
                                
                            							
														
						 
											
											
                            Слайд 20Этиологиясы. 
	Жедел бронхит пен бронхиолитті шақыратын себептер:
 көбіне жедел респирациялық
                                                            
                                    
вирустық аурулардың асқынуынан дамиды, сондықтан инфекциялық аурулардың қатарына жатады. 
Жедел
                                    бронхиттің 90%-да анықталатын қоздырғышы — вирус немесе микоплазма. 
Кейде жедел бронхит қызылшаның, көкжөтелдің асқынуынан да болады. 
Әр түрлі физикалық-химиялық ықпалдар (аса салқын немесе ыстық ауа, түрлі шаңдар, сілті, қышқылдардың булары, азот тотығы, күкірттің қос тотығы) әкеледі. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 21Осы тікелей әсер ететін себептермен бірге бейімдеуші факторлардың да маңызы
                                                            
                                    
зор:
мұрын, көмекей инфекциясы 
шылым шегу, ішкілікке салыну
ауаның аса ылғалдылығы, 
өкпе
                                    тамырларындағы қан іркілісі.
 Аурудың дамуында тыныс жолдарының ауаны физикалық тазарту функциясының төмендеуі аса маңызды. 
Жедел бронхиолит, әдетте, балаларда кездеседі, оның қоздырушылары риносинцитиальдік, сирегірек парагриптік немесе аденовирустық инфекция.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 22Патогенезі 
Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасуы бұзылып, эпителийлік
                                                            
                                    
жасушалар түлеп жойылады. 
Бронхтық эпителий	зақымдануының ауырлығы қоздырғыштардың патогендік қуатына тәуелді.
                                    
Вирустар бастаған қабыну процесіне бактериялар қосылады. 
Әдетте, вирустық бронхиттің басталуынан 2-3 тәуліктен соң, бронхтардың қабырғасына тереңдеу ене алатын, қабыну процесіне бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк). 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 23Патогенезі 
Инфекциямен зақымданып түлеген эпителий, сауыққаннан кейін өз қалпына қайта
                                                            
                                    
келеді. 
Асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Бірақ, кей
                                    жағдайларда ұзаққа созылып, созылыңқы түріне айналуы ықтимал.
                                
                            							
														
						 
											
											
                            Слайд 25Жіктемесі
Этиологиясы бойынша: 
1. Инфекциялық: 
а) вирустық;
ә) микоплазмалық; 
б) бактериялық.
2. Инфекциялық
                                                            
                                    
емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден).
3. Аралас (вирустық-бактериялық).
                                                                    
                            							
														
						 
											
                            Слайд 26Жіктемесі
Патогенезі бойынша:
Біріншілік.
Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция
                                                            
                                    
ошақтарының болуынан: тонзиллит, фарингит, ларингит, синуситтің, бронхоэктаз ауруының).
                                                                    
                            							
														
						 
											
                            Слайд 27Жедел және созылмалы бронхит патогенезі
                            							
														
						 
											
											
                            Слайд 29Орналасуы бойынша:
Проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы).
Дистальді немесе обструкциялық (қабыну процесінің бронхтардың
                                                            
                                    
түйілуіне, кілегей қабықтың ісінуіне, гиперсекрециясына алып келуінен).
Жедел бронхиолит (ұсақ бронхтар
                                    тармақтарының ауыр, обструкциялық түрде қабынуы).
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 30Жіктемесі
	Қабынудың түрі бойынша:
Катаральді.
Ісінулік.
Іріңді.
Ірінді-некроздық.
	Барысы бойынша:
Жедел (ұзақтығы 2-3 апта).
Созылыңқы (1 айға дейін,
                                                            
                                    
одан да ұзақ созылатын).
                                                                    
                            							
														
						 
											
                            Слайд 31Клиникалық көрінісі 
Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан (ЖРА) кейін немесе
                                                            
                                    
онымен бірге басталады. 
Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит)
                                    трахеяға түседі. 
Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақ бронхтарға өтеді.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 32Клиникалық көрінісі 
Көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәулікте жөтелі
                                                            
                                    
құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды. 
Қақырық әдетте кілегейлі, кейде
                                    кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл-ден аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауыруы мүмкін. 
Ұсақ бронхтар қабынса, онда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 33Клиникалық көрінісі. 
Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән.
                                                            
                                    
Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге
                                    дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-39 °С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның, ауыздың айналасына ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады. 
Науқастың қалтырауы бактериялық инфекцияның немесе пневмонияның қосылуына тән. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 34Клиникалық көрінісі. 
Мәселен стафилококтық немесе стрептококтық бронхитте, кеселдің көрінісі ауырлап,
                                                            
                                    
біршама пневмонияға ұқсайды: қызба ұзаққа созылады және қақырық іріңге айналып,
                                    онда қанды талшықтар пайда болады. 
Перкуссиялық дыбыс әдетте өзгермейді, тек қана бронхиттің дистальді түрінде (эмфиземаның болуынан) дабыл реңді дыбыс естілуі мүмкін. 
Ауырғандардың баршасында күшейген қатаң везикулалық тыныс және құрғақ, сиректеу ылғал сырылдар естіледі. 
Бронхиттің дистальді түрінде ентікпе қосылады жөне тыныс шығару ұзарады.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 35Тыңдағанда сырылдың түріне мөн берген жөн. Сырылдардың түрі бронхтардың зақымдану
                                                            
                                    деңгейіне төуелді. 
Ірі бронхтардың қабынуында жуан дыбысты құрғақ немесе ірі
                                    көпіршікті ылғал сырылдар, ал ұсақ бронхтардың зақымдануында жіңішке дыбысты құрғақ (ысқырықты) немесе ұсақ көпіршікті ылғал сырылдар есітіледі.
Клиникасы
                                
 
                            							
														
						 
											
                            Слайд 36Крепитацияның болуы бронхитке төн емес, ол пневмонияның қосылуын көрсетеді. 
Жөтелден
                                                            
                                    кейін сырыдар азаюы мүмкін. Кейде жай тыныста естілмеген сырылдар, тынысты
                                    күштеп шығарған соң пайда болады. 
Басқа мүшелердің айтарлықтай өзгерісі байқалмайды. 
Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін.
Клиникасы
                                
 
                            							
														
						 
											
                            Слайд 37Қанның анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері: нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ-ның сәл
                                                            
                                    жоғарылауы байқалады, СРБ анықталады. 
Гриптік жедел бронхитте лейкоциттердің саны қалыпты
                                    немесе лейкопения болады, лейкоформула сәл солға ығысады.
Рентгендік тексеруде көбіне өзгерістер болмайды. Кейде өкпе түбірінің шамалы кеңеюі және бронхтардың ісінуінен өкпе өрнегінің айқындалуы көрінеді.
Клиникасы
                                
 
                            							
														
						 
											
                            Слайд 38Жедел бронхиолитте ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың тарылуынан ауыр ентікпенің болуы
                                                            
                                    
тән. Ентікпе — бронхиолиттің басты белгісі. 
Тыныс жетіспеушілігінен бет, кілегей
                                    жамылғылар, мұрын, құлақ, қол-аяқтың ұштары көгереді. Тыныс қимылы жиі және беткей, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен жүреді. 
Жөтелгенде болмашы кілегейлі қақырық қиналдырып әрең түседі.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 39Әдетте, жедел бронхиттің барысы жеңіл, 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады. 
Қызудың
                                                            
                                    
қайтадан көтеріліп, іріңді қақырықтың бөлінуі аурудың созылыңқы барысына (6 аптаға
                                    дейін) айналуына тән. 
Бұл жағдай бактериялық немесе вирустық суперинфекцияның қосылуынан болады.
Интоксикациялық синдром
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 40Тексеру жоспары
Лабораториялық
Жалпы қан анализі
Жалпы қақырық анализі
Қақырықты туберкулез таяқшасына зерттеу
Қақырықты антибиотик
                                                            
                                    
сезімталдығына зерттеу
Қақырықты атиптік жасушаларға зерттеу
Инструменталдық
Рентгенологиялық
Рентгеноскопия
Рентгенография
Флюорография
Томография
Эндоскопиялық
Торакоскопия
Трахеобронхоскопия
Функциональдық
Бронхоскопсия
Бронхография
Маман кеңесі:
пульмонолог
фтизиатр
                                                                    
                            							
														
						 
											
											
											
                            Слайд 43Салыстырмалы диагностика
 Салыстырмалы диагностика бірінші кезекте пневмониямен салыстырыла жүргізіледі (пневмония
                                                            
                                    
кезінде тыныс шуылдарының әлсіз болуы, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тұрақты ұсақ
                                    көпіршікті және сықырлы сырылдардың болуы). Барлық күмәнді жағдайлар кезінде міндетті түрде өкпенің рентгенографисы жасалуы қажет.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 44Салыстырмалы диагностикасы Жедел обструктивті бронхит 
жұқпалы және аллергиялық генезбен салыстырмалы
                                                            
                                    
диагностика қойғанда біршама қиындықтар туады. Бөгде зат түскенде дені сау
                                    балада жөтел мен өкпедегі өзгерістер кенеттен пайда болады, бірақ вирустық инфекциялардың белгілері болмайды. 
Пневмония ма деп күдіктенген кезде тұрақты дене қызуының 3 күндей болуы, токсикоздың айқын белгілері, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, өкпедегі сырылдар, өкпені тексеру кезіндегі рентгенологиялық мәліметтер басты назарда болады. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 45Асқынулары:
Пневмония.
Бронхтардың обструктивтік синдром.
                            							
														
						 
											
                            Слайд 46Жедел жай бронхиттің емі.
1.Ауруханаға жатқызу міндетті емес. 
2.100 мл/кг көлемінде
                                                            
                                    
жылы сұйықтықты көп ішу (шай, морс, компот, газсыз минералды сулар).
                                    
3.Ем-дәм негізінде сүтті-өсімдіктектес тағамдар тағайындалады, аллергияны туындататын өнімдер шектеледі 
4.Жөтелге қарсы орталыққа әсер ететін дәрілер – тек мектеп жасындағы балаларға құрғақ күшті жөтел кезінде (амброксол, бронхосан, ацетилцистеин)
5.Муколитиктер. Ацетилцистеин (Флуимуцил) немесе амброксол гидрохлорид 
6.Ысқыма (массаж), кеуде қуысының білтесі (дренажы), жөтелу рефлексін ынталандыру, тыныс алуға арналған гимнастика. 
7. Азитромицин 5 мг/кг тәулігіне (1-күні 10 мг/кг) 5 күн бойы. 
8. емдік денешынықтыру жатқан қалыпта орындалады, кеуде қуысының ысқымасы жүргізіледі, егерде қақырық болса вибрационды және перкусиялық ысқыма қолданылады. Қосымша түрде тағайындалуы мүмкін дәрі-дәрмектер: жөтел ылғалды болғанда және қақырықтың шығуы қиындағанда, қақырыққа қарсы заттар қолданылады. Сондай-ақ жас мөлшеріне байланысты ингаляция түрінде флуимуцил, Амроксол гидрохлорид тағайындалады. Сонымен бірге қақырықты шығаруға әсер ететін өсімдіктектес дәрі-дәрмектер (ипекакуан, алтей және т.б.) тәжірибеде кең түрде қолданылады.
                                
                            							
								
							 
														
						 
											
                            Слайд 47Емі. 
Обструкция болғанда — 
теофедрин немесе эфедрин 0,025 г, немесе
                                                            
                                    
эуфиллин 0,15 г күніне 3 рет беріледі; 
басылмайтын бронхоспазмдық синдром
                                    болса — преднизолонды 20-25 мг 7-10 күн ішкізеді. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 48Емі. 
Бұдан басқа,
 аскорбин қышқылын 0,5 г., 
А витаминін 1-2
                                                            
                                    
др. 3 реттен, 
этовитті 400 мг. 1 реттен қолданады. 
Осылармен
                                    қатар дезинтоксикациялық ем жүргізілуі тиіс. Ол үшін сұйықтықты (лимон, бал, қайнатпа қосылған шайды, жылытылған минеральді суды) молырақ ішкізеді.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 49Емі. 
	Антибиотиктер тек ірінді қақырық болған немесе пневмония қосылған жағдайларда
                                                            
                                    
ғана қолданылады: 
эритромицин 0,5 г 4 рет; 
макропен 400 мг
                                    3 рет; 
ампициллин 0,5 г 4 рет ішуге беріледі.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 50Емі. 
	Сонымен қатар, физиотерапия жүргізілуі тиіс: төс аймағына, жауырын аралығына
                                                            
                                    
қыша қағазын жапсыру; парафиннен, балшықтан аппликациялар жасау, банкаларды қою.
                                                                    
                            							
														
						 
											
											
                            Слайд 52Анықтамасы
	Созылмалы бронхит (СБ) – 2 жыл және одан да көп
                                                            
                                    
жылдар ішінде, жылына 3 айдан кем емес уақытта жөтелмен 	және
                                    қақырық тастаумен сипатталатын бронхтардың созылмалы қабынулық ауруы. 
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 53Этиологиясы
Экзогендік себептер (темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіби зиянды заттар, инфекциялар,
                                                            
                                    
және аралас себептер).
Эндогендік себептер (мұрын-жұтќыншаќ ќайталама ќабынулары, созылмалы инфекция көзі
                                    болу, зат алмасудың бұзылуы, тұќым ќуалайтын бейімділік - ферменттер жетіспеушілігі, аллергияға бейімділік).
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 54Патогенезі 
	Полиэтиологиялық факторлар тобының әсерінен.
Бронхопульмоналды қорғаныс жүйесінің гомеостазы, иммунық механизмдер
                                                            
                                    
бұзылысын шақырады. 
2.	Сонымен қатар, бронхтың кілегей қабатының құрылымдық өзгерістері дамиды
                                                                    
                            							
														
						 
											
                            Слайд 55Бронхопульмоналды қорғаныс жүйесінің гомеостазы, иммундық механизмдердің бұзылысынан.
Гуморалдық қоғаныс факторларыны бұзылады
Альвелярлық
                                                            
                                    макрофагтар қызметінің бұзылуы
Сурфактант қорғаныс жүйесіні бұзылуы
Мукоцилиарлық аппарат қызметінің бұзылуы
Инфекцияға қарсы
                                    лықтың төмендеуі
Қабыну медиаторларының бөлінуі
Кірпікшелі эпители шамасыздығы
Бронх секреті тасымалдануының бұзылуы
Патогенді микробтардың көбеюі
Бронхтарда инфекциялық қабыну үрдісінің дамуы
Бронх кілегей қабатының құрылымдық өзгерістері
Бокал тәрізді клетка белсенділігінің және санының артуы 
Бронхтың секреторлық бездерінің қызметі артуы
Дискриния
Гиперкриния
Мукостаз
Қабыну медиаторларының бөлінуі
                                
 
                            							
														
						 
											
                            Слайд 56Жіктелуі
Созылмалы жай (обструкциясыз) бронхит. 
Созылмалы ірінді (обструкциясыз) бронхит. Вентиляциялыќ өзгерістер
                                                            
                                    
жоќ.
Созылмалы обструктивті бронхит. Кілегей ќаќырыќ тастау тєн жєне вентиляцияныњ тұраќты
                                    обструктивті өзгерістері болады.
Созылмалы ірінді - обструктивті бронхит. Іріњді ќаќырыќ тастау мен вентиляцияныњ обструктивті өзгерістері болады.
		Ерекше түрлері: 
Геморрагиялыќ жєне фибриноздыќ созылмалы бронхит.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 57	Орнына ќарай:
Проксимальды (жоѓарѓы бронхит) - ірі бронхтар басым заќымданѓан, обструкциясыз
                                                            
                                    
бронхит.
Дистальды (төменгі бронхит) - ұсаќ бронхтар басым заќымданѓан, обструктивті бронхит.
	Даму
                                    барысына ќарай:
Латентті (бүркемелі) СБ
үздіксіз - ќайталама СБ
Фазасы: ќайталау немесе саябыр фазасы.
	
	Патогенезіне ќарай:
Бірінші реттік СБ (жеке, бөлек ауру. Көбіне жайылма бронхит түрінде).
Екінші реттік СБ (созылмалы пневмонияѓа, бронхоэктазия ауруына, созылмалы абсцеске, туберкулезге, кіші ќан шењберінде ќан айналысы бұзылуына, созылмалы бүйрек шамасыздыѓына ќоса дамитын бронхит).
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 58Клиникасы 
Жалпы ќабыну синдромы: ќұрѓаќ не ќаќырыќты жөтел, ќызу көтерілу,
                                                            
                                    
ќұрѓаќ сырылдардыњ пайда болуы жєне күшеюі, лейкоцитоз, ЭТЖ өсуі, сиал
                                    ќышќылдарыныњ көбеюі, СРБ пайда болуы, өкпе суретінің күшеюі.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 59Клиникасы 
Бронхообструктивтік синдром: тұраќты не өткінші демікпеніњ пайда болуы, ұзаќќа
                                                            
                                    
созылѓан жөтелден кейін тұншыќпаның көрініс беруі, тұншыќпалы жөтел, жоѓарѓы тембрлі
                                    ќұрѓаќ сырылдың тынысты сыртќа шыѓару фазасында басым естілуі, бронхолитиктер әсерінің жеткіліксіздігі, сыртќы тыныс функциясыныњ обструктивті бұзылуы.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 60Клиникасы
Тыныс жетіспеушілік синдромы: 
ер дєрежелі экспираторлы демікпе, орталыќ типті цианоз,
                                                            
                                    
компенсаторлыќ тахикардия, спирография кµрсеткіштерініњ, ќан газдарыныњ, ќышќыл-негіз кейініњ өзгерістері.
                                                                    
                            							
														
						 
											
                            Слайд 61Клиникасы
Өкпе артериясындаѓы гипертензия синдромы: төстің сол жаѓындаѓы ІІ ќабырѓа аралыѓында
                                                            
                                    
солќыл болу, өкпе артериясыныњ өстіндегі ІІ тон акценті, рентгенологиялыќ тексергенде
                                    өкпе артериясы шошаѓыныњ (конусыныњ) кеңюуі жєне күшейген соқы беруі.
Өкпе текті жүрек синдромы: тыныс жетіспеушілігініњ обструктивті немесе рестриктивті тері, жүректің оң жаќ бөліктерінің гипертрофиясы, гемодинамика көрсеткіштерінде көп өзгеріс болмайды.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 62Асқынулары
өкпе эмфиземасы, пневмосклероз.
Бронхоэктазия ауруы.
Тыныс жетіспеушілігі (жедел, созылмалы).
І дєрежелі – артериялыќ
                                                            
                                    
гипоксемия жоќ обструктивті µзгерістер.
ІІ дєрежелі – орташа дєрежелі артериялыќ гипоксемия
                                    бар.
ІІІ дєрежелі – көзге түсерлік артериялыќ гипоксемия немесе гиперкапния бар.
Екінші ретті өкпе артериясыныњ гипертензиясы.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 63Обструктивті 
өкпе эмфиземасы
Бронхоэктазия
                            							
														
						 
											
                            Слайд 64Созылмалы бронхитті емдеу жобасы 
Дєрі-дєрмектер ауру белгілерініњ болуына жєне олардыњ
                                                            
                                    
ауырлыѓына ќарай белгіленеді.
Этиологиялыќ ем (бронхтаѓы ќабыну процесін жою):
цефалоспориндер немесе сульфаниламидтер
                                    (±заќ єсер ететінін берген жµн);
антибиотиктер (флора сезімталдыѓына ќарай);
фитонцидтер.
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 65Созылмалы бронхитті емдеу жобасы 
Патогенетикалыќ ем:
а/ жөтел рефлексін басу (кілегейлі
                                                            
                                    
бронхитте);
б/ бронх тазаруын жетілдіру (ќаќырыќ ж‰ргізетін дєрілер, муколитиктер, протеолитиктер, төсекте
                                    ќалып беру арќылы бронхты тазарту, емдік бронхоскопия, бронхты жуу);
бронхоспазмды басу (бронхолитиктер, М-холиноблокаторлар, адреномиметиктер, глюкокортикоидтар).
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 66	иммунитетті күшейтетін дєрілер 
тактивин 100 мг к‰нге 1 рет 3
                                                            
                                    
к‰н бойы тері астына егіледі; 
левамизол немесе декарис 2-3 к‰н
                                    бойы күнге 100-150 мг 3 рет бөліп ќабылдайды ќатарынан, 4-5 к‰н үзілістен кейін таѓы ќайталайды, барлыѓы 8-12 цикл; 
диуцифон 100 мг-нан 1-2 апта бойына етке егеді; 
пентоксил 200 мг-нан к‰нге 3 рет, 2-3 апта бойына ішке ќабылдайды.
биогендік стимуляторлар (алоэ экстракты, ФИБС).
адаптогендер (пантокрин, лимонник тұнбасы, женьшень түбірі).
	
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 67г/ өкпе артериясыныњ гипертензиясымен жєне оң ќарыншалыќ жүрек әлсіздігімен күрес:
оттегімен
                                                            
                                    
емдеу;
шеттік вазодилататорлар (нитросорбид, кальций антагонистері, празозин);
жүрек гликозидтері. Ќосымша солќарыншалыќ єлсіздік
                                    болѓанда олардыњ дозасын азайту керек.
несеп жүргізетін дєрілер (верошпирон к‰нге 150-200 мг, фуросемид);
ќан жіберу.
	
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 68	өкпе вентиляциясын ќалпына келтіру:
емдік дене тєрбиесі;
табиѓи емдер;
кеуденің массажы 
                            							
														
						 
											
                            Слайд 69Біріншілік алдын алу шарасы
Жедел бронхиттің және жедел респираторлы вирусты ауруларын
                                                            
                                    
алдын алу 
Темекіден бас тарту
Ағзаны шынықтыру
Инфекция ошақтарын санациялау
Жұмысқа орналасқан кезде
                                    медициналық тексеруден өту
Жеке профилактикалық,заттарды қолдану
Шаң түзілуімен байланысты өндіріс орындарының ауалы ортасын жоғары дәрежеде шаңсыздандыру
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 70Екіншілік алдын алу
Жұмыс орындарында ремиссия кезінде вакцинопрофилактика жүргізу
Иммундық реактифтілікті жоғарылату
Рецидивке
                                                            
                                    
қарсы ем
Тыныс гимнастикасы,оттегімен емдеу,физиотерапиялық ем,кеуде торының массажы
Шаңды бронхит және пневмокониоз
                                    дамыған жағдай жасап,рациональды еңбекке орналастыру
Санаторлық курортттық ем
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 71Қорытынды
Қазіргі уақытта жай бронхит пен обструктивті бронхиттер бір жасқа дейінгі
                                                            
                                    
сәбилер арасында жиі кездесуде. Ол балалардың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне және
                                    жергілікті иммунитетіне байланысты болады. Жасының өсуіне қарай қабынулы аурулардың жиіленуіне әкелуі мүмкін
                                
                            							
														
						 
											
                            Слайд 72Пайдаланылған әдебиеттер
 Ішкі аурулар Ітом
Ішкі аурулар С.Л.Қасенова оқулығы
Kazmedic.org
Б.Х.Хабижанов, С.Х.Хамзин. «Педиатрия»
                                                            
                                    
Алматы 2005 121-125 беттер