Слайд 1БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК, БИОЛОГИЯЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Слайд 2
«Өміршеңдік ережесі»
Жігер деген – Мен,
Күш деген – Мен,
Махаббат
деген – Мен,
Құдірет деген – Мен,
Кешірім деген –
Мен,
Жасөспірімдік деген – Мен,
Жастық шақ деген – Мен,
Денсаулық деген – Мен,
Адалдық деген – Мен,
Жарқындық деген – Мен,
Бар ғажайып деген – Мен
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда!!!
Слайд 3«Бейне фильмдерді көру және талқылау» әдісі.
Слайд 4Суреттердің мазмұны жайында баяндаңыздар.
І - ТОП
Слайд 5Баланың дамуына қандай факторлар әсер етеді деп ойлайсыздар?
ІІ - ТОП
Слайд 6
Баланың дамуына қандай факторлар көбірек әсер етеді деп ойлайсыздар?
ІІІ -
ТОП
Слайд 7
«Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз, жақсыдан туған
жаман бар - бір асым етке алғысыз»- деген Махамбет Өтемісұлының
өлең жолдарының мағынасы неде?
ІV - ТОП
Слайд 8«Адам ұрпағымен мың жасайды» - деген нақыл сөздің мағынасын ашып
көрсетіңіздер?
V - ТОП
Слайд 9«Ойлан, жұптас, талқыла»
әдісі
Слайд 101-тапсырма:
1.Жеке тұлға туралы жалпы түсінік.
2. Белсенділік - жеке тұлғаның
дамуындағы шешуші рөл атқаратын фактор.
2-тапсырма:
2.Бала дамуына тұқым қуалаушылықтың
ықпалы.
2.1. Мінездің тұқымға тартуы туралы түрлі
көзқарастар.
2.3. Акселерация.
Слайд 113-тапсырма
3. Тәрбиенің бала дамуына ықпалы.
3.1. Тәрбие сөзінің мағынасы
3.2.
«Тәрбие деген не?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
3.3. Тәрбие -
жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі.
3.4. Тәрбиені қай уақытта бастау керек?
3.5. Тәрбиенің қызметі.
Слайд 124-тапсырма
3.6. Тәрбиенің ерекшелігі.
3.7. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы
мен дәрежесіне лайық іске асырылады.
3.8 Тәрбие балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
3.9.
Тәрбиенің бала дамуына қажетті материалдарды іріктеуі.
3.10. Тәрбиенің баланың табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытуы.
3.11. Тәрбиенің тиімділігінің себебі не?
3.12. Тәрбиенің осал жағы.
3.13. Өзін - өзі тәрбиелеу.
3.14. Тәрбиенің нәтижесі.
Слайд 135 –тапсырма
Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның ықпалы.
Слайд 15Тәрбие деген не?
Тәрбие 4 нәрсеге байланысты(базалық):
1.Тәні
2.Ақыл-ой танымы
3.Ішкі жан дүниесі
4.Тұлға ретінде
қалыптасуы
Слайд 17Тәрбиенің қызметі
Тәрбие бала икемділігі мен дарындылығын анықтап,оның жеке ерекшеліктеріне сай
дамытады.Баланың белгілі бір сапаларын оның табиғи нышандарына негізделіп дамыта алады.
Жеке бастың дамуына теріс,зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Слайд 18Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі-тәрбие.Тәрбие балалардың
жас ерекшеліктеріне,дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып,тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
Слайд 19Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды
жойып,демократиялық қоғамды құруды ұсынды.
Слайд 20Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп,оның жақсы дамуына
қажетті материалдарды іріктеп алады,айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.
Слайд 21Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді,эстетикалық сезімі
мен талғамы артып,адамгершілік сапасы қалыптасады.
Слайд 22Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардың (баспасөз,радио,теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың
ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етеді.
Слайд 23Сонымен,тәрбие бала дамуын бағыттайды,басқарады,сондықтан да ол-баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие
негізгі күш болғандықтан,оның жетімсіздігі,әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Слайд 25 «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»
- дейді халқымыз.
Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры
тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Слайд 26
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?
Слайд 27 Швецияның балалары.
Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға
ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті
мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Слайд 28 Германияның балалары.
Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады.
Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы,
оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.
Слайд 29 Үндістан балалары.
Үнділер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен
бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен
бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ер жеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.
Слайд 30 Жапонияның балалары.
Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі
астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың
үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.
Слайд 31Ата-анамен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі
Отбасы
– қоғамның алғашқы ұясы,
жаңа адам сол
ұяда дүниеге келеді, бұл шағын
әлеуметті топ – бала үшін алғашқы өмір мектебі.
Ата –ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының
көз алдында өтеді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі.
Слайд 32Отбасындағы қарама – қайшылық мәселелер:
Отбасындағы қарама – қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеп соқтыратын осындай жағдайлар
бар: толық емес отбасы, ата–аналары ішімдікке салынып кеткен, және т.б.
Слайд 33Бала дамуына теріс әсер ететін жағдайлар:
Жанұядағы жанжал,
үлкендердің аузына
келген сөздерді айтуы,
баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,
біреудің
сыртынан өсек айтуы
балалардың көзінше арақ ішу, темекі тарту
ажырасу т.б.
Слайд 34Баланың дамуына әсер ететін биологиялық фактор ерекшеліктері
Слайд 35Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер мен теориялар орын алып келеді. атақты грек философтары Платон
және аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.
Аристотель
Платон
Слайд 36Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер.
Слайд 37Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы
жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері
мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Слайд 38Тұқымқуалаушылықтың тұлға дамуына әсері
Слайд 39Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың
сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған
деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Слайд 40Өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін
жағдай.
Слайд 41
Әйгілі ұлы композитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде
тек қана 20 адамдай музыканттар болған.
Мұны бір жағынан отбасы
мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Слайд 42
Акселерация-биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге
радио толқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда
болуына әсер етті.
Слайд 43Акселерация; латынша (аццеларае) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі
замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып
келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Слайд 44Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы
үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады.
Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Слайд 45Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге,
санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру
негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.
Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Слайд 46Ғалымдардың айтуынша, жастардың дене дамуы 2-3 жылға ерте аяқталатындығын растады.
Бүгінгі 8 жасар бала 9 жастағы, 15 жастағы бала 17
жастағы бала сияқты.
Слайд 47Жеке тұлғаның дамуына ортаның ықпалы.
Слайд 48Орта –адам дамуына табиғи және әлеуметтік жағынан ықпал жасайтын құбылыс
Слайд 49Адам қарым – қатынас процесінде, басқа адамдармен әрекеттестікте қалыптасады. Қарым
– қатынас сипаты, ерекшеліктері жеке тұлға дамуына үлкен ықпал етеді.
Слайд 50ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
Қарым-қатынас екі немесе бірнеше адамның арасындағы әрекеттесу,
оның барысында ақпарат жүреді
Слайд 51Микрофакторлар: белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады
Слайд 52Мезофактор –орташа Бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындардың
әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді.
Слайд 551 топ: Практикада сынып жетекшісінің көмекшісі болып атқарған сыныбының тәрбие
жұмысының жоспарымен таныстыруды ұсынады.Оның бала дамуына әсерін дәлелдейді.
Слайд 562 топ : Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның
тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл сөзді талдау
Слайд 573 топ : Баланың дамуына тұқымқкалаушылықтың әсерін қысқаша көрініспен
дәлелдеңдер
Слайд 584 топ: «Какими дети рождаются, это ни от кого не
зависит, но чтобы они путем правильного воспитания сделались хорошими -
это в нашей власти» Плутарх.
Француз физигі Паскаль: «Оқушы шыны емес, ішін толтыратын, ол-жағылуға тиісті шырағдан».
Осы пікірлерді пайдаланып «соңғы сөзді маған қалдырыңыз»
әдісімен сөйлеуге дайындал.
Слайд 595 топ: «Әлеуметтік орта - адам дамитын нақты болмыс»- деген
пікірді көрініс арқылы дәлелдеу.
Слайд 60Қорытынды бөлім.
Жаңа өтілген тақырып бойынша «эссе» жазу.
Слайд 61Үй тапсырмасы
Педагогикалық сөздікті тақырып бойынша толықтыру. (20 сөз)
Ақпараттық жоба тақырыбы:
“Менің шыққан тегімнің жеке тұғалық сапаларымның қалыптасуына ықпалы”