снарядты неғұрлым алысқа лақтыру немесе итеру.Лактыру кезінде снарядтың үдеуіне арналған
орынның шектеулілігіне(ядроға және спорттық балғашаға -213,5см, диск үшін -250 см), снарядтың жерге қонуына арналған сектордың тар ауданына, биік қорғаушы тордың және лақтырма диск пен спорттық балғашаның ұшуына арналған жарманың кішкентай болуына (ені 6 м.) байланысты әр түрлі қиындықтар туады. Осындай шектеушіліктердің барлығы спортшыдан жоғарғы дәлдікті және қозғалыстың орындалу техникасының тұрақтылығын талап етеді.Жеңілатлетикалық лақтыруды снарядтың салмағы және түріне байланысты мынадай категорияларға бөлуге болады: жеңіл снарядтарды лақтыру(найза, гранат); салмағы бойынша орташа снарядтарды лақтыру(лақтырма диск); ауыр снарядтарды лақтыру(ядро, спорттық балғаша). Осы топтардың ішінен жоғары ұшатын қасиеті бар снарядтарды атап айтуға болады. Оларға найза және лақтырма диск жатады. Салмағы ауырлау снарядтарды лақтыру үшін спортшының дене салмағы көп, әрі ол мықты болуы керек. Жоспарланған снарядтарды лақтыру кезінде спортшының техникалық дайындығына үлкен талап қойылады, әсіресе лақтырушының снарядқа бар күшін салуына байланысты.