Разделы презентаций


Қанайналым мүшелері туралы жалпы түсініктеме

Содержание

Сабақтың тақырыбы:Жүрек және қантамырларының құрылысыҚанайналым мүшелері

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қызылорда қаласы
№253 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі –
Кожахметова Жанар

Сергеевна

Қызылорда қаласы№253 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі – Кожахметова Жанар Сергеевна

Слайд 2Сабақтың тақырыбы:

Жүрек және қантамырларының құрылысы

Қанайналым мүшелері

Сабақтың тақырыбы:Жүрек және қантамырларының құрылысыҚанайналым мүшелері

Слайд 3Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және

қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін

жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруДамытушылық:

Слайд 41.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
1) Топқа сұрақ қою
2)

Сәйкестік тесті
3. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
2) Постер қорғау
4.

Сабақты бекіту
1) Кубизм әдісі
2) Ой толғаныс


Сабақтың жоспары:

5. Сергіту сәті
6.Рефлексия
7. Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын сұрау 1) Топқа сұрақ қою 2) Сәйкестік тесті3. Жаңа сабақ 1) Ой қозғау

Слайд 5І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу.

2) Оқушыларды түгелдеу.

3) Оқушыларды 4 топқа бөлу.
І.Ұйымдастыру кезеңі:      1) Сәлемдесу.      2) Оқушыларды түгелдеу.

Слайд 62. Үй тапсырмасы:

1. Топқа сұрақ қою

2. Үй тапсырмасы:         1. Топқа сұрақ қою

Слайд 7
Артерия тобының сұрақтары


1.Ағзаның ішкі ортасына не жатады? (Қан, лимфа,ұлпа сұйықтығы)
2. 1 мм3 қанда 6-8 мыңдай болатын түссіз қан жасушалары? (Лейкоциттер)
3.Қан плазмасының 90-92 % құрайды? (Су)
4.Қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары? (Эритроциттер)
5. Иммундық жүйенің орталық мүшесі? (Кемік майы және айырша без)
6.Микробтарды ерітетін обыр жасушалары? (Фагоциттер)
Вена тобының сұрақтары
1. Қан қандай ұлпаға жатады? (Сұйық дәнекер)
2. Жаңа туған нәрестенің 1 мм3қанында қанша эритроцит болады? (6-7 млн)
3. Адам ағзасында қанша лимфа түйіндері бар? (460)
4.Түйіршіксіз ірі түссіз жасушалары? (Моноциттер)
5.Гемоглобиннің қызыл түсті болуы байланысты? (Құрамындағы темірге)
6.Лейкоциттердің тіршілік ұзақтығы?(5-9 тәулік)
 
Артерия тобының сұрақтары

Слайд 8
Капилляр тобының сұрақтары


1. Эритроциттер мен лейкоциттер жойылады? (Көкбауыр мен бауырда)
2.1 мм3 қанда 250-400 мыңдай болатын түссіз қан жасушалары? (Тромбоциттер)
3. Қансарысуынан түзілетін түссіз сұйықтық ? (Ұлпа сұйықтығы)
4. Жасушадағы негізгі қуат көзі? (Глюкоза)
5. II топқа жататындардың қанын құяды? (II және IV топқа)
6. ИТИС деген қандай ауру және алғаш қайда тіркелген? (Иммунитет тапшылығын иемденген синдром,1981 ж АҚШ-тың Калифорния штатында)
 
Жүрек тобының сұрақтары
1.Ағзада бөгде заттарға қарсы түзілетін нәруыз? (қарсыдене)
2.Оксигемоглобин? оттекпен қосылған гемоглобин
3. Қанды қабылдайтын адам? (Реципиент)
4. Ересек адамдағы қанның мөлшері? (4-5 литр)
5. Антигендері болмайтын қан тобы? ( I топ)
6.Лимфада болатын лейкоциттер? (Лимфоциттер)
Капилляр тобының сұрақтары

Слайд 9
2. Сәйкестікті тап


 
Жауаптары: 1б,2з,3д,4и,5ж,6а,7ғ,8в,9ә,10г

2. Сәйкестікті тап

Слайд 10 “Ой қозғау”
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі

жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,

Адамға күш береді пәрменімен.

“Ой қозғау” Қан айналады жүректің әмірімен,  Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.  Ақ түсті мөлдір

Слайд 11Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,

Дөрігерлер тыңдайды.
(Жүрек)

2. Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам.
(Қантамырлар)

3. Соғады күні-түні алмай тыным,
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің.
(Жүрек)

“Жұмбақтар”

Жанды мотор сынбайды,     Күні-түні тынбайды.     Кейде оның жүрісін,

Слайд 14Жаңа сабақ
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қантамырларының құрылысы (топтық жұмыс

постер қорғау)




Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді. қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі қолқа (аорта) Сол қарыншадан басталып, артерияларға тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш, серпімді. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярға айналатын, арнасының диаметері, шамамен, 100мкм артериолаларға айналады

Жаңа сабақ Қанайналым мүшелері. Жүрек және қантамырларының құрылысы (топтық жұмыс постер қорғау)

Слайд 17Қантамырлар
Салатамыр
Көктамыр
Қылтамыр
Жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр
Денедегі қанды жүрекке айдайтын тамыр
Өте

жіңішке, зат алмасу жүретін тамыр

ҚантамырларСалатамырКөктамырҚылтамырЖүректен шыққан қанды денеге тарататын тамырДенедегі қанды жүрекке айдайтын тамырӨте жіңішке, зат алмасу жүретін тамыр

Слайд 18
Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия

қан тамыры- қолқа, екіншісі- өкпе сабауы. Артериялар ірі, огрта, майда

және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы және олардың ішіндегі артериялар болып бөліндеді. Мүшенің артериясы артериолаларға тармақталып, капиллярларға жалғасады. Артерияның қабырғасы ішкі, орталық және сыртқы үш қабаттан тұрады.
Вена қан тамыры арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді.қан алдымен венуоллаларға одан мүшелердің ішіндегі майда венаға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүреке құяды. Вена қан тамырларының қабырғасы үш қабатты. Бірақ олардың қабырғасы жұқа және серпімді талшықтары аз, ал ішкі қабатында қанды кері ағудан сақтайтын қақпақшалары болады.
Капиллярлар- ең жіңішке қан тамырлары. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд.Капиллярлардың веналық ұшы бірігіп венула түзеді, ал венулалар венаға айналады.
Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры- қолқа, екіншісі- өкпе сабауы. Артериялар

Слайд 19V “Кубизм әдісі”

V “Кубизм әдісі”

Слайд 211.Ересек адамның жүрегі? 250-300г
2.Қанның кантамырлармен қозғалысын ашқан ағылшын ғалымы? У.

Гарвей
3. Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент? магний
4.Жұмыс ауырлаған сайын жүрек

жиірек соғып, тамырлардағы қанды көбірек айдайды. Бұл құбылыс қалай аталады? Резервтік күш
5. Жүректің бұлшықетті қабаты микард
6.Үшжақтаулы қақпақша орналасады? Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында
7.Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге қандай қан тасиды? Артерия қанын
8. Көмір қышқыл газына қаныққан қан ? Вена
9. Ең ірі артерия қантамыры? Қолқа
10. Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы Қанайналым
1.Ересек адамның жүрегі? 250-300г2.Қанның кантамырлармен қозғалысын ашқан ағылшын ғалымы? У. Гарвей3. Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент? магний4.Жұмыс

Слайд 22"Жүрек арызы"
Мұқағали Мақатаев


Слайд 23 Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам
Алдымен менмін
Сонан соң –

сенсің жаралған
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың
Аяқ пен қолың –


Барлығы менен нәр алған.

Келеді сенің кей кейде мені мұз еткің
Бәріне көндім
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның
Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым.
Өткіздім сені қаншама қауіп қатерден
Ал, енді маған демалыс берші шаршадым.

Қақың жоқ сенің дем алмауға да, соқпауға.
Қарсы барамыз оттарға, әрі оқтарға
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!

Оу, ием менің, Өзіңнен бұрын жаралғамАлдымен менмінСонан соң – сенсің жаралғанБасың мен миың, ақылың, есің, қимылыңАяқ

Слайд 24"Жүректерден - жүректерге"


Слайд 28




Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика