Слайд 1
Баяндама тақырыбы:
«Ортаңғы топтарға арналған қимылды ойындарды өткізу ерекшеліктері»
Ж.С.Бексариева ІІ
санатты тәрбиеші,
№40 «Болашақ» бөбекжайы МКҚК
Слайд 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беруде ойынның зор маңызы туралы
Н.К.Крупская әлденеше рет айтты: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның
ерекше маңызы бар: ойын олар үшін- оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін-тәрбиенің елеулі формасы»
Слайд 3
Жоспар:
1.Қимыл-қозғалыс ойындардың маңызы, анықтамасы.
2.Қимыл-қозғалыс ойындардың жіктелуі.
3.Жас ерекшеліктеріне қарай қимыл-қозғалыс
ойындардын өткізу әдісі.
4.Қимыл – қозғалыс ойындарын іріктеп алу және жоспарлау.
Слайд 4 Н.К.Крупскаяның айтқан пікірлерінде ойындардың дене тәрбиесі үшін маңызы да
атап көрсетіледі.
«Толып жатқан ойындар бар, олар дене күшін нығайтады,
олар еңбек дағдысын дамытады, олар көздің дәл барлай білу қабілетін күшейтеді, ептілікті дамытады. Еңбек ету кезінде орасан зор маңызы бар, ептілікті, күшті, нысанаға тигізе білуді жетілдіретін ойындар және кез келген сондай әрекеттерді біздің мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне енгізу ерекше маңызды».
Слайд 5 Қимыл-қозғалыс ойындарының мазмұнына баланың ой-өрісін кеңейтетін және оның түсінігін нақтылай
түсетін көптеген таным материалдары енгізілген. Сюжетті ойындардың тақырыбын адам өміріндегі
кейбір оқиғалар, табиғат құбылысы, жануарларға еліктеу құрайды. Бұлардың бәрін балалар өзіндік шартты ойындар формасында бейнелейді.
Слайд 6 Ойындар мазмұны бойынша бөлінеді: қимыл – қозғалыс ойындары және спорттық
ойындар элементтері қолданылатын ойындар. Ойындардың соңғы тобының мектепке дейінгі әдебиетте
біріңғай классификациялық атауы жоқ (спорттық ойындар элементтері, спорттық үлгідегі ойындар, спорт элементтері бар ойындар, спорттық ойын элементтері бар ойындар, спорттық сипаттағы ойындар).
Слайд 7
Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады. Спорттық ойындар элементтері
қолданылатын ойындарға жататындар – волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, столда ойналынатын
теннис, футбол, хоккей.
Слайд 8Жас ерекшеліктеріне қарай қимыл-қозғалыс ойындардын өткізу әдіс-тәсілдері.
Қимыл – қозғалыс ойындарының
тәрбиелік мәні педагогтық нысаналы басшылығымен қаматамасыз етеді, ол өз кезегінде,
ойын материалдарын еркін меңгерумен, балалардың бойында эмоциялы өрлеу туғызатын сан алуан әдістерді пайдаланумен айқындалады.
Слайд 9Мектеп жасына дейінгі балалардың денесін тұрақты қимыл-қозғалысқа үйрету барысында әр
түрлі әдістер қолданылады.
1.Топтағы барлық балалармен жалпылама жұмыс.
2.Шағын бірнеше
баламен жұмыс.
3.Белсенді қимылдайтын балалар.
4.Жәй қозғалатын балалармен жұмыс.
5.Жеке баламен.
6.Топпен жұмыс.
Слайд 10Қимыл – қозғалыс ойындарын іріктеп алу және жоспарлау.
«Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту» үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай
балалардың жасына байланысты белгілі бір тобындағы жұмыс жағдайын: балалардың дене күші мен ақыл – ойы дамуының жалпы дәрежесін, олардың қимыл жасай білуінің даму дәрежесін, әрбір баланың денсаулық жағдайын, жеке басынан типологиялық ерекшеліктерін, жыл мезгілін, күн режимінің ерекшелігін, ойын өткізіллетін орынды, сондай – ақ балалардың көзқарасын жан – жақты ескеру қажет.
Слайд 11 Ортаңғы тобының өзінде жеке – дара да («Ойыншықты кім бұрын
әкеледі»), ұжыммен де («ұшақтар» - қай сап бұрын жерге қонады)
қарапайым жарыс ойындарын ойнауға болады. Бір жағынан, «Кім бұрын» деген тапсырма балаларды нғұрлым тезірек қимылдауға ынталандыратын эмоциялық мәнер береді, екінші жағынан балалардың ұжымда жалпы – ортақ мақсатқа жетуге алып келетін өз қимылына жауапкершілікке үйретеді.
Слайд 12Қимыл қозғалыс ойындары.
Қимыл қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі
қимыл әрекеті ретінде күнтізбелік–тақырыптық жоспарға тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен
сәйкес күннің әр уақытына жоспарлайды.
Слайд 13 Қимыл қозғалыс ойындарының күнтізбелік–тақырыптық жоспарын жасау кезінде жыл мезгілі де,
ауа райы да есепке алынады. Қоңыр күзде қыста аязды күндердегі
қимылмен ұштасқан таза ауа баланың организмне жақсы әсер етеді,лера системасыныңн шынықтырады,организмнің күресуін күшейтеді, көңіл шаттығын арттырады. Ауа райы суық кезде ширақ қимылды ойындар баяу қимыл сипатты әрекет түрлерімен алмастырылып отырады.Қимыл әрекетінің сипатының және қарқынының кезектесуі балалар үшін тынығу мүмкіндігін жасайды және оларды тоңудан да,шектен тыс ыстықтаудан да сақтайды.
Слайд 14 Учаскеде балалар шана тебетін төбешіктер жасалады, ал ересектер топтары үшін
коньки тебуге және хоккей ойнауға мүмкіндік туғызатын жағдай жасалады. Балалардың
қыс айларында далада мазмұнды қимыл жасауы шынықтыруға жақсы көмектеседі, организмді сауықтыруға, қимыл дағдыларын қалыптастыруға жақсы әсер етеді.
Слайд 15
4-5 жастағы балаларға арналған қимыл қозғалыс ойындары
«Кім жылдам?»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа
үйретіп, түстерді ажыратуға, шапшаңдықтарын қалыптастыру.
Ойын барысы: Түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын шашып
араластыру, «1-2-3, Баста!!!» деген кезде балалар өздеріне керек түсті жинайды, болған бала сапқа тұрады.
Слайд 16«Балапандар мен мысық»
Бастапқы қозғалыс: Жай жүріс, жүгіру.
Ойынға түсініктеме:
Балалар тәрбиешімен
бірге мысыққа жақындап:
Мыс-мыс-мысығым,
Қандай күшті пысығым.
Пеш үстінде ұйықтайды,
Көзін қатты қыспайды.
Балапанды ұстайды?
Мысық: Мяу! деп балаларды қуа жөнеледі.
Слайд 17«Шар жарылды»
Тәрбиеші мен он шақты бала қол ұстаса шеңбер
жасап « пф-пф-пф»-деп қолдарын кере шеңберді үлкейтіп кеңейте береді. Тәрбиеші
«шар жарылды»-деп дауыстап қалғанда балалар қолдан жібере салып «ой»-деп отыра кетеді. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатып балаларды қол ұстаса шеңбер жасап тұруға үйретеді.