Слайд 1
Ата-ананың алақаны-
балаға
айдынды қоныс
Слайд 2
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі
ата –
ананың
балаға тәрбиелік
ықпалын арттыру.
Тәрбиенің ең тамаша жері
отбасы екенін, олардың
бала тәрбиесіндегі
мүмкіндіктерінің жоғары екенін,
баламен қарым – қатынасты
жақсартуын, бала тәрбиесіне
көп көңіл бөлудің маңыздылығын д
әлелдеу.
Слайд 3
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
2.”Жүректен шыққан жылы сөз”:
А)”Мейірімділік шуағы”;
3.”Жағымсыз қылықтар”
4.”Жақсы
қасиеттер”
5.Ата-аналарға арналған ситуациялық
сұрақтар
6.Ойтолғаныс
Слайд 4І. Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Біз сіздерді
көргенімізге қуаныштымыз.
Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы:
«Ата-ананың алақаны
– балаға айдынды қоныс» деп аталады.
Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын,
адамның еңбасты шаттығы болып саналатын,баланың өсіп,өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады.
Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу,
балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала–шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.
Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді.
Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді.
Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты
өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
деген кім?”
туралы әрбір ата-ана ой
қозғау жазады.
(болашағымыз, асыраушымыз,
көмекшіміз, ақылшымыз,
өміріміздің жалғасы,
үмітіміз, бауыр етіміз)
Слайд 6 1.Енді балаңыз жүре бастағанда,
біз бала үшін қорқамыз да, оған
барма, шықпа, секірме дейміз.
Сонымен аяғын байлаймыз.
2. Енді балаңыз жан-жағындағы
дүниені тани бастайды, бәрін ұстап
білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз.
Сонымен қолын байлаймыз.
3. Баланың тілі шығады да, бәрін сұрай
бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі.
Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама,
сөйлеме, айқайлама дейміз. Баланың аузын
байлаймыз.
4.
4.
Көшеден әр-түрлі сөздер естіп,
үйреніп келеді.Біз оған тыңдама,
естіме дейміз.Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.
5.Теледидардан неше түрлі бағдарламаларды
көреді де,біз оған қарама дейміз.
Сонымен баланың көзін байлаймыз.
6. Баламыз даладан ұядан құлап түскен
балапанды,тастанды мысықтың баласын
үйге әкелген кезде біз оған қайдан келдің?
Неге әкелдің?
Алма, ұстама, деп баланың
жүрегін байлаймыз.
Ата–аналарға
сұрақ.
Сіз қалай ойлайсыз,
келісесіз бе?
Слайд 9
1-қателік:«Егер сен мен қалағандай
болмасаң,
мен сені жақсы көрмеймін».
2-қателік: «Не істесең оны істе,
маған бәрібір».
3-қателік: Аса қаталдық, яғни
«Мен не айтсам,соны орындауың керек,
өйткені, мен үйдің басшысымын».
4-қателік: Балаларды тым еркелету.
5-қателік: «Саған көңіл бөлуге
уақытым жоқ».
6-қателік: Балаңызды тым көп
ақшамен қамтамасыз ету.
7-қателік:Баланың ісіне көңіл-күйіңізге
қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз
нашар болса оның қуанышына
ортақтаспау, әңгімесіне
құлақ аспау т.с.
Ситуациялық сұрақтар
Балаңыз сабақтан қашып,
мектептен ерте келді, не істейсіз?
2 Балаңыздың өнері, қандай да
бір іске қызығушылығы, бейімділігі
байқалса, не істер едіңіз?
3 Балаңыз ұялы телефон алып
бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай
тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз.
Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып
кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
Слайд 12
4. Балаңыз белгілі бір
пәнді ұнатпай,
сабақ оқығысы келмейтінін айтты.
Сіздің әрекетіңіз?
5. Кейбір ата-аналардың баласынын
әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай:
«Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,
деп айтып жататынын байқаймыз.
Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге
қалай қарайсыз?
Слайд 13
Ата-ананың жеке басының әсері
балаға күн сәулесімен бірдей,
мұны басқа ешбір нәрсемен
ауыстыру мүмкін емес.
Құрметті ата-аналар,
сіздерден баладан жүрек жылуын аямай
балаға бір сәт болса да,
бала көзімен қараңыз дей отырып
бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға
көп-көп рахмет айтамын!
Слайд 14
Ата-ананы ренжітпеу,
Сыйлап, оны құрметтеу,
Осы
жолда жаңылмау,
Әр баланың міндеті.