қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. Оны арнайы жасалған тест арқылы,
қарапайым адамдардың ойлауы мен ақылдылығына қарап салыстыра анықтайды.IQ тесттерін орташа есепке теңестіріп, шамамен 100 деп алатын болсақ, 50% адамдардың IQ-і 90 мен 110-ның арасында болуы тиіс немесе 25 % адамдардың IQ-і 90-нан төмен, 110-нан жоғары болуы керек. Ал 70-ке жетпеген адамдардың ақыл-есі жетілмеген болып саналады.
Тарихы
1912 жылы неміс ғалымы Вильгелм Штерн зияткерлілік коэффициентін енгізді. Ол адамдардың жас аралық ақыл-ой кемшіліктеріне аса мән берді. Штерн интеллект көрсеткіштерін жеке жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деп ұсыныс жасаған. IQ ең алғаш 1916 жылы Стенфор-Бине шкаласында қолданылды.
Адамдардың IQ-ның гендік мәселеге тікелей қатысы бары "Plomin et al." (2001, 2003) атты кітаптан бастау алды. Балаларға жасалған сынақ нәтижесінде тұқым қуалаушылық 0,4 пен 0,8 көрсеткішін көрсеткен. Олардың IQ дәрежесі тек аз мөлшерде генетикалық тұқым қуалаушылыққа тәуелді екені, ал қалғаны қоршаған орта әсерінен қалыптасатыны анықталған.