Слайд 2Жоспары
I.Кіріспе
II.Зерттеу бөлімі
1.Киіз үй
2.Киіз үй математикасы
III.Қорытынды
Слайд 3Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Бұл тақырыпты зерттей отырып,негізгі теориямен танысу
және зерттеу жұмысын көрнекті түрде құрастыры білу. Осы мақсатты орындау
үшін алдымызға төмендегідей міндеттер койдық:
-Қазақтың касиетті киіз үйінің математикалық элементтерін зерттеу;
-Мектеп оқушылырына киіз үй жайлы мәлеметтер беру;
Слайд 4Киіз үй
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған.
Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің
төл баспанасы етіп келді.
Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.
Слайд 6Шаңырақ
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез
тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден
тұрады:
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Слайд 7Уық
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша
сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады.
Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Слайд 8Зерттеу бөлімі
Үлгі ретінде 6 қанатты үйді алайық
Енді уық санына назар
аударсақ:
45,60,72,90,120.
Уық саны 72 тең болсын.сонда әр-бір
уықтың арасы 360/72=5º-тең.Шамамен
Күн
сәулесі екі уықтың арасын 20,
үш уықтың арасын 40 минутта өтеді
Киіз үйдің табаны шеңбер емес, элипс
Тәріздес.
Слайд 9Уық иін бұрышы 45º-қа жуық екені дәлелденді,Кей жұмыстарда бұны 60º.72º
екені қате пікірлер көрсетеді.Егер 45º көп болса шошайып сәні кірмей
қалады.Егер 45º аз болған жағдайда жауын шашын үйге кіріп кетер еді.
Слайд 10 Уықтың ұзындығын анықтау
У=√2(Rү-Rш)(Rү-Rш)
У=√2(3.16-0.95)(3.16-0.95)=√9.77=3.1 м.
Қанат саны – 6
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы
– 6м
Киіз үйдің диаметрі – 19,30/3,14=6,33м
Слайд 11шаңырақ шеңберінің ұзындығы арқылы
киіз үйдің шеңберінің ұзындығын табу
Киіз үй шеңберінің
ұзындығы шаңырақ шеңберінен 3 есе артық болады.
С=3Ш+Т
Ш-шаңырақ шеңберірің ұзындығы
Т-тұрақты сан.Т=1.30
м
С=(3*6)+1.30=19.30 м
Слайд 12Зерттеу нәтижесі
Уықтың ұзындығы – 3,1м
Табанының ұзындығы – 19,30м
Киіз үйдің диаметрі
– 6,33м