Слайд 1«Математика пәні сабағында жаңа педагогикалық, ақпараттық коммуникациялық және интерактивті технологияларды
қолдану – нақты нәтижеге қол жеткізу тәсілі»
Слайд 2 Тақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Тақырыптың мақсаты: Шығармашылықпен
жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Тақырыптың міндеті: Білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық, ақпараттық коммуникациялық және интерактивті технологиялармен таныстыру. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
Слайд 3 Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
Слайд 5 Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты
жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және
кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Слайд 7
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына
жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
•
Математика пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web – сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Слайд 8 Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай
қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Слайд 9 Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
•
оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып,
уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Слайд 10 Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1.
Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға
тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Слайд 11Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған
жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Сабақта АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Слайд 13дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
ұйымдастырушылық (оқушының шамадан
тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
әдістемелік
(тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
АКТ-ны қолдану сабақтарында мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
Слайд 14 Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын
дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
мұғалімнің міндеттерді қоюы (
сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);
компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;
осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.
Слайд 15 Сабақтың тақырыбы:
Рационал сандарды
салыстыру
Мақсаты: Оқушыларды сыни тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, Координаталық
түзуде үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделетінін, кез келген оң сан 0-ден және кез келген теріс саннан үлкен болатынын, кез келген теріс сан 0-ден кіші болатынын меңгерту.
Рационал сандарды салыстыра білу, оң және теріс сандарды жалпы түрде жаза білу дағдысын жетілдіру.
Слайд 16Үй тапсырмасын тексеру (2минут)
№410
Оқушылар өздерінің үй жұмыстарын қасында отырған парталасымен дәптерін алмаса отырып
тексереді, бағалау парақшасында бағалайды.
Слайд 172 тапсырма(2 минут)
Термометр бойынша температураны өлшеу
Слайд 183-тапсырма (3минут)
Миға шабуыл:
Координаталық түзуде мына нүктелерді орналастырыңдар:
У(7), Ы(5,2), С(-8),А(-7,2), Ы(-4),С(0),Л(-6),Т(2,5),Р(6)
Жауабы:
салыстыру
Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Рационал сандарды салыстыру.
Сыни тұрғысынан ойлай отырып,
координаталық сәуледе сандарды орналастырып, сабақтың тақырыбын өздері «САЛЫСТЫРУ» деп ашады.
Слайд 19Электронды оқулықтан
Рационал сандарды салыстыру
Координаталық түзуде рационал сандар қалай салыстырылады;
Қандай
сандар 0-ден үлкен немесе кіші;
Берілген сан қандайда бір теріс сан
мен оң санның қайсы үлкен;
Теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады. (Сандарға қатысты салыстыру қалай тұжырымдалатынын түсінеді және өзіне қажетті мәліметтерді дәптер бетіне түсіреді)
Слайд 204-тапсырма: (2 минут) «Мен білемін»
№ 386.
Мына сандарды салыстырып, нәтижесін
> немесе < белгісі арқылы жазыңдар,
1) 8,7 мен 7,8 ;
4) -6 мен -11 ;
2) -4,1 мен 2 ; 5) -18 бен -1,8 ;
3) 2,9 бен -920 ; 6) -100 бен 0 .
Слайд 226-тапсырма (3 минут)
Тест тапсырмалары тестілеу қабыршығы
(activote) құралы арқылы тексеріледі.
Слайд 23 Үйге тапсырма
№ : 1-3 сұрақтар,
№391, 394
Бағалау
Оқушылар бағалау парақшаларындағы бағаларды қорытындылайды, мұғалім
өзі бағалайды.
(Оқушылар бойларындағы барлық қабілеттерін толық беруге тырысады, ойланады, ізденеді, өзгелерді тыңдай отырып өз білімін толықтырады, мағынасын түсінуге тырысады. Уақыт үнемделеді.)
Слайд 24 Қорытынды:
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің
білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін
қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Слайд 25 Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп
рахмет!