Слайд 1АҒАЙЫНДЫ МАЙДАНГЕРЛЕР
Ақтоғай ауданы, С.Ибраев атындағы негізгі орта мектебі
Секциясы:
тарих
Авторы: 1.Сейдуали Мадияр, 8 сынып
2.Сейдіғали Гауһар, 7сынып Жетекші :Жармағанбетова Қарлығаш, физика пәні мұғалімі
Омарбеков Сейдіғали
Омарбеков Сейдуәли
Слайд 2
Аннотация.
Зерттеу мақсаты:
Қазақстан Республикасының әр түрлі себептермен еске алынбай ұмытылып бара
жатқан Ұлы отан соғысының ардагерлері есімін жаңғыртып, жергілікті жердегі жас
ұрпақты сауаттандыру арқылы патриоттық мақтаныш сезімін тудыруға көмектесу.
Гипотезасы:
Егер ардагерлер туралы зерттеп, тың деректер жинау тәжірбиесі іске асырылатын болса;
біріншіден Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеудесін отқа төсеп қаны мен жанын қиған, елге оралмай жат жерден топырақ бұйырған, елге келсе де ерен істері ескерілмей келген көптің бірі боп еңбек еткен есіл ерлеріміздің есімі жергілікті жердің тарихына жаңа бет боп қосылар еді.
екіншіден жас ұрпақты яғни майдангерлердің өз ұрпағын Отансүйгіштіке, елжандылыққа тәрбиелеуде нәтижелі тәрбие көзі айқындалар еді.
Слайд 3Зерттеу барысы мен кезеңдері:
І кезеңде Ақтоғай ауданың бұрынғы «өндіріс» колхозы
таңдалып, соғысқа аттанушылар тізімі жасалды.Соғыс жолдарының картасы жасалды. Сонымен қатар
белгілі және белгісіз деректерді жинақтау мүмкіндікттері анықталды.
ІІ кезеңде жнақталаған деректердің тиімді нәтижесі негізінде ешкімде ешуақытта ұмытылмайтыны айқындалды.
Эксперимент әдістемесі:
Эксперимент әдістері Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы көзі тірі көне көз қарттардан интервью алу арқылы жинақталды.
Практикалық эксперимент негізі деректерді жүйелеп, негізгісін бөліп алу мәселесінен тұрды.
Слайд 4
Зерттеу жаңалығы:
Бұл зерттеудің жаңалығы Ұлы Отан соғыс жеңісінің 65 жылдығына
орай ұлы есімдерді ұлықтай рәсімі жасаудан тұрады.
Зерттеу нәтижесі:
Республикамыздағы ұлы
Отан соғысында қар төсеніп, мұз жастанған, етігімен қан кешкен бабаларымыздың ерлікке толы шежіресін кейінгі ұрпаққа қалдру мәселерін шешуге болатын дәлелдедік.
Практикалық қолдану саласы:
Осы жұмысты Қазақстан Республикасының тарихи мұра және мұрағаттар әкімшілігінің назарына ұсынуға, мектеп оқушыларының тарихи сауатылығын арттыруға, тарихпен шұғылданатын мамандардың негізгі жобаларында, ауданымыздың аты белгілі зерттеуші мұғалімі, аудан тарихын жинақтаушы Т.Ақпанбаеваның «Ақтоғайтану» бағдарламасына хрестоматиялық қосымша ретінде пайдалануға болады.
Слайд 5Омарбеков Сейдіғали
Қоңырат ауданы Өндіріс колхозында 1919 жылы
туған. Отбасында ағасы - Сейдіғазым , апалары –Жақан, Жақанай інілері
–Сейдуали , Кәрім, Мақсұткәрім , қарындасы Шәкен отбасында - 8 бала болған.
Слайд 61928 жылдан бастап 1935 жылға дейін мектепте оқып , 7
класстық білім алған. 1935 жылы әкесі қайтыс болған соң ,
отбасын асырау үшін оқу оқи алмай «Өндіріс» колхозында қолдай жұмыс жасаған .
Слайд 7Ашаршылық ауырлықты көрдіңдер,
Ауыр тұрмыс, қиындыққа төздіңдер.
Балалықтың балын татпай кетсеңде,
Жарқын, бейбіт
болашаққа сендіңдер.
Слайд 81939 жылы міндетті армияға алынып, 1941 жылы міндетін өтеп, қайтайын
деп отырғанда соғыс басталып, 1941 жылдың маусым айынан
1942 жылдың тамыз айына дейін 130 атқыштар полкінде болып, Калинин майданындағы ұрыстарға қатысқан. 1942 жылы сол қолынан жараланып, Уфа қаласында госпитальда жатқан. 1943 жылдан бастап, еңбек батальонында болған. 1945 жылы елге оралған .
1941-1945 жылдар
Қырғын соғыс балаларын анасынан айырды,
Жас өрендер өркен жармай қанатынан қайырылды.
Сан боздаққа топырақ та туған жерден бұйырмай,
Сан ошақтың оты сөніп, мәңгілікке жабылды.
Слайд 9Жеңіс келді қуаныш пен бақыт ойнап жүзінен,
Елге деген сағыныш-мұң байқалғандай
көзінен.
Қаһармандық ерлігі үшін кеудесінде медалі,
Аталарың алғыс алды Сталиннің өзінен.
Слайд 10 1946 жылы сәуірде « Германияны жеңгені үшін» медалімен (куәлік
№ 0250682), 1946 жылы қыркүйекте «Ерлігі үшін» (куәлік
№2859953), Жоғары кеңес президиумының бұйрығымен 1973 жылы 28 мамырда « Еңбек Қызыл ту»орденімен (куәлік №573946), МД Мемлекеттері кеңесінің шешімімен 1997 жылы Ұлы Отан соғысының батыры Г.К.Жуков медалімен, 2004 жылы Украина президенті Л.Кучманың жарлығымен «Украинаның азат етілгеніне -60 жыл» медальдарымен наградталған .
Слайд 11
Еңбек майданындағы ерлігі үшін Жоғарғы кеңестің қаулысымен 1957 жылы 25-
қазанда «Тың жерлерді игергені» үшін, 30 жыл бойы ауыл шаруашылығын
көтерудегі ерен еңбегі үшін, 1970 жылы 20 наурызда В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін», 1985-1995 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске-40, 50 жыл, 1988 жылы 23- ақпанда КСРО қарулы күштеріне-70 жыл мерекелік медальдарымен марапатталған
Слайд 12және бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
Слайд 14 Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда ауыл шаруашылығын көтеру үшін бірден еңбек
майданына араласты. 1945 -1948 жылға дейін Өндіріс колхозында қой фермасының
меңгеруші болған .
1948-1950 жылдар аралығында дейін Қоңырат ауданы Сартерек ауыл советіне қарасты Үш-Өзек колхозында сиыр фермасының меңгерушісі болып істеген
Соғыстан келген майдангерлердің бойында Отанға, елге деген сүйіспеншілік, болашаққа деген сенім жоғары болған. Менің атам солардың бірі еді. Өзінің табандылығымен, қажырлылығымен ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығының арасында, еңбекте елеулі, халқына қалаулы бола білген.
1950 жылдан 1956 жылға дейін Қоңырат ауданы Қуаныш колхозында қой фермасының меңгеруші болып істеген.
1956 жылдан 1959 жылға дейін Қуаныш басқармасының орынбасары болып істеген.
1959 жылдан 1963 жылға дейін Қуаныш колхозында сиыр фермасының меңгеруші болып істесе, ал 1963 жылдан Ақтоғай
ауданы Қаратал совхозының 1 фермасының меңгерушісі
болып 1974 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін
жұмыс жасаған.
Слайд 15 Мен атамды кешегі кеңес заманында елдің ортасынан шығып , 7
кластық білімімен ғана жұртты ұлы мұраттар жолындағы үлкен іске бастап,
елінің мәртебесін көтерген азамат деп білемін. Себебі еңбектегі табыстары үшін 1 рет Кисловодск , 2 рет Москва қалаларына жолдамамен барған.
Слайд 16 30 жыл бойы ферма басқарып, ат үстінен түспеген
атамның аудан, облыс көлеміне танымал адам болғаны
көпшілікке белгілі. Бұл оның Отанына, еліне деген шексіз
сүйіспеншілігінің, алдына қойған мақсатқа жетудегі
табандылығын бір шешімділігін, ақылдылығын көрсетеді.
Елдің айтуынша атам бір сөзді, шыншыл, ақылды,
ойшыл, көп сөйлемейтін адам болыпты. Атам туралы ауыл ақсақалы Смағұлов Қантбек атадан сұрағанымда: « Секең терең ойлайтын парасат пайымы мол жан болатын.
Қандай істің де шешімін табушы еді. Жұмыста қатал, талапшыл тәртіптің адамы еді, түсі қатал көрінгенімен жүрегі жылы жан болды. Елдің бәрі сол кісімен бар шаруасын ақылдасушы еді. Кез келген қиын мәселенің түйінін тез тауып беретін ақылды адам еді . Секеңді сендер түгіл 80-нен асқан менің өзім кейде ақылдасуға, сырласуға іздеймін. Егер баяғының заманы болса бірнеше әулетті басқарып би болатын адам еді,-деді. Атамның халқы үшін еңбек етіп, сол еңбегінің зейнетін кейін көргені ал біздерге тек жақсы өмір бергені, біздің дәл өзіндей халықтың баласы болатымызға сенгені деп ойлаймын.
Слайд 17Балалары
Несіпбек, Нестай, Несіпбай, Түсіпбай, Игібай, Несіпбала, Несіпжан, Насен, Боранбай, Қонысбай
казір әке үлгісімен отбасылы, үбірлі- шүбірлі, бейбіт еңбек
күрескерлері.
Слайд 18Омарбеков Сейдуәли
1924 жылы Қарағанды облысы , Қоңырат ауданы
«Өндіріс» колхозында туған.
Слайд 19 Әскер қатарына 1942 жылы шақырылған. Горький , Москва қалаларында
дайындық жұ мыстарында болып, жүргізуші және атқыш
мамандығын алған.
Слайд 20 Соғыс барысында Катюша командасы құрамында Берлинге дейін барып жауынгерлік жолдан
өткен. 1942 жылдың 27-тамызында қатардағы жауынгер болып соғысқа кірген.
1943 жылы 4-ші Украин майданында, 1944 жылы 3-ші Прибалтика, 1945 жылы 1-ші Белоруссия майдандары құрамында соғысқан және Берлинді азат етуге қатысқан. Өз айтуынша соғыс аяқталғаннан кейін де бірден елге оралмаған. 1946 жылы 5- батареяда қатардағы жүргізуші болған. Жоғарғы Кеңестің Призидиумының 1947 жылдың 4- ақпанындағы жарлығынан кейін ғана елге оралған.
Слайд 21Майдангердің Қызыл Армия кітапшасында
(Красноармейская книжка) Севастополь, Рига, Николаев қалаларын
азат еткені, Одер өзенін алғаны, Берлин қаласын азат еткені үшін
Жоғарғы қолбасшы Сталиннен алғыс алғаны жазылған.
Слайд 22 Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін, «1941-1945
жж. арасындағы соғыс ардагері» белгісімен, 1947 жылы 16-тамызда «Ерлігі үшін»
(№ 2843669), «Германияны жеңгені үшін», Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларына қарсы көрсеткен ерлігі үшін Жоғарғы Кеңестің Президиумының 1985 жылғы 11-наурыздағы жарлығымен 2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен (№1756223), МД Мемлекеттері кеңесінің шешімімен 1997 жылы Ұлы Отан соғысының батыры Г.К.Жуков медалімен марапатталған.
Слайд 23 Ұлы Отан соғысының 50, 60 жылдық мерекелік медальмен, 1988
жылы 23- ақпанда КСРО қарулы күштеріне-70 жыл мерекелік медалімен марапатталған.
Слайд 24
Атамның өз айтуынша «Катюшаның тілін меңгеріп атқыштық мамандықты игердім .
Сол кезде жақсы дамыған соғыс қаруы Катюша болатын. Бір атқанда
да бірнеше снаряд 18-20 км –ге дейін жетіп жарылатын . Сонда мен мергендігіммен танылғам», - дейтін.
Слайд 25 «1947 жылы елге аман-есен оралғаннан кейін « Қуаныш» ауылының жанындағы
«Берікқара» руднигінде 1950 жылға дейін жұмыскер болып жұмыс жасады. 1950
жылдан бастап жүргізуші болды. Бір ғана ГАЗ – 51 машинасын күтіп баптап 30 жыл жүргізді. Жары Аманжолова Майрамен тату-тәтті өмір сүрді. Адамдықтың шеңберінен ауытқымай қарапайымдылығымен, кішіпейілділігімен үлкеннің де, кішінің де көңілін тапқан адам еді»,- деп еске алады ауыл қариясы Ақторғаев Жүзбай ата .
Слайд 26Балалары: Төлеген, Мағила, Бақытжан, Елеген, Сәкен, Бауыржан. Олардан
немере, шөбере сүйді. Атамның бойындағы еңбекқорлық, адамгершілік, қайырымдылық
сияқты ізгі қасиеттер ұрпақтарының бойына да сіңген деп ойлаймын. Себебі біздер, ұрпақтары намысшыл да, өршіл болып өсіп келеміз. «Әке көрген оқ жонар »- деген осы.
Слайд 27Жауды жеңіп, ерлікпенен елге аман оралды,
Отты жылдан естелік боп атақпенен
даңқ қалды.
Қиындықта бірге болып, жеңеміз деп бас қосып,
Аққайша мен Майра
әжемен болашаққа бет алды.
Слайд 28 Елде қалған жұрт тұтасымен майдандағы армияны азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ету
жұмыстарына жұмылдырылды. «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін!»,-
деген ұрандармен жұмыс істеген олар өздерінің ашқұрсақ жүргендеріне қарамай, бәрін де майдандағы жауынгерлерге жіберуге тырысты. Өйткені, олар жау тезірек жеңілсе, қиындықтан құтылар едік деп ойлады. Сөйтіп, барлық қазақстандықтар да Жеңісті жақындатып, сол күннің тезірек тууына бір кісідей ат салысты. Сондықтан да бұл Жеңістің бағасы өте қымбат. Ер азаматтар қан майданда жан қиярлықтың қаһарман пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жатқанда тылда мылтықсыз майдан басталған еді « Елде қалған аналар, атқа отыруға жараған балалар 8-9 жасынан бастап ауыр жұмыстар жасады. Таң атқаннан күн батқанша жұмыс жасап соғыстағы жарларына, балаларына, бауырларына алаңдап жүрседе, сол аналар сабырлы да көңілді болушы еді. Әзілдері, өлеңдерін айтып әңгімелері жараса кететін. Ол кездегі адамдардың пейілі кең еді»-, деп, еске алады менің әжем Омарбекова Аққайша Бейсенбайқызы. Әжем еңбек ардагері медалінің және алтын алқаның иегері.
Немере шөбере сүйіп отырған бақытты әже .
Слайд 29Аталардың өмір жолын арқау етем мен бүгін,
Қамықпастан көтергендер еңбекте де
нар жүрген.
Тең ұстаған биік рух пен адамдықтың ақ туын,
Мақтан етем
еңбектегі қайсарлығын, ерлігін.
Слайд 30Атаға арнау
Егер ата өзіңіз болмасаңыз,
Жер қайысқан жауды біз жеңбес
пе едік.
Егер ата өзіңіз болмасаңыз,
Ұрпақ болып өмірге келмес пе едік.
Тағызым
етіп рухыңа немерелер,
Аталарым сіздермен тілдеселік.
Тағылымды тағдырларың болмаса егер,
Сүюді ел мен жерді белмес те едік.
Жаудан беті қайтпаған бабалардың,
Қайсарлығын қайталап көрдіңіздер.
Ақыл, қайрат жүректі қатар ұстап,
Намысты қолдан бермей жеңдіңіздер.
Қайсарлық төзімділік елді сүю,
Басты парыз екенін білдіңіздер.
Арттарыңда біздердей ұлқызың бар,
Өшпейтін ізі қалдырдың ата сіздер.
Айтар әлі талай ұрпақ ән қылып,
Ұрпақтардың еске алуы заңдылық.
Отан үшін от кешкен аға ұрпақтың,
Есімдері есте қалар мәңгілік. Г.Сейдіғали
Слайд 31Батырлығын әкелердің айтар ұрпақ ән қылып,
Соғыс өтті жазылмайтын, өшпес ізін
қалдырып,
Біреулердің өр жастығын біреулердің өмірлерін ұрлаған,
65-жыл өтсе-дағы жүректе тұр жаңғырып.
Слайд 32Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!