сәуірде алғашқы президенттік сайлау өтті. Ол кезде Қазақ КСР-інің Президентін
Жоғарғы Кеңес 6 жыл мерзімге сайлаған еді.Президенттік сайлауды өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының өкілеттігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен 25 адамнан құрылған Қазақ КСР-і халық депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясына жүктелген болатын.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына Жоғарғы Кеңестің 317 депутаты (88,1 %) дауыс берді және ол Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды.
Президенттің бастамашылығымен 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.