Слайд 1тренинг
“Сенімділік –
қарым-қатынас үйлесімділігі
Слайд 3Сабақтың мақсаты:топтағы жеке тұлғаның тепе-теңдігін,сенімді мінез-құлқын дамыту.
Сабақтың міндеттері:
▪ топтың жұмысы үшін жағымды жағдай жасау;
▪ өз позициясын
дәлелдеу тәсіліне үйрету
▪ сенімді әрекет және сенімділік сезімін жоғарылату;
▪ өзін-өзі бағалауын нақтылау және жеке қасиеттерін өзектендіру үшін жағымды кері байланысты алу.
Сабақтың түрі: тренинг
Сабақтың көрнекілігі: май шам
Слайд 4Тренингтің бағдарламасы
1.«Бумба-юмба тайпасы» жаттығуы. 2.«Шабуылшы және қорғанушы» жаттығуы
3. «Поезд»
жаттығуы.
4.«Майшам» жаттығуы.
5.«Мен саған сенемін» жаттығуы.
6.Жүректен жүрекке.
Слайд 5Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Сәлемдесу. «Бумба-юмба тайпасы» жаттығуы.
Психолог: Біз сіздермен
барлығымыз «Бумба-юмба» тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты
бойынша былай амандасуымыз керек. Алақанымызды 1 рет соққанда қасымыздағы адаммен мұрнымызды үйкелестіреміз. Белгі бойынша алақанды 2 рет соққанда бір-бірімізге арқамызды түйістіріп, үйкелесу керек.
Рефлексия: Сіз қандай сезімде болдыңыз?
Уақыты: 10 минут
Слайд 6ІІ. Негізгі бөлім
Ақпараттық блок
Психолог: Күнделікті өмірде адам баласы сан түрлі қуанышты немесе келеңсіз жағдайларға ұшырасып жатады. Осы жағдайларда шығу немесе жағдайға байланысты тиімді шешім қабылдау адамның өз-өзіне сенімділігіне де байланысты. Тұлғаның өз-өзіне сенімсіздігінің басты ерекшелігі - әлеуметтік іс-әрекетте жеке өзін көрсетуден қашқақтау болып табылады. Оның ойынша, өз ойын, жетістіктерін, қалаулары мен қажеттіліктерін білдіру жағымсыз, не мүмкін емес, не оның құндылықтар жүйесінде маңызы жоқ. Ал өз-өзіне сенімділігі жоғары адам дауыс ырғағы қатты, серіктесінің көзіне тіке қарай алатын, өз ойын анық және нақты білдіруге қабілетті. Өзіне сенімді адамдар өз сенімін, қалауын, көзқарасын еркін білдіре алады.
Бұл қабілеттер өздігінен қалыптасады немесе адам дүниеге сенімді болып келеді деуге болмайды.
Өйткені өз-өзіне сенімділік барлық әлеуметтік ортамен қарым-қатынаста қалыптасады.
Сондықтан да бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбын «Сенімділік – қарым-қатынас үйлесімділігі» деп алуды жөн санадым.
Слайд 7«Шабуылшы және қорғанушы» жаттығуы
Топ қатысушылары жұпқа бөлініп, диалог жүргізеді. Шабуылшы
өз билігін сезініп, қорғанушыға сілтейді, ұрысады, сын айтады, талап етеді,
қатты сөйлейді, яғни «шабуылдайды». Қорғанушы кешірім сұрайды, ақталады, жай және қысқа сөйлеуге тырысады, яғни қорғанады. 3 минуттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады. Әрбіреуі шабуылшының билігін, беделін және қорғанушының іс-әрекеттік енжарлығын толықтай сезінуі керек.
Рефлексия
Әрбір рөлде өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Қай рөл жаныңызға жақын, ал қайсысы қиын болды?
Уақыты: 10 минут
Слайд 8«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен 1-2-ге санап шығуымыз
керек. 1-нөмірдегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет
тарсылдатады, ал 2-нөмірдегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездің жүру дыбысы естіледі.
Рефлексия
Сіз қандай сезімде болдыңыз?
Уақыты: 10 минут
Слайд 9ІІІ.Қорытынды бөлім
Қоштасу.
«Майшам» жаттығуы.
Психолог: Біздің сабағымыз
аяқталуда. Ендеше, мен қазір майшамды жағамын. Оны бір-бірімізге бере отырып,
алғысымызды білдіреміз. Рахмет!
Уақыты: 5 минут
Слайд 10«Мен саған сенемін» жаттығуы.
Психолог: Жұпқа бірігеміз. Бір-біріңізге қарама қарсы орналасыңыз.
Азғантай уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге тіке қарап, тыныш отырыңыз. Енді бір-біріңізге
«Мен саған сенемін, өйткені...» деп сөйлемді жалғастырыңыз. Мысалы: «Мен саған сенемін, өйткені сен ешқашан маған жаман сөз айтпайсың». 1 сөйлемнен айтылады. Рефлексия: Қазір не сезіндіңіз?Сізге орындау қиын болды ма?
Уақыты: 10м
Слайд 11Шаттық шеңбері
Бір ауыз сөз қасиетті тыяды,
Бір ауыз сөз айықпас дерт
жияды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөз жаманатқа
қияды
Бір ауыз сөз таң шолпанын әперер
Бір ауыз сөз анаңдай боп мәпелер.
Бір ауыз сөз :”Ұл туды!”-деп қуантса,
Бір ауыз сөз әке өлімін әкелер.
Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.
Бір ауыз сөз жан тетігін табады,
Бір ауыз сөз мың әуреге салады.
Қимас жандар көз жұмарда қоштасып,
Бір-ақ ауыз сөз айтысып,сөз айтысып қалады.