Слайд 1СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Дайындаған: Мамутова С. М.
Слайд 2“Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол - аяғымызды қалай
қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, білімді тарланбоз жүйріктерін
қолдауға, қорғауға міндетті.”
«Дарынды тұлға – халқымыздың
ең қымбат байлығы».
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 3 Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың
қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі.
Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «Дарындылық» - асқан қабілеттілік, зеректік, алғырлық.
Слайд 4
белгілі бір іс-әрекет түрінде жарқын, нақты
және өте жоғары жетістікке жетіп жүрген баланы атаймыз.
Дарынды бала -
Слайд 5Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы
Ғылыми – әдеби шығармашылықпен айналысатын
Толыққанды ой-санасы артқан
тұлға
Алған мәліметтерді өз ой-елегінен өткізіп, қабылдайтын
Өзіндік ой-пікірі қалыптасқан оқушы
Қазіргі озық
технология негізінде әлемдік ақпараттан хабардар
ДАРЫНДЫ
БАЛА
Слайд 6 Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты —
олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал
мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек?
Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі және сынып жетекші өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.
Слайд 7
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаттары мен міндеттері:
1. Баланың шығармашылық қабілетін
және өз бетінше
шығармашылық ізденісін дамыту;
2. Пәнге терең
қызығушылығын арттыру;
3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
4. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму,
деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
5. Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту;
6. Білімнің бағасын арттыру.
Слайд 8Дарынды балалардың ерекшеліктері:
1. Басқалардан өзгеше әрі шапшаң ойлайды, соның
арқасында білімді еркін әрі молынан меңгереді, сөздік қоры мол, есте
сақтау қабілеттері жоғары, зерттеуші, өзіне сенімді, қиыншылықтан қорықпайды, түсінігі мен танымы жоғары, тым сезімтал, әділетті, әзілқой;
2. Олардың физикалық тұрғыдағы ерекшеліктері - дамудағы жеделдік, ақындарша сөйлеу, жиі-жиі ойға берілуі және қиялының байлығы.
Слайд 9
Таланттылық пен дарындылықты дамыту үшін жаңа ұтымды әдістер
*Оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері
*Мақсат
қою технологиясы
*Пікірсайыс
*Миға шабуыл әдісі
*Зерттеушілік оқыту технологиясы
Слайд 10Негізгі мақсаттары:
Талантты балалардың әлеуметтік – мәдениеттік қалыптасуына көмектесу
Мемлекетіміздің зерделі потенциалын
қалыптастыруға үлес қосу
Дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі стратегиясын белгілеу
Сынып
жетекшінің дарынды балалармен жұмыс жүйесі:
Слайд 11Сынып жетекшінің жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:
Бірінші кезең Ерекше
қабілетті оқушыларды анықтау
Екінші кезең Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау
Үшіші кезең
Ой
өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру
Төртінші кезең Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу
Слайд 12 Дарындылық типологиясын түсіну – мұғалімнің дарынды оқушылармен жұмыс істеудің
негізгі алғашқы қадамы болып табылады.
Слайд 14Жеке тұлға дарындылығының дамытудың кешенді жинағы
Слайд 15Спорттық және көркемдік сайыстар
Слайд 16Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы ма?
Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі
П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін
дәлелдеді.
Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын, көбіне, түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шығармаған жөн.
Слайд 17Сынып жетекші тарапынан дарынды балаларға қолдау көрсету
Сынып ішінде психо-эмоционалды климатты
қалыптастыру;
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен
қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.);
Физиологиялық денсаулығын бақылап отыру;
Демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;
Мектеп психологымен тығыз байланыста болып психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау, консультация, профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру, жинақтау, тарату т.б.);
Қажетіне қарай жағдай туғызу;
Кітапханамен тығыз байланыс, қажетті материалдар қарастыру.
Слайд 18.
Сынып жетекшінің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
Дарынды оқушымен
жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
Оқушымен қарым-қатынастың болуы;
Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
Дарынды
оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.
Слайд 19Сынып жетекшінің дарынды оқушыға берер психологиялық әсері
- "сенің қолыңнан
бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп,
сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Слайд 20
Дарынды балалармен жұмыс жасағанада екі шектен шығатын жағдайлардан сақ болу
керек:
*Балаға ерекше құқығы бар тұлға ретінде қараудан және аса көтермелеуден
*«Жұлдыз
сезімімен» қарсы күрес барысында интеллектуалдық жетістіктерін жоққа шығарудан және құрдастары арасында ар-абыройын төмендетуден.
Слайд 21Сынып жетекшінің дарынды балалармен жұмыс істеуде ата-аналарға беретін кеңестері:
Балаңызға
өзінің мүмкіндігін оятып, ашылуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін қауіпсіз психологиялық
көмек беріңіз
Балаңыздың шығармашылыққа деген ұмтылысы мен қабілетін әрқашан қолдап, демеп тұрыңыз және тәжірибелерінің сәтсіздікке ұшыраған жағдайларында жанашырлық білдіріңіз. Сонымен қатар тәжірибені сынап, жаман баға беруді болдырмаңыз.
Балаңыздың түрлі түсініксіз ойларына сабырлықпен қарап, бәрін бірден білгісі келетінін және шексіз сұрақтарын құрметтей біліңіз. Шектен тыс немесе қойылмайтын жабайы сұрақтарына мүмкіндігінше жауап беруге тырысыңыз.
Егер бала қаласа, оған өзінің ойларымен жалғыз қалуға, істерімен өзі айналысуға мүмкіндік беріңіз. Өз ісінің «бастығы» болу балаңыздың шығармашылығын тез жетілдіруге жол ашады.
Балаңыздың негізгі адамдық қажеттіліктеріне толық қанағат болуын қадағалап отырыңыз. Яғни, қауіпсіздік сезімі, балаға деген махаббат, қоршаған ортаға және өзіне деген құрмет, әрқашан болуы тиіс.
Балаңызға өзін-өзі жеке әрі дарынды тұлға ретінде құрметтеуді және бағалауды үйретіңіз. Алайда оның мінез-құлқы мәдениеттілік шегінен аспауы тиіс.
Слайд 22Айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын
іріктеп алуға болады:
1. Сабақтар;
2. Пәндік үйірмелер;
3. Тіл мерекесі;
4. Әдеби оқулар;
5.
Олимпиадалар; қашықтық олимпиадалар
6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
Слайд 25Сыныптың қашықтық олимпиадаларға қатысуы
Слайд 26Сыныптың ашық сабақтарға және семинарларға қатысуы
Слайд 27Журналистік қабілеті бар оқушылар шығармашылығы
Слайд 30 Сыныптың сыныптан тыс іс-шараларға қатысуы
Слайд 31Сыныбымдағы дарынды оқушылар мынадай дәрежеге жетті:
- Оқушының оқуға деген құштарлығы
артты.
- Оқушылардың танымдық қабілеттері танылды. .
- Өз бетімен білмегенін үйренуді
мақсат етеді.
-Бәсекелестік қабілеттері пайда болды.
- Кітапханамен, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болды.
- Ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді.
- Жаны таза, мейірімді, тәрбиелі оқушы атанды.
- Білімге деген қажеттілікті ұғынды.
- Өнер-білімге құштарланды.
- Аңғарғыш, көреген, төзімді, қанағатшыл болуға үйренді.
Слайд 325 А сынып оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттері
1.Физика және математика 12
бала - 45%
2.Химия –жоқ - 0%
3. Электро және радиотехника
- жоқ - 0%
4.Техника – жоқ - 0%
5.Геология және география – 7бала – 25 %
6.Биология және ауыл шаруашылығы – 5 бала - 18%
7.Философия, филология және журналистика – 10 бала -25%
8.Тарих -3 бала- 9 %
9. Педагогика – жоқ – 0%
10.Медицина – жоқ – 0%
11. Әлеуметтік жұмыс – жоқ - 0%
12.Өнер – 3 бала -9 %
13.Спорт – 5 – 15%