Слайд 1Жанымыз жақсылықтан жаралған,
Жүрегіміз мейірімнен нұрланған.
(ата-аналар арасындағы тренинг)
Слайд 2Мақсаты:
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-
ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Слайд 3Міндеттері:
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларды
білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына
ықпал ету.
Слайд 4 Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен
еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
Слайд 5«Танысу» жаттығуы.
Қолымдағы допты ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға беріп,
есімдерін айтқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айту.
Слайд 6«Ой қозғау».
Ата-аналарға сұрақ:
1.Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
2.Білім
алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба?
3.Мектептен оралғанда көңіл күйіне мән
бересіз бе?
4.Балаңыздың достарын білесіз бе?
Слайд 7Ұстаздарға сұрақ:
1.Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе?
2.Баламен қарым-қатынаста ата-ананың қызметі
сізді қызықтыра ма?
3.Баланың білім алуы мен
тәрбиесіне жауаптымын
деп ойлайсыз ба?
4.Сабақта баланың көңіл-күйіне мән бересіз бе?
Слайд 8Оқушыларға сұрақ:
1.Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсыз?
2.Саған ұстаздың қандай
қасиеттері ұнайды?
3.Сынып жетекші мен ата-ана арасында қарым-қатынас қандай болуы керек?
4.Ата-анаңызбен,
ұстаздармен, сыныптастарыңмен түсініспеушілік жиі бола ма?
Слайд 9Сергіту сәті: «Жануарлар әлемі».
Нұсқау: «Мен сіздерге үй жануарларының аттары жазылған
текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанады. Мысалы: егер сіздің
қолыңызға үй жануары қоян деп жазылған текше тисе, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз». Осылайша үй жануарлары, құстар, дала жануарлары болып бөлінуіміз керек. енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсыңыздың міндеттеріңіз- өз сыңарларын табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыз, тек сол жануардың өзіне тән түрлі қимылдары арқылы білдіре аласыз. Бір сөзбен айтқанда, кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыздар. Сіз өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыздар, бірақ үндемейсіздер, сөйлемейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқаннан кейін, психолог «Сіз кімсіз» деп сұрап шығады.
Ойын қалай болды, жұбыңызды табу қиын болды ма? т.б сұрақтар қою арқылы ойынды қорытындылау.
Слайд 10«Кездейсоқ жағдайдан шығу»
Ата-аналарға:
Сіз тәрбиелі отбасысыз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой
алдырып бара жатқанын байқадыңыз, балаңызды қалай қорғап қаласыз.
Слайд 11Ұстаздарға:
Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты
күлкісі естілді. Сіз оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тік
қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап, күлкім келді»,- дейді. Сіз қандай шара қолданасыз?
Слайд 12Оқушыларға:
Сен сабаққа кешігіп келдің, түсте үйге де кешігіп келдің.
Ұстазыңа неге
кешіккеніңді, ата-анаңа неге кешіккеніңді қалай түсіндіресің, осы жағдайдан қалай шығасың.
«Бақыттылық
дегенді қалай түсінеміз?»
әр адам бір сөзбен өз ойын айтып шығу керек. Сонан соң психолог интерактивті тақта бойынша бақыттылық жайында түсінік жұмысын айту.
Слайд 13 Сергіту сәті:
«Қонақтарға хат жолдау».
Оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға табақша түрлі түсті конверттер ұсынылады. Әр адам
өзіне ұнаған түстегі конвертті алып ашады. Конверттің ішінде әр түстің мінездемесі жазылған.