тану пәнінің мұғалімі
Боқырова Аяжан Болатбайқызының
“Құндылықтар практикасы” атты
П О Р Т Ф О Л И О С Ы
Сабақ мақсаты: Оқушыларға халқына қызмет етуін түсіндіре отырып,
ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: 1.Оқушыларға қарапайымдылық ұғымын түсіндіру.
2. Оқушылардың өзіне сенімділігін дамыту.
3. Оқушыларды ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын тексеру. 26- сабақ. 116 беттегі Н.Назарбаев әңгімесі.
Тудың түсінде қандай идея бар?
Аспан аясындағы қалықтаған бүркіттің мағынасы қандай?
Қазақстан азаматы нені қасиет тұтуы керек?
Елді біріктіріп отырған қандай күш?
Өмірде өзіне өзі сенімді болу дегенді қалай түсінесіндер?
6.Өзіңді қаншалықты ұстамдымын деп есептейсің?
Мұғалім сыйы:1. 70 жастағы Уолтер Грин не үшін өзгерді?
2. Грин рахмет айтуды кімнен бастады?
3. Рахмет айту нәтижесінде Гриннің өміріне қандай өзгеріс әкелді?
4. Адамға шынайы ризашылылық білдірудің маңыздылығы қандай ?
5. Өмірде қарапайым адамдар бар ма?
6. Өзің қаншалықты алғыс білдіресің ?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. « Менің адал қызметім » жоба қорғау.
Топпен ән айту: “ Асыл азамат”
Үй тапсырмасы. 27 –сабақ. 119- беттегі. А.Сейдімбек мәтінін оқып келу.Оқушы дәптерінен 26 – сабақтан менің түйгенім тапсырмасын орындау.
Сабақтың қорытынды минуты.
Мұғалім сыйы:
Азамат :«Біз ризашылықты үнемі айтып жеткізе алмаймыз, күнделікті өмірде ризашылық білдіру адамның адамгершілік қасиетін білдіреді, жастарға жақсылық жасауға ой салады , егер мен қасымдағы досыма ризашылық білдірсем, менің айтқан сөзім мен жасаған ісім өзіме, достарыма оң әсерін тигізеді »
Топтық жұмыстағы жауаптар:
« біз қандай қызмет жасасақ та адал, әрі қарапайымдылық пен өзімізге деген сенімділігімізбен, Отанға, отбасына, достарымызға және жалпы қоғамға адал болуымыз қажет »
Ұсыныс: мұғалім сыйына нақты құндылық ашатын сұраққа тоқталу,уақытты тиімді пайдалану.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға су, табиғаттағы су айналымы, пайдасы,
адам өміріндегі маңызы, тигізетін әсері туралы ұғым, қалыптастыру,
судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуі туралы алған
білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- оқушыларға судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуін ұғындыру;
-шығармашылық қабілеттерін, жағымды әрекет жасай білу іскерліктерін,
ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларды табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, қамқорлық,
мейірімділік , кішіпейілділікке тәрбиелеу;
Үй тапсырмасын сұрау. Адам бойындағы ішкі табиғаты ,болмысы
туралы не ойлайсыздар?
Ғалымдар судан шыққан дыбыстың жылдам тарайтынын дәлелдеген, адамның жасаған жақсылығы қаншалықты тез тарайды ? Амир: жасаған жақсылығымызды ешқашан есептемей, үнемі айтып жүрудің қажеті жоқ, егер сен кез – келген жерде жақсылыққа қарай ұмтылып ,жақсылық жасай білсең алғыс аласың және сол жақсылық алдыңнан шығады.
Біз мөлдір тазалығымызды қалай сақтаймыз? Сабаққа көп қатыспайтын отыратын Алимжан:егер біз ешкімге қиянат жасамасақ,мейірімді,кішіпейіл, кешірімді бол-сақ, ешқандай жаман ойлар ойламай, жақсы ойлар ойлап отырсақ , ішіміз таза ,мөлдір судай болады.
Мақсаты: Мұғалімдердің жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық
– педагогикалық негіздері
туралы түсінік беру.
Бағдарламаның аксиологиялық негіздері туралы түсініктері жайында
танымын кеңейту.
Мұғалімнің рөлі. Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдалану
арқылы интеграцияланған сабақты жоспарлауға шақыру.
Жоспар:
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының
психологиялық – педагогикалық негіздері.
. «Өзін – өзі тану » рухани – адамгершілік білім
беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
. Мұғалімнің рөлі. Бағдарламаның түйінді идеяларын
пайдалану арқылы интеграцияланған сабақты жоспарлауға шақыру.
Избасова А: «Құндылықтарды баланың бойынан
шығармас бұрын, бірінші өзіміздің бойымыздан
шығарғанымыз дұрыс деп білемін »
Еспаганбетова С: « өзін – өзі тану пәнін менің бастауыш кластағы дүниетану, математика сабақтарына кіріктіруге болатын тақырыптарды ойластырып отырмын, алдағы уақытта осы жұмысты қолға аламын »
Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттері жақсылық жасау, үлкенге
құрмет білдіру, қайырымдылық көрсету және кішіге ізет көрсете білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Адамдардың бір –біріне деген жылы сезімдері болатынын үйрету.
Ізгілік жасау арқылы ,тек жақсылық ойлауға дағдыландыру.
Мейірімді, қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жоспары:
Оқушылар мен ұстаздарға арналған хабарлама ілу.
Мектептің әлеуметтік қызметкерімен пікірлесу.
Дөңгелек үстел жасау.
Іс-шараны өткізудің жоспары.
Көмекті қажет етіп отырған балалары жоқ үлкен қарттар Мапасан ата мен Айнаш
әжейдің отбасыларына барып көмектесу.(үйін жинау немесе қарларын тазалау.)
Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуге арналған отырыс ұйымдастыру,
пікірлесу.
Оқушылардың алдағы уақытта қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды
өздері жоспарлауы туралы ұсыныстарын тыңдау.
Мақсаты: Ата –аналардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы
түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының
психологиялық – педагогикалық негіздері туралы түсінік беру.
Бағдарламаның аксиологиялық негіздері туралы түсініктерін
қалыптастыру.
. Ұлдар мен қыздар тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі,
балаға үлгілі ата –ана болуға шақыру.
Жоспар
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының
психологиялық – педагогикалық негіздері.
«Өзін – өзі тану » рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының
аксиологиялық негіздері.
Ұлдар мен қыздар тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі.
«Өзін –өзі тану пәнін оқытудан Сіз қандай нәтиже күтесіз?» деген сауалнама бойынша «жақсы жақтары ұшан теңіз, баланы шынайы өмірге баулиды және жалпы-адамзаттық құндылықтарын жарыққа шығаруға көп көмегі тиеді»
Егер адамды бәйтерек ағашына теңесек оның адам болып дүниеге келгенін,
болмысын, тамырын - ақиқат деп танысақ, ағашты сумен суарып, суды
сүйіспеншілікке теңейміз,осы мәңгілік болмысыңды ақиқатты сүйіспеншілікпен
суарсақ, дұрыс әрекет танытамыз,бәйтерек діңі берік болса, ішкі тыныштығымыз
орнап, ешкімге қиянат жасамай, көзімізбен жайдары, шуақты өмірді ғана көреміз,
көзіміз шуақты көргеннен кейін ағашымыз тәтті жемісінбереді. Осы мәңгілік
құндылықтардың ішіндегі ақиқат құндылығына тоқтасам, адамның дүниеге
келуіне себепші жаратушымыздың бар екенін мойындау және оның барлық
адамның өсуі мен өну ықпалдығына шынайылықпен қарау, өмірдегі ақиқаттың
барын мойындай білуі керек .Барлық қоршаған әлем мен айналаға ақиқатпен
қарау және ақиқат бар, ол әр жерде екенін мойындай алу.
Ақиқат– адамның ойларының өзгермейтін қасиеті деп есептеймін, оны жарыққа шығару адамның шынайы болмысын түсінуге, тануға көмектеседі, шындығында адамның болмысын түсіне алмай жатамыз, өйткені қазіргі қоғамдағы сыртқы күштердің, адамдардың арасындағы алаауыздық, бір – біріне деген сенімсіздіктің әсерлерінен адам өз мінезі мен табиғи болмысын тани алмай жатады.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть