Слайд 1Есімдіктің
сөйлемдегі
қызметі
Слайд 2 Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар (есімдіктер)
қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес
(заттық, сындық, сандық т. б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мысал үщін сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім, не, қай сұрау есімдіктерін алайық. Сонда сен, ол кім? Не? Есімдіктері заттық ұғымды білдіретін сөздердің, бұл, сол, қай? Есімдіктері белгі атауларының орынбасарлары болып шығады.
Есімдік
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі – есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады.Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мезгеу арқылы білдіреді.Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: Ол Прутковтың барлық афоризмін білетін (С. Ерубааев) ; Сен қымсынба артыңда біз бармыз (М. Әуезов) .
Слайд 4 Мағыналарына қарай есімдіктер
мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жіктеу
2. Сілтеу
3. Сұрау
4. Өздік
5.Белгісіздік
6.Болымсыздық
7. Жалпылау
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол,
біз (біздер) , сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері сан жағынан аз болғанымен, қызметі жағынан есімдіктердің ішіндегі аса жиі қолданылатын тобы. Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Жіктеу есімдіктерінің ІІІ жағы, әдетте, сілтеу есімдігімен ортақ болып келеді. Қазақ тіліндегі жіктеу есімдгінің ІІІ жағы делініп есептелетін ол деген сөз кейде жіктеу есімдігінің ІІІ жағы ретінде жұмсалады (мысалы: ол айтты, ол келді, ол-студент), кейде сілтеу есімдігі ретінде жұмсалады (мысалы: ол кезде, ол кісі, ол кітапша...т. б.)
Сілтеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы,
сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне, деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? Қайсы? Деген сұраққа жауап береді. Дегенмен, сілтеуу есімдіктерінің барлығының мағыналары бірдей, бір дәрежеде бола бермейді. Сілтеу есімдіктерінің мағыналарын екі тұрғыдан қараған жөн. Біріншіден, сілтеу есімдіктерінің мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардың мағыналарын, уақыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру тұрғысынан қарау қажет.
Слайд 7
Сұрау есімдіктері
Сұрау
есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
Бұлардан
басқа да бірнеше сұрау есімідктері бар, бірақ олар – белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер. Мысалы: нешеу? нешінші? Деген сұрау есімдіктері сан есімдердің морфологиялық (тұлғалық) формаларына сәйкестеніп, демек, сан есімнің қосымшалары арқылы неше? деген негізгі сұрау есімдігінен жасалған (нешеу? – төртеу; нешінші? – төртінші) .
Слайд 8 Өздік есімдік
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі
жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз
деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Мысалы: Жас екенсің рас, бірақ алғашқыкезде өзім көмектесіп, қамқорлық боламын ғой (С.Көбеев).Тәуелдеулі өздік есімдік тәуелдеулі зат есімше септеледі, мысалы: Атау өзім - әкем Ілік өзімнің - әкемнің
Барыс өзіме - әкеме
Табыс өзімді - әкемді
Жатыс өзімде - әкемде
Шығыс өзімнен - әкемнен
Көмектес өзіммен - әкеммен
Слайд 9.
Белгісіздік есімдіктері
Белгісіздік есімдер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде
білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Қыр жолаушысы сияқтанған біреу кіріп келді (М.Әуезов). Белгісіздік есімдіктердің жасалуына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. М:
Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).
Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.
Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан.
есімдіктері
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы
жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т.т.). Бұлардың ішінен заттық (субстанциялық) ұғым білдіретіндері – ешкім, ештеме, (ештеңе), ешқайсы дегендер. Ешбір, ешқандай дегендер – аттрибутивтік ұғымдағы сөздер.
Слайд 11Жалпылау есімдіктері
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, түгел
деген сөздер ғана жатады.
Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде
екі я одан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Ат шабыс, көкпар, серке, тарту, теңге алу, балуан күрестіру – баршасы да осы күні болып жатыр. (М. Әуезов). Жасауыл ұйқыдағы бәрі де үнсіз, Озбырға обал бар ма, өлсе құнсыз? (Н. Ахметбеков)