Слайд 110 дәріс
Терапевтік мақсаттағы медициналық құралдар
Слайд 2 Электромагниттік өріс және токпен әсер ету кезіндегі ұлпалардағы физикалық
үрдістер.
Жоғары жиілікті терапия әдістері (ЖЖ,УЖЖ,АЖЖ және т.б) және олардың
биофизикалық әсері.
Тұрақты токтың ағза ұлпаларына әсері. Гальванизация.
Терапевті электронды медициналық аппаратура.
Сұрақтары:
Слайд 3Барлық заттар зарядтар жүйесі болып табылатын молекулалардан тұрады. Сондықтан әр
ағзаның күйі ол арқылы өтетін токқа және әсер ететін электромагниттік
толқындарға тәуелді.
Слайд 4Биологиялық жүйенің электрлік қасиеті басқа объектілерге қарағанда күрделі және ол
иондар жиынтығынан тұрады.
Токтың және электромагниттік өрістің ағза ұлпаларына алғашқы
әсері физикалық болып табылады.
Слайд 5Жоғары жиілікті тербелістердің қолданылуы
Электрлік тербелістер жиіліктеріне қарай бірнеше диапазондарға
бөлінеді:
Төменгі жиілікті — жиілігі 20 Гц-тен төмен;
Дыбысты жиілікте
— 20 Гц 20 кГц;
Ультрадыбыстық жиілікте (УД) — 20 200 кГц (жоғары);
Жоғарғы жиілікті (ЖЖ) — 0,2 30 МГц;
Ультра жоғарғы жиілікті (УЖЖ) —30 300 МГц;
Аса жоғары жиілікте (АЖЖ)—300 МГц – тен жоғары.
Слайд 6Ағзаға әсер ететін айнымалы ток жиілікке тәуелді. Төменгі, дыбыстық және
ультрадыбыстық жиіліктегі айнымалы ток биологиялық ұлпаларға тітіркендіргіштік әсер береді.
Бұл
құбылыс электролит ерітінділеріндегі иондардың ығысуымен түсіндіріледі.
Слайд 7Жоғары жиіліктегі терапия әдістері дарсонвализация және диатермия. Алғашқысын француз физиологы
және дәрігері Дарсонваль ұсынған.
Слайд 8Дарсонвализация
әлсіз жоғары жиілікті разрядпен нерв талшықтарына тері мен шыршықты
қабықшасы арқылы әсер етіледі.
Электродқа айнымалы жоғары жиілікті кернеу (бірнеше киловольт)
беріледі. Бұл кезде ток өте әлсіз және өшетін тербеліс жағдайында болғандықтан ұлпаларда жылулық эффект тудырмайды.
Жиілік 500 кГц.
Слайд 9Тері қабатының дарсонвализациясы
Слайд 10Терапевтік диатермия (терең жылу беру)
Ағзаның ішкі бөліктерінде жатқан ұлпаларды
жоғары жиілікті жылу беру арқылы емдеу әдісі. (жиілігі
).
Электрод астындағы тері және тері асты жасушалары арқылы ток өткенде олар тармақталады да, терең аймақтардағы ток өткізгіш ұлпаларда джоульдік жылу бөлініп шығады.
Слайд 11Хирургиялық диатермия
Ағзадағы алып тастауға жататын ұлпаларды жоғарғы жиілікті ток
арқылы қыздыра отырып бұзу арқылы іске асыратын әдіс.
Слайд 12
Бұл әдіске негізінен диатермокоагуляция немесе нүктелік электродпен пісіру және
электротомия
немесе ұстара тәрізді электродпен алынған ұшқын арқылы ұлпаларды тарау әдістері
жатады.
Слайд 14Индуктотермия
Индуктотермия - майысқақ кабельден жасалған спираль арқылы өткен электр тогы
тудыратын жоғары жиілікті магнит өрісінің әсері
арқылы емдейтін әдіс. Тербеліс жиілігі
жоғарғы жиілікті магнит өрісі ұлпаларда құйынды электр тогын тудырып, энергиясы жылуға айналады.
Слайд 15
Индуктотермия кезінде бөлінген жылу мөлшері магнит өрісінің индукциясына В, жиіліктің
квадратына және ерітіндінің электрөтімділігіне тура пропорционал:
Слайд 16Электромагниттік тербелістер биологиялық жүйеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады.
Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда
болып, зат алмасу үрдісі жақсарады.
Слайд 17Осы мақсатта медицинада ультражоғары жиілікті аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін
қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.
Слайд 18Дененің сәйкес аумағы аппараттың терапевтік контурына қосылған изоляцияланған екі жазық
электродтардың арасына орналасады.
Сондықтан ол электродтар арасындағы түзілетін жоғары жиілікті
электр өрісінің әсеріне ұшырайды.
Слайд 20Айнымалы УЖЖ электр өрісінде пайда болатын полярлы молекуланың немесе органикалық
макромолекуланың жеке бөліктерінің айналмалы тербелісі жасушаның физиологиялық күйіне айтарлықтай әсер
береді.
Слайд 21Сантиметрлік диапазондағы электромагниттік толқындардың емдік мақсаттағы ағза ұлпаларына әсері микротолқындық
терапия (МТ-терапия) деп аталады. - 460 МГц,
= 12,6 см және
ДЦВ – терапия - 2375 МГц
= 65 см
Слайд 22Сантиметрлік толқындар ағза ұлпасының беткі қабаттарында жұтылады (тереңдікке енуі бірнеше
сантиметр). Олардың алғашқы әсері электролиттердің иондар тербелісімен және диэлектриктердің полярлы
молекулаларында болады, олар ұлпаларға өтетін толқындық өрістің электрлік құраушыларын тудырады. Осы кезде жылу бөлініп шығады.
Слайд 23Электролит ерітінділерінде және диэлектрикте жоғары жиілікті электр өрісінің әсерінен бөлінген
жылу мөлшерлерінің арасындағы қатынас олардың табиғатына және өріс жиілігіне тәуелді.
Диэлектрик ұлпалары ток өткізетін ұлпаларға қарағанда жылдамдырақ қыздырылады. Осы қасиетімен УЖЖ терапия кезінде жылулық эффект индуктотермиядан ерекшеленеді.
Слайд 24
Диэлектриктерде электр өрісінің әсерінен молекулалардың бағытталған және құрылымдық поляризациясы пайда
болады.
Айнымалы жоғары жиілікті электр өрісінің әсерінен пайда болатын молекуланың
айналмалы тербелісі жылудың бөлінуімен жүргізіледі.
Слайд 25
Жоғарғы жиілікті өріс электролит ерітінділерінде иондардың тербелмелі қозғалысын тудырады, яғни
өтімділік тогын, жылулық эффект туғызады.
Слайд 26
АЖЖ тербелісте бағытталған тербеліске қатысатан су молекуласының маңызы зор. Сондықтан
толқын энергиясының көбірек жұтылуы және сонымен жылудың бөлінуі судан тұратын
ұлпаларда болады (бұлшық етті ұлпа және қан).
Слайд 27Тұрақты токтың адам ағзасына әсері ток күшіне тәуелді, сондықтан ұлпаның
және терінің электр кедергілері болады. Ылғалдылық кедергіні азайтады, бұл кернеудің
аз мәнінің өзінде ағзада токтың жүретінін көрсетеді.
Слайд 28Кернеулігі 60-80 В үздіксіз тұрақты токтың адам ағзасына аз күшпен
әсер етуге негізделген емдік әдісі гальванизация деп аталады.
Слайд 29Электр өрісінің әсерінен иондар әр түрлі жылдамдықпен қозғалады да және
поляризация құбылысы деп аталатын қарама қарсы электр өрісін құрай отырып
жасушалық мембрананың айналасына жиналады. Сондықтан тұрақты токтың ағза ұлпаларына алғашқы әсері зарядталған бөлшектердің орын ауыстыруынан болады.
Слайд 30Медицинада биологиялық өлшеулер әдістер классификациясының функциональдық принципін жүрек қан тамырлар
жүйесінің параметрлері арқылы көрсетіледі. Мұнда механикалық (баллистокардиография, фонокардиография, қанның қысымын
өлшеу), электрлік және магниттік (электрокардиография, магнитокардиография), оптикалық өлшеу (оксигеометрия) және басқа физикалық әдістер қолданылады.
Слайд 31Баллистокардиография
Жүрек жұмысын зерттеу мақсатымен дененің қозғалысын (тербелісін) тіркеу әдісі баллистокардиография
деп аталады және оны клиникада диагностикалық мақсатта қолданылады.
Жүректің сол
қарыншасының бір жиырылуынан ондағы қанның аортаға шығарылуы пайда болады.
Слайд 32Денеге қарама қарсы бағытта қанның
аорта доғасы бойынша қозғалысы кезінде
пайда болатын күш реакциясы әсер етеді.
Слайд 33Сфигмоманометр
Сынапты манометрлі құрал
Слайд 34Сфигмотонометр
Мембраналы манометрлі құрал
Слайд 35Жасанды қан айналым аппараты
Негізгі екі бөлімнен тұрады: насостар жүйесінің физиологиялық
блогы және механикалық бөлігінен тұрады.
Жүректің және өкпенің қызметін толығынан орындайды.
Слайд 37Ішкі ағзаларда туындайтын дыбыстарды тікелей тыңдау емханалық зерттеу тәсілдерінің маңыздыларының
бірі аускультация әдісі деп аталады. Бұл мақсатта ең қарапайым құралдарды
фонендоскоп, стетоскоп
пайдаланылады.
Слайд 41
Медициналық тепловизор IR235B
атипті пневмония (SARS) немесе құс тұмауы (H5N1) вирусын
қозғалыстағы адамдардан температурасы жоғары объектілерді табуға мүмкіндік береді.
Слайд 42Ультрадыбыс
Хирургияда жіңішке УД сәулелерді қатерлі ісіктерді жою үшін, сүйектерді кесуге
немесе одан тесік жасауға қолданады.
Биологиялық әсері: вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың,
ал біршама жоғарғы қуаттағы УД-та майда жәндіктердің жойылуы механикалық, химиялық және жылулық факторының әсеріне негізделінген.
Аздаған қуаттағы УД жасуша мембранасының өткізгіштігін арттырады, тері қабаттарының қалыңдау процестерін белсендіреді т.б.
Слайд 44Статикалық душ және аэроионотерапия үшін аппарат
(40—50 кВ)
Слайд 49Жиілігі 1-1,2 Гц болатын имплантант ретінде пайдаланатын радиожиілікті электрокардиостимулятор
Слайд 51Рентгенодиагностика ішкі мүшелерге диагноз қою мақсатында қолданылады
Рентгеноскопия – рентгенолюминесценциялық экранда
кескінді қарастыру
Рентгенография – фотопленкада кескін алынады
Диагностика үшін энергиясы 60-120 эВ
болатын фотондар қолданылады
Қатерлі ісікті емдеу үшін рентген сәулесін қолдануды рентгенотерапия д.а.
Слайд 52Әдебиеттер:
1.Арызханов Б.”Биологиялық физика”,1990 ж.
2. Тиманюк В.А., Животова Е.Н.
“Биофизика”, Киев, 2004 ж.
3. Ремизов А.М. «Медицинская и биологическая
физика», М.,2004ж.
Слайд 53Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Электромагниттік өріс және токпен әсер ету кезіндегі
ұлпаларда қандай физикалық үрдістер өтеді?
Жоғары жиілікті терапия әдістері (ЖЖ,УЖЖ,АЖЖ
және т.б) және олардың биофизикалық әсері қандай?
Тұрақты токтың ағза ұлпаларына әсерінің негізі не?