Слайд 1
8-Тақырып. Экономикалық өсу.
Қарастыратын сұрақтар:
Экономикалық өсудің мәні.
Экономикалық өсудің екі типі.
Экономикалық
өсудің тиімділігі.
Экономикалық өсудің сапасы.
Экономикалық өсудің Р.Солоу үлгісі.
Алтын ереже.
Слайд 2Экономикалық өсудің маңызы:
жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру мен ел ішіндегі, сондай-ақ
халықаралық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді
шектелген ресурстар мәселесін
жеңілдетеді
Слайд 3Экономикалық өсудің факторлары
Табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы.
Еңбек ресурстарының мөлшері
мен сапасы.
Негізгі капиталдың көлемі.
Технология.
Кәсіркерлердің іскерлігі.
Слайд 4Фактордың өзі өсудің әр жағдайына яғни, саны мен сапасына байланысты
интенсивті және экстенсивті факторлар болып бөлінеді.
Слайд 5Экстенсивті факторларға:
Өндіріс технологиясының берілген көлемін сақтай отырып І-көлемін арттыру;
Тұрғындарды еңбекпен
қамтамасыз етуді арттыру;
Қолданылар отын, шикізат өнімдерін көбейту.
Слайд 6 Интенсивті факторларға:
Ғылыми-техникалық прогрестің артуы;
Еңбекшілердің білімін жетілдіру;
Қолданатын
негізгі қорлар мен айналым қорларын жақсарту;
Өндірістің тиімділігін оны жақсы
ұйымдастыру арқылы көтеру.
Слайд 7Экономикалық өсуге қарсылық
Қоршаған ортаның ластануы.
Ішкі және халықаралық мәселелер
өндірістің емес бөлудің проблемалары.
Экономикалық өсу адамдарға тынышсыздық әкеліп, ертеңгі күнге
сенімсіздік тудырады.
Экономикалық өсу адамзат бағалығымен қарсылықты жағдайда жиі кездеседі.
Слайд 8Экономикалық өсуді құптау
Өмір сүру деңгейі.
Қоршаған ортаның ластануын тоқтату керек
Табыстар
теңсіздігі
Экономикалық өсу – “жақсы өмірді” қамтамасыз ету
Слайд 9Солоу моделі
Экономикадағы қорлану нормасы капитал қорын, сондай-ақ өндіріс көлемін анықтайды.
Қорлану нормасының өсуі, экономикалық өсудің жаңа тұрақты жағдайына жеткенге дейін
шапшаң өсуін қамтамасыз етеді.
Капиталдың таза шекті өнімі өндірістің өсу қарқынына тең болғанда, тұтынудың ең көп көлемін қамтамасыз етуге болады.
Капитал қорлануын тездету үшін мемлекеттік қорларды көбейтіп, жеке қорларды салық арқылы қадағалау керек.
Халықтың өсуі де өмір сүру деңгейіне әсер етеді.
Слайд 10Солоудың экономикалық өсу үлгісінде:
ауқымнан тұрақты қайтарым шеңберінде еңбек пен капиталдың
өзара алмасу мүмкіндігін ескереді және экзогендік болжанған техникалық прогресті енгізіледі.
Шекті
өнімділік азаймалы сызықсыз өндірістік функция пайдаланылады.
Капиталдың кетуі ескеріледі, еңбек ресурстары мен олардың шығарылымға жасайтын ықпалы сипатталады.
Кейбір тұрақты көпшілік траекторияларда тұтыну деңгейін барынша арттыру мәселесі қойылып шешіледі.
Слайд 11Жиынтық ұсыныс өндірістік функция ауқымынан тұрақты қайтарыммен сипатталады:
Y = F(K, L),
мұнда кез келген оң z
үшін келесі формула дұрыс:
zY= F(zK, zL).
Егер z = 1/L, онда (Y/L)-ды y арқылы, ал (Y/К)-ны k арқылы белгілесек және бастапқы функцияны өнімділік пен қормен жарақтандырылу (капиталмен жарақтандырылу) арасындағы өзара байланыс формасын қайта былай жазамыз:
y = f(k)
Слайд 12
Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестициялармен және тұтынумен анықталады: y = i + c, мұнда
i және с –бір жұмыс істеушіге шағылған инвестициялар мен тұтыну.
Слайд 13Кіріс жинақ ақша нормасына сәйкес тұтыну мен жинақ ақша арасында
бөлінеді, сондықтан тұтынуды c = (1–s)y түрінде көрсетуге болады, мұнда
s – жинақ ақша нормасы (жинақтау), онда
y = c + i = (1 – s)y + i, осыдан i = sy алынады. Тепе-теңдік жағдайында инвестициялар жинақ ақшаға тең және кіріске үйлесімді болады.
Сұраныс пен ұсыныстың теңдестік жағдайын
f(k) = c + i түрінде көрсетуге болады.
Слайд 14 Экономиканың тұрақты жай-күйін жинақ ақша
нормаларымен ұштасуы мүмкін болғандықтан, s оңтайлы мағынасын таңдау проблемасы туындайды.
Тұтынудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ететін капитал мен жарақтандырылудың тұрақты мөлшері k Алтын ереже бойынша капиталмен жарақтандырылу деп аталады және k**, ал оған сәйкес тұтыну деңгейі c** деп белгіленеді немесе
MPK = d.
Слайд 15 Осы шарт Алтын ереже деп аталады.
k** нүктеде өндірістік функция графигіне жанама dk* тік сызыққа параллель
орналасады. Егер k* < k** болса, онда шығарылым мөлшері істен шығу мөлшерімен салыстырғанда көп шамада өзгереді, (f(k*) сызығы dk* қарағанда тік), демек олардың арасындағы тұтынуға тең айырма өседі. k* > k** болса, онда істен шығудың аз өседі, яғни тұтыну түседі. Тұтыну k** нүктесіне ғана дейін өсуі мүмкін, бұл жерде ол барынша жоғары шамаға жетеді.
Слайд 16 Солоу моделінде жақын келешектегі көп тұтынуға
басымдық берілетіні ескерілмейді, онда тек ұзақ кезеңдегі тұрақты жай-күй ғана
қарастырылады.
Технологиялық процестің еңбек үнемдейтін формасы қарастырылады, сондықтан өндірістік функцияны төмендегідей біршама өзгерту қажет:
Y = F (K, L E),
Слайд 17Технологиялық процеске қатысты жорамалдың ең қарапайымы жөнінде сөз қозғайтын болсақ,
аталмыш процесс тұрақты қарқыны g –ні құрайтын E еңбек тиімділігінің
өсуіне себеп болады (еңбек үнемдейтін технологиялық процестің қызметкерлер санының өсуімен ұқсас салдары болады). Егер L жұмыс күші n қарқынмен өсетін және басқа ауыспалылар тиімді еңбек өлшеміне шағылып алынады, яғни k = K / LE,
y = Y / LE и y = f (k).
Слайд 18Кейінгі ой-пікірлер халық санының өсу жағдайына түйінделген ой-пікірге ұқсас екенін
айтып өту қажет. Экономиканың капиталмен тұрақты жарақтандырылып орнықты жай-күйі былайша
сипатталады:
sf(k) = (d + n + g)k.
MPK = d + n + g.