Слайд 1АҚ «Астана медицина университеті»
Стоматологиялық мекемелерде жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы
жұмыстар
Қабылдаған: Спанов Ш.Ш.
Орындаған: Қайып Динара .
Жоспары
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Стоматологиядағы аурухана ішілік инфекциялардың жұғу
жолдары.
Аурухана ішілік инфекциялардыңалдын алу шаралары.
Стоматологияда инфекцияның таралу мәселесі.
АІИ және B, C гепатитінің таралуы.
B гепатитіне сипаттама.
Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Слайд 3 Стоматологиялық тәжірибеде инфекцияның жұғу жолдарының бірнеше түрлері кездеседі.
Негізгі түрлерінің бірі – қатынастық, ол тікелей және жанама қатынас
арқылы жұғуы мүмкін.
Емханалардың стоматологиялық бөлімдерінде, жақ-беттік хирургиялық бөлімшелерде инфекцияның қатынастық жұғу жолы медицина қызметкерлерінің қолы және олар ұстайтын құралсаймандар арқылы ауыз қуысында манипуляциялар жасаған кезде іске асырылады.
Инфекция ауалы-тамшылы жолмен бормашина жұмыс істегенде жұғады. Әсіресе ауыз қуысында инвазивті араласуларды жасаған кезде. Бұл кезде ауыз қуысынан микроорганизмдер аэрозоль түрінде дәрігердің бетіне, көздеріне, қолдарына, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығына және болмеде тұрған заттардың беткейлеріне шашырайды.
Слайд 5 Үргіш (турбина) жұмыс істеген кезде стоматолог және оның
ассистенттеріне шашырайтын аэрозолінде пациенттің ауыз қуысынан өте көп мөлшерде микроорганизмдер
бөлінуі мүмкін. Бұл микробтық аэрозолдер таралмас үшін міндетті түрде сорғыш аспаптарын колдану қажет. Мұндай аспаптардың тиімділігі сүзгіштерінің барболуына және олардың сәйкестігіне тікелей байланысты, ол болмаған жағдайда ауа арқылы бөлмедегі барлық жабдықтар, заттар, аспаптар пациенттердің микрофлорасымен ластанады.
Микробтармен ластану ең жоғары деңгейде терапиялық және ортопедиялық стоматологиялық бөлмелерде байқалады.
Слайд 6 Ең төменгі көрсеткіш – хирургиялық бөлімшелерде, ойткені хирургтар
бормашинамен, турбинамен жұмыс істемейді және эпидемияға қарсы режимді қатаң түрде
сақтайды.
Инфекцияның берілу факторлары ретінде қоршаған ортаның әртүрлі нысаналарды, заттарды және беткейлерді (шам өшіргіштер,шам ұстағыштар, бормашинаның беткейлері және т.б.)қарастыруға болады. Алғашқы дәрігерлік қаралу және таңып байлау бөлмелерде стерилдеу деңгейі операция жасайтын бөлмелердің көрсеткішімен тең болу керек, оған микробтармен ластанудан қорғау және тазалап-өндеу шараларын үнемі және белгілі ретімен жүргізу арқылы қол жеткізеді. Инфекцияның берілу факторларына жатады:
Слайд 7 Залалсыздандырылмаған заттар–жалпы пайдалануға арналған сүлгілер, түкіргіштер, раковиналар, есіктің, қолжуатын
кранның ұстамалары, құрал саймандар орналасқан ыдыстар;
Емдік және
қосымша пайдаланатын аспаптар, мысалы, сілекей тартқыш, борлар, эндодонтикалық құралдар, амальгама арластырғыштар, ортопедиялық және төстік балташығы, протез сақтайтын жәшіктер, жылтыратқыш жабдықтар, рентген аспаптары (әсіресе, рентген суретін ұстағыштары). Емдеу кезінде қолданатын кездейсоқ аспаптар, мысалы, тістік тастардан тазартатын ультрадыбыс аспабы, материалдарға арналған шам, жарық беретін шамдардың тұтқалары және реттеу қолшықтары және де телефон аппараты. Медицина қызметкерінің қолы, дәрі-дәрмектер, ауа.
Слайд 8ҚР-дағы 2003- 13 жылдар аралығындағы стоматологиялық ауруханаішілік инфекциялардың жылдық көрсеткіштері.
Слайд 9ҚР-дағы 2003- 13 жылдар аралығындағы стоматологиялық ауруханаішілік инфекциялардың жылдық көрсеткіштері.
Слайд 11АІИ науқастардан медицина қызметкерлеріне жұғып, сондай ақ емдеу профилактикалық мекемелерде
кең таралуы мүмкін. Қазіргі таңда көбінесе стоматологиялық қабылдауға келетін иммунитеті
төмен (жалпы соматикалық аурулары бар, радио, химиотерапияны қабылдайтындар, наркологиялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке тіркелгендер) науқастар аса қауіпті АІИ таратушы топқа жатады, сонымен бірге олардың сезімталдығыда АІИ-ға жоғары болады. Сондықтан, дәрігер әрбір науқасқа көңіл бөліп, оның инфекция таратпауы үшін алдын алу шараларын қолдануы керек.
Слайд 12Стоматологияда инфекция таралу мәселесі еліміздегі эпидемиялық жалпы жағдаймен байланысты.
Барлық жерде байқалған В,С гепатит, АИВ және т.б. инфекциямен сырқаттанушылықтың
өсуі тұрғындардың және медицина қызметкерлеріне амбулаторлық және аурухана ішілік инфекция жұғу қауіпінің өсуіне әкеледі. Сондықтан стоматологиялық мекемелерде медициналық жәрдем көрсетудің әрбір кезеңінде АІИ алдын алуы аса маңызды. Медицина қызметкерлерін уақытылы медициналық тексеруден өткізу міндет және қызметкерлеріне жүйелі түрде тренингтерді жү ргізу (көрсетіп үйрету) қажет.
Слайд 14В вирусты гепатиті ( ағыл: Hepatitis B virus, HBV) — ВГВ вирусымен шақырылатын
бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін,
өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру.
1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі – сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы.
Слайд 16Қазіргі уақытта стоматология саласында инфекция бақылау бағдарламасын жасау қажеттілігі бар
екендігіне барлық мамандардың көзі жетті. Бұл бағдарламада АІИ болдырмауға бағытталған
тиімділігі жоғары ұйымдастыру, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесі қарастырылып бекітілді.
.
Слайд 17Стоматологияда АІИ мәселесін кешенді әдіспен қарастыру қажет, ол үшін клиникалық,
иммунологиялық, эпидемиологиялық микробиологиялық және гигиеналық тәсілдердің қолдануы инфекция қауіпін уақытысында
анықтап оған қарсы шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Антибиотиктердің және дезинфектанттардың әсеріне төзімді микроорганизмдердің таралуы тағыда тиімділігі жоғары жаңа стерилдеу және дезинфекциялық өндеу әдістерді ойлап жасауға қажеттілік тудырады.
Слайд 18Қорытынды
Қорытындылай келсек қазіргі таңда елімізде тек стоматологиялық ауруханалық инфекциялар ғана
емес, оданда бөлек қаншама адам ағзасына зиянды микроорганиздер көптеп кездесуде.
Соған байланысты адам өзінің жеке бас гигиенасын сактақтауы қажет.
Слайд 19Пайдаланған әдебиеттер
Микробиология (Б.А. Рамазановава,Қ. Құдайбергенұлы) Алматы 2010
Wikipedia.kz
Слайд 20Назар аударғандарыңызға рахмет !