Слайд 1А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:XX ҒАСЫРДЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЖАҒДАЙДЫҢ ГАЗЕТ БЕТТЕРІНДЕ БЕЙНЕЛЕНУІ (ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНІҢ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕ)
Орындаған: магистрант
Шәкір М.М.
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., доцент Ерменбаева Г.К.
Слайд 2Зерттеу жұмыстың өзектілігі:
Әлем тарихын зерттеуші ғалымдарға басты көмекші дерек
көзі – мерзімді басылымдар болатыны сөзсіз. Себебі, газет-журналдар күнделікті өмір
тарихын, шетел ақпарларын уақытында оқырмандарына жеткізіп отырады. Газет пен журнал материалдары қоғамдық-саяси өмірдің кең суреттемесін қалпына келтіріп, зерттеудегі кезеңнің басты өзекті мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді. Осы басшылықты негізге ала отырып, зерттеу тақырыбымызды XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қостанай өңірінің газет беттеріндегі әлем жаңалықтарына тоқталуды жөн көрдік.
Слайд 3ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
XX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық жағдайдың газет беттерінде
бейнеленуінің сипатын айқындап, талдап бір жүйеге келтіру.
Слайд 4Осы мақсаттың негізінде келесі міндеттер қойылды:
Мерзімді баспасөздің халықаралық
жағдайды бейнелеудегі
рөлін ашып көрсету;
1920-30 жылдардағы әлемдік
жағдайдың өңірлік баспасөз беттерінде берілуін
талдау;
ІІ- ші дүниежүзілік соғыс
уақытындағы әлем жағдайының жергілікті
баспасөз беттерінде сипатталуын айқындау;
1945-50-ші жылдардағы халықаралық
жаңалықтардың аймақтағы газет
беттеріндегі маңызын ашу.
Слайд 5ДЕРЕКТІК ҚОРЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
19ғ аяғы мен 20 ғасырдың басындағы
Қазақстандық алғашқы газет-журналдар Айқап, Қазақ, Дала Улаяты, Сарыарқа, Қазақстан, Жас
Түркістан т.б газеттерде жарық көрген шет ел жаңалақтары;
20ғ алғашқы жартысындағы халықаралық айдарлары бар Қостанайлық мерзімді басылымдар:Степная заря, Степной крестьянин, Степная Комунна, Сталинский путь т.б
Соғыс жылдарындағы шетел жаңалақатары бар Қостанай облыстық және аудандық газеттер: Облыстық газеттер: Сталин жолы, Большевиктік жол; Аудандық газеттер: Социалды ауыл, Большевитская правда, Коммунизм жолы, Социалистік шаруа, Социалды еңбек, Знамя коммунизма, Социалистическое строительство, Джетыгаринский рабочий , Социалистическая степь, Қызыл ту т.б
Зерттелу деңгейі: А. Байтұрсынұлы, М. Сералин, Б. Майлин, Ғ. Жұмабаев, С. Мәуленов, М. Бейсенұлы, Х. Бекхожин, Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразай, Т. С. Имашев, А. Қaсымов, Р. Молдашев, Ә. Білдебекова, В. Абишева, Ә. Қарағұлов, Ж. Нұрғожаевтың , Қ. Меңдіқожин, А. Жанғожин, Е. Лұқпанов, С. Кемелбаев, К.Б. Бейсембиевтің, А.Б. Тұрсынбаевтың, Д.К. Қабдиевтың, С.3. Зимановтың, К.3. Ыдрысовтың, Д.И. Дулатованың т.б.
Слайд 6Жұмыстың ғылыми жаңалығы
- Зерттеу аймағының мерзімді басылымдарындағы шетелдік ақпарлардың шынайылық
мәселесі қарастырылды. Бұл үшін зерттеу жұмысында қолданылған мерзімді басылым беттеріндегі
ақпарларды шетел тарихына қатысты басқа да авторлардың шығармаларымен салыстыра отырып жазуға тырыстық. Сондай-ақ, өңірлік газеттердегі берілген ақпаратты өңірдегі басқа да газеттермен қатар қойып талдадық.
- Қостанай өңірінде шығып тұрған мерзімді басылым беттерінде жарияланған адамзат тарихына үлкен әсері болған тарихи оқиғаларды сараладық. Атап айтқанда, екінші дүниежүзілік соғыстың әлем халықтарының күнделікті өміріне әсері. Соғыстан кейінгі өмір мен «қырғи-қабақ» соғыс дәуірі кезеңіне аяқ басу жайлы да қарастырылды.
- Халық ағартушылығына аймақтағы мерзімді басылымдардың қосқан үлесін айқындадық. Бұл тұрғыдан алғанда өңірдегі алғашқы баспасөздің қалыптасуы мен таралуы. Халыққа жеткізілуі мен шығып отырған кезеңдері жазылды.
Слайд 7І тарау. Соғысқа дейінгі Қостанайлық мерзімді басылымдардағы халықаралық жағдай
1.1
Мерзімді баспасөздің халықаралық жағдайды бейнелеудегі рөлі
Зерттеудің 1- ші тарауында «Қазақ»,
«Дала Уәлаяты», «Сарыарқа», «Қазақстан», «Жас Түркістан», «Еңбекші қазақ», «Киргизская степь» , «Түркістан уәлаяты», «Степной крестьянин» газеттері қаралды. Осы газет беттерінде көптеген халықаралық жағдайлар қарастырылды: Орыс- түрік соғысы, Қытай- Жапония қарым- қатынасы, Қытай- Ресей қатынастары , Туркия- балқан соғысы, Туркия- Болгария соғысы, Еуропа соғысы, Англия- Мысыр соғысы, Туркия елінің жағдайлары. Соның ішінде дипломатиялық қарым- қатынастар ғана емес, экономикалық, әлеуметтік жағдайлардың бейнеленгенін көре аламыз.
«Степной крестьянин» газетінде «80000 самоубиств рабочих в Германии” атты мақалада Германиядағы халықтың ауыр тұрмысы мен ашаршылықтан күйзелген еңбекшілердің күйін жазады, сонымен бірге украинадан Туркия тағы басқа елдерге картоптың тасылуы туралы айтылды. «Қазақ» газеті тек батыстағы болып жатқан оқиғаларды халыққа жеткізіп отырды деген жаңсақ пікір. Осы 1913 жылғы № 6 санында Қытай-Жапония мәселесін көтерген. «Түркістан уәлаяты» 1914 сандарында Туркия – Болгария соғысы. «Қазақстан» газетінде Туркия туралы
Слайд 91.2 1920-30 жылдардағы әлемдік жағдай аймақтық баспасөз беттерінде
20ғ алғашқы жартысындағы
халықаралық айдарлары бар Қостанайлық мерзімді басылымдар: «Степная заря», «Степной крестьянин»,
«Степная Коммуна», «Сталинский путь», «Ленинский путь». Газеттерде Еуропа және Азия елдеріне қатысты жаңалақтар баяндалып отырған. Соның ішінде Кіші Азия түбегінде орналасқан Осман империясының құлдырау кезеңіндегі батыс елдерімен күресі әсіресе Греция мен Англия болған территориялық жанжалдар жайында жақсы мәлімет беріп өтеді, Англияның гректер мен түріктер арасындағы соғыс қимылдары, Англия мен АҚШ арасындағы қарама-қайшылықтар, Чехословакия мемлекеті туралы, Германиядағы жағдайлар туралы, Кеңес-герман қатынастары, Франциядағы 1930 жылғы дағдарыс басталған кездегі жұмысшылардың толқулары, «Үндістандағы революциялық оқиғалар – Бомбей» мақаласында Үндістандағы әйелдер толқуы туралы баяндайды, Польша мемлекетінің жағдайлары.
Слайд 112 .II- ші дүниежүзілік соғыс уақытындағы әлем жағдайының жергілікті баспасөз
беттерінде сипатталуы
2.1 Соғыс барысының Қостанай облысының мерзімді басылымдарында бейнеленуі
Соғыс
жылдарындағы халықаралық жағдайдың газет беттерінде бейнеленуі Кеңестік Қазақстан үшін орны айырықша болды. «Большевиктік жол», «Сталинский путь», «Коммунизм жолы», «Социалистік шаруа», «Социалистік ауыл», «Большевистская правда» газеттері қолданылды. Осы тарауда II- ші дүниежүзілік соғыс жылдарында болған мемлекеттер арасындағы соғыс айтылады. Халықаралық жаңалықтарды бүкіл кеңес үкіметіне тарататын арнайы орталықтар әлемнің түкпір – түкпірінде орналасты. Оларды Кеңес Үкіметінің Телеграф агенттігі (КҮТА) (бұдан соң орысша «Телеграфное агентство Советского Союза» (ТАСС ) жеткізіп отырды. 1941 жылы 24 маусымда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің соғыс туралы хабарларды қысқаша жеткізіп тұратын «Совинформбюросы» (Советское информационне бюро) құрылады. Бюроның негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы, тыл жұмысындағы, партизандық қозғалыстардағы жаңалақтарды радио, газет және журналдар арқылы таратып, әрі оны жинақтап отыру болды.
Слайд 132.2 Соғыстың аяқталуы қарсаңындағы әлемдік әлеуметтік- экономикалық, мәдени оқиғалар басылым
беттерінде
Соғысты тек атыс – шабыс ретінде қаралатын тар мағынада елестетуге
болмайды. Онда адамдар маңызды орында болды. Олардың жағдайы, жәй – күйі, көрген қиыншылықтары мен қуанышты кездері сол соғыстың бір бейнесін көрсетті. Яғни әлеуметтік- экономикалық мәдени жақтары қарастырылды. Соның ішінде, Италияның отары Сомали жайлы, Соғыс барысындағы Еуропа халқына түскен экономикалық ауыртпалықтар да сөз болады, Италия мен Финляндияда да егістік жайлы, Немістер балаларға үлкендермен бірдей жұмыс істеткені тралы, Иран шахының үкімет билігінен бас тартуы, Венгер аримиясының үлкен шығыны, Рур мен Рейн облысының өнер кәсіп аудандарында толқулар болып жатқаны туралы, Гитлерге қастық қылу туралы. Осы мәселелер келесі газет беттерінде орын алды: «Большевиктік жол», «Сталинский путь», «Коммунизм жолы», «Социалистік шаруа», «Социалистік ауыл», «Большевистская правда» , «Қызыл ту», «Социалды ауыл»
Слайд 14«Большевистская правда» газетінің бір санында румындық юнкер Михаил Олтянның «Майдан
хаттары» атты күнделігіндегі жазбалар туралы баяндалады: «Тамағымыз - қара нан.
Көп болғанда күніне 50 грамм... Міне бүгін тамақ әкелмегелі үшінші күн. Әскерлер тек командирдің бұйрығымен ғана жүр. Офицерлер тәртіпті әрең түзейді.. Тамақсыз сусыз сап түзейміз.. Аштық пен шаршау туралы айтқым келмейді.. Бізге жеуге еш нәрсе бермейді» -деп соғыс қиыншылығы туралы баян етеді.
Слайд 163 1945 – 50 жылдардағы халықаралық жаңалықтар
газет беттерінде
3.1 Соғыстан кейінгі
әлем жұртшылығының жағдайын бейнелеуде
басылымдардың рөлі
Соғыс аяқталысымен Германияның жеңілгенін мәлімдеп, әлемде
жаңа саяси жүйе енгізілуі алдында тұрды. Германияның қарусыздану, соғыс шығынын төлеу және жер мәселесі 1945 жылы болған конференцияларда кеңінен сөз болды. Бұл конференциялар өз кезегінде соғысқа қатысушы мемлекеттердің саяси көзқарастарын айқындауға негіз болды. Әсіресе, Англия мен АҚШ-тың КСРО-ға деген көзқарастары өзгеше еді. Бұл өз кезегінде әлемде жаңа бір саяси жанжалдың болатынының нышаны ретінде қаралғанын байқаймыз. Соғыс біткеннен кейінгі өз шешімін табуы керек болған маңызды мәселелер тұрды. Ол өз кезегінде: фашистік окупациядан босатылған жерлерді қайта бөлу, Германияның жеңіске жетуші елдерге құн төлуі, әлемдік татулық т.б. маңызды мәселелер болды. Бұл мәселелер соғыс біткен жылдары өз шешімдерін тауып отырды. «Социалистік шаруа», «Большевистская правда», «Социалды ауыл», «Сталинский путь», «Путь Ильича», «Большевиктік жол», «Социалистическое Строительство», «Джетыгаринский рабочий» газеттері қолданылды.
Слайд 19Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, антигитлерлік коалицияның әсіресе, одақтастар КСРО
мен АҚШ арасында жаңа этап «қырғи – қабақ соғыс» басталады.
Қазіргі таңға дейін көптеген отандық және шетелдік ғалымдар «қырғи – қабақ соғысқа» тек бір жақты қарап, екі антагонистік жүйе социализм мен капитализмнің арасындағы экономикалық, идеологиялы, әскери қақтығыс деп түсініп келді. Бұл мәселеде қай ел алғаш болып «қырғи – қабақ соғысты» бастады деген заңды сауал туындайды. «Қырғи – қабақ соғыс» туралы кеңестік ғылыми әдебиеттерде газет-журналдарда АҚШ-тың бастағаны туралы көптеген дәлелдер мен дәйектер келтіреді. Белгілі ғалым С.Г. Кара – Мурза «Қырғи – қабақ соғыстың» басталуы КСРО тарапынан әлемді басып алу қаупі төнгендіктен деген тұжырымға келген болатын. Осы жағдайлар келесі газет беттерінде жарияланды: «Социалистік шаруа», «Большевистская правда», «Сталинский путь», «Большевиктік жол», «Сталинский призыв».
3.2 Қырғи қабақ соғыс мәселесі жергілікті баспасөз беттерінде