Разделы презентаций


Абылайхан атында ғы Қазақ Халықаралық және Әлем Тілдері университеті (

Содержание

ЖоспарI. КіріспеII. Негізгі бөлім а) Ертіс өзені алабы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық және Әлем Тілдері университеті (ҚазХҚжӘТУ)

Кафедра:Педагогика және

психология
Тақырыбы:“Экология және тұрақты даму”
Тапсырма: “Техногенезден тұрақты даму типіне көшудегі негізгі

қажеттілікті Ертіс көлін ластаушы улы заттардың көздерін және сол улы заттардың жылдық мөлшерін кестемен орнектеп сипаттаңыз”


Тексерген: Кенжебаева Шакизада Кенжебаевна ,
Орындаған: Тұрарбек Ақерке Мерекеқызы(ПФИЯ-107группа).
Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық және Әлем Тілдері университеті (ҚазХҚжӘТУ)  Кафедра:Педагогика және психологияТақырыбы:“Экология және тұрақты даму”Тапсырма: “Техногенезден

Слайд 2

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ертіс өзені алабы ландшафттарының экологиялық жағдайы
III. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімдері



Слайд 3

Кіріспе

Ең алдымен техногенезге тоқтала кетсек. Техногенез – қоршаған ортаның экологиялық факторы. Жер бетіндегі химиялық элементтер эволюциясы. (И.А. Карлович).Техногенез көздері,Техногенезді дамытушы географиялық факторлар. Техногенезді дамытушы технологиялық факторлар .

Ал тұрақты дамуға келсек ,1992 жылы Рио-Де-Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында Брунтланд комиссиясы баяндамасымен енгізілген және заңдастырылған тұрақты даму ғылыми термині публицистикалық әдебиеттерде талқыланды. 1989 жылы ақпараттық ортаға «Біздің жалпы келешек » атты кітабының аудармасы шықты, бұл шығарылым ағылшын термині « sustanable developmrnt » қазақ тіліне « тұрақты даму » деп аударылған болатын.
Тұрақты даму- қазіргі уақыттың қажеттілігін қанағаттыратын, бірақ келешек ұрпақтың қабілеттілігінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыруды қауіп-қатердің астына қоймайтын даму.



Слайд 4Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) - Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.[1]
Ертіс өзенінің

табиғи жағдайлары
Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км,

оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2. Бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен (Бесбоғда тауынан) алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.
Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге жетеді.
Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) - Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.[1]Ертіс өзенінің табиғи жағдайларыҚазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы

Слайд 5Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары
→ Есіл
→ Тобыл
→ Бұқтырма
→ Шаған
→ Үлбі
→ Шар
→ Күршім
→ Үлкен Бөкен
→ Қалжыр
→ Нарын
→ Алқабек
→ Ұлан
→ Қайыңды
Ресей аумағындағы салалары
→Вагай
→Конда
→Омь
→Тара
→ Демьянка
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын

алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқааймағындағы табиғи

қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды. [2]
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск.1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды.Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суыОрталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс - Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіс сүйрік, сылан, мекіре, шортан, алабүға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазан, табан, көксерке және байқал омулі жерсіндірілген.
Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары→ Есіл→ Тобыл→ Бұқтырма→ Шаған→ Үлбі→ Шар→ Күршім→ Үлкен Бөкен→ Қалжыр→ Нарын→ Алқабек→ Ұлан→ ҚайыңдыРесей аумағындағы салалары→Вагай→Конда→Омь→Тара→ ДемьянкаЖылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі

Слайд 7Ертіс өзені алабы ландшафттарының экологиялық жағдайы Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен

ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта, ең қиын да, күрделі мәселелердің

бірі болып отырғаны белгілі. Қазақстанның осындай ірі өзен алаптарының бірі болып табылатын Ертіс өзені, Республиканың шығысы мен солтүстік – шығысында орналасқан аймақтарды, яғни түсті металлургияның дамыған орталықтарын басып өтеді. Сонымен Ертіс өзені алабы – Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен қамтамасыз ететін негізгі көзі. Өзен алабында Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған қалдық сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1,3 млрд. м³ - ті құрайды, оның шамамен 10 %-ы ешқандай тазаланбай, ал 30 %-ға дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтан су ресурстарының жағдайына Шығыс Қазақстандағы орманды кесу де, елеулі әсерін тигізеді.
Ертіс өзені алабы ландшафттарының экологиялық жағдайы  Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта,

Слайд 8Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізі көздері Өскемен,

Риддер, Зырян, Семей және Глубокоедағы өнеркәсіп орындары. Тек, Өскемен қаласы

бойынша әуе кеңістігіне тарайтын залалды заттардың 60 %-ы осы түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-ы тиеді. Атмосферадағы зиянды заттардың өнеркәсіп орталықтарын желдің соғуына байланысты оңтүстік-батыс бағытқа қарай 40 км-ге, ал шығысқа 80 км-ге дейін, солтүстік – шығыс пен солтүстік батысқа қарай 110 км-ге дейінгі аймақтарға таралса, олардың жалпы түсетін ауданы 3000 км². Ертіс өзені алабының бойында орналасқан 10 мың стационарлық көздерден түсетін қалдық заттардың жалпы мөлшері жылына 240 мың тоннадан асады (2005 жылдың мәліметтері бойынша).




Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізі көздері Өскемен, Риддер, Зырян, Семей және Глубокоедағы өнеркәсіп орындары.

Слайд 9Сондай-ақ, Ертіс өзені алабының атмосферасында шаң – тозаң, күкірттің қос

тотығы, көміртегі, азот, хлор, формальдегид, фенол,қорғасын (қауіптілігі 1 класс )

анықталады. Жоғарыда айтылып өткен елді мекендердің атмосфера ауасының орташа жылдық ластану динамикасы, атмосфераның ластану индексі бойынша (АЛИ) 11-24 – ке дейінгі аралықта ауытқып отырады. Риддер полиметалл комбинатынан атмосфераға түсетін шаң – тозаң 0,5–1,5 мың гектар жерге дейін таралады, бұл жылына орташа есеппен 100 тоннаны құрайды деген сөз. Бүкіл техногендік қалдықтардың бұзылуынын пайда болатын шаң – тозаң мен ластану аймақта жылына 113 мың тоннаны құрайды. Шанның ең жоғарғы мөлшері, минералды – шикізатты кешенді ірі өнеркәсіптердің әсер ету зонасында қалыптасқан. Глубокоеда (ЕМЗ) олар тәулігіне 2560 кг/км² жетсе, Өскеменде (ҚМК), Ленингор (ЛӨК) тәулігіне 1000 кг/км², тіпті бұданда жоғары болып, атмосфераның ластауының өте қауіпті деңгейіне сәйкес келеді. Тау – кен байыту өнеркәсәптерінің аймақтарында //Зырян, Белоусов, Жоғары Березов елді мекендерінің қонысты аймақтары// шаң – тозаңның салмағы тәулігіне 700 кг/км²-қа жетті. 
Сондай-ақ, Ертіс өзені алабының атмосферасында шаң – тозаң, күкірттің қос тотығы, көміртегі, азот, хлор, формальдегид, фенол,қорғасын (қауіптілігі

Слайд 10Ертіс өзені алабының табиғи және климаттық жағдайларының ерекшеліктері және де

техногенді ластанудың өте күштілігі, топырақ жамылғысының бұзылуы мен ластануының жоғары

деңгейде екенің анықтайды. Көптеген жылдар бойы адамның әрекет етуінен. Топырақ жамылғысы да айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Айта кететін жай, негізгі құнарлы шалғындық және далалық топырақтар – мол өнім негіз. Тек эрозия нәтижесінде өзінен – ақ, топырақ жабындысы, бір жылдың ішінде 1 %-ға дейінгі қара шіріндісінен айырылса, 20 жылда 20–25 %-ды құрады. Онадаған мың гектар жерге, өнеркәсіп нысандар мен тау – кен өндірістері және қатты тұрмыстық пайдаланылған қалдық заттардың полигондары таралып, олардың жалпы көлемі 17 млн тоннаға дейін жетсе, ал улы өнеркәсіптік қалдықтар – 1,4 млрд тоннаны құрайды. Топырақ жабындысын ауыр металлдармен ластану масштабы жайлы, төмендегі сандардан – ақ көруге болады. Мысалы, Өскемен қаласының шегіндегі 260 км² ауданды алып жатқан жердің топырағында 9,7 мын тонна қорғасын мен мырыш. 32,5 тонна сынап бар. Аймақтын топырақ жамылғысының улы заттармен ластану қауіптіліктің 1–2 класына жатады. Қоршаған табиғи ортада өндіріс қалдықтары мен стационарлық көздерден түсетін заттардың таралуынан, мышьяк (күшәла), мырыш және кадмий сияқты элементтердің ШЖҚ (шектеулі жіберілетін концентрация) мөлшерінен жоғарылығын байқауға болады.
Ертіс өзені алабының табиғи және климаттық жағдайларының ерекшеліктері және де техногенді ластанудың өте күштілігі, топырақ жамылғысының бұзылуы

Слайд 12Ертіс өзені алабының Шығыс Қазақстан аймағы бойынша тұтасымен улылықтың жоғары

деңгейіндегі өзіндік геохимиялық ауытқуы пайда болды. Бүкіл осы аймақ бойынша

1 гектер жерге жүргізілген жұмыстың орташа құны 150–200 мың тенге болатын 6 300 гектар жер, тез арадағы өндеуді қажет етеді. Түсті және тау – кен өндірісінің өнеркәсіптерінің улы қалдықтарымен залалсыздандыру әдістері және қалдықтардың қоршаған табиғи ортаға көмілу, оның ластануына әкеліп соғады, тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың көмілу полигондарын өңдеу жеткіліксіз түрде жүргізілуде.




Сонымен, топырақтың ауыр металдармен техногендік ластануы, аймақта шамамен ауданы – 12,4 мың км² антропогендік биогеохимиялық провинция қалыптастырады. Оның шегінде топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейі қауіпті және өте қауіпті аймақтар деп бөлінеді. Топырақтын айтарлықтай қарқынды ластану аймақтын кларкін 7-ден 446 есеге дейін көтеретін улы элементтердің ерітіндісі бар нысандарға жақын орналасқан елді мекендердің территорияларында байқалады. Кен байыту фабрикаларына жақын жатқан территориялардағы (Белоусовка, Жоғарғы Березовка, Таловка, Риддер) негізгі компоненттермен бірдей тіркелетін сынап, барий, молибден, стронций, басқа да элементтер болғандықтан, токсиканттардың едәуір кең сапалы құрамы тән. Ластанудың жиынтық көрсеткіші фоннан жоғары 33–70-ке дейін өседі де, топырақтың ластануының қауіпті дегейіне сәйкес келеді .

Ертіс өзені алабының Шығыс Қазақстан аймағы бойынша тұтасымен улылықтың жоғары деңгейіндегі өзіндік геохимиялық ауытқуы пайда болды. Бүкіл

Слайд 14Қорыта келгенде, бұзылған жерді қайтадан қалпына келтіретін әдістердің бірі, жерді

қайтадан өңдеу болып табылады, бірақ ол өте мардымсыз жүргізілуде. Оған

мысал, 2000 жылы 11640 гектар бұзылған жердің тек 199 гектары ғана қайтадан қалпына келтірілді . Аймақтын ең негізгі байлықтарының бірі – орман. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 3,37 млн гектар, оның 1,75 млн гектарын орман алып жатыр. Шығыс Қазақстанда орманның болуы, мемлекеттік кәсіптік ағашпен қамтамасыз етудің 80 %-ын орындауға мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстанның көптеген ормандары таулы аймақтарға тарағандықтан, көбіне топырақ қабатын құраушы, климат қалыптастырушы және су қорғаушы сипатқа ие балады. 2000–2005 жылдар аралығында облыста 354,5 мың м³ ағаш дайындалған. Сонымен қатар ормандардың жолғалып кетуіне, орман өртінің өзі үлкен әсер етеді. Мысалы, 2000–2005 жылдар ішінде орман алабының 158,4 мың га өртеніп кеткен, әсірессе Семей өңірінің орман жалдары және Қалба қыратының ормандары қатты зардап шекті.
Қорыта келгенде, бұзылған жерді қайтадан қалпына келтіретін әдістердің бірі, жерді қайтадан өңдеу болып табылады, бірақ ол өте

Слайд 15Өртпен күрес және орманды қалпына келтіру жұмыстары – орман шаруашылығындағы

негізгі мәселелердің бірі, бірақ техникалық құралдар мен материалдық ресурстардың жеткілікті

болмауынан бұл шаралардың қарқындылығы біршама төмен. Жалпы облыстың орман қоры, яғни аудандағы, ағаш егу 300 мың га-ға жетеді. Орманды қалпына келтіру жұмыстары тек 2,5 мың га ауданда ғана жүргізілген. Осылай жалғаса беретін болса, өртенген орман жерлерін қалпына келтірі үшін 100 жылдан астам уақыт қажет болады. Оның үстіне отырғызылған ағаштардың өмір сүруі 54 % дан аспайды. Облыста 2010 жылға дейін өрттен зиян шеккен ормандарды қалпына келтіру максатында Ертіс орманы МТОР аумағында «Ертіс өңірінің қалдық ормандары» бағдарламасы жұмыс істейді. Жоғары да айтылған орман қорғау және қалпына келтіру шаралары, орман қорғау қызметінің материалдық және техникалық базасын нығайту жұмыстары орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қорғауға және бағалы, әрі ерекше орман массивтерін сақтауға мүмкіндік береді.
Өртпен күрес және орманды қалпына келтіру жұмыстары – орман шаруашылығындағы негізгі мәселелердің бірі, бірақ техникалық құралдар мен

Слайд 16 Пайдаланған

әдебиеттер тізімі:
Ссылка http://kzdocs.docdat.com/docs/index-9521.html
↑ http://www.ic.omskreg.ru/irtysh/rew.htm
↑ Қазақ энцклопедиясы
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме

сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
http://kk.convdocs.org/docs/index-2451.html?page=9

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:Ссылка  http://kzdocs.docdat.com/docs/index-9521.html↑ http://www.ic.omskreg.ru/irtysh/rew.htm↑ Қазақ энцклопедиясы↑ Қазақ тілі терминдерінің

Слайд 17Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика