Слайд 1Қабылдаудың онтогонез барысындағы дамуы
Орындаған: Тойбай Ғазиза, Жолдыбаева Айсұлу
Слайд 2Қабылдау
- сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.
Слайд 3 Жекелеген бытыраңқы нүктелер мен бөлшектер тұтас дене, не
көрнекті тұлға қалай пайда болады? — деген қисынды сұрақ туып,
сол нәрселер мен тұлғалар бейнесін біз қалайша танып білеміз, әлде қалай қабылдай аламыз? деген мәселенің мәнін түсіну керек болады. Мұнлай сұрақтар психологиядағы ассоциация бағытына тән болатын. Осындай сұрақтарға сәйкес қабылдау процесі де жекелеген нәрселердің бөлшектерінен өзара мөлшерлес шашыраңқы бөлшектерінің жинақталып көз кабығының торына әсер етуі арқылы көзбен көріп қабылдау процесін тудырады. Қабылдаудың бұл сипаты бойынша көз алдымызда тұрған нәрсенің бөлшектері көзге әсер етіп, олар мидың алаптарында қозу тудырады, өзара байланысып тұтасады да, орталық жүйке жүйесі арқылы бірігіп қабылдау процесін жасайды.
Слайд 4Осы орайда В.Келердің қолда өсірген тауыққа жасаған тәжірибесімен танысып көрейік.
Тауық екі түрлі түсті нәрселердің қарапайым ассоциациялы қосындысы ретінде емес,
олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін жиекті тұтас түсірілген жарыққа лайықты қабылдаған. Түстердің шегі жарык беру арқылы өзгертілгенімен қабылдау жиегі бұрынғыша қалпын сақтап өзгермеген. Тәжірибенің бұл тәсілдері алдымен төменгі сатыдағы хайуанаттарға, одан кейін адам тектес маймылдарға, ақырында бұл тәжірибенің тәсілін өзгертіп балалардын қабылдау процесін анықтауға қолданған. Тәжірибе қорытындылары қабылдаудағы тұтастық сипаты оның бөліктерін өзгерткенмен бұрынғы қалпын сақтап қалған. Осы тәжірибе керісінше тұтастық құрылымды өзгертіп жүргізгенде де қабылдаудың пайда болуындағы тұтастық сақталатыны белгілі болған.
Слайд 6 Енді осы бағытта Г.Фолькельттің өрмекшіге жасаған тәжірибесімен танысайық.
Өрмекші ұясына шыбынды өзі ұшып келғендей етіп тастайды. Осы мезетте
өрмекші шыбынды ұстап жеуге әрекеттеніп, оған ұмтылады. Ал сондай шыбынды бөлшектеп өрмекші ұясының шегіне қойғанда өрмекші оған реакция да жасамаған. Бұл өрмекшінің өз жемісін тұтас түріңде қабылдайтындығын көрсетеді де, ал бөлшектенген шыбын оған қажетсіз нәрсе болып қалған.
Слайд 8 Балалар психикасының даму ерекшеліктерін түсіну үшін қабылдау процесін
жаңа құрылым теориясы тұрғысынан қарастырудың қаншалықты маңызы бар? Қабылдау жайындағы
ассоциация теориясының мәні баланың жалпы психикалык даму ерекшеліктеріне ұксас деуге болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып, оның бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып, оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде нәрселердің бытыраңқы бейнесі (түйсік) сипатында болып, ол К.Бюлердін айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылык бейнесіне ұксайды дейді.
Слайд 10 Бөбек нәрселердің ащы, қышқыл дәмін ажыратуға қабілетті және
ол жылылық пен суықтықты қабылдай алады, дүниеге келген соң біраз
уақыттан кейін дыбыстарды, заттардың түр түстерін де қабылдай алады. Бірақ мұның бәрі де бытыраңқы түйсіктер дейтін. Осы бағытта түйсіктердін бірсыпыра түрлері белгілі бір нәрсенің қасиеттері, сол белгілерді бала бір мезгілді комплексті түрде түсініп, соның нәтижесінде қабылдауы пайда болады дейтін. Бөбектің комплексті сипаттағы қабылдауға жекелеген түйсіктерден ерекшеленіп тұруын кейбір зерттеушілер бір жастағы бала дамуын айлық мезгілдерге бөліп қарастыруы мен салыстырып көрген. Олар 4 айлық баланың қабылдауы нәрселердің өзара байланысы түрінде тұтас сипатта болады деп, санайды. Ал сол зерттеушілердің кейбіреуінің айтуынша қабылдау бөбектің 7 не 8 айлығында пайда болады.
Слайд 12 Біз маңымыздағы кез-келген нәрсеге зер салып қарайтын болсақ,
өзара байланысты, ретті бейнелерін тұтас күйінде қабылдаймыз.
Бұл мәселенін.
аржақ-бержағын ой жүгіртіп, оны тәжірибе арқылы іздестіретін болсақ мынадай қаситеттерді аңғарып білеміз.
Бірінші — заттың шамасын қабылдаудың тұрақтылығы. Егер мен ұзындығы бірдей екі затты (екі қаламды) ұстап тұрып көз алдыма жақындататын болсам, көз қабының торына сол екі заттың бірдей бейнесі түседі, Егер сол қаламның бірі екіншісінен 5 есе ұзын болса, онда осы екі қаламның әр қайсысының шамасы түрліше болып бейнеленеді. Демек қаламның ұзын-қысқалы болуы екі түрлі тітіркендіргіш тудыратын болғаны. Бұл тәжірибені одан әрі жүргізіп, сол қаламның ұзынын көз алдымнан 5 есе қашықтатсақ онда екі түрлі қаламның көз қабығындағы торға түскен бейнесі шамалас болар еді. Бірақ осы ұзындығы екі түрлі қаламның ұзынын қашықтатып, оның екеуін де қатар қабылдасақ олардың ұзындығы түрліше екендігі айқын байқалады. Мүндай көріністің психологиялық мәні неде? Не себептен мен бұл қаламдардың шамасы түрліше деп қабылдаймын?
Слайд 14 Осы қабылданған екі түрлі заттың түрліше қашықтықта тұрғанымен
олар өз қалпында қаңдай болса, дәл сондай болып бейнеледі. Бұл
— қабылдаудың тұрақтылык қасиеті. Осы ретте заттардың биологиялық қасиетін де ескеру керек. Мынадай мысал келтірейік. Жыртқыш аңдардан қорқатын хайуанаттар өздерінің. жауымен арасы 100 қадам қашықтықта тұрып өзінің табиғи тұрқынан 100 есе кішірейіп көрінсе де, оны хайуандар сол күйінде қабылдап одан қауіптеніп секем алады. Заттар мен жыртқыш аңдар белгілі қашықтықта орналасқанымен олар сол өз қалпында қабылданбаған болса, онда хайуандар жыртқыштардан қауіптеніп сескенбенген болар еді” Мұндай биологиялык заңдылық заттардың өзіндік тұлғасының тұрақты түрде бейнеленіп отыратыңдығын көрсетеді.
Слайд 16 Нәрселердің шама-шарқы мен түр-түсінің тұлғасының тұрақтылығына қатысты
өзге де қасиеттерімен толықтыруға болар еді. Бұл мәселенің бәрі тікелей
бақыланатын қасиеттер құрылымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу. Соңдықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңістікте орналасу жағдайына қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз.
Ал мына суреттен
не байқадыңыздар?
Адамның бет әлпетін көрдіңіздер ме? Неше жануар көріп тұрсыздар?
Қабылдау денгейін зерттеу
Мақсаты: Қабылдау кезіндегі объективті және субъективті фокторлардың
ролдерін анықтау.
Қажетті құралдар: карточка немесе темірден жасалынған фигура.
Барысы: әдіс 4-5 адамға біріктіріліп жүргізіледі. Бұл әдістемені жүргізу екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сыналушы столға отырады алдына қағаз және қалам алады, қолын столдың астына қояды.Екіншісі үлгіні қолынан алып ұстап сипап көрген затын қағазға түсіріп салып беруін сұраймыз.