Слайд 1Ашық тәрбие сағаты
«Адам болам десеңіз...»
(7 «а» -сыныбы)
Слайд 2
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Оқушыларды қарапайымдылыққа, адамгершілікке, әдептілікке,
кішіпейілділікке үйрете отырып,
жаман әдеттерден, теріс
мінездерден аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз
қылықтарды
ажырата білуге үйрету;
Ә) Адам бойындағы әдептілік қасиеттерін дарыту, тіл байлығын,
таным белсенділігін арттыру;
Б) сыпайылыққа, сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға
тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, өз ойын, пікірін айту, әңгімелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, мақал-мәтелдер, интербелсенді тақта, жағдаяттар,
тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
І-бөлім: «Мен және жанұям»
Отбасы туралы шағын эссе
Не
істеу керек?
(Жағдаяттардан шығу жолдары)
ІІ-бөлім: «Мен - оқушымын»
«Жақсы оқушы» үлгісін қалыптастыру
«Қожаға көмек»
ІІІ-бөлім: «Мен қандай доспым?»
Достық туралы өз ойлары (эссе)
«Мен туралы достарым не ойлайды?»
Слайд 4
І-бөлім: «Мен және жанұям»
Отбасы туралы шағын эссе (үй
тапсырмасы)
Не істеу керек? (Жағдаяттардан шығу жолдары. Әр топ үш параққа
жазылған тапсырмаларға жауап беріп, жақсы және жаман қасиеттерді айырып, қорытынды шығаруы керек)
Слайд 51. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды.
Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан
келіп, өзі үйді жинап қойыпты. Сен келгенде анаң
ренжулі еді. Сенің әрекетің?
Слайд 6
2. Сен мектепке қосымша сабақтар дайындығына барып жүрмін
деп, үйден шығып кетесің, бірақ мұғалімін ата-анаңа сенің
сабаққа келмегенін және ол бірінші рет емес екенін айтады. Сенің әрекетің?
Слайд 73. Сен үйдегі ағаңмен (апаңмен) біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейсіңдер.
Анаңның туған күнін деп ұмытып кеттіңдер. Енді сендерге аналарың да
ренжулі. Достасуға кім бірінші болып
қадам жасайды. Сенің әрекетің?
Слайд 9№1.Сұрақтың жауабын тап: Ол ешкімге сыйлық сыйлауды, ешкіммен бөлісуді ұнатпайды.
Одан ештеңе сұрауға болмайды, бәрібір ол бермейді. Ол не? Сенде
осы қасиет жиі көріне ме?
Слайд 10№2.Сұрақтың жауабын тап: Адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы,
рухани жақындықтары.
Тапқан жауабы туралы мақал-мәтел айтып бер.
Слайд 11№3. Ол барлық адамда болуы тиіс. Біреуді ренжітсең немесе істі
дұрыс орындамасаң ол сені қинайды. Ол нағыз адам болып қалыптасуға
көмектеседі. Сені осы қасиет жиі мазалай ма?
Слайд 12№4. Барға риза болып, місе тұтып, Алла Тағаланың бергеніне шүкір
етіп жүретін адамды қандай адам дейміз?
Слайд 13
ІІ-бөлім: «Мен оқушымын»
1) «Жақсы оқушы» үлгісін қалыптастыру (шағын көріністер қою)
2)
«Қожаға көмек» (шығармашылық жұмысты орындау арқылы, өздеріне талап қою міндеттеріне
үйрету)
Слайд 14
Қожаның тәртіпті болу үшін алдына қойған міндеттері:
Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көрсетеді...
Тәртіпті болуым керек. Ол үшін
а) бұдан былай ешкімге тиіспей жайыма
жүремін. Досым болсын, қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.
ә) осыдан былай ешқандай тәртіпсіз, тұрпайы сөзді аузыма алмаймын. Үлкенді аған, кішіні іні деп тұрамын.
2) Әрбір тәртіпсіздік қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:
а) егер біреуге тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.
ә) біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымды қия басып шықпаймын, үйде отырамын. Яғни өзімді үйде қамаймын деген сөз.
б) сабақ үстінде тыныш отырмағандықтан мұғалімнен ескерту еститін болсам,ол жолғы үзілісте тысқа шықпай орнымда отырамын.
3) Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасым бұдан былай үзіледі. Ол екеуміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды.
4) Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек. Ол үшін:
а) сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.
ә) үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам.
5) Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме-өзім есеп беріп, жақсы, жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп жазып отырамын.
Слайд 15ІІІ-бөлім: «Мен қандай доспын?»
1-тапсырма: Достық туралы эссе (оқушылардың өз көзқарастарын
ортаға салып талқылау. Қорытынды дос туралы топтастыру)
2-тапсырма: «Мен сізге жазамын...»
(тренинг, сыныптастар бір-бірі туралы ойларын хат түрінде жазып береді)
Слайд 16 «Ертеректе ел ішінде бір отырыста Әйтімбет деген сөзге шешен
кісі болыпты. Бір отырыста оған замандастары:
Достық нешеу?- деп сұрақ қояды.
Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық та, екіншісі – амал достық.
Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, адал дос қашан да жаңынан табылады. Ал амал досты басыңа іс түссе, іздеп таба алмай қаласың, - деп жауап берген екен Әйтімбет».
Слайд 17ДОС
Көмектеседі
Шыншыл
Жанашыр
Қамқоршы
Ұқыпты
Білімді
Мейірімді
Адал
Қайырымды
Слайд 19Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларың хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы
қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің
ата - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Көршіңіздің аты жазылған қолыңызда парақ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек?
Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындау, күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек.
«Мен сізге жазамын.....» ойыны
Слайд 20Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін,сіз парағыңыздың жоғарғы жағын
бүктеңіз. Содан соң бұл парақ сол жақта отырған көршіңізге беріледі.
Ал, сізге басқа ойыншының парағы беріледі, сіз сол параққа келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңыз бен фамилияңыз жазылған өз парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын айтқысы келіп жүргенін жазады. Ойын соңында әрқайсысы өздері жайлы жазылған парақты оқиды.
Слайд 21
Мен қандай
болуым
керек?
Білімді
Сабырлы
Адал
Еңбекқор
Сыпайы
Талапты
Мейірімді
Кішіпейіл
Слайд 22Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді-өзің ая да,
Өзің үйрен,
өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
“Мен қандаймын?” деп ойла.
Өзіңді-өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл
айнасы.
Тиеді саған мәні бар
Өзіңді танудың пайдасы.
Слайд 23Келесі кездескенше еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!