Разделы презентаций


Амебиаз қоздырғышы

Содержание

Қоздырғыш таксономиясы. Қоздырғышын 1875 жылы орыс ғалымы Ф.А. Леш ашқан, Sarcomastigophorae типіне, Sarcodora класына, Ameobiada отрядына жатады. Туыстастығы - Entamoeba, түрі – Entamoeba histolytica.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Амебиаз қоздырғышы.
Амебиаз –қоздырғышы саркодылар класына жататын, нәжіс-ауызды механизммен берілетін антропоноздық

ауру, қоздырғыштар ішекте паразиттік тіршілік етеді, тоқ ішектің зақымдалуымен, әр

түрлі ағзаларда абсцестің дамуымен (іріңдеп қалталану), созылмалы қайталамалы өтуімен сипатталады.
Амебиаз қоздырғышы. Амебиаз –қоздырғышы саркодылар класына жататын, нәжіс-ауызды механизммен берілетін антропоноздық ауру, қоздырғыштар ішекте паразиттік тіршілік етеді,

Слайд 2Қоздырғыш таксономиясы.
Қоздырғышын 1875 жылы орыс ғалымы Ф.А. Леш ашқан,

Sarcomastigophorae типіне, Sarcodora класына, Ameobiada отрядына жатады. Туыстастығы -

Entamoeba, түрі – Entamoeba histolytica.

Қоздырғыш таксономиясы. Қоздырғышын 1875 жылы орыс ғалымы Ф.А. Леш ашқан, Sarcomastigophorae типіне, Sarcodora класына, Ameobiada  отрядына

Слайд 4Морфологиясы.
Қоздырғыш дамуының екі сатысын ажыратады : вегетативтік және цисталық.

Вегетативтік сатысының бірнеше түрі бар: үлкен вегетативтік (тіндік) –forma magna;

кіші вегетативтік (ішек ішілік) - forma minuta; циста алдылық және цисталық.

Морфологиясы. Қоздырғыш дамуының екі сатысын ажыратады : вегетативтік және цисталық. Вегетативтік сатысының бірнеше түрі бар: үлкен вегетативтік

Слайд 5Циста (тыныштық жағдайда) –диаметрі 9-16 мкм, оваль пішінді. Жетілген цистаның

4 ядросы, ал патогенсіз амебаның ( E.coli) цистасында 8 ядросы

болады.
Ішек ішілік түрі –қозғалмайды, мөлшері 15-20 мкм; зиянсыз коменсал ретінде тоқ ішектің жоғарғы бөлімінде мекендейді, бактериялармен және детриттермен қоректенеді.
Үлкен вегетативтік түрі –тиісті жағдайда кіші вегетативтік түрден пайда болады. Ол өте ірі (30 мкм –дей), псевдоподиялар ( жалған аяқтар) түзіп әртүрлі қозғалыстар жасайды. Эритроциттерді фагоциттейді (жұтып алады). Амебиаз кезінде науқастың жаңа нәжісінен табылады.

Циста (тыныштық жағдайда) –диаметрі 9-16 мкм, оваль пішінді. Жетілген цистаның 4 ядросы, ал патогенсіз амебаның ( E.coli)

Слайд 6Дақылдандыру
Қоздырғышты қоректік заттарға бай орталарда өсіруге болады. ( Баламут, Павлова,

Рис, Бек және т.б қоректік орталарында).

ДақылдандыруҚоздырғышты қоректік заттарға бай орталарда өсіруге болады. ( Баламут, Павлова, Рис, Бек және т.б қоректік орталарында).

Слайд 7Резистенттілігі .
Организмнен тыс жағдайда вегетативтік түрлері жылдам (30 мин) өледі.

Цисталары (цистотасымалдаушылар тәулігіне 8 млн-дай циста бөледі) қоршаған ортада төзімді,

20 С температурада су және нәжісте 1 айға дейін сақталады. Тағамдық өнімдерде, көкөніс және жемістерде бірнеше күн сақталады. Қайнатқанда жылдам қырылады
Резистенттілігі .Организмнен тыс жағдайда вегетативтік түрлері жылдам (30 мин) өледі. Цисталары (цистотасымалдаушылар тәулігіне 8 млн-дай циста бөледі)

Слайд 8Эпидемиологиясы
Амебиаз –антропонозды ауру; жұқтыру (инвазия) көзі –адамдар. Берілу механизмі

–фекальді – оральді жол. Тағамдық заттар, әсіресе көкөніс және жемістер,

сирек жағдайда су, тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Жыныстық қатынас (оральдық, анальдық) кезінде де жұғуы мүмкін.
Шыбындар және таракандар цисталарын таратуға әсер етеді. Көбінесе 5 жастан асқандар ауырады. Тропикалық және субтропикалық елдерде ең көп науқастанушылық байқалады.
Эпидемиологиясы Амебиаз –антропонозды ауру; жұқтыру (инвазия) көзі –адамдар. Берілу механизмі –фекальді – оральді жол. Тағамдық заттар, әсіресе

Слайд 9Патогенезі және клиникалық белгілері
Ішек жолына түскен цисталардан амебаның қуыстық

түрлері пайда болып, ауру қоздырмай тоқ ішекте мекендей алады. Организмнің

резистентілігі төмендегенде амебаның тіндік түрлері ішек қабырғасына еніп көбейе бастайды да, ішек амебиазы дамиды. Олардың өсіп -өніп көбеюіне ішек микрофлорасының кейбір өкілдері әсер етеді.

Патогенезі және клиникалық белгілеріІшек жолына түскен цисталардан амебаның қуыстық  түрлері пайда болып, ауру қоздырмай тоқ ішекте

Слайд 10Амебалар қанмен бірге айналып бауырға, өкпеге, бас миына түседі, нәтижесінде

ішектен тыс амебиаз дамиды. Терілік амебиаз кезінде анус айналасында, бұтаралық

аймақта эрозиялар және шамалы ауыратын жаралар пайда болады.
Амебиаздың клиникалық көріністері айқын емес, симптомсыз түрлері жиі кездеседі.

Амебалар қанмен бірге айналып бауырға, өкпеге, бас миына түседі, нәтижесінде ішектен тыс амебиаз дамиды. Терілік амебиаз кезінде

Слайд 11Иммунитетті
тұрақсыз, негізінде жасушалық иммунитет дамиды.
Микробиологиялық диагноз қою.


Науқастан зерттеу үшін алынатын заттар: жаңадан алынған нәжіс, қақырық, абсцесс

бөлінділері, анус айналасындағы және бұтаралық аймақтағы жаралардан сүрінді, қан сарысуы, патологиялық материалдар т.б

Иммунитетті тұрақсыз, негізінде жасушалық иммунитет дамиды.  Микробиологиялық диагноз қою. Науқастан зерттеу үшін алынатын заттар: жаңадан алынған

Слайд 12Профилактикасы
амеба тасымалдаушыларды, циста бөлушілерді дер кезінде анықтап нәтижелі емдеуге, жалпы

санитарлық шаралар жүргізуге негізделген.

Профилактикасыамеба тасымалдаушыларды, циста бөлушілерді дер кезінде анықтап нәтижелі емдеуге, жалпы санитарлық шаралар жүргізуге негізделген.

Слайд 13Дақылдық (паразитологиялық) әдіс бойынша тиісті қоректік орталарға сеуіп таза дақылын

бөліп алады (сирек қолданады).
Биологиялық әдіс – биоматериалдармен 2-3 апталық егеуқұйрықтарға,

теңіз шошқасына, мысықтарға жұқтырады.
Серологиялық әдіс –негізінде қос (парные) сарысулармен ПР, ЖГАР, ИФТ, ИФР, ПЦР реакцияларын қолданады. Серологиялық реакциялармен ішектік амебиаздың 75-80%, ол ішектен тыс амебиаздың 95% -ын дәлелдейді
Дақылдық (паразитологиялық) әдіс бойынша тиісті қоректік орталарға сеуіп таза дақылын бөліп алады (сирек қолданады).Биологиялық әдіс – биоматериалдармен

Слайд 14Емдеуі.
Амебиаздың клиникалық түрлеріне қарай этиотропты және патогенетикалық (симптоматикалық) емдеу тәсілдері

қолданады. Емдеу үшін пайдаланылатын препараттар: метронидазол, мексаформ, осарсол, ятрен, дийодохин,

делагил, фурамид, интестопан, парамицин,тинидазол, орнидазол, секнидазол, тетрациклин+хлорохин, дилоксанид фуроаты, дигидроэмиктин т.б

Емдеуі.Амебиаздың клиникалық түрлеріне қарай этиотропты және патогенетикалық (симптоматикалық) емдеу тәсілдері қолданады. Емдеу үшін пайдаланылатын препараттар: метронидазол, мексаформ,

Слайд 15Трипаносомоздардың қоздырғыштары
Трипаносомалар лейшманияларға қарағанда мөлшері үлкенірек яғни ірілеу болады.

Tryponosoma туыстастығына жататын қарапайымдылар трипаносомоз деп аталатын трансмиссивті тропикалық аурулар

қоздырады
Трипаносомоздардың қоздырғыштары  Трипаносомалар лейшманияларға қарағанда мөлшері үлкенірек яғни ірілеу болады. Tryponosoma туыстастығына жататын қарапайымдылар трипаносомоз деп

Слайд 17 Трипаносомоздар –талшықтылар класындағы қарапайымдылар тудыратын, қоздырғыштары трансмиссивті механизммен берілетін

табиғи-антропургиялық, тропикалық аурулар. Көбінесе созылмалы түрінде өтеді, ұзақ мерзімді ретсіз

қызбамен, экзантема, ісіну, лимфаденит, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы, жиі өлім –жітім (африкалық трипаносомозда), улану, аллергиялық реакция, лимфаденит, жүрек қантамыр және ас қорыту жүйелерінің зақымдалуымен (америкалық трипаносомозда) сипатталады.
Қоздырғыштарын 1902ж Д.Датон (T.gambiense), 1909 ж. –Ш.Шагас (T.cruzi) және 1910ж Г. Фантен (T.rhodesiense) ашқан.
Таксономиясы: Трипаносомоз қоздырғыштары Sarcomastigophorae типіне, Mastigo типшесіне, класына, туыстастығына жатады.
Трипаносомоздар –талшықтылар класындағы қарапайымдылар тудыратын, қоздырғыштары трансмиссивті механизммен берілетін табиғи-антропургиялық, тропикалық аурулар. Көбінесе созылмалы түрінде өтеді,

Слайд 19Қоздырғыштың негізгі сипаттамалары.
Қоздырғышы Tryponosoma gambiense және Tr. Rhodesiense

–Африкалық трипаносомоздың этиологиялық агенті (Шығыс-африкалық ұйқы және Батыс –африкалық ұйқы

аурулары) және Tryponosoma cruzi –Америкалық трипаносомоздың этиологиялық агенті (Круз –Шагас ауруы).
Tryponosoma (грек. trypanon – бұрғылайды, soma –дене) сопақша денелі, ұзындығы 15-40 мкм, толқындалған талшығы бар және денесі мен талшықтар арасында мембранасы бар. Тек қана жыныссыз жолмен (шизогония) көбейеді. Полиморфизммен, әр иелерін ауыстыру арқылы күрделі даму циклінен өтеді.
Қоздырғыштың негізгі сипаттамалары.  Қоздырғышы  Tryponosoma gambiense және Tr. Rhodesiense –Африкалық трипаносомоздың этиологиялық агенті (Шығыс-африкалық ұйқы

Слайд 20 Паразит дамуының үш сатысы бар. Біріншісі –трипаносомалар эпимастиготтар (криптидиалдық

сатысы) түрінде тасымалдаушы жәндіктердің ішегінде өмір сүреді. Олар қоректік ортада

өседі. Ересек түрлеріне ұқсайды. Екіншісі –трипомастиготтар (трипаносомдық сатысы) адамның және басқа сезімтал жануарлардың (ересектерінде) қанында өтеді. Үшінші сатысы –амастиготтар (лейшманиялы түрлері), жасушалары сопақша тәрізді, кішкене, талшығы жоқ. Бұл сатыдағы трипаносомалар (бұл түр тек қана Tr. сruzi –де болады) ересек лейшманиялардан үлкенірек болады.
Паразит дамуының үш сатысы бар. Біріншісі –трипаносомалар эпимастиготтар (криптидиалдық сатысы) түрінде тасымалдаушы жәндіктердің ішегінде өмір сүреді.

Слайд 21Омыртқалы иелерінің қанында трипаносомалардың плиморфты сатылары (трипомастиготтар және эпимастиготтар) дамиды.

Трипомастиготты түрі қте жұқа ұзындығы 14-39 (орташа 27) мкм, айқын

толқынды мембранасы және ұзын бос бөлігі бар талшығы болады. Артқы шеті үшкірлеу, кинетопласты денесінің артқы шетінен шамамен 4 мкм қашықтықта орналасады. Трипомастиготтардың қысқа түрі де кездеседі –ұзындығы 11-27 (орташа -18)мкм, артқы шеті жұмырланған және талшықтың бос бөлігі өте қысқа болады, және де кинетопласты қызғылт түске, ал протоплазмасы –ашық көк түске боялады.

Омыртқалы иелерінің қанында трипаносомалардың плиморфты сатылары (трипомастиготтар және эпимастиготтар) дамиды. Трипомастиготты түрі қте жұқа ұзындығы 14-39 (орташа

Слайд 22Эпидемиологиясы.
Трипаносомоздар трансмиссивті аурулар. Инфекция көзі жабайы (антилоптар, түлкілер, маймылдар т.б)

және үй (шошқалар, ірі қара малдар, ешкілер, қойлар, иттер, мысықтар)

жануарлары, және де трипаносомоздың тасымалдаушысы –қан сорғыш це-це шыбыны, ал америкалық трипаносомоздікі –тритомдық (ұшқыш) қандалалар. Қоздырғыш қанға түскенне кейін жасырын кезең (індеттің клиникалық түрлеріне байланысты) 1-3 аптадан бірнеше айларға, кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін.

Эпидемиологиясы.Трипаносомоздар трансмиссивті аурулар. Инфекция көзі жабайы (антилоптар, түлкілер, маймылдар т.б) және үй (шошқалар, ірі қара малдар, ешкілер,

Слайд 23Патогенезі және клиникалық белгілері
Трипаносоманың адам денесіне енген жерінде шиқан

тәрізді қабыну, инфильтарттың қалыптасуы (африкалық трипаносомозда «трипаносомалық шанкр») және көздің

шырышты қабатының іріңсіз қабынуы, конъюнктивит болады. Круз-Шагас ауруына шалдыққандарда (америалық трипаносомоз) бүкіл лимфа түйіндерінің үлкеюі, дене қызуы, кейде менингоэнцефалит байқалады. Аурулар жүрек-қан тамыр жүйесінің жеткіліксіздігінен өледі. Арудың созылмалы түрінде жүректің, ішектің зақымдануы байқалады.

Патогенезі және клиникалық белгілеріТрипаносоманың адам  денесіне енген жерінде шиқан тәрізді қабыну, инфильтарттың қалыптасуы (африкалық трипаносомозда «трипаносомалық

Слайд 24Иммунитеті
Инвазиялық процестің әсеріне қарсы жеткілікті мөлшерде JgМ; спецификалық протектативті және

бейспецификалық антиденелер пайда болады. Созылмалы түрлерінде JgG-ң әсері әске асады.

Трипаносомалардың көптеген антигендік варианттар түзу қабілеті болады, нәтижесінде иммундық жауап өзгергіштікке ұшырайды. Аутоиммунды механизмдер дамиды.

ИммунитетіИнвазиялық процестің әсеріне қарсы жеткілікті мөлшерде JgМ; спецификалық протектативті және бейспецификалық антиденелер пайда болады. Созылмалы түрлерінде JgG-ң

Слайд 25Микробиологиялық диагноз қою.
Паразитті анықтап, диагонозды дәлелдеу үшін мынадай зерттеу

заттары алынады, ұлғайған лимфа бездерінен , қатайған жарадан (шанкрден) алынған

пунктат, қан, қан сарысуы, жұлын сұйықтығы т.б.

Микробиологиялық диагноз қою. Паразитті анықтап, диагонозды дәлелдеу үшін мынадай зерттеу заттары алынады, ұлғайған лимфа бездерінен , қатайған

Слайд 26Микроскопиялық әдіс
Нативті препаратты («езілген» немесе «ілінген тамшы») түнек айдынды және

фазалы-контрастты микроскопта қарап зертейді. Паразиттің әсер етуінен бояу қозғалысы жүрген

эритроциттерді немесе басқа жасушаларды, сонымен қатар ұзынша толқын тәріздес, иіліп қозғалатын паразитті табу диагнозды дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Дайындалған («қалың» немесе «жұқа») жағындыларды және биопсиялық материалдарды Романовский –Гимзе әдісімен бояғанда өзіне тән түске боялған ядросы, цитоплазмасы, талшықтары т.б бар трипаносоманың трипомастиготтық түрін табу бұл паразиттің этиологиялық факторы екенін көрсетеді.

Микроскопиялық әдісНативті препаратты («езілген» немесе «ілінген тамшы») түнек айдынды және фазалы-контрастты микроскопта қарап зертейді. Паразиттің әсер етуінен

Слайд 27Дақылдық әдіс. Зерттеу заттарынан қан қосылған күрделі қоректік орталарға себеді.

(таза дақылын бөліп алу үшін). Мұндай әдіс қойылған диагноздың сенімділігін

арттыру үшін сирек жағдайда (мүмкіндік болса) қолданылады.
Серологиялық әдіспен. Антиденелер (JgМ) деңгейін анықтайды. Ол үшін ИФА, КБР, ЖИФР –ын пайдаланады. Антиденелерді және паразит аминқышқылдарының фрагменттерін (ПТР) табу диагнозды дәлелдейді.
Биологиялық әдіс. (биосынама) сирек жағдайда қолданылады.

Дақылдық әдіс. Зерттеу заттарынан қан қосылған күрделі қоректік орталарға себеді. (таза дақылын бөліп алу үшін). Мұндай әдіс

Слайд 28Емдеуі;
Сурамин, тримелерин, арсобал, ломидин, пентамидин, мелорсопрол, эфлорнитин. Америкалық трипаносомозда нитрофурандық

препараттар (лампит, нифуртимокс, фурациллин) тиімді. Этиотроптық емдеуді атқармаса трипаносомоз асқынады

және өліммен аяқталады. Мұндай жағдай аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан кейін 6 ай, тіпті бірнеше жылдан кейін де болуы мүмкін.

Емдеуі; Сурамин, тримелерин, арсобал, ломидин, пентамидин, мелорсопрол, эфлорнитин. Америкалық трипаносомозда нитрофурандық препараттар (лампит, нифуртимокс, фурациллин) тиімді. Этиотроптық

Слайд 29Профилактикасы.
Инсектицидтерді пайдаланып, ұшатын қанадалаларды, це-це шыбынын құрту, үй –жайдың жағдайын

дұрыстау. Су жағасындағы орманшыларда өмір сүретін це-це шыбынының өсіп-өнетін жерлерін

инсектицидтермен өңдеу. Трипаносомаларды жұқтырған жануарларды атып өлтіру де трипаносомоздармен күресудің бір жолы болып саналады. Трипаносомоздың родезиялық түрі кездесетін кейбір ошақтарда алдын-алудың химиялық (пентамдинді бұлшық ет ішіне айына бір рет егу арқылы) әдісін қолдану ұсынылады. Иммундық алдын-алу әлі табылған жоқ.

Профилактикасы. Инсектицидтерді пайдаланып, ұшатын қанадалаларды, це-це шыбынын құрту, үй –жайдың жағдайын дұрыстау. Су жағасындағы орманшыларда өмір сүретін

Слайд 30Эпидемияға қарсы шаралар
ауруды анықтауға, емдеуге бағытталады. Қоздырғыштың трансмиссивтік, қан

құю және құрал –жабдықтар арқылы берілу механизмдері мен жолдарын болдырмау,

науқастан сау адамға жұқтырмаудың аса маңызды әрекеттері болып есептеледі.

Эпидемияға қарсы шаралар ауруды анықтауға, емдеуге бағытталады. Қоздырғыштың трансмиссивтік, қан құю және құрал –жабдықтар арқылы берілу механизмдері

Слайд 31Эпидемиологиялық қадағалау
біздің елде қарастырылмаған. Трипаносомоз індеті бойынша эндемиялық елдерден инвазияны

әкелу жолына тосқауыл қою және бұл жұмысты қатал тексеру, сонымен

қатар осы елдерде уақытша болған азаматтарды инвазияны жұқтырудан сақтандыру шараларын атқару (химиялық препараттармен алдын-алу) эпидемиологиялық қадағалаудың басты бағыты деп санаған жөн.

Эпидемиологиялық қадағалаубіздің елде қарастырылмаған. Трипаносомоз індеті бойынша эндемиялық елдерден инвазияны әкелу жолына тосқауыл қою және бұл жұмысты

Слайд 32Трихомоназ қоздырғыштары
Несеп –жыныстық трихомониаз –қоздырғышы жанасу механизмімен берілетін, қарапайымдылар тудыратын,

несеп-жыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын, антропоноздық протозойлық ауру.

Трихомоназ қоздырғыштарыНесеп –жыныстық трихомониаз –қоздырғышы жанасу механизмімен берілетін, қарапайымдылар тудыратын, несеп-жыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын, антропоноздық протозойлық ауру.

Слайд 34Таксономиясы .
Қоздырғышы Sarcomastigophorae класына, Trichomonadida туыстастығына жатады. Трихоманадалардың

комменсалдық түрлері де болады: ішек жолында -Trichomanas hominis; ауыз қуысында

– Trichomanas tenax.

Таксономиясы . Қоздырғышы Sarcomastigophorae класына, Trichomonadida  туыстастығына жатады. Трихоманадалардың комменсалдық түрлері де болады: ішек жолында -Trichomanas

Слайд 35 Қоздырғышы –талшықтылар класындағы Trichomanas vaginalis. Адамда сондай-ақ ішек трихомониазының

қоздырғышы Т. hominis-те кездеседі, оның клиникалық-эпидемиологиялық маңыздылығы Т. vaginalis-пен салыстырғанда

төмен. Т. Vaginalis облигаттық паразит. әйелдердің қынабында, еркектердің зәрағарының морган шұңқырларында паразиттік өмір сүреді. Паразиттің денесі алмұрт тәрізді, ұзындығы 14-30 мкм. Денесінің алдыңғы жағында 4 талшық орналасқан, бүкіл денесі бойынша белдік жібі (аксостиль) өтеді, оның жалғасы артқы жағында тікен сияқты көрініп тұрады.
Қоздырғышы –талшықтылар класындағы Trichomanas vaginalis. Адамда сондай-ақ ішек трихомониазының қоздырғышы Т. hominis-те кездеседі, оның клиникалық-эпидемиологиялық маңыздылығы

Слайд 36Ішек трихомонадасы
(Trichomanas hominis) –ішек трихомонозының қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады.

Т.tenax –ауыз қуысында кездеседі.
Ішек трихомонадасы өлшемі 5-15 мкм, сопақ

пішінді, көпіршік тәріздес бір ядросы, 3-4 талшығы және ундулярлы мембранасы бар. Денесінің тек тіректік өзек бөледі, оының бір шеті ұшталып келеді. Жасушалық аузы арқылы бактериялармен және осмостық процесс арқылы сұйықтықтармен қоректенеді. Ұзыннан бөліну арқылы көбейеді. Цисталар түзуі әлі белгісіз.

Ішек трихомонадасы (Trichomanas hominis) –ішек трихомонозының қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады. Т.tenax –ауыз қуысында кездеседі. Ішек трихомонадасы өлшемі

Слайд 38 Эпидемиялық процестің сипаттамасы
Қоздырғыштың көзі және ошағы –тек қана ауру

немесе тасымалдаушы адам. Қоздырғыштың ьерілу механизмі –жанасу, берілу жолы-жыныстық қатынас

арқылы іске асады.
Трихомониаз барлық жерде таралған. Тұрмыстық қатынасу арқылы залалдану өте сирек кездеседі. Бірақ төсек-орын және басқа бұйымдар, медицина аспаптары қатты ластанса, адамдарға жұғу қаупі арта түседі. Трихомонадалардың су арқылы берілу мүмкіндігі оның ионды тұздық құрамына байланысты. Трихомонадалардың өзен, тоған және су құбырындағы суларда тез қлуіне байланысты ондай сулар арқылы берілуі өте сирек болады.

Эпидемиялық процестің сипаттамасыҚоздырғыштың көзі және ошағы –тек қана ауру немесе тасымалдаушы адам. Қоздырғыштың ьерілу механизмі –жанасу,

Слайд 39  Патогенезі және клиникалық белгілері.
Трихомонадалардың дамуы мен көбеюіне ыңғайлы жағдайлар әйел

қынабының алдыңғы күмбезі маңында, ерлердің несеп шығаратын жолында болады. Қабыну

реакциялары дамып, қоздырғыш несеп-жыныс жүйесінің бөліктеріне өтеді. Трихомонада шығаратын гиалуронидаза зат алмасудың токсикалық өнімдерінің, қабаттас микрофлораның жасуша аралық кеңістікке өтуін жеңілдетеді.
Трихомонадалық инвазия өткінші немесе симптомсыз паразит тасымалдаушылығ түрінде де өтуі мүмкін. Трихомониаздың мұндай түрі 10-35%-да байқалады, ол эпидемиологиялық жағдайды қиындатады.

  Патогенезі және клиникалық белгілері. Трихомонадалардың дамуы мен көбеюіне ыңғайлы жағдайлар әйел қынабының алдыңғы күмбезі маңында, ерлердің

Слайд 40Микробиологиялық диагноз қою.
Клиникалық, эпидемиологиялық және лабораториялық деректерге негізделеді. Лабораториялық әдістердің

ішінде ең жиі қолданылатыны несеп жолдары бөлінділерінен, уретрадан алынған қырындылардан

жасалған жағындыны микроскоппен тексеру.

Микробиологиялық диагноз қою. Клиникалық, эпидемиологиялық және лабораториялық деректерге негізделеді. Лабораториялық әдістердің ішінде ең жиі қолданылатыны несеп жолдары

Слайд 41Микроскопиялық әдіс
Науқастан алынған зерттеу заттарын физиологиялық ерітіндімен араластырып «ілінген тамшы»

препаратын дайындап түнек айдынында фазалы –контрасты микроскопта қарайды (обьектив x40,

окуляр x10). Трихомонадалар мөлшері бойынша лейкоциттерге жақындайды, бірақ олардың үндірлеуші мембранасы мен талшықтарының әсерінен болатын қозғалысын байқауға болады.

Микроскопиялық әдісНауқастан алынған зерттеу заттарын физиологиялық ерітіндімен араластырып «ілінген тамшы» препаратын дайындап түнек айдынында фазалы –контрасты микроскопта

Слайд 42Дақылдық әдіс
Таза дақылын бөліп алу үшін тиісті қоректік орталарға, мысалы

СКДС (казеин гидролизаты +ашытқы+ мальтоза+тұзды ерітінді) ортасына сеуіп, өсіп -өндіреді.

Бұл әдіс созылмалы трихоманиаз кезінде қолданған жөн, және де трихоманада штамдарының емдеу препараттарына сезімталдығын анықтау үшін қажет
Дақылдық әдісТаза дақылын бөліп алу үшін тиісті қоректік орталарға, мысалы СКДС (казеин гидролизаты +ашытқы+ мальтоза+тұзды ерітінді) ортасына

Слайд 43Емдеуі
. Арнайы этиотропты препараттар қолданылады: меронидазол,птинидазол, орнидазол, осарсол, аминарсон, фуразолидон,

клотримазол т.б. Екі жақ партнерлерін (ері мен әйелін) бір уақытта

емдегенде нәтижесі тиімде болады.
Емдеуі. Арнайы этиотропты препараттар қолданылады: меронидазол,птинидазол, орнидазол, осарсол, аминарсон, фуразолидон, клотримазол т.б. Екі жақ партнерлерін (ері мен

Слайд 44Алдын –алу шаралары
Кездейсоқ жыныс қатынастарынан сақтану, презервативті қолдану, ауырғандарды ертерек

анықтау және емдеу.
 

Алдын –алу шаралары Кездейсоқ жыныс қатынастарынан сақтану, презервативті қолдану, ауырғандарды ертерек анықтау және емдеу. 

Слайд 45 Споралылар (Sporozoa)
Споралыларға безгек плазмодиялары, токсоплазмалар, саркоцисталар, изоспоралар, циклоспоралар, криптоспоридиялар және

бабезиялар жатады.
Споралаылардың 1350-ге жуық түрлері белгілі. Олардың барлығы паразитті организмдер.

Бәріне тән ерекше сипатына жетілген формаларында қайда да болсын қозғалыс органоидтарының болмауы және жынысты және жыныссыз көбею кезеңдері, барлық тіршілік циклінің толық болмауы жатады. Көптеген споралыларға жыныссыз көбею –бүршеіктену тән (эндогония).
Споралылар (Sporozoa) Споралыларға безгек плазмодиялары, токсоплазмалар, саркоцисталар, изоспоралар, циклоспоралар, криптоспоридиялар және бабезиялар жатады.Споралаылардың 1350-ге жуық түрлері белгілі.

Слайд 46Токсоплазмоз қоздырғышы
Токсопалазмоз –қоздырғышы бірнеше механизмдермен берілетін, клиникалық белгілері әр

түрлі (полиморфты) болатын негізінде жасырын (латентті) және созылмалы түрде дамитын,

зоонозды табиғи-ошақты антропургиялы протозойлы инвазия.
Токсоплазмоз қоздырғышы  Токсопалазмоз –қоздырғышы бірнеше механизмдермен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі (полиморфты) болатын негізінде жасырын (латентті)

Слайд 48Таксономиясы
. Қоздырығышы – Toxoplasma gondii, Apicomplexa типіне, Coccidiea типшесіне, Eimeridae

отрядына ,Sporozoa класына, Toxoplasma туыстастығына жатады.
Токсоплазманы алғашқы рет 1908 жылы

Тунисте француз ғалымдары Ш. Николь мен А. Мансо африкалық Ctenodactylus gondii дейтін кемірігшітің (сондықтан паразиттың аты- Toxoplasma gondii) және Ф. Сплендоре Бразилияда қояндарының организмінен тапқан. 1930 жылы Д.Н засухин мен Н.А.Гайский тосоплазмаларды сары шұнақтардың организмінен тапқан. Олар ең бірінші болып бұл инвазияның табиғи-ошақтылығы туралы болжам айтып, кейіннен оны дәлелдеді.

Таксономиясы. Қоздырығышы – Toxoplasma gondii, Apicomplexa типіне, Coccidiea типшесіне, Eimeridae отрядына ,Sporozoa класына, Toxoplasma туыстастығына жатады.Токсоплазманы алғашқы

Слайд 49 Дақылдандыруы
. Токсоплазмалар жасуаішілік паразит болғандықтан жасанды қоректік

орталарда өсіп -өнбейді. Оларды дақылдандыру үшін тауық эмбрионына және жасуша

дақылдандыруына жұқтыру тәсілдері қолданылады, және дле ақ тышқандарға жұқтырып көбейту әдісі қолданылады.

Дақылдандыруы .  Токсоплазмалар жасуаішілік паразит болғандықтан жасанды қоректік орталарда өсіп -өнбейді. Оларды дақылдандыру үшін тауық

Слайд 51Эпидемиологиясы.
Мысықтар және мысық тұқымдастықтардың басқа өкілдері токсоплазмоз инвазиясыың ең

негізгі инвазия көзі және резервуары болып табылады. Олардың организміне паразиттің

толық даму циклі өтеді, сондықтан оларды токсоплазмалардың ақырғы иесі деп есептеу керек. Сонымен бірге токсоплазмалар сүтқоректілер мен құстардың барлығынан табылады, олар паразиттің аралық иесіне жатады. әсіресе тышқан тектес кеміргіштер, қояндар өте жиі зақымданып, олардың арасында токсоплазмоз кең тараған індет (эпизоотия) түрінде өтеді.
Эпидемиологиясы.  Мысықтар және мысық тұқымдастықтардың басқа өкілдері токсоплазмоз инвазиясыың ең негізгі инвазия көзі және резервуары болып

Слайд 52Иммунитетті.
Аура кезінде жасушалық және гуморалдық иммунитет дамиды. Жоғарғы сезімталдықтың

баяу типі (ГЗТ) пайда болады. Токсоплазмоздың туа біткен түрінде анасы

жәненәрестенің қанында жоғарғы деңгейде спецификалық антиденелер табылады.

Иммунитетті. Аура кезінде жасушалық және гуморалдық иммунитет дамиды. Жоғарғы сезімталдықтың баяу типі (ГЗТ) пайда болады. Токсоплазмоздың туа

Слайд 53Емдеуі.
Токсоплазмоздың жедел немесе созылмалы, және де туа біткен немесе

жүре пайда болған түрлеріне қарай кешенді түрде стандартты нұсқама бойынша

кем дегенде 2 препаратты қолдану арқылы атқарылады. Емдеу үшін қолданылатын препараттар: тиндурин (син: хлоридин, пириметамин, дараприм), сульфаниламидтер (сульфадиазин, сульфанел, сульфалоксин), бисептол, фолий қышқылы, лекворин, делагин, хиноцид, пирогенал,спленин, антибиотиктер (спирамицин, доксициклин) т.б.

Емдеуі. Токсоплазмоздың жедел немесе созылмалы, және де туа біткен немесе жүре пайда болған түрлеріне қарай кешенді түрде

Слайд 54Профилактикасы.
Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан

адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын-алуға бағытталған. Ол үшін мысық күтімінің

ережелерін орындаудың маңызы күшті. Қолда бар әдістердің барлығын пайдалана отырып, табиғатта токсоплазмалар сақтаушыларды –үй тышқандарын және синантропты кеміргіштерді жою қажет. Ауылшаруашылық жануарлары мен иттер токсоплазмалардың аралық иесі болатындықтан, олардың арасындағы жұғушылықты бақылауға бағытталған кешенді зооветеринарлық шаралар жүргізу керек
Профилактикасы. Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын-алуға бағытталған.

Слайд 55Безгек қоздырғыштары.
 
Безгек (син: ауыспалы қызба, батпақ қызбасы) –безгек плазмодияларының әр

түрлері тудыратын, қоздырғышы трансмиссивтік механизммен берілетін, қызбаның циклдік қайталануымен, ретикулды-гистоцитарлық

жүйенің зақымдануы, анемия, аурудың қайталануы болуымен сипатталатын жедел антропоноздық протозойлық инвазия.

Безгек қоздырғыштары.  Безгек (син: ауыспалы қызба, батпақ қызбасы) –безгек плазмодияларының әр түрлері тудыратын, қоздырғышы трансмиссивтік механизммен берілетін,

Слайд 56Таксономиясы
Таксономиясы адам безгегінің қоздырғыштары Apicomplexa типіне, Sporozoa класына, Ercoccidiida отрядына

(меншікті кокцидиялар), Haemosporina отрядшасына жатады.
Адам безгегін Plasmodium-ның төрт түрі

тудырады: P.vivax -3 күндік безгектің қоздырғышы; P.ovale -3 күндік безгектің ерекше түрінің (овале-безгек) қоздырғышы; P.palcifarum – тропикалық безгектің қоздырғышы;
P.malariae – 4 күндік безгектің қоздырғышы.

ТаксономиясыТаксономиясы адам безгегінің қоздырғыштары Apicomplexa типіне, Sporozoa класына, Ercoccidiida отрядына (меншікті кокцидиялар), Haemosporina отрядшасына жатады. Адам безгегін

Слайд 57P.ovale-ні 1922 ж. Ж. Стивенсон ашқан. Эритроциттерде шеңберлік сатыдағы P.ovale-нің

ядросы P.vivax-ке қарағандаірілеу болады. Эритроцитте ірі дәншелер (Джеймс дәндері) табылады.

Инфицерленген эритроциттердің мөлшері үлкейген, зақымдалған эритроциттердің кейбіреулері оваль пішіндес болады. Паразит 6-12 мерозоиттарға бөлінеді.
P.palcifarum –ды 1897 ж.У. Уэлч ашқан. Оған эритроцитте майда шеңбер тәріздес паразиттің жас түрінің болуы тән, бір жасушада көбінесе 2-3 –ден болады. Зақымдалған эритроциттерде бірлі жарым ірі қызғылт –күлгін түсті дақтар (Мауэр дағы) табылады. Шеткейлік қанда шеңбер тәріздес трофозоиттардан басқа (трофозоиттардың басқа түрлері капилярдағы эритроциттерден табылады) жарты ай пішінді гамонттар пайда болады.

P.ovale-ні 1922 ж. Ж. Стивенсон ашқан. Эритроциттерде шеңберлік сатыдағы P.ovale-нің ядросы P.vivax-ке қарағандаірілеу болады. Эритроцитте ірі дәншелер

Слайд 59 P.malariae –ны 1880ж. А.Лаверан ашқан. Эритроцитте шеңберлік сатыдағы бір

трофозоит табылады. Плазмодиялардың басқа түрлеріне қарағанда жартылай жетілген трофозоит эритроцит

ішінде лента (жолақ) сияқты болады. Паразит 6-12 мерозоиттерге бөлінеді, әдетте олар пигмент айналасында ретімен тор (розетка) тәріздес орналасады.

P.malariae –ны 1880ж. А.Лаверан ашқан. Эритроцитте шеңберлік сатыдағы бір трофозоит табылады. Плазмодиялардың басқа түрлеріне қарағанда жартылай

Слайд 62Эпидемиологиясы
Бұл инвазияны адамдар арасындағы қабылдаушылық өте жоғары. Тропикалық және

субтропикалық климаты бар елдерде миллиондаған адамдар безгекпен ауырады: тропикалық жерлерде

негізгі қоздырғыш - P.palcifarum, оқта –сонда P.ovale; қоңыржай климатты өңірлерде көбінесе P.vivax безгек қоздырады, сирек жағдайда P.malariae. Сондықтан безгек ауруын біздің елге басқа мемлекеттерден әкелуіне жол бермеу мәселелесіне зор көңіл аудару керек. Безгек ошағы оқта-сонда (сирек жағдайда) Қазақстанның оңтүстік өңірінде кездесуі мүмкін.

Эпидемиологиясы Бұл инвазияны адамдар арасындағы қабылдаушылық өте жоғары. Тропикалық және субтропикалық климаты бар елдерде миллиондаған адамдар безгекпен

Слайд 63Иммунитеті.
Ауру кезінде түр спецификалық, сатылық спецификалық тұрақсыз стерилсіз иммунитет қалыптасады.

Қайталап ауруға шалдығуы мүмкін. Пайда болған антиденелер зақымдалған эритроциттер және

мерозоиттардың фагоцитозделуіне әсер етеді. Ауырып тұрғанан кейін безгекке қарсы G класындағы антиденелердің жоғары деңгейі бірнеше айлар, кейде жылдар бойы сақталады.

Иммунитеті.Ауру кезінде түр спецификалық, сатылық спецификалық тұрақсыз стерилсіз иммунитет қалыптасады. Қайталап ауруға шалдығуы мүмкін. Пайда болған антиденелер

Слайд 64Емдеуі.
Безгекке қарсы қолданылатын препараттар плазмодиялардың жынысты және жыныссыз даму

сатыларына қарай әр түрлі әсер етеді. Сондықтан безгекке қарсы препараттарды

шизонтоцидты (гисто және гемактошизонтотропты) деп бөледі. Безгекке қарсы қолданылатын негізгі препараттар: хлорахин (делагил), хинин, примахин, мефлохин, акрихин, бтгумоль, пирипрепараты ретінде пайдаланылады
Емдеуі. Безгекке қарсы қолданылатын препараттар плазмодиялардың жынысты және жыныссыз даму сатыларына қарай әр түрлі әсер етеді. Сондықтан

Слайд 65Балантидиаз қоздырғышы
Балантидиаз –қоздырғыш ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, тоқ ішектің

зақымдалуымен және дизентериға ұқсас белгілері, ұзақ және созылмалы түрде өтуімен

сипатталатын зооноздық антропургиялық инвазия. Қазіргі спецификалық әдістермен емделмеген жедел түрлері көп жағдайда өлімге әкеледі.
Балантидиаз қоздырғышы  Балантидиаз –қоздырғыш ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, тоқ ішектің зақымдалуымен және дизентериға ұқсас белгілері, ұзақ

Слайд 67Эпидемиологиясы.
Балантидиаз –ішек зоонозы. Табиғи ошағы –үй шошқалары және жабайы қабандар.

Шошқалардың инвазия қоздырғышы ретіндегі рөлі олардың организмдерінде 60-80% жағдайларда балантидиялар

табылғаннан кейін 1861-1862 жж. Анықталды.
Сиерк жағдайларда балантидиялар егеуқұйрықтар, иттер, маймылдар организмін мекендейді, олар қоздырғыштардың қосымша көздері бола алады. Мұндай мүмкіндік (өте сирек) ауырған адамда да, егер онымен тығыз жанасса, болы мүмкін. Бұл жағдайда балантидиялардың аурудан сау адамға берілуі (механизмнің іске асуы) жеке бас гигиенасын сақтамағанда және кеселдің ауыр кезінде болуы мүмкін.

Эпидемиологиясы. Балантидиаз –ішек зоонозы. Табиғи ошағы –үй шошқалары және жабайы қабандар. Шошқалардың инвазия қоздырғышы ретіндегі рөлі олардың

Слайд 68  Патогенезі және клиникалық белгілері:
Ас қорыту жолдарына түскен цисталар фегетативтік түрге

айналады. Олар соқыр, сигма тәрізді, тоқ ішектерде өсіп-өнеді. Олардың өткен

жерінде жара пайда болады. Тін ішіне кірген балантидиялар қан құйылу және некроз ошақтарын тудырады. Некрозға ұшыраған жерде ішек қуысымен байланысқан тесік (жара) қалады. Қосылған екіншілік микрофлоралар перитониттің, аппендицинттің себебі болуы мүмкін.

  Патогенезі және клиникалық белгілері: Ас қорыту жолдарына түскен цисталар фегетативтік түрге айналады. Олар соқыр, сигма тәрізді,

Слайд 69Диагноз қою.
Эпидемиологиялық анамнездің деректеріне және клиникалық көріністеріне негізделеді. Ректомоноскопия және

эндоскопия арқылы жаралар табылса оның маңызы зор. Лабораториялық әдістерден ректомоноскопиялық

зертте кезінде алынған нәжістерден микроскоп арқылы вегетативтік түрлерін тау бағалы болады. Оларды табу паразиттің үлкен мөлшеріне, қозғалғыштығы мен белгілі түріне байланысты болады. Цисталарды табу өте сирек кездеседі. Кейде оларды Люголь ертіндісімен боялған перпараттарда табуға болады. Дақылды әдістер де (Павлов ортасына жаңа нәжісті себу) қолданылады
Диагноз қою. Эпидемиологиялық анамнездің деректеріне және клиникалық көріністеріне негізделеді. Ректомоноскопия және эндоскопия арқылы жаралар табылса оның маңызы

Слайд 70Профилактикасы.
Инвазия қоздырғышының көзін, берілу жолдары мен факторларын (шошқалар, жабайы қабандар

және олрадың нәжістерімен ластанған тағамдар және сулар) уақытында табуға бағытталған.

Тұрғындарға жеке бас гигиенасын үйретуге және оны сақтауға ерекше көңіл бөлу керек.

Профилактикасы. Инвазия қоздырғышының көзін, берілу жолдары мен факторларын (шошқалар, жабайы қабандар және олрадың нәжістерімен ластанған тағамдар және

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика