Слайд 1
«Ана тілім-ардағым»
атты тіл мерекесіне
іс-шара жобасы
Мақсаты:
Оқушылардың өз ана
тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
мұғалім:
Арынғазиева Салтанат Жарқынбекқызы
Слайд 2Көрнекілігі:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ
ТІЛ ТУРАЛЫ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР
ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР СУРЕТТЕРІ
«Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі;
Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентациялар,шарлар т.б
Слайд 3 Бар жақсылықтың басы - тіл
(Махмуд Қашқари)
Сүйемін туған тілді – анам тілін
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім
(С.Торайғыров)
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
(Ш.Айтматов)
Мұралардың ең қымбаты –сөз, Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады.Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
(Ғ.Мұстафин)
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
(А.Байтұрсынов)
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
( Ғ. Мүсірепов)
Слайд 4
«Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса,қырандай қалқыған,
ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару,әрі
қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас,отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған –оның ғажайып тілі».
Н.Ә. Назарбаев
Слайд 51-жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті
мәселе.
2-жүргізуші: Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.
1-жүргізуші: Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз
еншілеген күн-22 қыркүйек.
2-жүргізуші: Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
1-жүргізуші: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
2-жүргізуші: : Отанымыздың берекелі шаңырақ, беделді елге айналуы белсенді тіліне де байланысты.
Слайд 6 Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде
мен дір аспанның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан
тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым бар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
- халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене
беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі.
Слайд 8
Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын
жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста
сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
Слайд 9би
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза -
тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім
танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты.
Слайд 10 Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош
келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден
тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Слайд 11
М.Жұмабаев “Қазақ тілі”
М.Мақатаев “Үш бақытым”
М.Шаханов “Төрт ана”
Слайд 12 С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі
Ортаға патша шығады:
ПАТША: - Тілдер
патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті
бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.
МҰҒАЛІМ: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.
ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ
МҰҒАЛІМ: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржандай батырлардың тілі.
Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
ПАТША: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар:
Слайд 13 ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫ
ПАТША: ашуланып - Менің кім екенімді білмейді
- ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді.
Бәрібір ашылмайды. Ол
қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:
Дүниеде не ащы?
Дүниеде не тәтті?
ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.
МҰҒАЛІМ: - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.
Хатта:
О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
(Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).
Слайд 14ПАТША: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына
кітапта берілген мақал - мәтелді аяқтау керек.
1. Өз білмегеніңді кісіден
сұра, Үлкен болмаса,...
2. Өнер алды -...
3. Жіптің ұзыны, сөздің ... жақсы.
4. Піл үшті, Піл күшті емес, ... күшті.
5. Отыз тістен шыққан сөз, Отыз рулы. . .. тарайды.
6. Жүйелі сөз - жүйесін табар, Жүйесіз сөз - ...
ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.
(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)
Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.
ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?
- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді
- Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.
Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:
- Балам, еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.
- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.
ӘКЕСІ:
- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?
БАЛАСЫ:
- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.
- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».
ӘКЕСІ:
- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.
Слайд 15Тілім менің!
Осы тілде шежірем,жырым менің.
Асан қайғы арманы,Қорқыт күйі
–
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.
Тілім менің!
Жауға айбарым,ұраным,туым менің!
Найзасымен тең ұстап ана тілді,
Намысымды қорғады Сырым менің.
Тілім менің!
Тіршілігім,тынысым,құным менің!
Бас бергенмен,Махамбет тіл берген жоқ,
Тіл кесілсе не болмақ күнім менің?
Тілім менің!
Тұтастығым,елдігім,үнім менің!
Ел қорғаған ерлерге рух берген
Осы тілде толғады биім менің.
Тілім менің!
Ұлы Абайдай,Мұхтардай,пірім менің!
Тұнығым,рухани жан азығым,
Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.
Аралыммен –арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің.
Слайд 16 Қазақ тілі -өзінің даласындай кең пішілген жайдары да
жалпақ тіл.Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.Қазақ сөзі қашан
да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы –домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқақ әуенділігі –шырқап салар әніндей.Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім,іштей үйлескен ырғақ болады.Сөз бен сөз,дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып,жымдасып жатыр.Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбінде хрустальдай сыңғырлап,қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді.Кейде қазақ болып туылғаның үшін және әлемдегі ең бай,ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің !
Қабдеш Жұмаділов.
Слайд 17 "Туған тіл – тұғырың, туған тіл –қыдырың” дегендей,
туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның
қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес.Тіліне зер салыңдар бұрынғының,- дей келіп, бүгінгі тіл мерекесіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер келгенін қуанышпен хабарлаймыз
Слайд 18Үш бидің тіл туралы
ұлағатты сөзі.
Қош келдіңіздер
бабалар,
Үш кемеңгер дүлділім.
Сақтаған елдің бірлігін,
Қалың елім пір тұтар
Қасиетті үш бабам,
тілім туралы не айтар?
Төле би:
Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазбек би:
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.
Әйтеке би:
Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі.
Слайд 21 1-жүргізуші: Қадірменді достар!
Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана
тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты лездеме өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын!
1-жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын!
1,2-жүргізуші: Келесі көріскенше сау болыңыздар!
Слайд 22Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!