Слайд 1Қанайналым жүйесінің анатома-физиологиялық ерекшеліктері
ОРЫНДАҒАН:Есиркепова Д
ТЕКСЕРГЕН:
Әкімкерей А
Факультет: Жалпы медицина
Курс: 3
Топ: 17-2к
Kazakh National Medical
University named after S.D.Asfendiyarov
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
2014ж
Слайд 2Жоспар
1)Кіріспе
1.1 Қан және оның маңызы.
2)Негізгі бөлім
2.1 Қанның физикалық-химиялық қасиеттері
2.2 Қан
жасушалары
2.3Қанның формалық элементтерінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
3)Қорытынды
3.1Анамнез жинау
3.2Қан жүйесінің зерттеу әдістері.
Слайд 3Кіріспе
Қанның құрамы өте күрделі. Қан қан клеткаларынан және сұйық
плазмадан тұрады. Қан жасушаларына қызыл қан клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары
лейкоциттер, қызыл қан пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның клеткалары бүкіл қанның 55-60%, плазма 40-45% құрайды. Қан ағзада қоректік заттар мен оттегіні және зат алмасу процесінің өнімдерін тасымалдайды, дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады. Қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Оның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында. , яғни дененің жалпы салмағының 7 %. Жаңа туған нәрестеде ол 14-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 ,12-жаста -7,0-9,4% болады.
Слайд 4Қанның құрамы мен қасиеттері
Қанның құрамы мен қасиеттері..Қанның бұл клеткалары бүкіл
қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да
күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады.
Слайд 5Қан жүйесі бөлімдері
1)Қан жасалуы
2)Эритроциттердің ,тромбоциттердің,лейкоциттердің қан айналымына түсуі.
3)Қанның бұзылуы
Слайд 6Қан жасалу кезеңдері
1)Ерте ангиобластикалық кезең.Бұл кезеңде барлық мезенхима және тамыр
қабырғалары қан жасауға қатысады.
2)Бауырлық қан жасалу.Ұрықтық өмірдің 5ші аптасында 12
елі ішектің дивертикулынан бауыр дамиды .5-6 аптада баурыда қан клеткалары пайда болады.Бауырда эритроциттермен қатар ,түйіршікті лейкоциттер жасалады.Бауырда қан жасалу 20аптаға дейін журеди.
3)Сүйек майында қан жасалу кезеңі.3ши айдың аяқ шенінде сүйек майы толық қалыптасады.Сүйек майында 4айдан бастап қан жасалуының қызыл және ақ клеткаларының қатарлары пайда болады.
Слайд 7Ұрықтың қанында құрсақтық өмірдің ерте мерзімінде эритроциттер мен гемоглобин сандары
аз мөлшерде болады.Олардың саны жасына байланысты өсе түседі.Ұрықтың өмірдің 2-ші
айында дейін эритропоэз болады.Лейкопоэз жоққа жақын.3айлығында қанда гранулоциттер пайда болады.
Слайд 8Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3.
Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді
де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады. Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның тұтқырлығы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-ге тең деп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6, 1-3 жасқа дейін 4,57, 3-15 жас арасында 4,61 шамасында болады.
Слайд 9 Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның тұтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан
5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның
тұтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал қыз балаларда 4,58-ге тең болады. Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88. Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс
Слайд 10Эритроциттердің тұну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, туғаннан кейін
біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3
мм/сағ, 5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің тұну жылдамдығына (7-12 мм/сағ) жақындайды. Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады.
Слайд 11Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш. Жаңа туған
сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а) ұрықтық эритроциттер; б)
қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1 мм3 қанында 6,5- 7,2 млн эритроциттер болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да алғашқы 5-6 сағатында 1 мм3 6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, ұрықтық эритроциттер ыдырап, орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм3 қанда 6,11-7,06 эритроциттер болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млн, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды.
Слайд 12Бұл сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2
жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына т.б. сыртқы
және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мұндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасында да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді
Слайд 13Жаңа туган нәрестелерде лейкоцит мөлшері жоғары болады15*10,12/л.Ол 2кунде өте жоғары
көтеріледі.Екі қиылысу болады:3-7кун(нейтрофилдердин төменедеуі және лимфоциттердің жоғарылауы),4-6жаста керісінше нейтрофилдердин жоғарылауы
және лимфоциттердің төмендеуі.
Тромбоциттер:Жаңа туған балаларда 150-320*109/л яғни ересектердікінен көп айырмашылығы болмайды.
Слайд 14Анамнез жинау
Көптеген қан аурулары кезінде науқас балалар не олардың
ата-аналары енжарлыққа,әлсіздікке,бас айналуына,тәбеттің төмендеуіне дене жүктемесі кезінде пайда болатын жүрек
қағуына,ентігуге шағымданады.Сонымен қатар геморрагиялық диатезі не лейкозы бар ауруларды тері астына қан құйылуы ,мұрын,қызыл иек қабықтарына өздігінен не болмашы жарақаттан п.б қаңсырау мазалайды.
Қан жүйесі аурулары бар балалардың анамнез мәліметтеріне,алғашқы клиникалық белгілердің п.б мезгіліне көңіл аударады,егер аурудың басталуы бала өмірінің алғашқы күндеріне не апталарына сай келсе,онда туа біткен сырқаттың болғанын айғақтайды.
Слайд 15Пальпация
Қан жүйеcі ауруларында сипалау әдісімен қан тамырлар күйін шеткі
лимфатикалық түйіндердің бауырдың,көкбауырдың ұлғайғанын және сүйек ауырғыштығын,бас сүйектің ақаулықтарын анықтауға
болады.
Қан тамырлар күйін анықтау үшін әсіресе олардың сынғыштығының жоғарылағанын эндотелиальды сынамалар бойынша тексереді.Балғашық ,бұрау,шымшу симптомдарының ондығы тромбоцитопения,вазопатияларға тән.
Слайд 16Перкуссия
Перкуссия арқылы бауырдың шекарасын өлшемін және кеуде ішіндегі медиастениальды
лимфа түйіндерінің ұлғаюын анықтайды.Сүйектерден әсіресе ,төстен соғу аурулары болса,ол кеміктегі
қан тасуын,қан клеткаларының гиперплазиясын көрсетеді және лейкозға ,эритремия,гемолитикалық анемияға тән.
Слайд 17Аускультация
Қан аурулары кезінде жүрек-қантамыр жүйесі жағынан қан аздығына байланысты
өзгерістер анықталады:тахикардия,мойын веналарында зырылдауық шуы,жүрек тұсында систоллалық шу қатты кейде
тарсылдақ тондар естіледі.Бірақ созылмалы анемия кезінде дистрофиялық өзгерістердің дамуы салдарынан жүрек ундері әлсіреуі мүмкін.
Слайд 18ҚОРЫТЫНДЫ
Адамның жеке дара дамуы барысында қан жүйесі қалыптасады,оған қан
жаратушы ағзалар ,тамырдағы қан,қан арасынан тіндерге түскен лейкоциттер және қан
жүйесін реттеу механизмдері жатады.
Слайд 19Түсіпқалиев
www.google.kz
www.yandex.ru
“Денсаулық ” журналы
Ә.Нұрмұхамбетұлы″патофизиология″
Қолданған әдебиеттер:
Пайдаланылған әдебиеттер: