Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Денсаулық
сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы.
Орындаған: Абумуталифова Айгерим 102 стом
Қабылдаған: Қыздарбеков Бірлік
Қарағанды 2013
Слайд 2Кіріспе
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, мақсаты, міндеттері
Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық
Бағдарламаны іске
асырудың нысаналы индикаторлары
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Ағымды жағдайларды талдау
«Денсаулық жолы
»
Денсаулық пойыздары
Ана мен бала денсаулығы
Әдебиеттер тізімі
Жоспар
Слайд 3 Қасиетті халқымызда «денсаулық - зор байлық» деген және «аурып
- ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген қанатты сөздер бар.
Бұл негізсіз айтыла салмаған. Әрбір адам өзінің денсаулығына мән беру керек. Соның нәтижесінде аурудың алдын алып, ауырмаудың жолында дәрігер мамандардың кеңесін алып, саламатты өмір салтын қалыптастырға міндетті. Мемлекетімізде осы бағытта «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды міндеттеген. Оның маңызды бағыт болып табылатындығын атап айтқан. Өте дұрыс айтылып отыр. Мен оны шын ниетіммен қолдаймын. Біздің әрбіріміз өз денсаулығымыздың қадірін сезініп, ауырмаудың жолын іздейтін болсақ, саламатты өмір салтын жүзеге асыруымыз керек. Дұрыс тамақтанып, спортты серік еткеніміз абзал. Саламатты өмір салтын қалыптасыру дегеніміз -тазалықты сақтау, ауыл аймақты , аулаларды-көгалдандыру сонымен бірге адам денсаулығына зиянды нашақорлықтан, маскүнемдіктен аулақ жүріп, дәрігерлік тексерулерден де өтіп тұруды ұмытпау болып табылады.
Елімізде емдеу диагностикалық кешендер мен медицина мамандарының көмектерін дер кезінде пайдалану бұл біздің денсаулығымыздың нығаюына өз кезегінде ықпал етеді. Бұл үшін мүмкіндіктер, жағдайлар жасалған.
Кіріспе
Кіріспе
Слайд 4«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, мақсаты, міндеттері
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын
дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:
Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту:
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;
медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс:
kazakh телеарнасы 01.11.2013
Слайд 5Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
халықтың
күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін,
2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;
ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;
нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98, 1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 пайыз шегінде ұстау.
kazakh телеарнасы 01.11.2013
Слайд 6
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде:
демографиялық жағдайды жақсарту, халықтың туу деңгейінің
18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейін артуы; өлім-жітім көрсеткішінің
тұрақтануы – 9,74 (2005 ж. – 10,37);
халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге (2005 ж. – 8,05) дейін өсуі анықталды.
Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды құрады.
Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың сәл ұлғаю (1,7%) үдерісі белгіленді. Ел өңірлерінде барлық аурулар бойынша сырқаттанушылық 100 мың халыққа шаққанда Солтүстік Қазақстан - 9,7%-ға, Батыс Қазақстан - 4,0%-ға, Алматы - 3,8%-ға, Маңғыстау – 1,1%-ға, Ақтөбе облыстарында -0,5%-ға және Астана қаласында– 7,9%-ға ұлғайғандығы байқалды. Тоғыз облыста және Алматы қаласында төмендеу байқалады. Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды тыныс алу органдарының аурулары (39,37%), екінші – жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%), үшінші – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%), одан кейін асқорту органдарының аурулары (6,46%), тері және теріасты жасушаларының аурулары (6.08%), қан және қан өндіру органдарының аурулары (4,24%), қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%), инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады.
Демографиялық жағдайдағы оң қозғалыстарға қарамастан ана мен бала денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу денсаулығы өзекті проблема күйінде қалып отыр, 16%-ға дейінгі некелер бедеу болып табылады. Бұл ретте қаламаған жүктіліктің жиілігі жоғары. Тіркелген жағдайлардың статистикасына сәйкес елдегі 4 жүктіліктің 1-уі жасанды үзумен аяқталады. 15 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірім қыздардың босану жиілігінің ұлғаю үдерісі бар және 2008 жылы 1000-ға шаққанда 31,1 құрады.
Аналар өлім-жітімінің негізгі себептері (100 мың тірі туғандарға шаққанда 2005 ж.-40,5; 2009 ж.-36,9) акушериялық қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патологиялар болып отыр. Аналар өлім-жітімінің ең жоғары өлім-жітімі 2009 жылғы 100 мың тірі туғандарға шаққанда Атырау облысында - 57,0. Орта республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысы бойынша 55,9 және Қызылорда облысы бойынша 42,6 құрады.
2005 жылы нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1 құрайды. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу өлшемдерін енгізу арқылы нәрестелер өлім-жітімінің 20,7-ні құрады және 2009 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі анықталды.
http://kzgov.docdat.com
Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық
Слайд 7Нәрестелер өлім-жітімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады
(60,4%). Мұндай тәртіп перинаталдық медицинаның даму басымдылығының, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық
қызметтердің арасындағы өзара іс-қимылды жақсартудың, босандыру және балалар ұйымдарын қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық аппаратурамен жарақтандыруды жалғастырудың, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсартудың, кадрларды даярлау жүйесін жетілдірудің, неонаталдық технологияларды белсенді енгізудің дәлелі. Нәрестелердің өлім-жітімі құрылымында екінші орынды туа біткен патология алады, бұл жүргізілген ерте диагностиканың (туа біткен патологияны анықтау мәніне жүкті әйелдердің скринингі) жеткіліксіздігінің, ата-аналарының салауатты өмір салтын сақтамайтындығының және республиканың тұтасымен бірқатар өңірлерінде қолайсыз экологиялық жағдайдың дәледі.
2007-2009 жылғы деректердің талдауы1 жасқа дейінгі балалардың респираторлық аурулармен және пневманиядан өлім-жітімі өлім-жітімнің барлық себептерінен 3 орынды немесе инфекциялық аурулардан 1 орынды алады.
2008 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығының 33 774 жағдайы тіркелді. 2008 жылы 5 жасқа дейін балалар өлім-жітімі жағдайының жалпы саны 8 225 баланы құрады, пневмониядан 1,5 мың бала өлді. Қазіргі уақытта қазіргі заманғы медицинада белгілі пневмококктық инфекциядан ең тиімді және экономикалық пайдалы профилактикалық іс-шаралар вакцинация болып табылады. Республиканың профилактикалық екпелерінің күнтізбесіне 2 айлық балаларға пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинацияны енгізу 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын 50%-ға дейін, өлім-жітімін 20%-ға дейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстанда егде жастағы адамдар барлық халықтың санының 7,7 %-дан астамын құрайды. Бірлескен ұлттар ұйымы сарапшыларының болжамдары бойынша жақын жылдары Қазақстанда егде жастағы адамдардың саны 11% артатындығы күтілуде. Егде жастағы адамдарға медициналық көмекті жақсарту үшін республикада геронтологиялық көмек жүйесін құру қажет.
http://kzgov.docdat.com
Слайд 8Өткен бесжылдық кезеңінде әлеуметтік-елеулі аурулардың таралушылығы мен халық өлім-жітімінің кейбір
көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде халықтың сырқаттанушылығы мен
өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады. Осылайша, туберкулезден болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай ушыққан күйінде қалып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 94-орынды (2007 жылғы көрсеткіш 130,0) және туберкулездің бизнеске әсер етуі тұрғысынан 111 орынды алады.
Жүргізіліп отырған көлемді құрылысқа, туберкулезді «DOTS-плюс» емдеу бағдарламасын іске асыруға қарамастан, туберкулездің таралуын, дәріге төзімділіктің дамуын, туберкулезден болатын өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.
Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың кейбір көрсеткіштері (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) төмендегендігі байқалады, сонымен қатар асқынған түрлері көбеюде (16,2%), ал өлім-жітім көрсеткіші жалпы өлім-жітім себептерінің ішінде үшінші орынды алады (12,6%).
Тұтасымен республика бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуімен қатар ірі өнеркәсіптік өңірлер бойынша көрсеткіштердің өсуі белгіленді. Қатерлі ісіктердің үлес салмағының ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан - 44,5% және Павлодар облыстарында - 44,5% байқалады.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында (орта әлемдік көрсеткіш 1,1 % болғанда халықтың 0,2%-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ ауыруы бар тұрғындардың саны 16 мың адамды құрайды, бұл тіркелгендердің санынан 2 есе артады. Өткен 2009 жылы ең жоғарғы басымдылық Алматы қаласында - 0,326, Павлодар - 0,264, және Қарағанды облыстарында 0,223 белгіленді.АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының шамамен ¼-н құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердің саны өсуде. 2008 жылы жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасының жиілігі 2005 жылдан бастап жыл сайын 0,01 %-ға арта отырып, 0,07 % құрады, бұл АИТВ-ның анадан балаға берілу әлеуетін арттырады. Сонымен қатар, ал АИТВ/ЖИТС бойынша жағдайдың нашарлауының нақты қауіпсіздігі бар күрделену мүмкіндігі жоғары, халықтың АИТВ туралы білім-танымдары төмен.
http://kzgov.docdat.com
Слайд 9Жарақаттанушылық тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар әлем елдерінің
көпшілігі үшін қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстанда жарақаттар халықтың сырқаттанушылық құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында екінші орынды, бірінші рет мүгедектікке шығу бойынша үшінші орынды алады. Әртүрлі жарақат алған адамдарды оңалту және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру бойынша жүйелі тәсіл жоқ.
Соңғы жылдар алғашқы мүгедектік деңгейінің теріс динамикасы қалыптасты (республикада бірінші мүгедектікке шығудың қарқынды көрсеткіші 2007 жылы – 10 мың халыққа шаққанда 27,7 жағдайды, 2008 жылы – 28,8, 2009 жылы – 29,2-ні құрады), бұл денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығының нашарлығын куәсі болып табылады.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерінен дамыған ауруларды (тыныс алу ағзаларының аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және тағы басқалар) диагностикалау және емдеу қызметіне деген сұраныстың артуына ықпал етеді.
Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады, маңызды инфекциялық аурулардың бір қатары төмен деңгейде тіркелген, ал вакцинамен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар бойынша толық жою немесе элиминация міндеті жолға қойылған.
Жыл сайын қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы артып келеді, ол 2009 жылғы қорытынды бойынша 81,8%-ды құрады, эпидемиялық маңызды объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаруда. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті профилактикалық іс-шаралар кешені қамтамасыз етілді, оларда халықтың сырқаттанушылығының топтық жағдайларына жол берілген жоқ. Шекаралас мемлекеттермен эпидемиологиялық жағдай күрделенгені туралы шұғыл хабарлау жүйесі енгізілді.
Сонымен қатар, қызметтің инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметін күшейту мәселелері шешімін таппай келеді. Өткізілетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдігін арттыру қажет, аккредиттеу жүйесі нашар дамыған, зертханалық зерттеулердің және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының қауіп-қатерлерін бағалаудың халықаралық стандарттары жеткіліксіз енгізілген.
http://kzgov.docdat.com
Слайд 10
Өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау
жүйесі дамымаған. Дезинфекциялаумен және деротизациялаумен айналысатын ұйымдардың қызметін бірыңғай үйлестіруді
қалыптастыру бөлігінде олардың қызметін жетілдіруді, өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыруды талап етеді.
ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір салтына, көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қантамыры жүйелерінің аурулары, қант диабеті және басқалар) дамуына тәуелді, сондай-ақ адамның өмір сүру салтына байланысты. Соған байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесін дамыту маңызды болып отыр. Сонымен бірге, қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық және ведомствоаралық серіктестік тетігі жолға қойылмаған, бұл мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке секторлардың денсаулық сақтау саласындағы өз міндеттерін жете түсінбеуіне, жауапкершілікті нақты бөлісудің болмауына, денсаулық сақтау проблемаларын ақпараттық қолдаудың нашарлығына байланысты.
Сондай-ақ, халықтың денсаулығы деңгейінің төмен болуының себептері салауатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын алу, қоршаған ортаның, суды пайдалану мен тамақтанудың қолайсыз жағдайының сақталуы мәселелерінде халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы, сауаттылығы мен дәйектілігінің, суды тұтыну мен тамақтанудың жеткіліксіздігі, халықтың әлеуметтік әлсіз санатының әлеуметтік экономикалық нашарлығы болып табылады. Одан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің төмендігі, яғни ауруларды болдырмауға емес, оларды емдеуге бағытталу сақталуда.
http://kzgov.docdat.com
Слайд 11Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары:
2015 жылы:
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын
70 жасқа дейін ұлғайту;
ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;
нәрестелер өлім-жітімі
1,5 есе төмендейді;
жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;
туберкулез ауруы 10 %-ға төмендейді;
медициналық ұйым және дәрігерді еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамай тегін медициналық берілетін кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;
халықтың жеке формалды емес төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы ақы төлеу тетігі енгізілді;
денсаулық сақтауға инвестициялардың тиімділігінің бағасы әзірленді;
тиімді тарифтік саясат енгізілді;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің 30 %-н жалпы практика дәрігерлері ұсынады;
стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді;
тегін медициналық көмектің берілетін кепілді көлемін көрсетуде пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қол жетімділігі артты;
денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді;дене тәрбиесі және спортпен айналысатын азаматтарды қамту, 25 %-ға дейін көбейді;
дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға көбейді;
халық арасында темекі шегу, есірткі және алкогольді тұтыну 15%-ға төмендеді.
Мақат газеті,2013 ж 15 қараша, «Саламатты Қазақстан» саулығы мықты ел болуды көздейді мақаласы
Слайд 12Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Слайд 16Астана ақшамы 19 наурыз 2013, «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»
Слайд 17Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 -
2010
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру кезеңiнде мынадай белгiлi
бiр нәтижелерге қол жеткiзiлдi:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының
Кодексi қабылданды;
тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi бойынша ең төменгi стандарттар
белгiлендi;
Қазақстан Республикасында ана мен бала өлiм-жiтiмiн төмендету жөнiндегi 2008 - 2010
жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында қан қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы
2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл
жөнiндегi 2006 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және
кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2008 - 2016 жылдарға арналған, «Саламатты өмiр салты»
жөнiндегi 2008 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламалары әзiрлендi және енгiзiлдi;
жалпы дәрiгерлiк практика қағидаты бойынша жұмыс iстейтiн бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрi - БМСК) қызметiн реформалау жүргiзiлдi, қанайналым жүйесi
ауруларын ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересек халықты профилактикалық қарап-тексеру,
ұрпақты болу жүйесiнiң онкопатологиясын ерте анықтау тұрғысынан әйелдердi скринингтiк зерттеу
жүргiзiлуде;
дәрi-дәрмекпен тегiн және жеңiлдiктi түрде қамтамасыз ету енгiзiлдi;
мемлекеттiк медициналық ұйымдар желiсiн типтеу және стандарттау жүргiзiлдi, денсаулық
сақтау ұйымдары желiлерiнiң мемлекеттiк нормативi бекiтiлдi;
денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi iс-
шаралар жүргiзiлдi;
тәуелсiз медициналық сараптама жүйесi құрылды;
http://kzgov.docdat.com
Ағымдық жағдайды талдау
Слайд 18Жаңа реформаның арқасында тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетіліп, салада оң
өзгерістер орын алуда.
Республика көлемінде жаппай жүзеге асып жатқан жасампаз бағдарламаның
шапағатын павлодарлықтар да көруде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, аталған бағдарлама аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға көп септігін тигізуде.
- Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы біздің өңірде де ойдағыдай жүзеге асуда. Нәтижесінде, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға мол мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар бірқатар аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеді. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, биыл қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші - 42 пайызға, сәби өлімі - 13,2 пайызға азайды. Соңғы екі жыл ішінде қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді. Осы саланы дамытуға жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат қарастырылуда. 2012 жылы аталған бағдарламаны орындау үшін республикалық және облыстық бюджеттен жалпы мөлшері 2103,5 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Сондай-ақ, қалалық тұрғындарға жан басына шаққандағы тариф көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 150-ден 181-ге дейін, ал ауылдықтар үшін 397-ден 483-ке дейін, яғни 21 пайызға өсті, - дейді Нұрлан Қасымов.
Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде облыстағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесіне де баса мән берілген. Осы мақсатқа 698,5 млн. теңге бөлініп, оған қажетті медициналық жабдықтар сатып алынған. Атап айтар болсақ, Павлодар және Екібастұз қаласындағы жедел жәрдем станцияларына 2 реанимобиль, облыстық перинаталды орталыққа неонатальды реанимобиль берілген. Облыс орталығындағы №4 емханаға глаукомды кабинет ашу үшін заманауи аппаратуралар алынып, басқа да ауруханалар қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етілген. Аймақтың бас дәрігері алдағы уақытта емдеу мекемелерінің санын көбейтіп, тұрғындардың қолжетімді дәрігерлік көмек алуына барынша жағдай жасалатынын да алға тартты. Осыған орай, қазіргі таңда Павлодар және Екібастұз қалаларында ауысымына 500 адамға қызмет көрсететін екі бірдей жаңа емхананың құрылысы жүріп жатыр екен.
Сарыарқа- самалы газеті 2012 ж 29 қараша, Медицина жашысы, Мақала: «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы – сапалы өмір кепілі, Н.АҚЫТЕГІ.
Слайд 19Ұжымдық лобаратоия
«Саламатты қазақстан» бағдаламасы негізінде Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінде
ұжымдық қолдануға арналған лобаратоия құрылды.
Зертхана, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігінің қолдауымен BioRad, Bruker Daltonics, Quigen, Shimadzu, Tecan әлемдік бренд жабдықтарымен жабдықталған, ол халықаралық стандарт деңгейінде зерттеулерді жүргізуге жағдайын туғызады.
Зертхананың ультражаңаланған жабдықтарымен жоғарғы түрде жабдықтануы, MALDI-TOF спектрометрия, мультиплексті иммунологиялық анализі, екіқалыпты электрофорез, нуклеин қышқылдарының секвенирленуі, PCR, HLPC, ағын цитометрия және т.б. технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
Зертханада прободайындықтан бастап, түпкі нәтижеге дейінгі толық зерттеу циклымен қамтамасыз етілген. Ерекше екпін ескі зертханалық үрдіс автоматизацияларына қойылады. Зертхана - үш зертханалық роботталған комплекстарымен жабдықталған, олар ескі манипуляцияларды максималды автоматтандырылған, сапасын жоғарлатуға және шешімдердің алу жылдамдығына мүмкіндік туғызады.
Зертхананың негізгі қызметі - отандық және шетел ғылыми ұйымдарымен және жоғарғы оқу орын мекемелерімен, жеке және бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау болып табылады.
Сонымен қатар, халыққа диагностикалық-кеңес көмегі келесі бағыттармен жалғасады:
әртүрлі патологияларда дені сау тұрғындардың және емделушілердің иммунды жағдайдың бағасы;
гормональды жағдайдың бағасы;
несеп-жыныстық жүйенің инфекция диагностикасы;
тыныс алу жолдарының инфекция диагностикасы;
жыныстық жолдармен берілетін инфекция диагностикасы;
әртүрлі локализациялы іріңді-қабыну ауруының диагностикасы;
Зертхана штаты өздерінің біліктілігін әрдайым жоғарлатып отыратын тәжірибелі ғылыми қызметкерлермен ұсынады.Зетхананы жабдықтауға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 600 млн тг жуық қаражат бөлді.
http://www.kgma.kz/kk/blog2/262.html
Слайд 21«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, облыстық денсаулық сақтау
басқармасының 12.07.2012 жылғы №189 «2012 жылы шілде-тамыз айлары аралығында «Денсаулық
жолы - 2012» кең ауқымды шараны өткізу туралы» бұйрығы қабылданды. Шалғайдағы ауыл халқын сапалы дәрігерлік көмекпен қамту мақсатында Маңғыстау әрқайсысының бағасы 90 миллион теңге тұратын 3 бірдей жылжымалы медициналық кешендер қолдануға берілді. Бұл кешендер бекітілген кестеге сәйкес ауыл тұрғындарына тегін қызмет көрсетіп жүр. Күні кеше аймақта «Денсаулық жолы» шарасы басталып, білікті, тәжірибелі мамандар медициналық кешенмен алыс ауылдарға жолға шықты.
Жылжымалы медициналық кешен дәрігерлері (Мұнайлы ауданы - 25 шілде, Қарақия ауданы - 1 тамыз, Маңғыстау ауданы - 8 тамыз, Түпқараған ауданы – 18 тамыз, Бейнеу ауданы - 22 тамыз) ауыл тұрғындарын онкологиялық аурулар мен туберкулезді (маммография, флюротексеріс, зертханалық зерттеулер) анықтау үшін скринингтік тексеруден өткізді.
Қарақия газеті 2012 ж 8 тамыз,32 басылым, мақала: Денсаулық жолы -2012
«Денсаулық жолы »
Слайд 22
Денсаулық пойыздары
Бағдарлама негізінде үш медициналық пойыз жаңа бағыт бойынша өз
маршруттарын қайта жаңғыртты.
Медициналық пойыздар 2012 жылдың басынан бастап 8 000-нан
астам қазақстандыққа қызмет көрсеткен. Ал «Саламатты Қазақстан» пойызы 2012 жылдың 19 ақпанында Қарағанды стансасынан жергілікті уақыт бойынша сағат 20:15-те қатынай бастады. Пойыз бригадасы 10 наурызға дейін Көкшетау маңындағы Смирново, Қиялы, Тайынша, Макинка, Елтай стансаларын аралап, барлығы 1 376 шақырым жолды қамтыды.
Қалған екі медициналық «Денсаулық» пен «Жәрдем» пойыздары Алматы-2 мен Ақтөбе стансаларынан жолға аттанды.
Алдында 2 599 адамға қызмет көрсеткен «Денсаулық» пойызы үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан 6 наурызына дейін Алматы облысының 548 шақырымға созылатын 11 стансасын, оның ішінде Жетіген, Отар, Шилібастау, Шамалған және тағы басқа стансаларды басып өтті.
Арнайы емдік-диагностикалық медициналық «Жәрдем» пойызы 2000 шақырымдық жол жүріп, Ақтөбе облысының 30 стансасын аралады. Әйтеке би, Никельтау, Ізімбет, Біршоғыр, Көпмола, Шұбарқұдық сынды стансалардың тұрғындары жоғары білікті мамандардың назарынан тыс қалмады. Медициналық көмекке 1 854 адам жүгінді.
Қазақстан Өскемен теле арнасының жаңалықтары, 2 желтоқсан 2013ж
Слайд 24«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасында көзделген жүйелі іс-шаралардың
арқасында ана мен бала, өлім-жітімінің көрсеткіші біршама азайды.«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы
бойынша 2012 жылдың 5 айында бала өлімінің көрсеткіші 6,3 %-ға төмендеді. Республикадағы ана өлімі өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға төмендеді, яғни 2011 жылғы 5 айында 19,5 көрсеткішіне қарсы 100 мың тірі босанғанға 17,3 көрсеткішін құрады. 2012 жылдың 5 айында бала өлімінің көрсеткіші 6,3%-ға төмендеп, 1000 тірі туғанға 14,9-ды құрап, 2011 жылғы 15,9% пайыздан аз болды. Сондай-ақ, ана мен бала өлімін азайту шараларының шеңберінде 0-5 жас аралығындағы сәбилердің диспансерлік бақылауы мен патронаж, генетикалық аурулар мен іштегі нәресте дамуының туа біткен ақауына босануға дейінгі скрининг, халықаралық тиміді технологиялар енгізілуде, диагностика мен емдеудің хаттамалары дамытылуда.
Газета.kz 10 Наурыз 2012 г
Слайд 25 kazakh телеарнасы
kzgov.docdat.com
Мақат газеті
Астана ақшамы
Сарыарқа- самалы газеті
www.kgma.kz
Қарақия газеті
Қазақстан Өскемен теле
арнасының жаңалықтары
Газета.kz
Әдебиеттер тізімі