Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Дәрігерге дейінгі дайындық кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: “Жанұямен танысқанда алған пікірлерді
талдау”
Орындаған:Шора А.Ғ.
Тексерген:Алишева Г.Л
Қарағанды 2011ж
Слайд 2Жоспары
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Жанұя мен неке туралы
жалпы түсінік
Науқастың жанұясымен танысу
Науқастың психологиялық климаты
Қарым-қатынас жасаудағы мейірбикенің міндеті
Медициралық деонтологияға түсінік Медициналық этикаға жалпы түсінік
Мейірбикенің мінез-құлқының түрлері және оның түсініктері
Мейірбике өз іс-әрекетінде емделушілермен қатынасудағы жалпы психологиялық принциптері:
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Дәрігер мен науқас өз табиғатында
екі жақты ақпарат алмасуды көрсетеді. Дәрігердің көзқарасы бойынша, осы алмасу
нәтижесі болып, науқас ауыруының алдын алу немесе диагноз қою және емдеу жоспарын анықтау болады. Науқас көз қарасы бойынша, ауру симптомдары дәрігерге айтылуы қажет. Дәрігер науқастың шағымдарын көңіл қойып тыңдау қажет. Науқас дәрігердің алдына келгеннен кейін 18 секунд ішінде науқаста дәрігер туралы ой қалыптасады. Бұндай пікірдің қалыптасуына дәрігердің науқасты қалай қарсы алғаны себеп болады. Яғни ол ақпарат алу мақсатында қойылған ретті және ретсіз, нақтылайтын және анықтайтын сұрақтармен қажетті ақпаратты алу болып табылады.
Слайд 4Жанұя мен неке туралы түсінік
Отбасы және неке туралы
заңға байланысты қазіргі кезде жастар арасында неке құру үшін қажетті
жағдай екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Бізде жиналған деректерге қарағанда, қазіргі жастардың арасындағы неке құру жасы негізінен 18-25 болып отыр. Қыз балалар 25 жасқа дейін тұрмыс құруды армандаса, ал ер балалар оқу бітіріп, армия қатарында борышын өтеп қайтқан соң, үй болуды қалайды. Бұл қазіргі өмір талабына байланысты заңдылық.
Слайд 5Науқастың жанұясымен танысу
Дәрігердің науқастың жанұясымен тіл табысуының маңызы:
егер науқас ауыр халде немесе науқасқа айтылмайтын ауыруы болған жағдайда
және т.б. Дәрігердің науқастың жанұясымен әңгімесі өзі міндетті шеңберінен шықпауы керек. Туыстарының пікірлері науқасқа әсер етеді. Оның ауыруханаға келуден алдын не істегені, бұрын немен ауырғаны, жүріс тұрысы, қалай тамақтанғаны туралы мәліметтер алу керек. Медқызметкерлер науқастың дертін, жағдайын жасырмай, түсінікті түрде хабарлауы тиіс. Ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын немесе хабарламауын сұраған дұрыс.
Слайд 6Науқастың психологиялық климаты
Науқастармен психологиялық қатынас құруда туыстары дәрігерге-
науқас және оның жағдайы жайында толық және нақты ақпарат жинауға
көмектесіп, емдеу- диагностикалық үрдісті жазылуға сенім артуына әсерін тигізеді. Науқастардың кейбіреулері , өз жағдайының ауырлығын сезініп, ештеңе болмағандай дәрілерін қабылдап, дәрігердің нұсқауларын орындайды. Олар қалған өмірінің уақытын туыстарымен және достарымен өткізуге немесе бастаған істерін аяқтауға, өзін психологиялық дайындауға тырысады. Кейде науқастар жағдайының жақсармайтынын біліп, туыстарынан қашқақтап, дәрілерді қабылдамай жалғыздықта қалады.Мұндай науқаспен қатынасуда, оны жалғыз тастамай, көңілін аулап, жан дүниесінің жағдайын жеңілдетуге шаралар жасауымыз керек. Өлім аузындағы науқаспен қатынасты үзбей, туыстар жағынан психологиялық қолдау қызметтерін атқаруы керек.
Слайд 8Қарым-қатынас жасаудағы мейірбикенің міндеті
Сырқатпен қарым-қатынаста медициналық қызметкердің дауыс
көтермей бірқалыпты, шыдамдылықпен, тіл мәдениетін сақтап, тұрпайылық жасамауы керек. Сырқаттың
көңіл-күйін көтеріп отыруы керек. Сыпайы мейіркеш әрдайым сырқат адамның ықыласына бөленеді. Медицинада қызмет ететін адамдарға ерекше адамгершілік талап етілген. Себепсіз сырқатқа көмек көрсетпегені үшін және бұл қылығының қауіпті жағдай туындаса, онда медициналық қызметкерлерді қылмыстық жазаға тартады. Аурудың әсерінен сырқаттар жиі ашуланшақ, шыдамсыз, қыңыр келеді. Сондықтан олармен салғыласып, дауыс көтеруге болмайды, керісінше оларды жұбатып, айтқандарын істеу керек.
Слайд 9Деонтология дегеніміз не
Деонтология - медициналық этиканың бір бөлігі
және басқа салаларға қарағанда денсаулық сақтау саласына өте тән ғылым.
Слайд 10 Медициналық этика - медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмның көрінісі.
Қоғамдағы адамдардың сырқатпен мінез-құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген
қарым-қатынасын реттейтін ережелерге сәйкес келетін киім сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау қажеттілігі, бас киім, артық әсем заттар және косметикалық бояулардың болмауы, халат, медициналық қалпақтың тазалығы. Осы белгілерден медициналық этика құралады.
Слайд 11Мейірбике өз іс-әрекетінде емделушілермен қатынасудағы жалпы психологиялық принцптері:
Мейірбикенің шыншылдығы, абыройлығы,
кәсіби борышын бұлжытпай орындауы
Денсаулық сақтау жүйесіндегі принцптерді нақты бұлжытпай орындауы
Құпияны
сақтай білуі
Науқастың психологиялық ерекшелігін білуі
Емдік диагносткалық процедуралар және емделушілерді күту әдістерін анықтау, терең кәсіби білім мен жетілдірілген практикалық дағдылар
Барлық жүргізілген емдік диагностикалық процестің кезеңдерінде емдеушіге жетекшілік көзбен қарау
Слайд 12 Дәрігердің науқасты УДЗ-ға түсіру кезіндегі іс- әрекеті
Слайд 14Моральді белгілер: сезімталдық, шыдамдылық, сыпайылық, жылы шырайылық, жылы көзбен қараушылық,
нәзіктік, мейірбандық, жанашырлық т.б.
Эстетикалық белгілер: сыпайылық, қарапайымдылық, жинақылық, емдеу мекемелерінде
мерекелік жағдайды тудырушылық т.б.
Интелектуалды белгілер: кәсіби эрудиция, бақылаушылық, емдеу-диагностикалық манипулияцияларды логикалық ойлау қасиеті
Слайд 15Науқасқа және туыстарына диагнозды және болжамды жеткізу
Науқасқа диагнозын
айтқанда туыстарының эмоцианальді қолдауы қажет. Науқас өзі ойлаған ауырудың аса
қорқынышты емес екендігін, көмек бере алатындығымызды естігісі келеді. Диагнозды айтқанда қорқыныш шақыратын терминді қолданбай, түсінікті және қарапайым тілмен сөйлеуіміз қажет. Белгілі ағылшын хирургы Клэннанның жазбасында:” Қорқынышты диагнозды айтудан аулақ болыңыз” деген. Науқасқа диагнозын айтарда адамгершілік алғашқы орында тұру керек. Егер диагнозды бірден атсақ түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Мысалы: қысымның жоғарлауы, жүрек ұстамасы т.б.
Слайд 16Қорытынды
Дәрігер науқасқа рухани азық та бере білуі тиіс.
Науқастың сырқатының әрқилылығына қарамастан дәрігер олардың әрқайсысымен байланыс орната білуі
тиіс. Ал науқас дәрігер жұмысының қиындығын түсіне білуі керек. Өз кәсіби біліктігін арттыруға, білімін тереңдетуге медицина қызметкерлерінің міндетті қасиеті. Дәрігер қыран көзді, жұмсақ қолды, жыландай сабырлы, арыстан жүректі болуы керек дегендей әрбір медицина қызметкері өзінің жұмысына жан-тәнімен беріліп істеу керек. ҚР-ның болашақ дәрігерлері біз болғандықтан өз мамандығымызға салмақпен қараған жөн.
Слайд 17Пайдаланған әдебиеттер
Андреева Г.М Социальная психология
Фрейд
З. Введение в психоанализ
Кравченко А.И.Введение в социология
Асмолова А.Г Психология личности
Слайд 18
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!