Слайд 1Астана медицина университеті АҚ
Терапия және бет жақ хирургиясы кафедрасы
Тақырып: Пародонттың
созылмалы жайыла қабынуы бар науқастардың емін жоспарлау
Орындаған: Кеңес А
505-стом
Тексерген :
Суманова А.М
Астана 2019
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Негізгі қағидалар
Пародонт қабынуының емдеу жоспарын жоспарлау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Пародонт аурулары бет-жақ сүйегі аймағының көп таралған және күрделі ауруларын
құрайды. ДДҰ-ның мәліметіне сүйенсек, пародонт аурулары нәтижесінде тістерді жолғатудан бет-жақ
сүйек жүйесіндегі функционалдық ауытқулар туындайтын асқынған тісжегі кезінде жұлынған тістер әсерінен дамитын функционалдық ауытқулардан 5 есе көбірек орын алады екен.
Осыған байланысты болашақ дәрігер-стоматологтар пародонт ауруларының клиникалық ерекшеліктері, диагнозын нақтылау, емдеу әдістері және олардың алдын алу шаралары туралы жақсы мәлімет алулары қажет
Слайд 4Пародонт ауруларын емдеу шараларының нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін дәрігер-стоматолог (пародонтолог)
негізгі 5 қағиданы ұстанғаны тиімді
Слайд 6Бірізділік немесе реттілік қағидасы
Слайд 9Пародонтиттің емдеу жоспарын құру
Пародонттың қабынуы көбіне созылмалы түрде дамитындықтан, негізгі
емдеу шаралары аурудың осы түрін емдеуге арналған.
Емдеу әдістерін, оларға керекті
дәрілік заттарды аурудың клиникалық ерекшелігіне және ауырлығына байланысты таңдау қажет.
Пародонт қабынуын емдеу кешенді әдіспен жүргізіледі және терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық емдеу шараларын қамтиды, қажет болған жағдайда физиотерапиялық ем де қолданылады. Кешенді емдеудің негізгі мақсаты – пародонт тіндеріндегі қабыну үрдістерін тоқтатып, пародонталдық қалталарды жою және сүйек тінінде қайта құрылу үрдісін қалпына келтіріп, организмнің жергілікті және жалпылай реактивтігін жоғарылату. Қажетті емдеу әдістерін көрсетіліміне байланысты таңдай отырып, пародонт қабынуы бар науқасқа өзіндік жеке емдеу жоспары құрылады.
Слайд 10Терапиялық немесе консервативтік емдеу шаралары:
Слайд 12Пародонт ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу.
Пардонт ауруларын кешенді емдеуде хирургиялық емдеу
әдісніің алатын орны ерекше. Себебі, бұл әдістің көмегімен пародонталдық қалталарды
жойып, альвеола сүйегіндегі сорылу үрдістерін тоқтатып, белсенді түрде дамыған қабыну үрдістерін тежеп, пародонттағы оңтайлыжағдайды ұзақ уақытқа тұрақтандыруға мүмкіндік туады. Хирургиялық емдеу әдістерін шартты түрде төмендегі түрлерге бөлуге болады: пародонталдық қалталарды жоюға арналған; қызылиек жиегін қалпына келтіруге арналған; пародонт тіндерін қалпына келтіруге арналған.
Слайд 13Клиникалық тәжрибеде қолдануға хирургиялық әдістер төмендегідей:
1. Пародонталдық қалталарды жоюға арналған
хирургиялық емдеу әдістері:
а) қалталарды қырып-тазалау немесе кюретаждау;
б) гингивотомиялау;
в) гингивэктомиялау;
г) физиохирургиялық
әдістер (электрокоагуляциялау, вакуумды хирургиялық, криохирургиялық, лазерхирургиялық әдістер).
Слайд 14Гингивотомиялау және гингивэктомиялау операциясы жеке жүргізіледі (пародонталдық абсцестерді ашу үшін,
қызылиектің өсе қабынуы кезінде) немесе қиықтап кесіп-тазалау операциясының құрамында да
орындалады.
Слайд 162. Пародонтты қалпына келтіре жүргізілетін хирургиялық әдістер немесе пародонтопластикалық хирургиялық
әдістер:
а) қызылиек жиегін коррекциялаушы қиықтап-кесіп тазалау немесе қиықтау операциясы (лоскутная
операция) немесе гингивопластикалау операциясы;
б) пародонтта қайта құрылу үрдістерін жылдамдататын заттар қолдана жүргізілетін қиықтап-кесіп-тазалау операциясы.
Слайд 173. Ауыз кіреберісін түзеуге арналған хирургиялық шаралар (френулотомиялау, френулэктомиялау, вестибулопластикалық
операциялар).
Бойында күрделі соматикалық аурулары бар пародонт сырқат адамдарға хирургиялық емдеу
әдісін негізгі ауруының беті қайтып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін жүргізу керек.
Хирургиялық емдеу әдісін таңдау пародонталдық қалтаның тереңдігіне, альвеола сүйегінің сорылу деңгейіне байланысты. Пародонт қабынуының жеңіл сатысында (қалталардың тереңдігі 3,5-4,0 мм дейін) кюретаждау; орташа сатысында (қалтаның терңдігі 5мм дейін) ашық кюретаждау немесе қиықтап кесіп-тазалау; ауыр сатысында (қалталар 5мм терең) қиықтап кесіп-тазалау операциясын қолданады.
Слайд 18Қорытынды
Жоғарыда айталған емдеу қағидаларын дұрыс сақтап, емдеу шараларын тиімді жүргізу
үшін пародонты сырқат адамды емдеу жоспары дұрыс құрылуы керек. Бұл
жоспарға пародонттағы қабыну үрдісін жоюға, тіс-жақ сүйек жүйесінің қызметі мен эстетикалық қанағатсыздығын қалпына келтіруге, организмнің жалпы жағдайын жақсартып, қорғаныс қабілетін жоғарылатуға арналған шаралар толық енуі керек.