Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі.
Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен
көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып қалады. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары, көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Адам көп жүретін жерлерде және көп қатысатын мекемелер маңындағы ауада микроорганизмдер саны көп болатыны анықталған. Ал керісінше ауыл, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады.
Құрамында органикалық заттары көп, өңделген топырақтың бетіндегі ауада - микроорганизмдер әжептәуір болады, салыстырмалы, құмды жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі.
Тіпті бір жердің ауасының өзінде:
жауын жауғанға дейін микробтар көп болса,
жауын өткеннен соң едәуір азайып қалады.
Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі.