Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырыбы:Витаминдердің құрылысы,тағам көздері және витаминдердің биологиялық
қызметтері: А, Д, Е, К.
Қабылдаған:Еримова А.
Орындаған: Розмұрат Г.
Тобы:615
Слайд 2 Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Витаминдер туралы
жалпы түсінік
Майда еритін витаминдер
Құрылысы.
Тағам көздері.
Биологиялық маңызы
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3 Витаминдер
Витаминдер организмнің қалыпты
өмір сүруі үшін өте аз мөлшерде қажет болатын,тағаммен бірге түсетің,молекулалық
массасы төмен,органикалық заттар.
1881жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады.
1911жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин(лат.vita-тіршілік)деп атады.
Слайд 5 А витамині
А витаминінің
химиялық құрылысын 1931 жылы А.Каррер анықтады,ал 1947 жылы О.И.Ислер кристалл
түрінде синтездеп алды.
Қазіргі кезде медицинада пайдалану үшін, А витаминін химиялық жолмен синтездеп алады.
Слайд 6 Химиялық құрылысы
А витамині – в ионон сақинасынан, екі изопрен
қалдығынан және біріншілік спирт тобынан тұратын циклды қанықпаған бір атомды
спирт.
Витамин А-ның екі витамирі бар:Витамин А1-ретинол және аксерофтол деп те аталады.
Слайд 7 Тағам көздері
Ретинол негізінен жануар тектес
тағамдарда,әсіресе су жануарлары мен балықтардың бауырында көп кездеседі.Өсімдік тектес тағамдарда,көкөністерде
А-каротин – провитамин түрінде болады.
Слайд 8 Авитаминоз
А витамині жетіспегенде ең алдымен
көздің көру қызметі бұзылып,ксерофтальмияға(көздің мүйізді қабаты құрғайды) және гемералопияға (қараңғыға
бейімделудің бұзылуы немесе «тауық»,соқыр)ұшырайды.Жас организмнің өсуі тоқтайды. Әсіресе ,сүйектің өсуі нашарлайды. Эпителий клеткалары кератинденіп,метаплазия болады,сонымен қатар,бүйрек үсті безінің клеткалары,ұрық эпителиі,орталық нерв жүйесінің тіндері зақымданады.
Тәуліктік қажетті мөлшері. Дені сау ересек адам үшін тәулігіне кем дегенде 2,7 мг А витамині немесе 2-5 мг Бетта –каротин қажет.
Слайд 9 Қызметі
Адамның организмінде бірнеше қызмет атқарады:
Тері қабатында, тыныс жолдарында, асқорыту жолында эпителий клеткалаларының түзілуін реттейді.
Ретинолдың көздің көруіне әсері зор. А витамині терілік тыныс пен энергетикалық ұлпаның алмасуына, белок алмасуы, көмірсу, нуклеин қышқылы, липидтер және мукополисахаридтерге әсер етеді.
Слайд 10 D дәрумені
D дәрумені адамның терісінде күннің ультракүлгін
сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек
ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады
Слайд 11 Химиялық құрылысы.
1930-1932 жылдары Ф.Аскью мен А.Виндаус Д1 витаминін
тазаланбаған түрінде,содан кейін эргостери ннен тазаланған Д2 витаминін бөліп алды.1936
жылы Г.Брогман балық бауырының майынан әмбебап табиғи Д3 витаминін бөліп алды. А.Виндаус және Дж.Хейлброн 1936-37 жылдары витамин Д2 мен Д3 -тің химиялық құрылысын анықтады.Қазіргі кезде Д – тобының (Д4 –Д7)витаминдері анықталған. Адам үшің активті:Д2- эрго-кальциферол ,Д3 холекальциферол, Д4-дигидроэргокалбциферол.
Витамин Д3 – тің провитамині-7 дегидолхолестерин адамның тері қабатында болады және оның холекальцеферолға айналуы үшін күн сәулесінің әсері жеткілікті.
Слайд 12Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ,
сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді.
Д дәрумені кальций мен фосфордың
алмасуын реттеуге қажет. Оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. Сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды.
Слайд 15 Е витамині
Химиялық құрылысы:Е витаминін алғаш рет,таза түрінде бидайдың
ұрығынан 1936 жылы Г.Эванс бөліп алды.1937 жылы химиялық құрылысы анықталды.
Бірнеше Е витаминдері белгілі.Олар:токоферолдар немесе метилтокоферолдар және аналогы токотриенолдар.Бұлардың ароматты сақинасындағы метил топтарындағы саны аздау болады.Бірақ бұлардың барлығының биологиялық активтілігі альфа-токоферолдан төмен.Е витамині-токоферол немесе альфа – токоферол деп аталады
Слайд 17 Биологиялық маңызы
Алғаш антистерильді фактор ретінде ашылған.Бұл витамин
мүлдем болмаған кезде,тәжірибелік ұрғашы егеуқұйрықта ұрықтың қалыпты дамуы бұзылады,ал еркек
егеуқұйрықта сперматогенез бұзылады. Е-витаминінің әсерін,антиоксиданттық әсер мен байланыстырады.Себебі,токоферол мембрана липидтеріндегі қанықпаған май қышқылы қалдықтарын тотығудан сақтайды.Осылайша,ферменттердің биосинтезіне,әсіресе гемнің түзілуіне қатысады.
Слайд 18 Табиғатта таралуы
Токоферолдарды тек қана өсімдіктер синтездейді.Олар негізінен дәнді-дақылдарда
және өсімдік майларында сонымен қатар,өсімдіктердің жасыл бөлігінде көп болады
Слайд 19 Авитаминоз
Жануарларда токоферолдың жетіспеуі ұрықсыздыққа ұшыратады.Миокардтың,басқа да бұлшық еттердің
зақымдануына,қан тамырлары және нерв тіндерінің зақымдануына ікеліп соғады.Адамдарда Е- гиповитаминозы
сирек кездеседі.
Тәуліктік қажетті мөлшері:балалар үшін-мг,ал ересек адамдар,әсіресе жүкті әйелдер,емізулі ананлар үшін тәуліктік қажетті мөлшері 10-25 мг құрайды.
Слайд 20 К витамині
К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады.
Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты
қырықжапырақ, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К дәрумен жоқ.
Слайд 21Химиялық құрылысы
Филохинон 2-метил -1,4-нафтахинон туындысы.Бұл филохинондар мен менахинондардың үлкен тобына
жатады.1929 жылы даниялық ғалым Г.Дам антигеморрагиялық фактор ретінде шөжектерден бөліп
алды.
Слайд 22 Биологиялық маңызы
Адам үшін К1-және К2 витаминдері ең алдымен,қан
ұю процесін жылдамдату үшін немесе қалпына келтіру үшін қажет.Бұл витамин
тікелей қанның ұю процесіне және тромбиннің түзілуіне қатыспайды.К витамині протромбиндердің түзілуіне және осы күрделі жүйедегі II,VII,IX,және X-ыншы факторлардың түзілуіне қатысады.Дәлірек айтсақ,глутамин қышқылы қалдығын ГАММА –карбоксилдендендіру арқылы,ГАММА –карбоксижүйелерін түзуге қатысады.ГАММА-карбоксижүйелері кальций иондарын байланыстыру үшін қажет.
Слайд 24Табиғатта таралуы
Алғашында витамин К-ні, кейінірек витамин К1-ді (филлохинон) жоңышқадан 1939
жылы П.Каррер бөліп алды, ал оның құрылысын Е.Дойси анықтады. Балық
ұнынан бір топ К2-витамині бөлініп алынып, сипатталған. Олар бір-бірінен бүйір тізбектерінің көлемі мен оның құрамына кіретін изопренойдтардың санымен ерекшеленеді.
Слайд 25К витаминімен, әсіресе өсімдіктердің жасыл бөлігі бай келеді және ішектің
микрофлорасы К витаминінің жеткілікті мөлшерде синтездейді.Сондықтан, бұл витаминге тапшылық тек
қана,жаңа туған нәрестелерде байқалуы мүмкін.Ересек адамдарда К витаминінің жетіспеуі,сульфаниламидтердің немесе антибиотиктердің әсерінен ішектің микробтары жойылғанда байқалады және эмульгатор болып табылатын өттің жеткіліксіз түзілуіне байланысты витамин К-нің нашар сіңірілуінен болады.Кейбір ауруларда (миокард инфаркті,тромбофлебит т.б.)қанның ұюы күшейгенде,қан тамырларында тромбның түзілуі артқанда,оларды қалпына келтіру үшін К2 витаминінің антивитаминдерін (антикоагулянт)қабылдау қажет болады.Бұларға дикумарол,оның аналогтары мен туындылары және фенилин жатады
Слайд 26 Қорытынды
Адам организмінде витаминдер маңызды орын алады.Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің
негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.Ағзада үздіксіз жүріп жатқан химиялық реакциялар,мыса-лы
ішкен тағамының қорытылуы,ферменттердің қызметіне байланысты.Сонымен қатар ағзаның дұрыс өсіп дамуы үшін,әр түрлі аурулардың алдын алу үшін күнделікті тағамдық рационымызда ағзаға жеткілікті мөлшерде болатындай витаминдер болуы қажет.
Слайд 27Қолданылған әдебиеттер
1.Сейтембетов Т. «Биологиялық химия». Алматы 2011 ж.
2.Тапбергенов С. «Медициналық
биохимия». Алматы 2009 ж.
3.Ғаламтор сайттары:
1.www. meduniver.com
2. www. alibrary.com
3. www. kazmedic.com