Слайд 1Қазақ әдебиеті ешқашан өлмейді!
Слайд 2Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте
бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі,
өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.
Слайд 3Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі
тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі.
Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.
Слайд 4Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы
Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі
және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.
Слайд 5ХVІІ ғасырдан бастап жыраулық өнер жеке ақындық өнерге ауысты. Осы
кезде Махамбет, Шортанбай, Дулат, Марат ақындар бодандық дәуірдің боздақтарына айналды.
Заман қайғысы, ұлт тағдыры олардың өлеңдерінің өзегі еді.
Слайд 6ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аса күрделі
дәуірді басынан өткерді. Қайшылығы мол, алда не болары белгісіз бұлдыр
қоғамдық формация әлі пісіп-жетілмеген Қазақстан жағдайындағы толқын Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп т.б. зиялыларды тудырды. Дулат Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп қазақ руханиятының біртұтас галелериясын жасап тұрған адамдар. Бұлардың қоршаған ортаны тану, дүниені ұғыну, сезіну, әлеуметтік- экономикалық жағдайды түсінуі оны жырлауы тақырыпты тану жағы, көзқарасы бір, бір позициядағы адамдар десе болады. Бұлардың қоршаған ортасы, шығармашылығы сол кездегі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл төртеуін қоғамдық формацияда болып жатқан өзгерістерден тыс тағы да қарастыра алмаймыз.
Слайд 7. Олар өмір сүрген кезде қоғамдық жағдай қандай болып еді?
Соған біраз шолу жасалық. М-Ж.Көпеев өмір сүрген орта ХIX ғасырдың
бірінші жартысы мен ХХ ғасырдың екінші жартысы екендігі айтылып өтті. Бұл кезең қазақ өміріндегі басқа ғасырларға қарағанда қайшылықтарға толы күрделі дәуір болды. Көп жүріп, көп көргені бар, оқыған-тоқығаны бар М-Ж.Көпеев өз елінің ауыр тұрмысын басқа жұрттың тұрмысымен салыстырып, қорытынды жасап отырған, шығармаларына арқау еткен. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ қоғамының экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында болған елеулі өзгерістер (егіншіліктің, қолөнердің, сауданың дамуы, хандық тәртіптердің жойылуы), сонымен қатар отаршылдық езгінің күшеюі қазақ халқының бүкіл қоғамдық тұрмысына, қазақ мәдениетіне елеулі әсерін тигізді.
Слайд 8XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут
Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім
алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Слайд 9Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин
елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе,
екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Ф мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
Слайд 10 Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен
қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның
белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді.
Слайд 11ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аса күрделі
дәуірді басынан өткерді. Қайшылығы мол, алда не болары белгісіз бұлдыр
қоғамдық формация әлі пісіп-жетілмеген Қазақстан жағдайындағы толқын Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп т.б. зиялыларды тудырды. Дулат Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп қазақ руханиятының біртұтас галелериясын жасап тұрған адамдар. Бұлардың қоршаған ортаны тану, дүниені ұғыну, сезіну, әлеуметтік- экономикалық жағдайды түсінуі оны жырлауы тақырыпты тану жағы, көзқарасы бір, бір позициядағы адамдар десе болады. Бұлардың қоршаған ортасы, шығармашылығы сол кездегі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл төртеуін қоғамдық формацияда болып жатқан өзгерістерден тыс тағы да қарастыра алмаймыз.
Слайд 12М-Ж.Көпеев өмір сүрген орта ХIX ғасырдың бірінші жартысы мен ХХ
ғасырдың екінші жартысы екендігі айтылып өтті. Бұл кезең қазақ өміріндегі
басқа ғасырларға қарағанда қайшылықтарға толы күрделі дәуір болды. Көп жүріп, көп көргені бар, оқыған-тоқығаны бар М-Ж.Көпеев өз елінің ауыр тұрмысын басқа жұрттың тұрмысымен салыстырып, қорытынды жасап отырған, шығармаларына арқау еткен. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ қоғамының экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында болған елеулі өзгерістер (егіншіліктің, қолөнердің, сауданың дамуы, хандық тәртіптердің жойылуы), сонымен қатар отаршылдық езгінің күшеюі қазақ халқының бүкіл қоғамдық тұрмысына, қазақ мәдениетіне елеулі әсерін тигізді.
Слайд 13Мен сіздерге XIV-XX ғасырлар аралығындағы ұлы тұлғалар жайында қысқаша шолу
көрсеттім! Бұл шолуда не айтқым келді?
Әр ғасырдың өз дарынды тұлғалары
бар! Әр ғасырдың өзіндік ерекшелеріктері бар! Әр ғасырдың өз тарихы, қайғы-қасіреті мен қуанышы бар!
Слайд 14XXI ғасыр тұлғалары да жоқ емес! Мұхтар Шаханов, мәңгі бақилыққа
аттанған Фариза Оңғарсынова секілді ата-апаларымыз бастаған XXI ғасырдың қазақ әдебиетінің
көшбасшылары бар! Олардың ізін басып, қазақ әдебиетінің жандануына, көркеюіне, дамуына үлес қосушы болашақ ұрпақ, біз боламыз!!!
Слайд 16Қазақ тілі қазағымның қанаты
Туған жердің өзіне сай жәннаты
Қазақ елім қазақ
тілін қастерлесе
Қазақтардың орындалар арманы!
Қазақ тілі — ана тілі, ұлттық тіл!
Ана
тілді ағайын қадірлей біл!
Қорласа егер адам ана тілін
Жоғалтар болшақтың кілітін!
Төгілер қазаққа нұр шапағаты
Ана тілі — қазақтың шарапаты
Ана тілін, қазақ тілін көтерлесе
Қазақтың ол мәңгілік марапаты!
Макишова А.
Слайд 17 О Поэзия! Неткен керемет ең
Поэзиямен жан сезімі тербелген
Сезімдердің асыл
тармақтарын
Поэзия құдіреті дір еткізген
Қазақ поэзиясының құлагері
Ілияс Жансүгіров деген сері
Оның байлығы
— поэзиясы
Ал біз оның мұрагері
Ілиястай болуды армандаймын
Ілиястай болуды қиялдаймын
Соны ойласам, жер-көкке сыя алмаймын
Тек алға ұмтылған қырандаймын
Қыл-қаламы сусылдаған
Қыран құстай қалықтаған
Сізге деген мың алғыс
Ілияс ата дарындаған!
Слайд 18Фариза Оңғарсыноваға арнау!
Үлгі алғымыз келеді мына сізден
Сөздеріңіз теңеледі қадалар бізбен
Әрбір
сіздің сөздеріңіз бізге қымбат
Өйткені ол сөздер — асыл сөздер
Дүниеге қараған
ақындық көздер
Асыл сөзден ғажайып түзілген
Ол ғажайып әрине, әрине өлең
Қара өлең әркімге үлгі болар
Адамзат санасы алуан ойға толар
Адамды ойландырып, толғандырар
Ғажайып кісілер, ақындар емес пе солар?!
Өлең кейде сурет, кейде ән
Онф түсіне бермес әрбір жан
Өлең деген ішкі жан дүние
Тыңдарсың оны сүйсіне де күйіне
Өлеңін сусылдатар Фариза апа
Болармыз мына біздер таң-тамаша
Біздер, сіздің ұрпағыңыз тағзым етпек
Айтамыз Фаризаға көп-көп рахмет!!!
Слайд 19Назар аударып, көңіл бөлгендеріңізге рахмет!