Разделы презентаций


Қазақ әдебиеті сабағында драмалық шығармаларды оқытудың сахналау үрдісін жүзеге

Содержание

Драма — әдебиеттің үлкен бір жанры. Драма мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді:   комедия,драма, трагедия

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Қазақ әдебиеті сабағында драмалық шығармаларды оқытудың сахналау үрдісін жүзеге

асыру жолдары
Арынгазиева С.Ж.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
“Алмалыбақ ауылындағы

орта мектеп гимназия МДШО”КММ
Қазақ әдебиеті сабағында драмалық шығармаларды оқытудың сахналау үрдісін жүзеге асыру жолдарыАрынгазиева С.Ж. қазақ тілі мен әдебиет

Слайд 2 Драма — әдебиеттің үлкен бір жанры. Драма мазмұнына қарай үш

түрге бөлінеді:  
комедия,
драма,
трагедия

Драма — әдебиеттің үлкен бір жанры.  Драма мазмұнына қарай үш

Слайд 3“...драма басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау,өйткені ол ойынмен тікелей

байланысты,оның тұла бойында шығармашылықтың әртүрлі элементтері бар”

Л.С.Выготский
“...драма басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау,өйткені ол ойынмен тікелей байланысты,оның тұла бойында шығармашылықтың әртүрлі элементтері бар”

Слайд 4Драмалық шығармалардың басты ерекшеліктері
Драмалық шығармаларда авторлық баяндау,суреттеу болмайды,автор

сөзі өте сирек кездеседі.
Кейіпкерлердің кейбір қимыл-қозғалысына,

әрекетіне,сезім күйлеріне байланысты автор сөзі,түсініктемесі өте шағын сөйлем түрінде беріледі.
Тағы бір ерекшелігі тартысқа байланысты.
Драмалық туындыдағы тартыс кейіпкерлер характерін дәл ашудың ұтымды тәсілі,
тартыстар дәл көрерменнің көз алдында өтіп жатқандай бейнеленеді.

Драмалық шығармалардың басты ерекшеліктері  Драмалық шығармаларда авторлық баяндау,суреттеу болмайды,автор сөзі өте сирек кездеседі.  Кейіпкерлердің кейбір

Слайд 5 Шым-шытырық сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін күрделі характерлер

тағдырлары мен табиғаты балалар ойын шынықтыра түсуге қалай да өзіндік

себін тигізеді.
Тікелей бала өміріне арналмаса да жеткіншектің танымдық, тәрбиелік, көркемдік құбылыстарды әдебиет арқылы қабылдауына септігін тигізетін туындылар қазақ балалар драматургиясының даму сатысының бір баспалдағы.

Шым-шытырық сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін күрделі характерлер тағдырлары мен табиғаты балалар ойын шынықтыра түсуге

Слайд 6Оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер

туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану

тиімді болмақ. Талдауда мәтінге сүйену драмалық шығармаларды оқытудың алтын арқауы болмақ. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Талдау барысында оқушыларға жиі – жиі қозғау салу, олардың қиялы мен ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі. Драмалық шығармаларды оқыту жолдары көп. Ол әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Концерт - сабақтар, композициялық сабақтар түрі – драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.

Оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі

Слайд 7
Зерттеушілер драмалық туындыны оқудың:
мұғалімнің оқуы,
рөлмен оқу,


оқушының жекелеген көріністерді оқуы сияқты үш түрін ажыратады.

Жас

жеткіншекке сөз қадірін түсіндіріп, көркем сөздің құдіретін бағалауға тәрбиелейтін драмалық туындылардың мәні зор.
Зерттеушілер драмалық туындыны оқудың: мұғалімнің оқуы, рөлмен оқу, оқушының жекелеген көріністерді оқуы сияқты үш түрін ажыратады.

Слайд 8 Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін,

сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде сахналау тиімді нәтиже береді.

Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде сахналау

Слайд 9 Балалар әлемі — өзіндік ерекшеліктері

мол, күрделі де қызықты әлем. Өйткені, балалардың ойлауында, дүниені тануы

мен араласуында өзгеше сипат бар. Тегінде өмір, орта атты үлкен ұяда неше алуан нәрсе болуы мүмкін. Әдебиет соларды қалай көрсетеді, нені көрсетеді, дәуір, замана сырын қалай бейнелейді деген мәселенің әрқашанда күн тәртібінен түспеуі де сол себептен. Көзі жаңа ашылған қайнардың қай арнаға бет алуы — ағысты мөлдір өзенге ұласуы, немесе су аяғы құрдымға кетуі табиғаттың ықпалына байланысты. Оң-солын танып үлгермеген, өмірдің ұзақ жолына түсіп, жан-жағына аң-таң болып қарайлап келе жатқан бала үшін де әдебиеттің рухани-эмоциональдық әсері сол секілді ерекше. Қалыптасқан іргелі дәстүрдің тарихи-тәжірибесінен    тамыр алған әдебиеттің, реализм, романтизм әдебиетінің уақыт сырының нақты да тірі куәсіндей образдары балалар үшін шындықтың өзіндей нанымды, әрі ерліктің, патриоттық пен адамгершіліктің жан сүйсінер жайсаң   өнегесіндей. Өмірдің өзінен алынған өнеге қашан да өрендерді өрге бастаса керек. Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық — базарлық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек.

Балалар әлемі — өзіндік ерекшеліктері мол, күрделі де қызықты әлем. Өйткені, балалардың

Слайд 10 Кез келген шығарманы оқып отырған жеткіншек,  одан өз ұлтына

тән қасиеттерді ала отыруы керек. Әр туындыға қойылатын барлық талаптармен

бірге сол шығармадағы өмір шындығын әрі нақтылы, әрі эстетикалық-көркемдік   талапқа бағынуын ескеру абзал.
Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Балалар сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Кез келген шығарманы оқып отырған жеткіншек,  одан өз ұлтына тән қасиеттерді ала отыруы керек. Әр туындыға

Слайд 11 Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқыда жекелеген элементтерді, кейіннен

рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы

өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.

Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамытуға тәрбиелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқыда жекелеген элементтерді, кейіннен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды.

Слайд 12Драмалық шығарманы сахналау:
рөлдерді бөлу;
кейіпкерлер сұхбаты мен монологтарды жаттау;
образдарды сомдау;

декорациялық материалдарды сұрыптау мен жасақтау;
сахнаға лайықтау секілді бірнеше іс

әрекеттер кезеңінен құралады.
Драмалық шығарманы сахналау:рөлдерді бөлу;кейіпкерлер сұхбаты мен монологтарды жаттау; образдарды сомдау; декорациялық материалдарды сұрыптау мен жасақтау; сахнаға лайықтау

Слайд 13 Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес,

сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың

шығармашылық қабілеттері оянады.
Балалардың сөздік қоры толықтырылады, сөйтіп олардың белсенділігі артады, сабақтары қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отыруға мүмкіндіктер туады.
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді.

Слайд 14 Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс

жүргізіледі:
1. Драмалық шығармаларды оқып, әңгімелеген кезде кейіпкерлердің мінез-құлқына,

дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады. 2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді.
3. Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру тапсырылады.
Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі:  1. Драмалық шығармаларды оқып, әңгімелеген

Слайд 15 Шығарманың кейіпкерін сахналау үшін оны түсіну,оның образына ене білу

қажет.
Сахналау – тек кейіпкердің сөзін жаттап айту емес,кейіпкердің бейнесін,айтар

ойын жеткізе алу.Өзіңді сол адамдай сезіну болып табылады.
Шығарманың кейіпкерін сахналау үшін оны түсіну,оның образына ене білу қажет. Сахналау – тек кейіпкердің сөзін жаттап

Слайд 16 "Аққулар ұйықтағанда" драмалық қойылым


Слайд 17“Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын

домбырасы дерліктей ірі талант иесі”.Бүгін біз сөз еткелі отырған  шығарма “Аққулар ұйықтағанда»-

ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

“Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі”.Бүгін біз сөз

Слайд 18Мақсаты :
Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл

еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту,қоршаған орта

заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру.
  Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі,қасиетті,киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

Мақсаты :  Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру

Слайд 19














«Аққулар ұйықтағанда» - поэма.
Авторы- Мұқағали Мақатаев.
Бұл поэма 1973

жылы жазылған






«Аққулар ұйықтағанда» - поэма. Авторы- Мұқағали Мақатаев. Бұл поэма 1973 жылы жазылған

Слайд 21 Тау биіктегенімен,теңіз тереңдегенімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға

жақын шығармаларымен көрікті. Мұқағалидың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ

ғасырдың жастары . Мұқағалидың поэзисы таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол – поэзияның Хантәңірі. Ол – сыршыл ақын. Ол – қара өлеңнің шебері. Ол – қайта өмірге келген ақын. Ол – драматург, ұстаз, сатирик. Ол – жазушы. Ол – журналист.

Тау биіктегенімен,теңіз тереңдегенімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын шығармаларымен көрікті. Мұқағалидың рухани қазынасын ұлт

Слайд 22Тақырып
Сұлулық
Зұлымдық
Махаббат
Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып

ТақырыпСұлулықЗұлымдықМахаббат    Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып

Слайд 23Қысқаша мазмұны
Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен

сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана

дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын біледі.
Қысқаша мазмұны Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың

Слайд 24 Шығарма кейіпкерлері
Ана - баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан

киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.
Бала - сырқаттанып

жатқан бала. Оның өмірі қыл үстінде болды.
Тәуіп шал - емші. Есінен ауысқан адам, баланың ата-анасына өтірік айтты.
Әке - баланың әкесі. Қоянжүрек, ар-намысты. Құдайшылық жолынан түспеуді жөн көріп, киелі аққу құсты атудан бас тартты.
Жылқышы - жылқы бағып жүрген адам. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюға тырысты.

Шығарма кейіпкерлері Ана - баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен

Слайд 25.
1 - жүргізуші:
Өзен де жоқ сымаған арнасына,
Жылға да жоқ

даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді,

қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен;
"Жетім көлге" қараудан шаршамаған?
"Жетім көлден" су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самала,
Қаншама аққу кетті екен -аңсаған ән?
2- жүргізуші:
... Оралмады аққулар осы маңға,
Жылдар өтті байғұстар шошынған ба?
"Жетім көл" жетімсіреп қала берді.
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!


"Аққулар ұйықтағанда" драмалық қойылым

.1 - жүргізуші: Өзен де жоқ сымаған арнасына,Жылға да жоқ даламен жалғасуға.Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,Қалай біткен мына

Слайд 261-жүргізуші:
Бала жатыр төсекте албыраған,
Әке жатыр еденде қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр,

қос жанары.
Ана:
"Мана күндіз тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде

өтірік, әлде шын демеп кетті...
Аққумен баланы аластаңдар.
Деді дағы жәйімен жөнеп кетті..
Ана:
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кеті ме санатыңнан? (үзіліс)
"Жетім көлге" барып қайт тау жамылып,
Таң атқанша қалайда таңға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктерме жұртыңды салма бүлік! Әке:
Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
1-жүргізуші:Бала жатыр төсекте албыраған,Әке жатыр еденде қалжыраған.Түн күзетіп ана отыр, қос жанары. Ана:

Слайд 27Оқиға
Байланыс
Оқиғаның дамуы
Шарықтау шегі
Шешіміі

ОқиғаБайланысОқиғаның дамуыШарықтау шегіШешіміі

Слайд 28Ана:
Жалғыз ұлдан артық па жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Перзент

сұрап несіне армандадың?!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!
1-жүргізуші:
... Оятып дүниені

дел-сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Сай-саладан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
2-жүргізуші:
Аласұрып, қан ойнап тамырында,
Ана жүрек тыпыршып, қабынуда,
Не қыларын біле алмай, жабығуда.
2-жүргізуші:
Мерген отыр жағада,
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған.
1-жүргізуші:
... Ай, аққулар,
Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
Ана:
Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы, көмеппін ғой.
Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!
2-жүргізуші:
Ана отыр,
Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.
... Аққулар ақ айдынды қалдырды да,
Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
Аққулар ақырын жылжып ана отырған жағалауға жылжиды.
1-жүргізуші:
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын
Ана:Жалғыз ұлдан артық па жалған бәрі!Балам өлсе, бақыттың керегі не?!Перзент сұрап несіне армандадың?!Мылтықты әкел!Атты ертте!Жалған бәрі! 1-жүргізуші:

Слайд 29Көл бетінде көлбеңдеп, жарлы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады...
...

Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,
Қалай алып кетерін біле алмастан,
Сүле-сапа ойлауда

құр.
1-жүргізуші:
"Жетім көлдің" басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:
Қарт:
... Апыр-ай, кім болды, таң сәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре-құтын шырқыратқын,
неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
2-жүргізуші:
Қарт:
Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!
Тастағын қаруыңды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
1-жүргізуші:
"Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,
қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды.
Қолындағы мылтығын құлаштап кеп.
Бөгелмей, "жетім көлге" лақтырды.
2-жүргізуші:
Қартқа қарай ақырын аяңдады,
Қарусызға қарт келді, аянбады.
... Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,
Болған жәйтті келіні баяндады.
Қарт:
Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
Ана:
Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
1-жүргізуші:
Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығын да,
Күлкі, шаттық, күйзелтекен қайғы, мұң да.
"Жетім көл" жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бірі тірі аққу айдынында...
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айырылды.
Көл бетінде көлбеңдеп, жарлы аққу,Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады...... Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,Қалай алып кетерін

Слайд 301-жүргізуші:
Жылдам басып аяғын, үйіне енді.
Есіне алып ерін де, баласын да
Өліп

жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана "жетім көл" жағасында,
Өлі менен тірінің

арасында.
2-жүргізуші:
Ақ төсек - аппақ айдын, аққу бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?
Ана:
... Мына жатқан "жетім көл", мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа.
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кеше гөр, жаратқаным?!
1-жүргізуші:
Күледі, бірде жылап, зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады.
Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,
Құлағында аққудың арман әні.
Ана:
"Қазір, ботам...
Мінекей, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным...
Балапаным!
Қасиет!
О, Қасірет!
Осындай ма ең!
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!..
Қасиет!
Қасиет!
Қасірет!

1-жүргізуші:Жылдам басып аяғын, үйіне енді.Есіне алып ерін де, баласын даӨліп жатқан ұлына қарасын да,Қалсын ана

Слайд 31 «Аққулар ұйықтағанда» сахналық көрініс

«Аққулар ұйықтағанда» сахналық көрініс

Слайд 32Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көрінгендей бола алмайды...


Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса екінші рет оралмайды...

Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көрінгендей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса екінші

Слайд 33Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика