Разделы презентаций


Қазақ философиясы

Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:Алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін):-         қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;-         Анахарсис, Төныкөк, Күлтегін жырларындағы философиялық ойларҰлттық философия (XIғ. –  XIXғ.):-         ортағасырлық философия: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари,

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1


Слайд 2Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:
Алғы философия (ерте кезеңнен

IX ғ. дейін):
-         қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;
-         Анахарсис, Төныкөк, Күлтегін жырларындағы

философиялық ойлар
Ұлттық философия (XIғ. –  XIXғ.):
-         ортағасырлық философия: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауи;
-         ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Жыраулар дүниетанымы: Сыпыра жырау (ХІҮ ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлы (ХҮ ғ.), Доспанбет, Шалкиіз (ХҮІ ғ.), Жиембет, Марғасқа (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді, Тәтіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын (ХҮІІІ ғ.)
-         ХІХ ғ. ағартушылық философия: Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев
-         ХХ ғ. философиясы: Шәкәрім Құдайбердіұлы;
-         ХХғ ағартушылық-демократиялық философия: Жүсіпбек Аймаутов, ахмет Байтұрсынов, Әлиххан Бөкейханов, Мыржақып дулатов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев. Ұлттық демократиялық қозғалыстың жетекшілері, „Алаш" партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға тырысқан.
-         Кеңестік дәуірдегі отандық философия: Ж.Әбдилдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов, М.Сәбитов,З.Мұқашев, А.Балғанбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б.
 
Қазіргі заман философиясы: қазақ халқының мыңжылдарды қамтыған рухани дүниесі қайта қаралып зерттелуде, сол сияқты әлемдік философияның соңғы тыныс-тіршілігін талдап зерттеулер жүргізілуде: Ә. Нысанбаев, М.Орынбеков, С. Ақатай, Б. Нұржанов, А. Қасабеков, Т. Ғабитов, Қ. Нұрланова, Т. Аитқазин,Т. Бұрабаев, Ғ. Есім т.б.

Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:Алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін):-         қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;-         Анахарсис,

Слайд 3 Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері:
·  Философиялық ойлау әрбір

халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ

халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. Әсітесе көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетінен, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ортаның тигізген әсері қатты байқалады.
·    Қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы борлды. Осымен байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, оған табынды.      
· Қазақ философиясының ерте кезеңіне тән сипат ретінде  синкретизмді («синкретизм» - «өзара кірігу») қарастыруға болады. бұл дүниегекөзқарастық принциптердің өзара кірігіп кетуімен сипаталады. Ол ауздан ауызға тараған ауыз әдебиетінен көрінді.
·     Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер - өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ойтұжырымдап отырды. 
 Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері:·    Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының

Слайд 4Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей мәселелерге бөліп  болады:
-     

қарапайым диалектика;
-         ерлік пен батырлық мәселесі;
-         еріктілік пен бостандық мәселесі;
-       адам болмысының этикалық

жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, аброй катигорияларын тереңінен қарастыру;
-          әлеуметтік әділетілік мәселе;
-          аксиологиялық мәселелер.
-          дін және еркін ойшылдық туралы ойлар;
-  адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық    ізденістер;
-      адамгершілік және мораль мәселелері;
-      ұлттық бірлік пен саяси-әлеуметтік мәселелер және т.б.

Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей мәселелерге бөліп  болады:-        қарапайым диалектика;-         ерлік пен батырлық мәселесі;-         еріктілік пен бостандық

Слайд 6Алғы философия
Көне түріктердің дүниекөзқарастарын біз алғашқы діни

сенімдер мен табиғатқа  деген сүйіспеншіліктерінен байқай аламыз. Қазақ жерін мекендеген ежелгі

тайпалардың бірнеше наным сенімдері (шаманизм, тотемизм, Тәңіршілдік, анимизм, фетишизм)  болған. Соның ішінде ежелгі қазақтардың дүниетанымын толықтай ашатын Тәңіршілідік діні еді. Тәңіршілдікте басты құдай – Тәңірі, ол аспан әлемнің жалпы сипатын беруші, жердегі өмір образын қадағалаушы. Тәңіршілдіктегі Құдай өзімен-өзі пайда болған немесе батыстық тілмен айтсақ, өзіне-өзі себеп абсолюттілік емес, ол  табиғат құбылысы. Оның барлық әрекеті табиғаттың тылсым күштері арқылы адамға танылып отырады.
      Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштерінде „Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаратылған ..." – деп жазылған.
       Көне Түркілердің нанымында ерекше орынға ие болған Ұмай ана – үйдің шаңарақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, өнердің қолдаушысы. (Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түркі ескерткішінде Ұмай анаға арналған қоштасу сөздері жазылған). Қазақтардың дүниетанымындағы екі құдай да табиғаттың бір бөлшегі ретінде болса, өзі сол табиғат бөлшегіне тәуелді жан ретінде айқындалған.
      Ертедегі ата-баалардың тотемі ретінді қасқырды есептеген. Түрік қағандарының патшалық рәміздерінде қасқыр бейнесі болған.
       Көне түркілер үшін қайырымды рухтар – ата-баба рухтары болған.оларға арнап құрбандық шалынған. Бұл жөнінде батырлар жырларда сәбиге зар болғандар жөнінде: „Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып" деп, олардың тілеуін де сол әулелер қабыл еткен.
   Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойдың бастааушысы Анахарсис (Анарыс). Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан шыққанын айтады. Гректер оны жеті дананың бірі деп есептеген, оған арналған ескерткіште Анахарсистің „Тілің мен құлқыныңды, нәпсіңді ауыздықтай біл" – деген сөзі жазылған.

Алғы философия   Көне түріктердің дүниекөзқарастарын біз алғашқы діни сенімдер мен табиғатқа  деген сүйіспеншіліктерінен байқай аламыз. Қазақ

Слайд 7 Ұлттық философия

Ұлттық философия

Слайд 9       Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана

емес, , ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік

сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты, өлімнен қашып өлместікті іздеген Қорқыт әрекетінен оның өлімнен қорыққандығын білеміз. Қорқыт өмірдің шекті, мәңгі еместігін өлімнен қашып құтылуға болмайтынын айтқан, өмір мен өлім мәселесімен толғанған. „Қорқыт ата кітабы" – түркі тілдес халықтардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрпы, ақындық дәстүрден хабардар ететін эпикалық-тарихи туынды. 12 дастаннан тұрады.
       Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес, , ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған

Слайд 11 Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік

Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы

дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі — адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін — адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі — түйсіктен, екіншісі — елестетуден, үшіншісі — ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік — бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен

Слайд 13Шоқан   Уәлиханов (1835-1865) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға,  18-19

ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының қалыптасуына негізделген.     

Шоқан қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты-материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады. Әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарасында географиялық детерменизм бағытында болға «Қырғыздардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан зорастризм және шаманизм дінідерін қазақтардың ежелгі діні деп, ондағы наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.   Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған.Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры. Сондай-ақ оның философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады. 
Шоқан   Уәлиханов (1835-1865) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға,  18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік

Слайд 15Абай Құнанбаев (1845-1904) өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің

алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, олар арқылы қазақ өміріндегі аса маңызды

мәселелерді түсіндіруге сол кездегі қазақ қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылған. Абай философиясының 
-         дүниенің объективтілік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды „Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. ... ".
-         Философиялық антропологиясында адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
-         этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл аударады. «Иман» термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол барлылық, білімділіктің синонимі болып табылады. «Ұят кімде болса иман сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, жалауыздық адам жанына берері шамалы деп тұжірімдайды.
-         Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.

Абай Құнанбаев (1845-1904) өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, олар арқылы қазақ

Слайд 16Назар аударғандарынызға рахмет

Назар аударғандарынызға рахмет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика