Сол сияқты білім берудің стратегиясының күрделі қателіктері болған. КСРО-да 60–80-шы жылдары аралығында кəсіби-техникалық училищелерде жұмысшылар мамандығын дайындау 2,5 % есе өссе, жоғарғы білімді мамандарды даярлау 1,3 %-ке ғана өскендігін сол кезеңдегі мəліметтерден көруге болады. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, экономиканың дамуына, еңбектің өсуіне бірден-бір əсер ететін фактор — білім деңгейі, яғни жоғарғы білімді мамандарды дайындау болып табылады.
Ел басымыз Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бəсеке ең алдымен білімділік деңгейімен анықталады. Əлемдік білім кеңістігіне толық кіру білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді...», — деген болатын [4].
Егер өз ғасырында М.Вебер рационалдылықты «əлеуметтік іс-əрекеттің» (сол дəуірдегі қоғамдық қызығушылықтың мəнін анықтайтын) қандайда бір үлгіге сəйкестілігі ретінде қарастырса, ал қазіргі кезэеңдегі «макдональдизация» процесі де қоғам талабына сай пайда болған құбылыс [6]. Мысалы, өз кезеңінде М.Вебер əлеуметтік іс-əрекеттің рационалды тұрғыда болуын жəне рационалдылықтың қажеттілігін айтқан болатын. Ал қазіргі жаһандану кезеңінде макдональдизация процесіде бүгінгі күннің талабынан туындап отырған құбылыс.
Жалпы, білім берудегі макдональдизацияны қызмет көрсету саласындағы макдональдизациямен салыстырмау керек. Егер бұл ұғым білім беру саласында жоғарыда Дж.Ритцер атап өткен параметрлерге жауап берсе, ал қызмет көрсету салаларында Мак Дональдс тез арада асқа деген немесе басқада қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть