Разделы презентаций


Біржан Морякұлы Қожақов

Мен, Қожақов Біржан Морякұлы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылында 1971 жылы дүниеге келдім, сол ауылда Бітік орта мектебінде 1978-1988 ж.ж. оқып, сол мектепті бітірдім. Үйдің тұнғышымын, менің Ержан (1972

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Біржан Морякұлы Қожақов

Біржан Морякұлы Қожақов

Слайд 2Мен, Қожақов Біржан Морякұлы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қабыршақты

ауылында 1971 жылы дүниеге келдім, сол ауылда Бітік орта мектебінде

1978-1988 ж.ж. оқып, сол мектепті бітірдім. Үйдің тұнғышымын, менің Ержан (1972 ж.), Сержан (1976 ж.), Гүльжан (1978 ж.) атты інілерім мен қарындасым бар. Әкеміз Қожақов Моряк Ғайниұлы (1947 ж.) өкінішке орай 1979 жылы ауырып өмірден озды, анамыз Қожақова Қанапия Шайдулақызы (1949 ж.) менің қолымда.
1989-1991 жылы КСРО кезінде әскерде борышымды атқарған соң бір жылдай ауылда мәдениет үйінде суретші болып жұмыс жасадым. 1992 жылы Орал қаласына көштім. 1992-2002 ж. он жыл жол полициясында қызмет атқардым. 2002 жылы қыста жұмыс барында қос аяғымнан айырылып, арбаға таңылдым, 32 жасымда бірінші топтағы мүгедектікке шықтым.
2003 жылы жиһаз жасайтын жеке кәсіпкер «Қожақов Б.М.» атты шағын бизнес аштым, қарауымда 3-4 адам жұмыс жасады, кәсібіміз алға жүріп 2010 жылы 25 адамға жетті. Содан кейін ЖШС «Ғибадат» деп аталдық, арамызда менен басқа 2-3 мүгедек жұмыс жасайтын еді, жыл санап мүгедектерге көп көңіл бөліп, мүгедектерді жұмысқа ала бастадық.

ӨМІРБАЯН

2015 жылы «Демеу» Қоғамдық мүгедектер бірлестігі атты қоғам аштым. Қазір қарауымда 35 адам жұмыс жасайды, оның 21 мүгедек жан. Шағын цехта 11 - станоктар бар қазіргі талапқа сай, біз жиһаздардың түр-түрін жасаймыз, Үкіметтен тапсырыстар аламыз, мектептер мен балабақшалар, аурухана мен әкімшіліктерге қажетті жиһаздар, ұлттық стильде сандықтар мен бесіктердің түрлерінде жасаймыз. 2015 жылдан бастап біз Қазақстанда жасалмаған вертикализатор деген аппараттардың 34 түрін ойлап шығардық. Бұл аппараттар еліміздегі сал ауруымен ауыратын балаларға ауадай қажет дүние.
Білімім арнаулы – орта, 2000 - 2004 ж. Ақтөбе құқықтық колледжін (АЮК при МВД) юрист мамандығымен бітірдім.
Отбасым төмендегідей:
Жолдасым – Қожақова Ұлпан Алпамысқызы, үлкен қызым – Асель, дәрігер Ақтөбеде тұрмыста екі баласы бар, екінші қызым – Аида экономист, Оралда тұрмыста екі баласы бар, үшінші балам – Жандос 8-сыныпта 42-гимназияда оқиды, төртінші қызым – Әмина 3-сыныпта 42-гимназияда оқиды, бесінші балам - Осман 1-сыныпта 42 – гимназияда оқиды.

БАҒДАРЛАМА

Орал қаласы біздің қасиетті мекеніміз. Қаламыздың әсем, тұрғындарға өмір сүруге қолайлы, экологиясы таза, қазіргі және болашақ ұрпаққа жайлы болуын бәріміз қалаймыз.
Сол үшін:
- Орал қаласының таза болуын қалаймын және оған күш біріктіріп қоғамдық ұйымдарды ат салысуға шақырамын.
- Орал қаласы шағын бизнесті дамытуға қолайлы мекен. Замандастарымды жеке кәсіп ашуларына, еңбек етуге шақырамын және жинаған іс – тәжірибеммен бөлісуге әзірмін.
- Орал қаласы балаға да, жасқа да, үлкенге де, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы болуы қажет. Осыны жүзеге асыруға бар күш жігерімді жұмсаймын.
- Орал жастардың қаласы. Жас ұрпақтың білім алуына, баспаналы болуына, спортпен айналысып, салауатты өмір сүруіне жағдайлар жасалуы мәселелерін мемлекеттік органдар алдында көтеретін боламын.
- Орал қаласы тарихы терең, музейлер мен кітапханалардың, театрлар мен мәдениет сарайларының, киелі жерлері көптігімен ерекшеленетін қала. Қаламызды туризм орталығына айналдыруға ат салысамын. Біздің «Ғибадат» ЖШС өзі шығаратын тауарларымен бұл бастаманы қолдаймыз.
Біріксек алынбайтын асулар жоқ.
Біз – біргеміз, берік іргеміз!

Мен, Қожақов Біржан Морякұлы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылында 1971 жылы дүниеге келдім, сол ауылда

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика